Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Родной очаг" 8-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың мақсаты: балаларға отан ауыл жайлы ашып түсіндіру Ең қымбаты отан ауыл қанша кетсеңде ауылдың қымбат екенін көрсету
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Мәтін талдау» бейіндік пәні, 6-сағат

8 «Б» - 5.10; 8 «А»- 6.10; 8 «Г» - 7.10; 8 «В» - 8.10; 8 «Ә» -9.10.2021 жыл


Пән мұғалімі: Ұ.Б.Ағыбаева

Сабақтың бөлімі: 1-бөлім. «Мәтін талдау» пәніне кіріспе

Сабақтың тақырыбы: Мәтіннің өзіндік ерекшелігін, ұйымдастырылуын, стилін ажырата білу

Тапсырма. 20 сұрақтан тұратын оқу сауаттылығы тестін шешіңіз.

Бағалау критерийі:

1.Мәтінді зерттеп, назарын шоғырландырып оқып шығады.

2. Мәтінмен жұмыс кезеңінде автор ойын, автор көзқарасын, мәтіндегі көтерілген мәселені ажыратады.

Дескриптор:

  • Мәтін мазмұнын толық түсінеді;

  • қажетті ақпаратты дәл табады;

  • мәтін бойынша ой түйеді;

  • талдау жасайды;

  • мәтіндегі негізгі ойды түсінеді;


1-мәтін

Қасым ұста іске жарайды-ау деген мүйіздерді жыл он екі ай бойы жинап жүретін. Оның ішінде киіктің, арқардың, сиырдың, серкенің мүйіздері де болатын. Ол соның бәрін күн тимейтін саялы қалтарысқа жинап қоюшы еді. Көктем шығып, ел жайлауға көшерде Қасым қыстау қасынан ағатын бұлақтың табанындағы қара қорыс, көгала сазды белшесінен қазып, мүйіздерді көміп кететін.

Жаз өтіп, ел қыстауға оралғаннан бір, бір жарым айдан кейін Қасым ұста көктемгі көмбенің тоңын ойып, мүйізді үйге алып келеді. Оларды үйге әкелісімен жылы суға салып, саз-топырағын жуып тастайды. Ұста оларды барынша әрлеп, әсемдеп, ожау, қамшы сап, құты-сауыт, тарақ, көзілдірік жасап шығаратын.

1.Қасым ұста мүйіздерді қай жерге жинап қоюшы еді?

2.Ұста мүйіздерден қандай бұйымдар жасап шығаратын?


2-мәтін


Айқұлақ – көктемнен бастап жаздың ішінде балалардың ойнайтын бір ойыны. Айқұлақты ойнау үшін кешке таман, жұрт аяғы басылған соң, көп бала жиналып, өздерінің арасынан үш баланы шығарады, бірін қасқыр, бірін қойшы, бірін ит қылу үшін. Қасқыр болатын баланың екі шекесіне екі тақияны тікейтіп орамалмен маңдайынан байлап, арқасына киім-кешекті тығып томпитып, белін астынан буып, қасқыр қылып болған соң балаларға жуытпай анадай бір бұтаның тасасына жатқызады.

Қойшы болатын баланың үстіне жыртық шапан, басына жаман бөрік кигізіп, қолына бір таяқ беріп, ит болған баланы қасына ертіп, қойдың қасына жатқызады. Қалған көп баланы қой қылып көгендеп қояды. Біраздан соң қойлар дүр етіп үркеді, сол уақытта ит те абалап, қасқырменен арсылдасып, қалған кезде қойшы да айтақтап, лақ-қозыны айырып қалады. Сөйтіп, қасқыр бірде құр кетіп, бірде алып жүріп, ақырында сол қойлардың бәрін де тауысады. Міне, осымен бұл ойын осылай бітіп, екінші басталғанда тағы да бұрынғы жолыменен бастала бермекші. Міржақып Дулатов.

3.Айқұлақ ойыны жылдың қай мезгілінен бастап ойналады?

4.Мәтіннің түрі

5.Мәтін бойынша қойшы болатын балаға қандай киім кигізіледі?

6.Мәтін тақырыбы төменде берілген бөлімдердің қайсысына жатады?


3-мәтін


«Оғыз қаған» дастаны – түркітектес халықтардың ежелгі шежіресін генеологиялық аңыздар негізінде көркем тілмен баяндайтын эпостық туынды. «Оғыз» сөзінің мағынасы уыз, уыздас, сүттес, емшектес, яғни бір анадан сүт емген деген мағынаны береді. Ежелгі ғұндардың ұрпақтары «Оғыз» сөзін тайпалардың бірлестігі, одағы деген мағынада қолданған.

Дастанда қырықтан астам хикаят бар. Әрбір хикаятта Оғыз қаған туралы оқиға баяндалады. Оғыздар көк түсті қасиетті санағандықтан, жырда оғыздардың Көк тәңірге табынып, өздерін көк бөріден тарататындарын аңғаруға болады.  

«Оғыз қаған» дастаны – Мөденің жауынгерлік жорықтарынан хабар беретін шығарма. Оғыз қаған – ғұндардың атақты көсемі, патшасы Мөденің әдеби бейнесі. Әкесі Тұман біздің заманымыздан бұрынғы 206 жылы қайтыс болғаннан кейін Мөде патша тағына отырады. Мөденің билік жүргізген кезеңі ғұндар мемлекетінің алтын дәуірі саналады. Мөде билік жүргізген кезеңде ғұндар қазіргі Кореядан сонау Тибетке дейін, одан әрі Шығыс Түркістаннан бастап, Алтай өңіріне дейінгі ұлан-ғайыр өлкені түгелдей өздеріне қаратып алған еді. Қытай «Ұлы қорғанын» осы Мөденің әскерінен қорғану үшін салған болатын. Алайда «Ұлы қорған» ғұндардың тегеурініне төтеп бере алмады. Ғұндар қытай әскерін күйрете жеңіп, оларды «тыныштық және туыстық» шартына қол қоюға мәжбүр етеді. Бұл шарт бойынша олар ғұндарға көп салық төлеуге мәжбүр болады.

Шығарманың идеясына келсек, ол ерлікті, бірлікті көксейді. Қазақ халқы жасаған белгілі эпостық жырларға әуендес келеді. Стилі жағынан қазақ ауыз әдебиетімен бүтіндей ұштасып жатады.

«Оғыз қаған» дастанын зерттеуде Түркия елінің Н. Атсыз, Н. Банарлы, Б. Аталай сияқты ғалымдары көп еңбек сіңірді. «Оғыз қаған» дастаны мен қазақтың батырлар жырындағы әртүрлі байланыс белгілерін зерттеуге қазақтың Ә. Дербісәлі, Ө. Күмісбаев сынды ғалымдары да өзіндік үлес қосқан. Сонымен бірге, бұл салада ағылшын, француз, орыс ғалымдары да еңбек еткен.

7.Мәтіндегі уыздас, сүттес деген сөздердің мағынасы қандай?

8.Дастандағы хикаяттар саны

9.Мөденің патша тағына отырған уақыты

10.Мәтіннің стилі қандай?

11.«Тыныштық және туыстық» шарты бойынша

12.Мәтін бойынша «Оғыз қаған» дастанының қай қыры қазақ ауыз әдебиетімен ұқсас?

4-мәтін


(1) Қорқыт – бағзы замандарда өмір сүрген бабаларымыздың бірі. Ол – қобыз атасы, сазгер, жыршы, ақын, бақсылардың қамқоршысы. Ұлы бабамыз шамамен VIII-IX ғасырларда Сыр бойында туып-өскен. Ол – Орта Азия халықтарына және басқа түркітектес халықтарға ортақ тұлға. Әкесінің аты – Қарақожа. Шешесі қыпшақ тайпасынан.

(2) Әріден қозғасақ, Әбілғазының «Түрік шежіресі» мен Рашид әд-Диннің «Жамиғ ат-тауарих» шығармаларында Қорқыт туралы айтылады. Әбілғазы «Қорқыт бес ханға уәзір болды» десе, Рашид әд-Дин оның «ұзақ өмір сүргенін» баяндайды.

(3) Ш. Уәлиханов Қорқыттың балгерлігі, ақындығы, музыкалық өнері жайында құнды пікірлер қалдырған. М. Әуезов пен Ә. Марғұлан да Қорқыт туралы тамаша пікірлер жазған. Ұлы бабаның өмір туралы философиясы мен ажалмен алысқан аңыздарында оптимистік сарын жатқанын тілге тиек етеді.

(4) Қорқыт – қобыз арқылы музыка өнерінің негізін салған ұлы сазгер әрі жыршы. Сонымен бірге, ел басқарған данышпан, қасиетті әулие. Аңыздарға сүйенсек, ол өзгеше бір музыкалық аспап жасау үшін ойланып-толғанып жүреді. Бір күні қалғып кеткен оған періштелер аян береді. «Ағаш аспапқа түйенің көнін қаптап, жылқының қылынан ішек жаса», – дейді. Соны орындап, әлгі аспапты қолға алып тарта бастағанда керемет бір әуен шығады. Содан бері «Қорқыттың қобызы» деген сөз қалған.

(5) Қорқыттың дүниеге келуі де ғажайып сырға толы. Оны анасы босанарда аспанда күн тұтылып, дүниені қараңғы түнек қаптап, жауын-шашынды дауыл соғады. Күшті күн күркіреп, найзағай ойнайды. Жұрттың есіл-дерті қалмай қорқып, зәрелері ұшады. Қорқыт жарық дүниеге келгенде әлгіндей табиғат құдіреті бірден тоқтап, күн шайдай ашылады, мамыражай бір тып-тынық күй орнайды. «Апырмай, бұл бала дүниеге жұртты шошындырып, қорқыта келді ғой, соған орай есімін де Қорқыт қоялық», – деседі жұрт.

(6) Қорқыттың пайымдауынша, адамдар адами қасиеттерін сақтап қалулары керек. Адам үшін ең қауіптісі – адамилықты жоғалту. «Қонақ келмес үйдің қирағаны жақсы, жылқы жемес шөптің шықпағаны жақсы, адам ішпес ащы судың ағысты жылғаларды қумағаны жақсы, атаның атын былғайтын ақылсыз ұлдың тумағаны жақсы», «Адам қанша қажетсінгенімен, ол өз үлесінен артық жей алмайды» деген сөздері соның дәлелі. Сол аңыздарда Қорқыт жер-жаһанды кезіп, «әркімге өз елінде жақсы» деген ой түйгенін байқауға болады.

(7) Қорқыттың күй мұрасынан әзірге белгілі жиырма шақты шығармасы ғана. Күйтабаққа түсіріліп, жазылып алынғаны он бір. Әр күйдің өз тарихы бар. Мысалы, «Қорқыт» күйі туралы аңызда өлмес өнер жасап, өліммен күресу жайында оқиға бар. Сырдария суының бетіне кілем төсеп, күндіз-түні қобызын сарнатқан Қорқыт өлімді келтірмейді. Бұл пенделік арман-мұраттың, философияның нағыз өнер арқылы көрінуі. Ол тек Қорқыттың ғана қолынан келген.

13.Мәтінге байланысты дұрыс тұжырымдарды табыңыз

А.Ш. Уәлиханов өз жазбаларында Қорқыттың ұзақ өмір сүргенін баяндайды

Ә.Қорқыттың бізге жиырма шақты күйі жеткен  

Б.Қобыз аспабын жасауда оған періштелер аян берген

14.Мәтіннің үшінші бөліміне атау беріңіз.

15.Мәтіннің төртінші бөлімінде не туралы сөз болады?

16.Мәтін бойынша Қорқыттың қобызының ішегі неден жасалған?

17.Аңыз бойынша бабаның аты не себепті Қорқыт қойылған?

18.Мәтінге қатысы жоқ нақылды белгілеңіз.

19.Қорқыттың күйтабаққа түсіріліп, жазылып алынған күйлерінің саны

20.«Қорқыт күйі туралы» аңызда қандай оқиға баяндалады?


Кері байланыс: тест жауабын мұғалімге «Күнделік кз» немесе ватсапқа жібереді.



Бағалау.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.10.2021
679
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11