Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ: "Рационал бөлшектерді қосу және азайту"

Материал туралы қысқаша түсінік
рационал бөлшектер түсіндіру
Материалдың қысқаша нұсқасы



Сабақтың тақырыбы: Рационал бөлшектерді қосу және азайту


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Рационал бөлшектерге қосу және азайту қолдануды, рационал өрнекті түрлендіруге үйрету;

Дамытушылық: Рационал өрнектерді түрлендіру кезінде алған теориялық білімін дағдысын қалыптастыру; Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды нақтылыққа, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, дәлдікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Деңгейлеп – саралап оқыту.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді игеру.

Көрнекілігі: Интерактивтік тақтадағы слайдтар , деңгейлік тапсырмалар.

Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру бөлімі.

Сабақ мақсаты мен жоспарын хабарлау.  Сынып оқушылары  2 топқа бөлініп, бір оқушы топ басшысы болып тағайындалады. 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Егер оқушылардың сұрақтары болса слайд № 2 арқылы дұрыс шығару жолымен есептерді көрсету.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

Проблемалық сұрақтар қою арқылы жаңа тақырыпты түсіндіру.

Тақырыпты меңгеруге кажетті - бұрын өтілген материалды еске түсіру. Жалпыға ортақ сұрақ қойылады.

-Жай бөлшектердің қосу және азайту ережесін еске түсірейік: (слайд № 3)

Оқушылар өз ойларын айтады....

Дәптерге сабақтың тақырыбы жазылады.

Рационал бөлшектерге қосу және азайту үшін алгоритмді құрастырайық , яғни алған білімдеріңді жинақтап, орынды қолдануды ,тиімді тәсілмен шешуде қолданайық


Рационал бөлшектерді қосу және азайту алгоритмі:

Рационал бөлшектерді қосу және азайту үшін, бөлшектердің негізгі қасиеттерінің бірі – алымын да, бөлімін де бірдей(мәні нөлден өзге) өрнекке көбейту арқылы бірнеше бөлшекті ортақ бөлімге келтіреді. (слайд № 4)

(Оқулықпен жұмыс. Әр топқа бірдей тапсырма беріледі. Оқулықтың 122 бетіндегі рационал бөлшектер қосу және азайту үшін алгоритмді жазады, мысалдардың шығарылуын қарайды, түсінеді. )

ІV . Деңгейлік тапсырманы орындау

Рационал бөлшектерге қосу және азайту үшін алгоритмді қайталайық , яғни алған білімдеріңді жинақтап, орынды қолдануды ,тиімді тәсілмен шешуде қолданайық .

Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығаруды, көбейткіштерге жіктеудің әр түрлі жолдарын, топтау мен бөлшекті қысқарту тәсілін және қысқаша көбейту формулаларын қолдана білу және амалдар тәртібін анықтай білу.

Әр топқа тапсырмалар беріледі, Топтың мүшелері тапсырманы орындап, бір-бірін тексереді.

«А» деңгейінің есептер

«В» деңгейіндегі есептер

«С» деңгейіндегі есептер

Топ тұжырым жасап, топ басшысы  қорғайды.


V. “Ой қозғау”

Слайдта рационал бөлшектерге байланысты 6 есеп шығару жолымен жазылып тұрады, ал оқушылар бұл есептердің дұрыс шығарылғанын ғана табулары керек.



  1. + =

Дұрыс берілген тапсырманы тақтаға шығып топ басшысы  қорғайды. (слайд № 5)

VІ. Оқулықпен жұмыс

Сабақты пысықтау(оқулықпен жұмыс) (слайд № 6)

Бекіту тапсырмасы ретінде есеп №443(1), №444(1) шығару үлгісі көрсетіліп, талданады.

Тақтаға есептер шығарылады.  124-бет №443(3,4), №444(3,4), №445(3,4)


VІI. Сабақты қорытындылау. Бағалау (топ басшыларының көмегімен).

VIІI. Үйге тапсырма беріледі

Үйге тапсырма оқулықтың 124-бетінде №443(1,2), №444(1,2), №445(1,2)




aktauschool@mail.ru

Ақтау ОЖББМБ

Математика пәнінен мұғалімі

Суюнчалиева А. К.

Батыс Қазақсатан облысы,

Тасқала ауданы

Ақтау ауылы


Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын және білім сапасын арттыру мұғалімнің басты мақсаттарының бірі. Білім беру, оқыту үрдісіндегі педагогикалық технология – мақсатқа тиімді қол жеткізу. Оқытудың озық технологияларын сабақта пайдалану - өмір талабы. Профессор Ж. Қараевтың «Саралап, деңгейлеп оқыту» технологиясын қолданып 7 – сыныпта «Рационал бөлшектерді қосу және азайту» тақырыбында өткізілген сабағымның жоспарын ұсынып отырмын.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
07.01.2019
520
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12