400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Ш. Қанайұлы "Зар заман" өлеңі 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақта қолданылған жаңа әдіс-тәсілдер оқушылар мен мұғалімдер үшін өте тиімді. Онда оқушылардың жас ерекшеліктеріне, сыни ойлау дағдысына арналған тапсырмалар топтастырылған. Оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыруда сыни ойлау дағдыларын қалыптастыруда маңызы зор. Диалогтық оқыту, топтағы бірлескен жұмыс, дарынды оқушылармен жұмыс үздіксіз жүзеге асады.Нәтижесінде жауапкершілігі мол тұлға ынтымақтастық ортада қалыптасады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ататүрік атындағы № 4 мектеп-лицейі




Ашық сабақ

Тақырыбы:

Ш.Қанайұлы «Зар заман» өлеңі



Сыныбы: 8 «а»

Пән мұғалімі Мұхтарова Н







Қысқа мерзімді жоспар Сыныбы: 8 «а»


Сабақтың тақырыбы: Ш.Қанайұлы «Зар заман» өлеңі

Мақсаттары: 1. Ш.Қанайұлының өмірінен мәлімет алу, «Зар заман» өлеңінің мазмұнымен танысу, шығарманың негізгі

тақырыбы мен идеясын ашу, ақынның өзіндік ішкі әлемін таныту.
2. Оқушылардың өлеңге бүгінгі заман тұрғысынан қарап сөйлеуге, өзіндік көзқарасын білдіре алуға

төселдіру.

3. Оқушылардың бойында елжандылық қасиетін ұялатуға, батыл қадам жасай білуге, өз елін, жерін

бағалай білуге үйрету.

Күтілетін нәтиже : 1. Ақын өмірі мен өлеңдерін және «зар, замана» сөздерінің мағынасын түсінеді.

2.Тапсырмалар орындауда  олардың  түрлерін  ажырата  біледі.

3.Өмірде шығарма ,эссе жазуда  қолдана  алады.

Бағалау: Өзін - өзі (ӨӨБ), топтық (ТБ), жиынтық (ЖБағ)

Деректер: тақта, стикерлер,топтық тапсырмаларға арналған қағаздар, маркерлер, бағалау парақтары

Әдіс- тәсілдер: «Менен – сұрақ, сізден - жауап», « Рөлдік ойын», «Салыстыру», «Жіктеу категориясы», «Графикалық диктант» .т.б .


Сабақ кезеңдері

Уақыт


Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті


Ұйымдастыру



2 мин

Психологиялық ахуал орнату.

«Достастық символы»


Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу,назарын сабаққа аудару.


Сәлемдеседі, сабаққа қатысты құрал-жабдықтарын түгендеу, зейінін сабаққа аударады. Халықтар арасындағы достықтың үзілмеуіне қажетті құндылықтарды қимыл-әрекетпен айтып көрсету арқылы ойларын жеткізеді.

Топқа бөлу

2 мин

Оқушыларды топқа бөлу.

Оқушыларды тақырыпқа байланысты үш топқа бөлу.


Оқушылар ақын өлеңіне негіз болған тірек сөздер арқылы үш топқа бөлінеді:

I-топ «Заман»

II – топ «Тарих»

III-топ «Шежіре»

Үй жұмысын сұрау



5 мин




«Сен білесің бе?»... әдісі арқылы үй жұмысын сұрап шығу.


Өткен тақырып төңірегінде оқушылар сұрақтар дайындап диалогтық қарым-қатынас жасай отырып сұраққа жауап береді.

«Сен білесің бе?»... әдісі арқылы өткен тақырыптардан алған білімдерін диалогқа түсе отырып айтады, қорытады.


Миға шабуыл


Қызығушылық

тарын ояту


2 мин

«Бейнежазба» арқылы жаңа тақырыпқа қадам басу, сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.


Жаңа сабақты бастамас бұрын ой қозғау мақсатында оқушыларға бейнежазба арқылы өздеріне сабақтың тақырыбын анықтауға жетелеу.

Оқушылардың мұндағы мақсаты интербелсеңді тақтадағы бейнежазба бойынша туындаған сұрақтарға жауап беріп, өз ой-пікірлерімен санаса отырып, сабақтың тақырыбын анықтайды.


Білім


Түсіну

5 мин

1 топ.- Біз қай ғасырдың әдебиетін оқып жатырмыз?

2 топ. -Ал енді осы XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ елінде қандай тарихи оқиғалар болды?

3 топ. -Бұл оқиғада қандай тарихи шындық ізі жатыр?

Жаңа тақырыпты өздігінен игерту мақсатында, сұрақ түрлерін қолдану арқылы білімді өздерінің игеруіне ықпал жасау.

Оқушылар III топқа бөлінген бөлімдер бойынша топ көшбасшылары сұрақтарға жауап береді.

Қолдану

10мин

I. Топпен жұмыс

1 топ. «Зар» сөзінің мағынасын ашу.

2 топ. Өлеңдегі зар заманның белгілерін тірек сөздер арқылы жазу.

3 топ.Өлеңде ақынның айтпақ ойы, көтерген негізгі түйінін атап көрсету.


II. Рөлдік ойын «Орындаушы», «Сыншы», «Қорғаушы», «Бақылаушы».

I. I-топ: «Зар заман» өлеңі

II – топ. «Замана» өлеңі

III-топ: «Алдаушы жалған»

«Зар заман» өлеңінің идеясын айқындауға бағыттау.






Топтық тапсырмаларды белсенділікпен орындауға бағыттау арқылы, жылы сөз, мадақтама арқылы бағалап отыру.

Өлеңнің идеясын өмірмен байланыстырады, ұғынады.







Топтарға жаңа тақырып бойынша жинақтау және түсініктерін тексеру мақсатында өз пікірлерін жазба жұмыстары арқылы дәптерге түсіріп, орындайды.

Талдау

10мин

Топтық тапсырмалар

I. «Салыстыру» әдісі

I-топ: «Тар заман белгілері»

II – топ: «Зар заман белгілері»

III-топ: «Бүгінгі заман белгілері»

II. «Жіктеу категориясы»

I-топ: Өлең құрылысына қарай талдау.

II – топ: Көркемдегіш құралдарды табу.

III-топ: Толғау тіліндегі сөздердің түсіндірме сөздігін жасау.

Мұғалім оқушыларды жаңа тақырыпқа негізделген өлең құрылысына талдау жасай алуға бағыттау.

Оқушылар өлең құрылысының бөлімдерін дұрыс таба отырып, бөлімдерге тән өлең құрылысына талдау жасайды.

Жинақтау

4 мин

Топтық тапсырма

I-топ: Өлеңде заманның қандай жағымсыз жақтары суреттелген?

II – топ: Қарапайым халыққа осы жағымсыз жақтардың қандай қаупі болды?

III-топ: Бүгінгі таңда заманның бұзылу белгілері ортамызда бар ма? Біз оған қалай қараймыз?

Топтық тапсырмаларды шапшаңдықпен орындау, бағалап отыру.

Топтарға жаңа тақырыптың бекіту мақсатында ойтолғау жазады.

Қорытынды

2 мин

«Графикалық диктант» арқылы сабақты қорытындылау.

Тақырыпқа қатысты қорытынды ой айтуға жетелеу.

Оқушылар сабақтан алған тақырыптық білімдерін ортаға салып, қорытынды сұрақтарға шынайы жауап бере отырып, графика түзеді.

Бағалау

1 мин

Топтық бағалау

Бағалау шкаласы

Тапсырманы өздігімен дәптерге жазғызу.

Бағалауды басқару

Жауаптарын қабылдап, бағыт беру

Бағалайды,талқылайды. Өз пікірін айтады.



Рефлексия








Үйге тапсырма

2 мин

Стикерлерді толтыру

Оқушылар бүгінгі сабаққа деген ойынын стикерге жазып, тақтаға іледі.

Бүгінгі сабақ несімен ерекшеленді?

Не білдім?

Не ұнады?

Сабақтан алған әсерім





«Шортанбай поэзиясынан алар тағылым» ойтолғау жазу.

Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну








Тақырыптық тапсырма беру

Ұсынылған стикерді толтыру









Оқушылар берілген тапсырманы күнделігіне жазады.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
862
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі