400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Сабақтың тақырыбы Жай және құрмалас сөйлем

Материал туралы қысқаша түсінік
тажірибие ауысуға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқу ісінің меңгерушісі:__________


Күні:13:11:2018ж

Қазақ тілі.

Басталуы:08:45

4 «З» сынып

Сабақтың тақырыбы

Жай және құрмалас сөйлем

Сабақтың мақсаттары

Жай сөйлем мен құрмалас сөйлем туралы ұғымды меңгерту, суреттер арқылы мәтін құрастырып, талдай білуге баулу, жай сөйлемнен құрмалас сөйлемді ажырата білуге үйрету, сөйлем туралы өткенді пысықтау;

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

  1. Жай сөйлемнен құрмалас сөйлемнің айырмашылығын білу.

  2. Топпен бірлесіп жұмыс жасауға қалыптастыру.

  3. Өз ойларын еркін айта білуі.

Жетістік критерийлері

Сөйлем, жай сөйлем мен құрмалас сөйлемдер туралы түсініктерін байытады, оқу – жазу дағдылары қалыптасады, оқуға деген құштарлықтары артады

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Әдебиеттік оқу

Тілдік құзыреттілік

Баланың тілін бейнелі сөзбен байыту, сөйлеу мәдениетін дамыту, сауатты көркем жазу дағдыларын жетілдіру;

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5мин

«Мозайка» әдісі бойынша оқу-құралдары арқылы сыныпты топқа бөлу, психологиялық ахуал қалыптастыру, топ басшыларын сайлау, алтын ережені еске түсіру, бағалау критерийлерімен таныстыру

Сабақтың барысы:

15мин







Оқулықпен жұмыс.


















Сабақтың ортасы


8 мин














Тақтамен жұмыс


«Миға шабуыл» әдісі арқылы сұрақ-жауап

І топ –Сөйлем дегеніміз не? Мысал келтір.

ІІ топ –Жай сөйлем дегеніміз не?

ІІІ топ – Жалаң сөйлем дегеніміз не?

ІV топ – Жайылма сөйлем дегеніміз не? т.б.

Дескриптор

1.Ережені біледі.

2.Сөйлем құрап, талдай алады.

ҚБ: Әр тaпcырмa oрындaлғaндa ым-ишaрaтпeн жәнe мaдaқтaп бaғaлaп oтырaмын

Жаңа сабаққа тұсау кесер:

31-жаттығу. Екі бағандағы берілген сөйлемдерді оқып, оларды салыстыру. Сөйлемдердің бір – бірінен қандай айырмашылықтары бар екенін табу. Сөйлемдерді көшіріп, бастауышы мен баяндауышын тауып, астарын сызу.



Дескриптор:

1.Сөйлемдерді салыстырып, бір-бірінен айырмашылықтарын табады.

2.Бастауышы мен баяндауышты тауып астын сыза алады.

3. Ойын дәлелдей алады.


Бейнетыңдалым. Жай және құрмалас сөйлем туралы тыңдау.

32- жаттығу. Диалог тапсырмасы


Ойтолғау.

Жеке тапсырма

Жалғасын тап

Жұмбақтардың жауабын табу.
Дыбыс естісе қашады,
Қырқаны бір – ақ асады. ( қоян )


Гүрілдеп жүреді,
Жердің бетін сүреді. (бульдозер )

Көрінбейді өзі,
Естіледі сөзі. ( жаңғырық)

Қыста шыны боп қатады,
Жылыда су боп жатады. ( мұз )

1-топ 33 – жаттығу. Мәтінді көшіріп жазып,
қайсысы жай сөйлем,қайсысы құрмалас сөйлем екенін айт.

Дескриптор:

1. Екінші жай сөйлемді таба алады..

2. Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемдерді ажыратады.











Таныстырылым,








оқулықпен жұмыс










Ж.


Сергіту сәті

1 минут

Көңілді күн

Бейнежазба

Қызықты тапсырма

8мин

2-топ 34-жаттығу (1- шумағын жатқа жазу)

3-топ .35-жаттығу. Ребусты шешу. Жай сөйлемдердені құрмалас сөйлемге айналдырып жаз

4-топ 36- жаттығу «Жалғасын тап»ойыны.

ҚБ: Әр тaпcырмa oрындaлғaндa ым-ишaрaтпeн жәнe мaдaқтaп бaғaлaп oтырaмын


Дескриптор:

1. Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемдерді ажыратады.

2. Екі жай сөйлемдерден құрмалас сөйлемдер құрап жаза алады.

3.Ребусты шеше алады.


Топтық жұмыс.

І топ – Суретке қарап : жай сөйлемнен бір мақал, құрмалас сөйлемнен бір мақал жазу.

ІІ топ –Екі суреттен бір жай және бір құрмалас сөйлем құрау

ІІІ топ – Венн диаграммасы

ІV топ – Семантикалық карта

Дескриптор:

1. Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемдерді ажыратады.

2. Жай сөйлем мен құрмалас сөйлем құрап жаза алады.

3. Өмірмен байланыстырады.

ҚБ: Әр тaпcырмa oрындaлғaндa ым-ишaрaтпeн жәнe мaдaқтaп бaғaлaп oтырaмын

Түрлі тапсырмалар













ТРисунок 8 Ж


Сабақтың соңы

2 минут



Кері байланыс Рефлексия

Оқушылар «Еркін микрофон» әдісі бойынша сабаққа кері байланысты ауызша айтты. Кері байланыста оқушылар өз топтарының жұмысымен бірге басқа топтың да жұмыстарын бағалады және ұсыныстарын берді.

Бұл сабақта оқушылар шығармашылықпен жұмыста топтық жұмыстың пайдасын түсінді деп ойлаймын.



«Қoштacу» Жылу шeңбeрi.

Қoлымызды ұcтaйық,

Үлкeн шeңбeр құрaйық.

Көрicкeншe күн жaқcы,

Caу - caлaмaт бoлaйық!








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
21 қараша
386
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі