Ашық сабақ Сағат

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Сағат

Материал туралы қысқаша түсінік
Мен 1-сыныпта өткен жаңартылған білім бойынша сабағымды жариялап отырмын. Бұл материал бастауыш сынып мұғалімдеріне қажетті болар деген ойдамын. Жаңартылған бағдарлама бойынша бағалаудың түрлері, топқа бөлу әдісі, жаңаша әдіс тәсілдер көп қажет болады. Ғаламтор желісіндегі сайттардан ізденетін жас мамандар мен әрдайым ізденісте жүретін әріптестеріме бір көмегі тиіп қалар. Менде әрдайым ізденіп, сайттарды, басапаларды оқып, қарап қажеттілігімді алып отырамы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән :Математика

Күні: 10.05.2018.

Мектеп:56 жалпы орта мектеп.

Мұғалімнің аты-жөні: Тулегенова Шолпан

Сынып: 1

Қатысқан саны: . Қатыспаған саны:

Сабақ тақырыбы

Сағат

Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.3.5 циферблат бойынша уақытты анықтау: сағат /уақытты бағдарлау: минут, сағат, күн, апта, ай

1.1.3.1* уақыт шамаларын ажырату; оларды өлшеу үшін өлшемдер мен құралдарды таңдау, өлшемдер жүргізу .


Cабақ мақсаттары

Барлық оқушылар : Сағат,минут,секунд, тілін біледі.

Көптеген оқушылар: Сағаттың моделін құрастырады.

Кейбір оқушылар: Уақытқа байланысты мәселе есеп құрастыра алады.


Бағалау критерийлері

Циферблат бойынша уақытты анықтайды.

Уақыт шамаларды ажыратады.

Тілдік мақсаттар

Сағат арқылы нені анықтауға болады?

Сағат бізге не үшін қажет?

Сағаттың құрылымы қандай?

Сағаттық тіл нені білдіреді?

Минуттық тіл нені білдіреді?

Құндылықтарды дарыту

Ұстаным бойынша өз бетімен білім алуға ұмтылуға ынталы,қызығушылығы жоғары өзіне сенімді,жауапкершілігі мол және зияткерлік тұрғыдан дамыған тұлға қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар

сауат ашу, көркем еңбек, дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Сағат туралы бейнетаспа көрсету.

Бастапқы білім

Сағат уақыт өлшем бірлігі екндігін біледі.




Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар



Сабақтың басы

5 минут

Оқушыларды сағат бөлшектері арқылы

топқа біріктіру, сағат, минут, секунд деп үш топқа бөлінеді.




Сабақтың ортасы

10 минут























5 минут























5 минут





































7 минут



5 минут

Сағат туралы бейнетаспа көрсету.


-Сағаттың қандай түрлерін көрдіңдер?

-Сағат бізге не үшін қажет?

-Астанадағы жеңіс саябағында қандай сағат орналасқан?
Модельденген оқу.
Минуттық тіл арқылы 1 сағаттың ұзақтығын білетін боламыз.Сағат бұл уақыт аралығы.Сағаттық тіл бір саннан келесі санға жылжығанша ,минуттық тіл толық 1 айналым жасайды.Минуттық тіл 12-ні көрсеткенде, сағаттық тіл сол мезгілдегі сағатты көрсетеді.



1- тапсырма: «Ойлан тап » әдісі .Мақсаты:Сағаттағы уақыттарды көрсете отырып , күндізгі және кешкі уақыттарды үйренеді.



Сағаттар қай уақытты көрсетіп тұр?

Күндізгі,таңғы, кешкі, түскі, уақыттарды ажырату.

1сағатта неше минут бар?



Дескриптор.

*Сағаттағы уақыттарды көрсете біледі.

*Күндізгі және кешкі уақыттарды біледі.



2-тапсырма.« Орындап көр »әдісі.
Мақсаты: Сағаттың моделін құрастырады.


Сағаттық моделін құрастыру.Сағат тілдерін -жылжыта отырып көрсетеді.

Сен бүгін нешеде ояндың?

Бірінші сабақ нешеде басталады?

Сүйікті бағдарламаң нешеде басталады?



Дескриптор

*Сағат моделдерін құрастыра алады.

*Сағат тілдерін жылжыта отырып уақыт тәртібін көрсете
алады.



Дәптермен жұмыс.10-жұмыс парағы

Сағат тілдерін орналасуына қарай уақытты анықта?

1.Сағаттық тіл 4-ті көрсетіп тұр. Минуттық тіл 12-ні көрсетіп тұр.

2.Сағаттық тіл 8-ді көрсетіп тұр.Минуттық тіл 12-ні көрсетіп тұр.

3.Сағаттық тіл 9-ды көрсетіп тұр.Минуттық тіл 12-ні көрсетіп тұр.



3-тапсырма. «Айырмашылығын анықта»
Мақсаты
: Уақытқа байланысты мәселе есеп құрастыра
алады.



Маржан үй тапсырмасын 1 сағатта орындады.Ал Айжан үй тапсырмасын 10минут кем жұмсады .Қыздардың әрқайсысы үй тапсырмасын неше минутта орындады?

Маржан үй тапсырмасын 60 минутта орындады.

Айжан үй тапсырмасын 50 минутта орындады.

1сағатта неше минут бар?

Жарты сағатта неше минут бар?



Дескриптор:

*Уақыт шамаларын ажыратады.

*Бір сағатта және жарты сағатта неше минут барын біледі.


Бейнетаспа

Сағаттың түрлері,

Күн сағат.



















































Күн тәртібі суреттері.

Сағат және сағат бетіндегі

тіл.











10- жұмыс

Парағы

Түрлі- түсті

Қарындаштар.





Сағаттың суреттері.



Сабақтың соңы

3 минут

Сағат арқылы нені анықтауға болады?

Сағат бізге не үшін қажет?

Сағаттың құрылымы қандай?

Сағаттық тіл нені білдіреді?

Минуттық тіл нені білдіреді?



Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?


Денсаулық сақтау технологиялары

Сергіту сәттері мен белсенді іс әрекет түрлері.Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

1- тапсырма: «Ойлан тап » әдісі Мақсаты:Сағаттағы уақыттарды көрсете отырып , күндізгі және кешкі уақыттарды үйрету.

2-тапсырма.« Орындап көр »әдісі.
Мақсаты: Сағаттың моделін құрастырады.

3-тапсырма. «Айырмашылығын анықта»
Мақсаты: Уақытқа байланысты мәселе есеп құрастыра алады.




Критериалды бағалаудың

қалыптастырушы бағалауы.



Сағаттың модельін құрастыруда,т

сағаттық және минуттық тілдерді орналастыруда қауіпсіздік ережелерін сақтау.



Түрлі-түсті қарындаштарды қолданғанда, бір-бірлеріңнің көздеріне кіргізіп алмау.

Сабақ бойынша рефлекция

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізеді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан

Қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімде сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен 2 аспектісі(оқыту туралы да,оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады(оқыту туралы да,оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақтың барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім,келесі сабақта неге көңіл бөлу керек?



Тренердің берген кері байланысы:

-Әр тапсырма сараланған сабақ мақсатына сәйкес жасақталуы керек.

-Модельденген оқу арқылы, оқушыда бүгінгі сабақ туралы алғашқы түсінікті

қалыптастыру.



-Дескриптор оқушы әрекетіне қарай құрылуы керек.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.01.2019
708
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі