Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ: "Рим цифрлары және сандары" 2-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
өлшем бірлігі, шама, ұзындық, масса, бірліктердің түрленуі, ұсақ бірліктерді ірілендіру жəне керісінше айналдыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жамбыл облысы, Тараз қаласы № 59 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі

Абдималикова Курбанай Жылбаевна





Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Пәні:

Математика

Тақырыбы:

 Рим цифры

Сынып: 2

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ негізделген оқумақсаты:

1.1 Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер

2.1.1.3 ** 12-ге дейінгі сандардың римдік нөмірленуін оқу, жазу және пайдалану

Бағалау критерийлері

Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді:

Рим цифрларын таниды және оқиды

Оқушылардың көпшілігі:

Рим цифрларын жаза алады және қолдана алады

Кейбір оқушылар:

Рим цифрларынан өрнектер құрастыра алады

Тілдік мақсат:

Оқушылар үшін: ұзындық бірліктері (см, дм, м) мен масса бірліктерін (кг, ц) қалай түрлендіретінін түсіндіру, олардың арасындағы қатынасты орнату.

Пəндік лексика жəне терминология: өлшем бірлігі, шама, ұзындық, масса, бірліктердің түрленуі, ұсақ бірліктерді ірілендіру жəне керісінше айналдыру

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

Əртүрлі өлшем бірліктерінде берілген шамалардың мəндерін қалай қосу жəне азайту ыңғайлы екенін түсіндіре аласың ба?

Салмақты қалай өлшейтінін түсіндір.

Ежелде қандай салмақ өлшем бірліктері болғанын білесің бе?

Жазу:

Өлшеу нəтижесін жаз, басқа өлшем бірліктерінде жаз.

Тірек білімдер, білік,дағдылар

Шамалар, өлшем бірліктері, өлшем жəне ұзындықты өлшеу.


Жоспар


Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-əрекет

Қоры

0-2

Психологиялық дайындық «Жылы алақан»

Жұптар бір-біріне қарама-қарсы тұрып, басбармақтан бастап саусақтарын тигізіп, келесі сөздерді айтады:


3-5

МК, Т) Сабақтың тақырыбын ашу

-Балалар, сабақтың тақырыбын анықтау үшін, мына жұмбақты шешу керек.

Қозғалмастан бір елі, Түні бойы жүреді.

-Балалар, жұмбақтың шешуі не болды?

-Ендеше мына сағаттарға қарап, олардың қандай ұқсастығы мен айырмашылығы бар екенін айтыңдаршы.

-Балалар, мұндай рим цифрлары бар үлкен сағаттарды қайдан көруге болады?

-Бұл сағаттарды кім көре алады?

-Бұл оларға не үшін керек?

/оқушылардың жауаптарын тыңдау/

-Қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай болмақ?

-Қандай жетістіктерге жетеміз деп ойлайсыңдар?

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Қызықты ақпарат:

Цифрларды да арифметика ережелері сияқты, ешкім бірден ойлап шығарған емес. Осы заманғы цифрлар ғасырлар бойы қалыптасып жасалынған. Рим цифрлары б.з.б. 500-жылдар шамасында пайда болып, Ежелгі Римде қолданылған.

-Жалпы рим цифрларын өмірде көп кездестіруге болады. Әртүрлі оқулықтар мен журналдарда, мұнара сағаттарында, темір жол бекеттерінде де.

Сонымен қоса рим цифрлары адам өмірімен де тығыз байланысты.

(МК ) Сабақтың басында біз қолданып жүрген сандардың араб сандары екендігін хабарлау. Рим цифрларының кестесін көрсету (слайд).

(Ж) Жазбаларды есте сақтау мен рим цифрларын оқу жұмысын жұптастырып орындату. Әр жұпқа 1 қорап таяқша таратып беру. Оқушылардан кестенің көмегімен 1-ден 12-ге дейінгі рим цифрларын құрып, оқуын сұрау

(ОТ ) Оқулық , дәптермен жұмыс

4-бет, № 2, № 3 Б

(Бармақпен бағалау)

(Ө,Қ) «Менің өмірімдегі сандар»

Оқушыларға ақ парақтарға өздерімен байланысты рим цифрларын жазып, топтастарына көрсету ұсынылады.

Мысалы: бүгінгі сабақ санын, сыныптағы ұл, қыз , сыныбын, т.б.

Сергіту сәті

(Т,Қ) «Жүгірме диктант» ойыны

-Балалар, сендерге ойын арқылы диктант жазуды ұсынамын.Сендерге 2 минут уақыт беріледі.Осы уақыттың ішінде

1/ Жүгірушілер таңдалады. 2/Жүгіруші парақта жазылған рим цифрасын оқып, өз тобына жүгіріп айтып отырады.

ІҮ, ҮІІ, Х, ІІІ, ІХ, ХІІ, ҮІІІ.

3/Топтастары жүгіруші айтқан санды кестеге жазады.







7








Топтар тапсырмаларды орындап болған соң, тексеру жүргізіледі. Әр дұрыс санның жанына «+» таңбасы қойылады.


26-36

(

(Т,Қ) «Ойлан! Тап!» ойыны

Оқушыларға ойланып, ақылдасуға 1 минут беріледі.

Тапсырма: Ешқандай заттарды қолданбай, рим цифрларын құрастыру, көрсету.Дене мүшелерін пайдалануға болады. Қарсы топтар көрсетіп тұрған цифрды табу керек.

Топтар бір-бірін шапалақтау арқылы бағалайды.

(Ө,Қ) Карточкамен жұмыс

Тапсырма • Берілген сандардың арасынан рим цифрларымен жазылған сандарды тауып, қоршап сыз және оқы.

III 4 20 I 2 6 V 18 0 11 X 3 9 12 VI

• Берілген сандарды рим цифрларымен жазыңыз

Оқулық, дəптер


Үйге тапсырма .


37-40

  • Рефлексия:

Оқушылар топта ақылдаса отырып, сөздерді таңдауға 1 минут беріледі.

-Бүгін сендер қандай сезімдесіңдер?

Оқушылар «СЕНІМ», «ҚУАНЫШ», «БІЛІМ», «ҚОРҚЫНЫШ», «СЕНІМСІЗДІК» сөздерінің арасында1-2 сөзді таңдайды және таңдауын түсіндіреді.

-Көңіл-күйлерің қандай?

/оқушылардың жауаптарын тыңдау/

-Менің де көңіл-күйім өте жақсы! Енді өздеріңді стикер арқылы бағалай қойыңдар

Жетістіктер

жолағы


  • Өзін-өзі бағалау.

«Жетістік баспалдағы»

Оқушылар түрлі-түсті стикерлерге өздерінің есімдерін жазып, баспалдаққа жабыстыру арқылы өздерін бағалайды.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.10.2020
1013
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12