8-наурызға арналған «Ана деген
тіршіліктің тірегі»
1-жүргізуші: Армысыздар,
аналар, ұстаздар, қыздар!Міне, жыл аралатып көктемнің алғашқы
күндерімен келетін 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп
жетті.Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған,өсер
ұрпағына құндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін еккен аналар мерекесі
бұл.
Бәрі де, ана,бір өзіңнен
басталды,
Сен деп жаздым
өлең-дастанды.
Қуандым да, өзің бар деп
қуандым,
Жыладым ба, өзің жоқ деп жас
тамды.
Бәрі де, ана бір өзіңнен
басталды,
Жанарыңнан көрдім алғаш
аспанды,
Еркелесем,бір өзіңе
еркелеп,
Жасқандым да, тек өзіңнен
жасқандым.
2-жүргізуші: Қош
келдіңіздер,құрметті аналар, біздің мектептің ұстаздары, қыздары!
8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын.Сіздерге
әрқашан сыр бермес денсаулық,өмірдің шапағатын тілейміз.Бұл күні
өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына
шалынсын.Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре
беріңіздер!
Ардақты ана, аяулы ана,
қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн
қаттың
Өміріме нәрін берді ақ
сүтің,
Кең құшағың аясындай гүл
бақтың,
Ер жеткізіп елге берген
баласын,
Ақылдысың, ардақтысың,
данасың!
Қарайтыным қас-қабағың бір
сенің,
Қайратыңнан қайта
көрме,анашым.
1-жүргізуші:
Ару-ана өмірдің
асылдары,
Жайнасын көңілімнің жасыл
бағы.
Сіздер үшін ән мен жыр
шырқалуда,
Сіздер үшін мереке
шашулары-деп алдарыңызда Қадырғалидің орындауында «Ана» әнін қарсы
алыңыздар!
2-жүргізуші:
Қазірет пайғамбарға бір адам
келіп:
-Мен бір зор күнә істедім.Енді
мен үшін тәубе ету мүмкін бе?-деп сұрайды.
Сонда
пайғамбар:
-Анаң бар ма?-деп
сұрайды.
-Бар,-дейді әлгі
адам.
-Онда анаңа қызмет көрсет,-
деген екен пайғамбар.Олай болса шәкірттеріңіздің аналар жайлы өлең
шумақтарын тыңдайық.
2-жүргізуші:
Гүлдей болсын
өміріңіз,
Нұрға толсын
көңіліңіз.
Биік боп
жұлдызыңыз,
Көктемдей
құлпырыңыз.
Бақыт қонсын
басыңызға,
Қолдап жүрсін
тәңіріңіз!
1-жүргізуші:Дүниедегі ең
кемеңгер дананы Ана табады, аялайды, бағады.Сол үшін де құдіретіне
бас иіп, Құрметтейік қасиетті ананы,-деп ақын ағаларымыз
жырлағандай келесі кезекті мың бұралған бишілерге
береміз.
«Қазақша»биі.
2-жүргізуші: Орыс жазушысы
Максим Горкий: «Адамдар әрқашанда өз аналарының перзенттері.Ана
болмаса ақын да, батыр да болмайды»- деген екен.
1-жүргізуші: Хадис: Мұхаммед
айтқан: «Жәннәт-ананың аяғының астында!»-деп.Ислам діні әйелдерді
ерекше құрметтейді, сыйлайды. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге
келсе, бейбітшілік болады, ата-анасына қуаныш әкеледі-
дейді.
Монолог
2-жүргізуші: Жанұяның жылуын
суытпай, тал бесікті тербей отырып, тебірене толғар бесік жыры
арқылы аңыз ертегілері мен жақұт жырлары арқылы ұрпағының бойына
адамдық қасиеттерді дарытып отырған аналардың құдіретті сезімдері
шексіз.
1-жүргізуші:
Десек те уақытпен
жарыспайды,
Қиялға қиялменен
қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен
тебіреніп,
Өнерін аналарға бағыштайды,-
дей отырып алдарыңызда ана туралы ән-шумақтар.
2-жүргізуші:
Біз сіздерсіз тіршілік ете
алмаймыз,
Дегенге де сіздерсіз жете
алмаймыз.
Айнала ұшып сіздерді көбелек
боп,
Өртеніп қастарыңыздан кете
алмаймыз.
1-жүргізуші:
Аяулы анам, асылым, айдай
анам,
Әлдилейтін сендей жан қайда
маған?
Асқақ едің, адал ең жарыңа
да,
Ару анам, ақжарқын , қайран
анам.
Алдарыңызда
видеоролик.
2--жүргізуші:
Тамаша тілім барда айнала
маң,
Жан бар ма асыл сөзден
жайнамаған?
Анамның ақ сүтінен
жаралғандай,
Өзіңнен артық тілді қайдан
алам!
Анашым ақ бесікті
тербеткенде,
Әлдилеп мол мейірімен
әндеткенде.
Жаныма шәрбат болып енген
тілім,
Табынам аз қасиет бар деп
сенде.
1-жүргізуші:
«Отбасы- шағын мемлекет» деген
сөз бар.Ынтымағы келіскен , түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ
мемлекеттің құт берекесі.Әйел- ана отбасы жылуын сақтаушы, қоғамның
ертеңі болашақ балалардың тәрбиелеуші.Келесі әріптер
ойыны.
Әріптер
1-жүргізуші: Дүйім дүниенің,
жалпақ жалғанның бар асылын, бар ғаламатын сыйласақ та, ана
алдындағы қарызымыз өтелмес.Ана- жанымыздың бір бөлшегі.Қиналғанда,
қуанғанда есімізге ең алдымен абзал ана түседі.Анадан туған ақындар
ең асыл сөздерді анаға арнаған! Ақынның сөзі-халықтың
сөзі.
2-жүргізуші:
Үкілі кәмшат, бүрмелі
көйлек,
Тұрғандай өзі, қимылсыз
билеп,
Иықтан шашып, төгіліп
жерге,
Күмісті шашбау, жарасып
белге-деп келесі кезекте флешмоб
биі.
1-жүргізуші:
Құлақтан кіріп бойды
алар,
Әсем ән мен тәтті
күй.
Көңілге түрлі ой
салар,
Әнді сүйсең, менше сүй,-деп
өлең-шумақтарға берсек.
1-жүргізуші: «Әйелдер адамды
баулиды...Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады » деген екен
орыс жазушысы Пирагов.
2-жүргізуші:
Көңілің Алатаудың ақ
қарындай,
Мейірімің күннің шуақ
шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына
алармын,
Ән болып сағыныштан
ақтарылмай,- деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың
құрметіне Нұрпапа Нұрдаулеттің орындауында «Менің Анашым» әнін
қарсы алыңыздар.
1-жүргізуші:
Шуақты көктем келді гүлін
алып,
Көктемнің мерекесі бүгін
анық.
Өмірдің көктемі де,
гүлі-Ана,
Ана деп бас иеді күллі
халық.
2-жүргізуші:
Ана десем-шешек атып жанары
,
Өмірімнің бастау алар жаңа әні
.
Ана деген тіршілікте пана
боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып
жанады.-деп видеороликке назар аударсаңыздар.
1-жүргізуші:
Ана деген-асыл жандар
болаттай,
Ана десең- мөлдір жандар
бұлақтай.
О,адамдар, қадірлей біл
Ананы,
Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай
.
1-жүргізуші:
Бұралып біздің қыздар билеген
де,
Шығыстың асқақ әні
тербегенде.
Қол соқпай дәті шыдап тұра
алар,
Жолдастар айтыңдаршы қандай
адам- деп оқушылардың вальс биін қарсы алыңыздар!
1-жүргізуші:
Дүниедегі ең ардақты асыл
жан,
Анам менің мәпелеген
жасымнан
Мен қуансам қуанады ол
бірге
Мен қиналсам табылады
қасымнан.
Маған қымбат жан жоқ сірә
анадан,
Бар жақсылық аналардан
тараған
Жер бетіне өмір нәрін
себуші,
Ана алдында борышты ғой бар
адам.
2-жүргізуші: Ана- барлық
қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тіршіліктің қайнар бұлағы.Қазақ
әйелінің дастарханы тоқ, қонағы арза, дүниесі түгел.Олар үшін
бірінші орында отбасының берекесі тұрады.Бөбегін бесікке бөлеп,
әлдилеп аялаған ана құшағында емес пе?
Бір өзіңнен бастап өмір
жолдарын,
Жүрегіңе, жүрегімді
жалғадым.
Өзің мына сыйға берген
өмірде
Ақ сүтіңді ақтап
өту-арманым.
Барша ана, құтты болсын
мерекеңіз
Әрқашанда ана сізбен
берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді , асыл
анам.
Сонда біз кісілікке теңесеміз-
келесі кезекте хор.
Көркенбаева Кулжамал
Насыровна
№113 Әл-Фараби атындағы
жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні
мұғалімі.