400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 16 материал табылды

Ашық сабақ Ш. Құдайбердіұлы "Адамдық борышың" өлеңі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақта қолданылған жаңа әдіс-тәсілдер оқушылар мен мұғалімдер үшін өте тиімді. Онда оқушылардың жас ерекшеліктеріне, сыни ойлау дағдысына арналған тапсырмалар топтастырылған. Оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыруда сыни ойлау дағдыларын қалыптастыруда маңызы зор. Диалогтық оқыту, топтағы бірлескен жұмыс, дарынды оқушылармен жұмыс үздіксіз жүзеге асады.Нәтижесінде жауапкершілігі мол тұлға ынтымақтастық ортада қалыптасады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ататүрік атындағы № 4 мектеп-лицейі




Ашық сабақ

Тақырыбы:

Ш.Құдайбердіұлы «Адамдық борышың» өлеңі



Сыныбы: 6 «б»

Пән мұғалімі Мұхтарова Н







Қысқа мерзімді жоспар Сыныбы: 6 «б»


Сабақтың тақырыбы: Ш.Құдайбердіұлы «Адамдық борышың» өлеңі


Мақсаттары: 1.   Оқушылардың  Шәкәрім  шығармашылығы  бойынша білімдерін кеңейту.
«Борыш» ұғымына  талдау арқылы  жете  түсінік беру. Өлеңнің негізгі  тақырыбы мен идеясын ашу.

2. Балалардың өз ойын нақты, көркем сөздерді  қолданып жеткізе білу дағдыларын  қалыптастыру.

 Есте сақтау және ойлау қабілеттерін дамыту. Сөздік қорын молайту.

3. Нағыз адамға тән міндеттерді дәріптей отырып, оқушылардың  бойына сіңіру.
Өз елінің, жерінің қамын ойлайтын ,өз ісіне жауап бере алатын,адал қызмет атқаратын бәсекеге

қабілетті тұлға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже : 1. Ақын өмірі мен өлеңдерін және «борыш» сөзінің мағынасын түсінеді.

2.Тапсырмалар орындауда  олардың  түрлерін  ажырата  біледі.

3.Өмірде шығарма ,эссе жазуда  қолдана  алады.

Бағалау: Өзін - өзі (ӨӨБ), топтық (ТБ), жиынтық (ЖБағ)

Деректер: тақта, стикерлер,топтық тапсырмаларға арналған қағаздар, маркерлер, бағалау парақтары

Әдіс- тәсілдер: «Менен – сұрақ, сізден - жауап», «Ранжирлеу» , «Топтастыру» т.б.


Сабақ кезеңдері

Уақыт


Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті


Ұйымдастыру



1 мин


Психологиялық ахуал орнату.

Жағымды психологиялық ахуал тудыру Оқушылар «Шаттық шеңбер» аясында тілектер айту


Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу,назарын сабаққа аудару.



Сәлемдеседі, сабаққа қатысты құрал-жабдықтарын түгендеп, зейінін сабаққа аударады. «Шаттық шеңбер» аясында тілектер айтады.

Топқа бөлу

2 мин

Оқушыларды топқа бөлу

Оқушыларды тақырыпқа байланысты үш топқа бөлу


Оқушылар ақын өлеңіне негіз болған тірек сөздер арқылы үш топқа бөлінеді:

I-топ Борыш

II –топ Үлгі

III-топ Еңбек

Үй жұмысын сұрау



5 мин




Өткен тақырыптарды еске түсіру мақсатында «Менен – сұрақ, сізден - жауап» әдісі арқылы сұрау



Өткен тақырып төңірегінде оқушылар сұрақтар дайындап диалогтық қарым-қатынас жасай отырып сұраққа жауап береді.

Оқушылар қорапша ішіндегі сұраққа

тиянақты нақты жауап береді.




Миға шабуыл


Қызығушылық

тарын ояту


2 мин

«Борыш» мағынасын айқындайтын суреттерді түрлендіріп беру арқылы жаңа тақырыпқа қадам басу, сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.


Жаңа сабақты бастамас бұрын ой қозғау мақсатында оқушыларға суреттер арқылы өздеріне сабақтың тақырыбын анықтауға жетелеу.

Оқушылардың мұндағы мақсаты интербелсеңді тақтадағы суреттер бойынша туындаған сұрақтарға жауап беріп, өз ой-пікірлерімен санаса отырып, сабақтың тақырыбын анықтайды.


Білім



Түсіну

5 мин

I. 1 топ. Қалай ойлайсыңдар, бүгінгі тақырып кім не жайында болады деп ойлайсыңдар?

2 топ. Шәкәрім Құдайбердіұлыны кім деп танисыңдар?

3 топ. Шәкәрім Құдайбердіұлының қазақ әдебиетінде қандай алатын орны бар екенін білесіңдер?



Жаңа тақырыпты өздігінен игерту мақсатында, сұрақ түрлерін қолдану арқылы білімді өздерінің игеруіне ықпал жасау.





Оқушылар III топқа бөлінген бөлімдер бойынша топ көшбасшылары сұрақтарға жауап береді.







Қолдану

10мин

Топпен жұмыс

II. Топпен жұмыс

1 топ. «Борыш» сөзінің мағынасын ашу.

2 топ. Өлеңдегі тірек сөздерді теріп жазу.

3 топ.Өлеңде ақын көрсеткен адамдық борыштарды атап көрсету.


I. I-топ: Өлеңдегі негізгі және қосалқы тірек сөздерді мақал-мәтелдермен байланыстыру.

II – топ. Адамзатқа тән жақсы, жаман қасиеттерді жазу.

III-топ: Шәкәрім өлеңдеріне ұқсас өлеңдермен салыстыру жасау.

«Адамдық борышың» өлеңінің идеясын айқындауға бағыттау.







Топтық тапсырмаларды белсенділікпен орындауға бағыттау арқылы, жылы сөз, мадақтама арқылы бағалап отыру.



Өлеңнің идеясын өмірмен байланыстырады, ұғынады.









Топтарға жаңа тақырып бойынша жинақтау және түсініктерін тексеру мақсатында өз пікірлерін жазба жұмыстары арқылы дәптерге түсіріп, орындайды.

Талдау

10мин

Топтық тапсырмалар

«Ранжирлеу» әдісі

Өлең құрылысына талдау.

Мұғалім оқушыларды жаңа тақырыпқа негізделген өлең құрылысына талдау жасай алуға бағыттау.

Оқушылар өлең құрылысының бөлімдерін дұрыс таба отырып, бөлімдерге тән өлең құрылысына талдау жасайды.

Жинақтау

4 мин

Топтық тапсырма

«Менің адамдық борышым» ойтолғау жазу.

Топтық тапсырмаларды шапшаңдықпен орындау, бағалап отыру.

Топтарға жаңа тақырыптың бекіту мақсатында ойтолғау жазады.

Қорытынды

2 мин

«Топтастыру» әдісі арқылы сабақты қорытындылау.

Тақырыпқа қатысты қорытынды ой айтуға жетелеу.

Оқушылар сабақтан алған тақырыптық білімдерін ортаға салып, аққала салынған суреттерді қорытынды сұрақтарға жауап бере отырып,топтастырады, құрастырады.

Бағалау

1 мин

Топтық бағалау

Бағалау шкаласы

Тапсырманы өздігімен дәптерге жазғызу.

Бағалауды басқару

Жауаптарын қабылдап, бағыт беру

Бағалайды,талқылайды. Өз пікірін айтады.



Рефлексия








Үйге тапсырма

2 мин

Стикерлерді толтыру

Оқушылар бүгінгі сабаққа деген ойынын стикерге жазып, тақтаға іледі.

Бүгінгі сабақ несімен ерекшеленді?

Не білдім?

Не ұнады?

Сабақтан алған әсерім





Ш.Құдайбердіұлының «Адамдық борышың» өлеңін жаттау.

Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну








Тақырыптық тапсырма беру

Ұсынылған стикерді толтыру









Оқушылар берілген тапсырманы күнделігіне жазады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
890
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі