жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Ш. Құдайбердіұлының "Еңлік-Кебек" дастанындағы тарихи шындық мәселесі
Ататүрік атындағы № 4 мектеп-лицейі
Ашық сабақ
Тақырыбы: Ш. Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» дастанындағы
тарихи шындық мәселесі
Сыныбы: 10 «а»
Пән мұғалімі Мұхтарова Н
Қысқа мерзімді жоспар Сыныбы: 10 «а»
Сабақтың тақырыбы: Ш. Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» дастанындағы тарихи шындық мәселесі
Мақсаттары: 1. Оқушыларға трагедияның мазмұнын меңгерту,тақырыбын,идеясын ашу,диалог,монолог,драмалық
жанрдың ерекшелігі туралы
әдеби теориялық білімдерін
тереңдету;
2. Талдау,шығарманы түсініп
оқу,салыстыру,қорытындылау дағдыларын
жетілдіру;
3. Көркем әдебиетті
сүюге,адамгершілікке тәрбиелеу,эстетикалық сезімін
қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже :
Бағалау: Өзін өзі (ӨӨБ), топтық (ТБ), жиынтық (ЖБағ)
Деректер: тақта, стикерлер, постерге арналған қағаздар, маркерлер, бағалау парақтары
Әдіс- тәсілдер: «Менен-сұрақ, сізден-жауап»,
|
Сабақ кезеңдері |
Уақыт |
Тапсырма |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушылардың іс-әрекеті |
|
Ұйымдастыру |
1 мин |
Психологиялық ахуал орнату. «Алақан» жаттығуы |
Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу,назарын сабаққа аудару. |
Сәлемдеседі, сабаққа қатысты құрал-жабдықтарын түгендеу, зейінін сабаққа аудару. |
|
Топқа бөлу |
2 мин |
Оқушыларды топқа бөлу |
Оқушыларды тақырыпқа байланысты үш топқа бөлу |
Оқушылар үш топқа бөлінеді: I-топ «Әдебиетшілер» II – топ «Тарихшылар» III-топ «Зерттеушілер» |
|
Үй жұмысын сұрау |
5 мин |
Өткен тақырыптарды еске түсіру мақсатында «Менен - сұрақ, сізден-жауап» әдісі арқылы сұрау |
Өткен тақырып төңірегінде оқушылар бір-біріне сұрақ-дайындап, сұраққа - жауап арқылы диалогқа түсіру. |
Оқушалар бір-біріне жазған сұрақтары негізінде диалогке түсе отырып жауап береді. |
|
Миға шабуыл Қызығушылық тарын ояту |
2 мин |
«Бейнежазба» арқылы жаңа тақырыпқа қадам басу, сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау. |
Жаңа сабақты бастамас бұрын ой қозғау мақсатында оқушыларға бейнежазба арқылы өздеріне сабақтың тақырыбын анықтауға жетелеу. |
Оқушылардың мұндағы мақсаты интербелсеңді тақтадағы бейнежазба бойынша туындаған сұрақтарға жауап беріп, өз ой-пікірлерімен санаса отырып, сабақтың тақырыбын анықтайды. |
|
Білім Түсіну |
5 мин |
1 топ. Поэманың көтерген мәселесі не деп ойлайсыз? 2 топ. Бұл поэманы қандай жанрға жатқызуға болады? 3 топ. Бұл оқиғада қандай тарихи шындық ізі жатыр? |
Жаңа тақырыпты өздігінен игерту мақсатында, сұрақ түрлерін қолдану арқылы білімді өздерінің игеруіне ықпал жасау. |
Оқушылар III топқа бөлінген бөлімдер бойынша топ көшбасшылары сұрақтарға жауап береді. |
|
Қолдану |
10мин |
I-топ «Тарихшылар» - поэманың қысқаша жазылу тарихы мен мазмұнына талдау жасап, поэманың кіріспе бөліміндегі тарихи кезеңді суреттейді. II – топ «Зерттеушілер» -«Еңлік-Кебектің» алғашқы нұсқаларына, «Абай жолы» романында-ғы Абайдың Шәкәрімге дастан туралы айтып, поэма етіп жазуына ұсыныс жаса-уын, поэмадағы жер-су атаулары туралы және қосымша зерттеушілердің іздену жұ-мыстарын талдайды. III-топ «Әдебиетшілер» - Компьютермен жұмыс жасайтын болғандықтан, поэмаға жал-пы талдау жасау үшін шығарманың композициялық құрылымына, кейіпкерлерге сатылай кешенді талдау жасайды, өлеңге, өлеңнің тіліне жалпы талдау жасайды. |
Топтық тапсырмаларды белсенділікпен орындауға бағыттау арқылы, жылы сөз, мадақтама арқылы бағалап отыру. |
Топтарға жаңа тақырып бойынша жинақтау және түсініктерін тексеру мақсатында өз пікірлерін постер арқылы қағазға түсіріп, қорғайды. |
|
Талдау |
10мин |
Топтық тапсырмалар 1 топ. “Ранжирлеу” әдісі бойынша шығарманың композициялық құрылымын маңызына қарай орналастыру.(шығарманың басталуы,байланысуы, дамуы,шиеленісуі, шарықтау шегі, шешімі). 2 топ. “Жіктеу” әдісі категориясы бойынша шығарманы топтарға жіктеу. 3 топ. “Салыстыру” арқылы ақынның «Қалқаман-Мамыр» дастаны мен «Еңлік-Кебек» дастанын байланыстыра отырып, салыстыру. |
Мұғалім жаңа тақырыпқа байланысты тапсырма қағаздарын таратады. |
Оқушылар өздеріне берілген тапсырмалар ретімен таныса отырып, жұптық, топтық серіктестік құра отырып, ойларын ортаға салады, нәтижені анықтайды. |
|
Жинақтау |
4 мин |
I.1 1топ Поэманың тілі 2топ 3 топ «Саяхатшы» , «Диктор», «Тілші» I.2. «Ойлаудың алты қалпағы» әдісі бойынша топ мүшелері "Ақ шляпа"Статистикалық мағлұмат(поэманың жазылу тарихы,қашан,қайда т.б.) "Сары шляпа"Сәттілік(поэмадағы сәтті кезеңдер,махаббат монологы) "Қара шляпа"Сәтсіздік(қос ғашық басындағы трагедиялық жағдай) "Көк шляпа"Аналитикалық(Неге?Не үшін?Кім кінәлі?деген сауалдарға жауап іздейді). "Жасылшляпа"Шығармашылық(жаңа заманда жаңаша көзқарас,жаңашыл идеялар,болжамдар айту). "Қызыл шляпа"Сезімтал.(Поэмадан алған сезімдерін өлеңмен өру.Ескілік қоғамға лағынет айтып,жарқын болашаққа үміт арту). II. 3. Менің пікірім.... Екеуінің өліміне кім ( не) кінәлі? (пікірсайыс). |
Оқушыларға қалпақ ережесіне сүйене отырып, ойын жүйелеп айтуға жетелеу. |
Оқушылардың мақсаты алты қалпақ негізінде жаңа идея ойлап табады, өмірмен байланыстырады, өз пікірін айтады, ойын түйіндейді. |
|
Қорытынды |
2 мин |
.Автор орындығы.«. Тастады бесігімен баласын да, Обалға өшіккен ел қарасын ба?!» (өз ойларын қағаз бетіне түсіріп, автор орындығына отырып оқиды.) |
Тақырыпқа қатысты қорытынды ой айтуға жетелеу. |
Оқушылар сабақтан алған тақырыптық білімдерін ортаға салып, топтастырып, қорытынды түйін айтады. |
|
Бағалау |
1 мин |
Өзін-өзі бағалау (2 мин) Басбармақ, бағалау парақшалары |
Тапсырманы өздігімен дәптерге жазғызу. Бағалауды басқару Жауаптарын қабылдап, бағыт беру |
Бағалайды,талқылайды. Өз пікірін айтады. |
|
Рефлексия Үйге тапсырма |
2 мин |
Стикерлерді толтыру Оқушылар бүгінгі сабаққа деген ойынын стикерге жазып, тақтаға іледі Егер сен автор орнында болсаң шығарманы қалай аяқтаған болар едің?...ойтолғау жазу. |
Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну Тақырыптық тапсырма беру |
Ұсынылған стикерді толтыру Оқушылар берілген тапсырманы күнделігіне жазады |
Ататүрік атындағы № 4 мектеп - лицейі
Ашық сабақ
Тақырыбы: Ш.Құдайбердіұлының «Еңлік - Кебек» дастанындағы
тарихи шындық мәселесі
Сыныбы: 10 «А
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Мұхтарова Н
2016-2017 оқу жылы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген