Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ: "Рационал сандарға арифметикалық амалдар қолдану" 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
"Рационал сандарға арифметикалық амалдар қолдану" 6-сыныпқа арналған сабағымды ұсынып отырмын. Математика пән мұғалімдеріне, әсіресе жас мамандарға бір көмегі тиер деген ойдамын. Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдерді пайдаландым.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:_____________ оқу ісінің меңгерушісі Л.Гылымбаева


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6.2А Рационал сандарға амалдар қолдану

Мектеп: «М.Әуезов атындағы орта мектебі» КММ

Күні: 30.11.2018

Мұғалімнің аты-жөні:Түйебаева Роза Ерболқызы

Сынып: 6

Қатысқандар саны:19

Қатыспағандар саны: 1

Сабақтақырыбы

Рационал сандарға арифметикалық амалдар қолдану

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.2.22

рационал сандармен арифметикалық амалдарды орындау


Сабақ мақсаттары

Оқушылар

рационал сандарды қосу және азайту ережелерін пайдаланады;

рационал сандарды көбейту және бөлу ережелерін пайдаланады;

-амалдарды орындау ретімен орындайды;

өрнектің сандық мәнін табады.

Бағалау критерийлері

Білім алушы

рационал сандарды қосу және азайту ережелерін пайдалана алады;

рационал сандарды көбейту және бөлу ережелерін пайдалана алады;

-амалдарды орындау ретімен орындай алады;

өрнектің сандық мәнін таба алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • рационал сандарды көбейтуді/бөлуді ауызша айқындайды;

  • сандық өрнектің мәнін табуда амалдарды орындау ретін түсіндіреді;

  • рационал сандарға амалдар орындау қасиеттеріне сүйенеді.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

  • рационал сан жай бөлшек/ондық бөлшек түрінде жазыла алады;

  • 2,55 санын «екі бүтін жүзден елу бес» деп оқимыз;

  • 0,(6) санын «нөл бүтін периодта алты» деп оқимыз;

  • 3,1(4) санын «үш бүтін оннан бір периодта төрт» деп оқимыз;

Құндылықтарды дарыту

Белсенді қарым- қатынас, өзіндік шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту. Бір – бірінің пікірлерін құрметтеу, қабылдау.Оқушылардың өз бетімен білім алу дағдыларын қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар

Қолданбалы математика есептері

Бастапқы білім

Рационал сандарды қосу және азайту, көбейту және бөлу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі.

5 мин

Амандасу, түгендеу, оқу құралдарын түгендеу, сабаққа назарын аудару.

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Психологиялық дайындық: «Жүректен жүрекке» әдісі арқылы бір біріне сәттілік тілеп, жылы лебіздерін айту.

Топқа бөлу: оқушыларға есептер таратылады, есептердің теңдігінде 1,2,3 сандары шығады. Сол сандарға байланысты үш топқа бөлінеді.

«Аквариум» әдісімен үй тапсырмасын тексеру:

Әр топтың алтын балықтарының есептерін тексеремін, ал алтын балық өз топтарындағы оқушылардың есептерін тексеріп, баяндайды.

(алтын балықтың бағалауы)





Сабақтың басы


5мин

«Домино» әдісі арқылы өткен тақырыптарды еске түсіру:

1. Қандай сандар оң сандар,қандай сандар теріс сандар деп аталады?
2. Қандай сандар қарама-қарсы сандар деп аталады?

3. Қандай сандар рационал сандар жиынын құрайды?

4. Екі теріс санның қосындысы қалай табылады?

5. Таңбалары әр түрлі сандардың қосу ережесін айтыңдар

6.Таңбалары әр түрлі екі санның көбейтіндісі қалай табылады?

7.Таңбалары бірдей сандардың көбейтіндісі.

8.Таңбалары әр түрлі сандарды бөлу ережесін айту

9.Таңбалары бірдей сандарды бөлу ережесі айту.

10.Таңбалары әртүрлі сандарды көбейту ережесі



Қосымша 1


Сабақтың ортасы

15 мин

Рационал сандарға амалдар қолдану үшін әр оқушы мынаны есте ұстауы керек:

1) Арифметикалық амалдардың орындалу ретін білу;

2) Рационал сандарға амалдар қолдануға берілген есептерді шешу әдістерін білу;

3) Тиімді әдісті таңдай білу және есептің шешуін математикалық тұрғыдан сауатты жаза білу;

Оқулықпен жұмыс:Топтарға жеке жеке тапсырмалар беріледі. Постерге орындап тақтаға шығып жұмыстарын қорғайды.

(«Бас бармақ» әдісі арқылы бір бірін бағалау)

1-топ: ) )

2-топ: 0,57

3-топ: (-53,75)

Дескриптор: Білім алушы

  • Амалдардың орындалу ретін біледі;

  • Амалдарды орындайды;

  • Өрнектің мәнін табады.




Қосымша 2


2 мин

Сергіту сәті.

Оң және теріс сандар кезегімен айтылады. Оң сан айтқанда оңға, теріс сан айтқанда солға иілу.


5мин

Қалыптастырушы бағалау (Жекелей жұмыс)

Амалдарды орындаңдар:

1)   -2,75+(-0,25)=  2)   0*(-10)=

 3)   18+(-10)= 4)   -8*(-5)=

 5)   100+(-100)= 6)    -13*(-5)=

Дескриптор: Білім алушы:

  • Теріс сандарды қоса алады;

  • Таңбалары әртүрлі сандарды қоса алады;

  • Қарама қарсы сандарды қоса алады;

  • Санды нөлге көбейте алады;

  • Теріс сандарды көбейте алады. 

Оқушылар өз жұмыстарын берілген жауаптар бойынша тексеріп, бағалайды.

Қосымша 3



5 мин

Сабақты бекіту:

Есептерден және сұрақтардан құралған тапсырмалар беріледі, дұрыс жауаптарды табу арқылы

«Тұңғыш Президент күнімен!» сөйлемін шығару.

Қосымша 4



Сабақтың соңы

3 мин

Үй тапсырмасы: №672, 147-бет

Рефлексия:«Жеміс ағашы»

1. Сабақта не ұнады?   

2. Сабақта не ұнамады?

Оқушылар өз ойларын стикерге жазып, ағашқа іледі.


Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Дифференциалдық тапсырмаларды жалпы сыныппен, топпен және жеке жұмыстарда қолданады.


Сабақтың әр бөлімінде оқушылардың жасаған жұмыстарына мадақтау сөздер айтылып,бағалау жұмыстары жүргізіледі.

Тапсырмалар арасында «сергіту сәтін» жасату.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.12.2018
1361
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11