жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Роза Мұқанова Ләйлә неге тек аймен сырласады? 8 сынып
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Қиял мен шындық |
Мектеп: А.Тайманов атындағы №34 МГ |
|||||||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Насибуллина Саяжан Абайқызы |
|||||||
Сынып: 8 |
Қатыспағандар саны: Қатысқандар саны : |
|
||||||
Сабақтың тақырыбы |
«Мәңгілік бала бейне» Роза Мұқанова Ләйлә неге тек аймен сырласады? 6-сабақ |
|
|
|||||
Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
Т/Ж 8.1.4.1 Көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану; А/И 8.2.4.1 Шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп, креативті жазу. |
|||||||
Сабақтың мақсаты |
Оқушылар:
|
|||||||
Бағалау критерийлері
|
|
|||||||
Тілдік мақсаттар |
Қаралы жиын, күлін көкке ұшыру, егде қолдар, жарылыс, мүгедек, қара жамылған әйелдер, тартылыс, т.б. |
|||||||
Құндылықтар |
Ашықтық, құрмет, өмір бойы оқу |
|||||||
Пәнаралық байланыс |
Тарих, әдебиет, музыка |
|||||||
Осыған дейін меңгерілген білім |
Шығарма мазмұнын; Невада-Семей қозғалысын; Шығармадағы тура және жанама кейіпкерлер; |
|||||||
Сабақтың барысы |
||||||||
Сабақ кезеңдері |
Жоспарланған әрекеттер |
Ресурстар |
||||||
Сабақтың басы
8 минут
Сабақтың ортасы
10 минут
10 минут
7 минут |
1.Сәлемдесу. 2.Топқа бөлу. («Генератор» әдісі) 3.Талқылау сұрақтары қойылады. -Мәңгілік бала бейне кейпіндегі кейіпкер? -Кейіпкердің өміріне қатысты деректерді ата? -Кейіпкердің сырласы туралы баянда? -«Бірі – жер баласы, бірі – түн баласы» деген сөздің шығармаға қатысын анықта? -Автор шығарма арқылы не айтқысы келді?
1-тапсырма. Жеке жұмыс «Мәңгілік бала бейне» монологын тыңда. Монологтың ерекше әсерлі тұсын жазып алып, кестені толтыр. Монологтан үзінді: ________________________________________________________________________________________ ____________________________________________ Монологтан туған ой: ____________________________________________________________________________________________________________________________________ Қорытынды: ____________________________________________________________________________________________________________________________________ Дескриптор: 1.Монологтан 3-4 сөйлеммен үзінді келтіреді; 2.Өз ойын дәлелді жеткізеді; 3.Қорытынды сөйлем жазады. Жұптар бір-біріне оқиды. Ең үздігі анықталады. ҚБ. Мұғалім бағалауы
2-тапсырма. Топтық жұмыс Төрт топ «Тоғыз бриллиант» әдісі бойынша мәтін үзінділері жазылған кеспе қағаздарды оқып, ең әсер еткен үзіндіні бриллианттарға орналастырады. Орналастыру себебін түсіндіреді. 1-үзінді Ләйлә-қыз мүгедек денесіне сабырлылық жинай алмай, ызаға булығып, қалшылдап барады. Қолы мен аяғына әлдекімнің көзі түсе қалса, есі шығатын. Мынау шамадан тыс үлкейіп бара жатқан егде қолдар мен жетілмей қалған аяғына ешкімнің көзі түспесе екен деп зар қағатын. 2-үзінді Қара жамылған әйелдер бір-бірімен дауыс салып көрісіп, сай-сүйегіңді сырқыратып зарлап жүрген. Бастарын әрең көтеріп: «Айырылдық қой!» - дейді. Болашақтан үміт жоқ бейбақ болдық қой. Ұрпақсыз тұл қалдық қой. Ата-баба жері еді, күлін көкке ұшырды ғой. 3-үзінді - Құмар қайда? Қайда жібердіңдер, қайда кетті? Қайда... Қайда?! - деп сұрастыра берген. Өмірінде алғаш рет адамдармен қатарласып, арман дүниесінің жалынын мықтап бір ұстағандай еді, ол да сусып қолынан шығып кетті. Жаңа ғана бар қасірет атаулыдан біржола арылып, әуеде қалықтап жүр еді, топ етіп, қара жерге қайта түсті. 4-үзінді ...«О, жарық Ай, мүсіркеме сен мені. Мен күнәсіз қыз боламын. Сезімім бүтін, ақылым дұрыс. Бірақ мынау тіршілік дүниесінен безінген жұдырықтай жүрегім кек пен қасіретке толы. Мен өзіме адам сияқтымын, басқаларға адам емес адам пейілін тәубаға түсіретін мүгедекпін.» 5-үзінді Ай да, қыз да бір-бірімен ажыраса алмай, бірін-бірі қимай ұзақ аймаласты. Жарық Ай Ләйлә-қызды қара жерге қимады. Ләйлә да алғаш рет Айды түн қойнына қимаған. Ұзақ кідірістен кейін, екеуінің бір-біріне деген тартылыс сезімі әлсірей берді. 6-үзінді - Ертең біздің ауданда қаралы жиын өтпек. Өзің сияқты балаларды өткенде қала жаққа алып кеткен. Содан әлі күнге дейін хабар жоқ. Енді, міне, көзге көрінер өзің қалған екенсің. Ертең өтетін қаралы жиынға өзіңді қолға ұстап көтеріп шықсақ, деген ой келіп еді. 7-үзінді Қыз талықсып барып көзін ашты. Бұл жолы әлгібір ағыл-тегіл болып, жанарына толып кететін жас көрінбеді. Бірақ әлсін-әлсін өкси берді. Жамандықтың белгісі болғым келмейді. Мені аяңдаршы. Мен ел көзіне оғаш, мүгедек болғаныммен, жаксылықты ғана аңсаймын. 8-үзінді Қарауылдың тұрғындары сол күні қақ айырылып, үңірейіп жатқан жерді көрді. Тартылған су мен тұтылған Айды көрді. 9-үзінді «Мұны Алла тағала адамдар тәубасына келсін, қол-аяғының саулығына, он екі мүшесінің дін амандығына шүкір етсін деп жаратқан» Дескриптор: 1.Берілген үзінділерді оқып, топта талқылайды; 2. Әсер етуі бойынша орналастырады; 3.Қою себебін түсіндіреді. ҚБ. «Екі жұлдыз, бір тілек» 3-тапсырма.Топтар «Фанфикшн» әдісі бойынша үзіндіні жанрлық трансформация жасап, креативті ой толғау жазады. ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ Дескриптор: 1.Берілген үзінділер желісін креативті мәтінге айналдырады; 2.Жанрлық трансформация жасайды; 3.Сөз санын сақтайды (50-60) Cаралау (қабілеті төмен оқушыларға сөз тіркестері мен дайын тірек сөздер ұсынылады) Бақытты бала, өте сұлу, әдемі қыз, бейбіт өмір, тыныш заман, мейірімді адамдар. ҚБ. Топтар жұмысы дескриптор бойынша бағаланып, ең үздігі галлерияға ілінеді.
|
«Мәңгілік бала бейне» монологы https://my.mail.ru/music/songs/роза-мukанова-м-nгiлiк-бала-бейне-2bb051c99794b03431b2b554de16a7dd
Үлестірме
Үлестірме |
||||||
Сабақтың соңы 5 минут
|
Рефлексия 1.Сабақта не қызық болды? 2.Не қиындық келтірді? 3.Не оңай болды? |
|
||||||
Cаралау – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? |
Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? |
Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері
АКТ-мен
байланыс |
||||||
|
|
|
||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. |
|
|
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген