Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Расул Ғамзатов Менің дағыстаным 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ Ұстаздарға көп көмегі тиеді. Жаңа әдіс-тәсілдерді пайдаландым.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: қазақ әдебиеті Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Тәуелсіздік- қасиет тұнған ұлы ұғым


Мектеп: Сәкен Сейфуллин атындағы шағын орталықты орта мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Ильясова Р.И.

Күні:

Сынып: 6

Қатысқандар: 16 Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Расул Ғамзатов «Менің Дағыстаным» әңгімесі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Т\Ж 2- әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік –қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады: шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы табады, шығармашылық жұмыс жасайды;

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: әңгіме кейіпкерлерін салыстырып, әлеуметтік-қоғамдық мәселені түсінеді.

Кейбір оқушылар орындай алады: әңгіменің кейіпкері арқылы әлеуметтік-қоғамдық мәселені шешуде өзіндік пікір қалыптасады.


Бағалау критерийлері

- шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені түсінеді;
-шығарманың идеясын ашады;
- шығармашылық жұмыс жасайды


Тілдік мақсаттар


Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер : Тіл, туған жер,Отан, ақын т.б

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік Ел»жалпыұлттық идеясының «Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы» құндылығы негізінде туған жерін сүюге, елінің патриоты болуға баулу

Пәнаралық байланыстар

музыка, көркем еңбек,география

Алдыңғы оқу


Р. Ғамзатов «Ана тілі» туралы өлеңінің жанрын, идеясын, сюжетін анықтаған.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақтың жоспары

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин



































5 мин































2 мин.

Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу. 2.Оқушыларды түгелдеу.

Ынтымақтастық ахуал тудыру

Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз!

Ұйымшыл боламыз десек 2 рет қол шапалақтаймыз!

Белсенділік танытамыз десек 3 рет қол шапалақтаймыз!

Мұқағалиша айтсақ,біздің үш бақытымыз бар.Сол үш бақытты кім атап береді?

Топқа бөлу. Оқушылар тақырыпқа қатысты М.Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңі арқылы

3 топқа бөлінеді./ стикерлер арқылы/

1-топ.

Ең бірінші бақытым – Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.
2-топ.

Ал екінші бақытым – Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей – кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
3-топ.

Бақытым бар үшінші – Отан деген,
Құдай деген кім десе, Отан дер ем!
...
Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен.

Қызығушылықтарын ояту.

«Конверттегі сұрақ » тәсілі арқылы үй тапсырмасын сұрау.

М.Мақатаевтың сөзіне жазылған «Үш бақытым» әнін тыңдау, әуен тоқтаған кезде хат кімнің қолына тисе, сол оқушы ішіндегі сұраққа жауап береді.

1. Расул Ғамзатов туралы не білдіңдер?

2. «Ана тілі» өлеңінде ақын қандай мәселені қозғайды?

3. Өлейін деп жатқан кісіні тірілткен қандай құдірет?

4. Неге «Егер менің тілім ертең өлсе, онда мен бүгін өлуге дайынмын» деген Расул Ғамзатов.

Авардың ұлы ақыны Расул Ғамзатов «Егер менің тілім ертең өлетін болса, мен бүгін өлуге дайынмын» дегенде қасиетті ана тілінің сөз жетпес құдіретін, адамға тән барша бітім-болмысының бастауы екендігін аңғартқан.

5.Өлеңді оқығанда өз бойыңа қандай қасиеттер жинадың?

6.Неге тілді анамен байланыстырады?

Тіл - қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, қатынас құралы. Дағыстанның халық ақыны Расул Ғамзатов – отты да шуақты жырларымен кеңес поэзиясының ұшар басынан ойып тұрып орын алып, көзі тірісінде аңыз адам ретінде бағаланған ғажайып тұлғалардың бірі. Менің шығармам кілем сияқты, оны авар тілінің көркем өрнегімен тоқимын. Менің шығармам қымбат бағалы тон сияқты, оны авар тілінің сетінемейтін берік жібімен тігемін. Ат төбеліндей халқымның тілін жұтаң дейтіндер айта берсін. Мен өз ана тіліммен біргe өмip cүpyre тиіспін. Жандүниемнің күллі құдіретін ғаламға жеткізу үшін маған басқа тіл қажет емес деген болатын Расул Ғамзатов. Біздің жүрегімізден оның: «Егер менің тілім ертең өлсе, онда мен бүгін өлуге дайынмын» деген ерекше үні ешқашан өшпейді. Барша халық бас иетін, тілдің асыл қасиетін, ардақтау мен салмақтау біздің парызымыз.

Ойқозғау. «Топтастыру» әдісі

Дағыстан елі туралы жинақтаған деректері бойынша «Дағыстан» сөзіне топтастыру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашқызу.














А4 форматында топтың аты жазылады


1-топ. Халық

2-топ. Тіл

3-топ. Отан










«Конверттегі сұрақ » тәсілі

https://www.youtube.com/watch?v=DEQz26А

Әсел Омарова


































«Топтастыру» әдісі

Дереккөздері: Википедия материалдарын пайдалану

Дүние жүзі картасы


Сабақтың ортасы




3 минут

















15 минут



























































































3 мин.





























5 мин





















3 мин.

Сабақ тақырыбы мен оқу мақсаттарымен, бағалау критерийлерімен таныстыру. (оқушыларды жаңа білімді игеруге ынталандыру)


«Сканерлеп оқу» стратегиясы.

Әңгімені сканерлеп оқып, таныс емес сөздері жазып, олардың мағынасына түсінік беріңіз.

Сөздікпен жұмыс

  • Революция – көтеріліс, төңкеріс

  • Авар – Дағыстанда тұратын халық

  • Париж – Францияның астанасы

  • Зарыққан-сағына күткен.

  • Тұнжырап-қабағы түсiңкi, қатулы.

  • Қақсау- сарнау, зар илеу.

Дескриптор:

-әңгіменің мазмұнын толық түсінеді;
- таныс емес сөздерді табады;


ҚБ. «Қошемет» әдісі арқылы оқушылар бағаланады.

1-тапсырма. Топтық жұмыс.

1-топ: «5-5-1» әдісі бойынша мәтіннің негізгі идеясын анықтайсыңдар. Әңгіме жайлы 5 сөйлем жазасыңдар, 5 сөйлемді 5 сөзге, соңында 5 сөзді 1 сөзге қысқарту арқылы идеяны анықтап, мағынасын ашасыңдар.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.03.2024
480
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12