400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Сайын Мұратбеков "Жусан иісі" 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері әдістемелік көмек ретінде пайдалануға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ (2 )

Қазақ әдебиеті

Сынып: 6


Сабақтың тақырыбы:

С.Мұратбеков «Жусан иісі»

Күні:

13.02.2019ж.

Мұғалімнің аты-жөні:

Жанахметова Галия Жанатовна

Мектеп:

Алматы облысы, Алакөл ауданы, Жыланды орта мектеп-лицейі

Бөлім атауы

«Мен балаң жарық күнде сәуле қуған»

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Т/Ж: 8.1.3.1 Көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеу;

А/И: 8.2.4.1 Шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жазу.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушы орындай алады: С.Мұратбеков «Жусан иісі» әңгімесінің мазмұнын біледі, кейіпкерлерге мінездеме бере алады,салыстыра алады, сұрақтарға жауап бере алады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: С.Мұратбеков «Жусан иісі» әңгімесіндегі кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеп, талдау жасай алады.

Оқушылардың кейбіреулері орындай алады: С.Мұратбеков «Жусан иісі» әңгімесінен алынған үзінділерді қайта өңдеп креативті тұрғыда жаза алады

Бағалау критерийлері

Әңгімедегі кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеу,әңгімеден алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жазу.

Оқушылар орындай алады

С.Мұратбеков «Жусан иісі» әңгімесінің мазмұнын біледі, кейіпкерлерге мінездеме береді, салыстырады, сұрақтарға жауап береді, әңгімедегі кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеп, талдау жасайды, әңгімеден алынған үзінділерді қайта өңдеп креативті тұрғыда жазады.

Тілдік мақсат

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Талқылауға арналған сұрақтар:

1. Кейіпкерлерді атап бере аласыз ба?

2. Кейіпкерлерді бойындағы қасиеттері бойынша топтай аласыз ба?

3. Осы шығарма арқылы өзің қандай шешім қабылдадың?

4. Өмірдің мәні кімдер?

5. Кімнің қадірін білу керек?

6. Бір-біріне қандай үгіт-насихат айтар едіңдер?

Ишара: мадақтау, жылы шырай таныту, арқаға қағу ,қолдау көрсету

Алдыңғы оқу:

С.Мұратбеков «Жусан иісі» әңгімесінің тақырыбы мен идеясы

Құндылықтарға баулу:

Мәңгілік ел- ұлттық идеясы. Азаматтық жауапкершілік.

Пәнаралық байланыс

музыка,қазақ тілі, Қазақстан тарихы.

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы (7мин)










Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу, оқушылардың сабаққа қатысуына назар аудару.

Психологиялық жағымды көңіл-күй орнату.

(1 минут).

«Мен сізді көргеніме қуаныштымын, себебі...»

Бұл сөйлемді адамның мінез ерекшелігіне байланысты сөзбен аяқтайды.

Топқа бөлу «Мозаика» әдісі арқылы орындалады. (2 минут)

Орындалу шарты: Бөліктерге бөлінген суреттерді (жусан, шана, бұзау) біріктіру арқылы топқа бөліну.

Үй тапсырмасын тексеру «Эстафета» әдісі арқылы жүзеге асырылады.

(4 минут)

Оқушылар С.Мұратбеков «Жусан иісі» әңгімесінен сөйлемді жалғастырып айтады.

Орындалу шарты:

Оқушылар әңгіме мазмұны бойынша мұғалім айтқан сөйлемді жалғастырып айтады.

Ұсынылатын сөйлемдер:

  1. Ол әжесі екеуі біздің ауылға (42 жылдың жазында көшіп келген)

  2. Бізге күн сайын үйінен әкелген қағазды бір-бір парақтан үлестіріп беріп , (әріптерді үйрете бастады)

  3. Бірде Аян өрістен мал қайырып келе жатып үйретемін деп (өзінің қасқа бұзауына секіріп мінген)

  4. Қарлы топырақ араласқан жас қабірге жаутаңдап біраз қарап тұрды да, бір уыс топырақты іліп ап: ( «Топырағың жеңіл болсын, әже!» деп шашып жіберді.)

  5. Сол күні Аян әжесінің тумаласы (Бапай деген шалдың үйіне көшті)

  6. Аян қараңғы бұрышта бір уыс боп бүрісіп, (екі алақанымен бетін басып солқылдап жылап отыр екен.)

7. Әуелде, біз, балалар, оның (ертегі айтатынын білгеніміз жоқ.)

8. Садық кілт тоқтай қап: (- Әй, анау кім-ей? – деген.)

9. Аян екеуіміз (бір партаға отырғанбыз.)

10. Біздің ауыл Ешкіөлмес деген (кішкене қоңыр таудың дәл етегінде еді.)

Дескриптор:

-оқушы әңгіме мазмұнын біледі;

-сөйлемді жалғастырып айта алады..

ҚБ: Жұлдызша беру арқылы бағалау

Интербелсенді тақта








«Қазақ әдебиеті» оқулығы, «Атамұра» баспасы,2018ж.

63-76 беттер.












Сабақтың ортасы

(25 мин)

Жаңа сабақ: С.Мұратбеков «Жусан иісі»

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Балалар, біз бүгін

С.Мұратбеков «Жусан иісі» әңгімесі мазмұнына байланысты кейіпкерлер бейнесіне талдау жұмыстарын жүргіземіз.

1-тапсырма. Топтық жұмыс. «РАФТ» әдісі бойынша жүргізіледі.

Орындалу шарты:

Мұғалім рөл ретінде тақырыпты айтады, әр топ өз тапсырмасын орындайды.

«Аян»тобы:

«...Аян бұл күнде қайда екен?» Әңгімені өздерің қалай аяқтар едіңдер? Аянның ендігі өмірі қалай жалғасады деп ойлайсыңдар? "Сәуегей ағашы" тәсілі бойынша постер қорғау.

Дескриптор:

Аянның болашағын болжайды, ағашқа болжауларын жазады.

«Садық» тобы:

Авторға хат жазу.

«Жетімдер тағдырына кім кінәлі?» тақырыбы бойынша жетім қайғысын сипаттау, қазіргі өмірдегі балалар тағдырымен байланыстыру

Р-оқырман

А-автор

Ф-хат

Т- жетім бала өмірі

Дескриптор:

-көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат жазады

-хат мазмұнында жетім бала өмірі туралы жеткізеді

-хат құрылымын сақтайды.

«Әңгімеші бала» тобы:

Жусанның иісі туралы балалар арасындағы диалогты табу, рөлге бөліп орындау.

Дескриптор:

-әңгімеден диалогты табады, рөлге еніп орындайды.

ҚБ: жұлдызша беру арқылы бағалау.




«РАФТ» әдісі

Р-рөл

А-аудитория

Ф-форма

Т-тақырып































2-тапсырма.Жұптық жұмыс.

«Әдебиет лотосы» әдісі бойынша орындалады.

Әңгімедегі кейіпкерлер бейнесіне талдау жасау, кейіпкер әрекетіне баға беру.

Кейіпкер

Қандай қасиеттері ұнады не ұнамады ?

Кейіпкерге ұқсағың келе ме, жоқ па? Себебін түсіндір.

Аян



Автор бала



Садық



Есікбай



Дескриптор:

  • әңгімедегі кейіпкерлер бейнесіне талдау жасайды;

  • кейіпкер әрекетіне баға береді.


ҚБ: «Досыма хат» әдісі бойынша оқушылар ақ парақтарға бүгінгі сабақтан алған ең негізгі түсінігін қысқаша жазып, парталас көршісіне жақсы тілек жазып хаттарымен алмасады












3-тапсырма. Жеке жұмыс.

«Ойлаудың алты қалпағы» әдісі.

Ақ қалпақ.

Шығармадағы ақпараттарды анықта.

1. Шығармадағы кейіпкерлерді ата.

2. Аян кім?

3. Аяннның достарын атау

Қызыл қалпақ.

Әңгіме үзінділері Аянның қандай сезімдерін көрсетеді?

Үзінділер тарату.

Қызық еді Аянның мінезі. Бірде түн ортасында, дәл ұйықтар алдында далаға шыққам. Көшеде сырғанақта біреу зулатып шана теуіп барады екен. Шыдай алмай, жүгіріп сырғанаққа бардым – міне, қызық, шана теуіп жүрген Аян екен.

– Әй, мен сендерге бір қызық айтайын ба,- деді ол сүйінші сұрағандай қуанышты үнмен. Мен бүгін таң алдында түсімде ағамды көрдім. Рас айтам. Түнде жатарда ағамның пальтосын жастап, көпке дейін иісін иіскеп жатқам. Ағамның иісі сіңіп қапты. Бір түрлі жусанның иісі сияқты жақсы иіс. Мен бүйтіп жағасына мұрнымды тығып алдым да ұзақ-ұзақ иіскедім.

Сары қалпақ.

Қажетті сөздерді пайдаланып, шығарманың тәрбиелік мәнін аш. Өз көзқарасынды білдір.

Шыдамдылыққа төзімді бол, жақсыға ұмтыл, арманда, мақсат қой, биікке ұмтыл.

Қара қалпақ.

1.Әңгімеде кездесетін жағымсыз кезеңдерді табыңыз.

2. Өмірден мысал келе отырып дәделдеңіз.

Оқулықпен жұмыс. Мысалы: Қаралы қағаз алған Аян не істеді? Аянмен қоштасқан кезде достарының көңіл күйі қандай болды? т.б.

Жасыл қалпақ.

Жаңа идея ұсын.

1. Егер сен жазушы болсаң әңгімені қалай аяқтар едің?

2. Неліктен?

Көк қалпақ.

Осы шығарма арқылы өзің қандай шешім қабылдадың?

1. Өмірдің мәні кімдер?

2. Кімнің қадірін білу керек?

3. Бір-біріне қандай үгіт-насихат айтар едіңдер?


Критерий

Дескриптор

Әңгімедегі ақпараттарды анықтап, кейіпкер бейнесін ашады.

1. Кейіпкер бейнесін ашады.

2. Кейіпкер сезімін анықтайды.

3.Шығарманың тәрбиелік мәнін ашады.

Кейіпкерлер қарым-қатынасын талдау арқылы өзіндік тұжырым жасайды.

Кейіпкерлер қарым-қатынасын талдай алады.

Қарама қайшылықты анықтайды.

Сыни пікір білдіреді.

Өзіндік ой түйеді.

ҚБ: Жұлдызша беру арқылы бағалау
























Сергіту сәті «Жусан иісі» әнін тыңдау арқылы орындалады.

Әуенді тыңдай отырып, қосыла айту

Ж.Ысқақова орындауында

Оқулықпен жұмыс.

«Теріп оқу» стратегиясы арқылы орындалады. Әңгіме кейіпкерлерінің портреттік сипаттамаларын, тура және жанама мінездеулерді теріп оқу.

1. Аяннан балалардың хат жазуды үйретуін өтінген тұсын тауып оқы
2. Балалардың Аянға шанасын бергендегі сырғанақтың қуанышты сәтін тауып оқы
3. Аянның балалар үйіне жүруге жиналған тұсын тауып оқы

Дескриптор:

-әңгіме мазмұнын біледі;

-әңгіме кейіпкерлерінің портреттік сипаттамаларын, тура және жанама мінездеулерді теріп оқи алады.

ҚБ: Жұлдызша беру арқылы бағалау

«Қазақ әдебиеті» оқулығы, «Атамұра» баспасы,2018ж.

63-76-беттер.



Сабақтың соңы

( 8 мин)

















Рефлексия: «Ашық микрофон» әдісі арқылы орындалады.

1.Келесі сабақта не өзгертер едіңіз?

2.Бүгінгі сабақта ерекше әсер еткен көрініс ...

3.Бүгінгі сабақ бойынша ең маңызды болған зат ...


Үй тапсырмасы:

«Мен жазамын...» әдісі арқылы орындалады.

Орындалу шарты: Әңгімедегі Аянның тобығын тайдырып алу оқиғасын қайта өңдеп жазу.

Кері байланыс: «Кері байланыс парағы» әдісі арқылы орындалады. Оқушы таңдаған жауабына сай суретті белгілейді.

Көңілсіз, қызықсыз болды. / Көңілді, қызықты болды.

Сұрақтарым бар. / Тақырыпты түсіндім.

Сабақта берілген тапсырма- /Жаңа мағлұматтар білдім.

ларды орындадым.






Қосымша ақпарат

Аянның прототипі –Науқан Керімов. Ол қазіргі кезде Алматы облысы, Ескелді ауданында тұрады. 11 ұл, 3 қыз тәрбиелеген аяулы әке.

Саралау-сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау –оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

1.Пәнаралық байланыс.

2.Денсаулық және қауіпсіздік

3. АКТ-мен байланыс 4.Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі)

Топтық жұмыс. «РАФТ» әдісі,

Жұптық жұмыс.

«Концептуалдық кесте» әдісі,

Жеке жұмыс.

«Сөздер сөйлейді» әдісі,

Оқулықпен жұмыс.

«Теріп жазу» әдісі

-көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеді.

-әңгімеден алынған үзінділерді қайта өңдеп креативті тұрғыда жаза алды.






Пәнаралық байланыс – Тақырыпқа сәйкес музыка, қазақ тілі пәндерімен байланысы бар.

Денсаулық және қауіпсіздік шаралары сақталды. АКТ-мен байланыс: сабақ барысында интербелсенді тақта (презентация, әуен) қолданылды. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементтері.) Мәңгілік ел- ұлттық идеясы.Азаматтық жауапкершілік сезіміне тәрбиелеу жүзеге асты.

Рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?


Бүгін оқушылар нені білді?

Сыныптағы ахуал қандай

болды?


Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен уақытты тиімді пайдалана алдым ба?

Мен өз жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге?


  1. Сабақтың оқу мақсаттары мен міндеттері орындалды.

  2. Бүгін оқушылар көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеуге байланысты кейіпкер бейнесіне талдау жасады және әңгімеден алған әсерлерін сипаттап авторға хат жазды, жетім бала қайғысын сипаттады, қазіргі өмірдегі адамдар тағдырымен байланыстырды, әңгімеден диалогты тауып, рөлге еніп орындады.

  3. Сыныптағы психологиялық ахуал жағымды болды, оқушылар белсене жұмыс жасады

  4. Оқушылар орындаған саралау әдісі өз деңгейлеріне сай орындалды.

  5. Уақытты тиімді пайдаландым

  6. Жоспарым тиянақты жасалғандықтан ешқандай өзгеріс енгізбедім.

Қорытынды бағалау

Қандай екі нәрсе табысты болды? (Оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)

1. Жұптық жұмыста «Жусан иісі » әңгімесіндегі басты кейіпкерлердің ішкі сезімін анықтап, оны «Әдебиет лотосы» органайзеріне салып, кейіпкер бейнесіне талдау жасап, әрекетіне баға беруі қызықты болды.

2. Топтық жұмыстағы «РАФТ» әдісі тиімді қолданылды. Жетім бала қайғысын сипаттап, бүгінгі өмірмен байланыстырған, Аян өміріне болжау жасап, авторға хат жазған, диалогті рөлге бөліп орындаған топтардың жұмысы толық орындалды. Қолданылған барлық әдістер оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырды, өздеріне деген сенімділігін күшейтті. Топта жұмыс жасау дағдысын жетілдірді.

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты?)

1. Жұптық жұмыс арқылы шығарма кейіпкерлерінен сұхбат алса, қызықты болар еді.

2.«Эмоциялар графигі» әдісін қолдансам, оқушыларға қызықты болар еді деп ойлаймын.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды?

1.«Әдебиет лотосы» әдісі мен «Теріп оқу» әдістері сабақ қорытындысы ретінде өте тиімді болды. Себебі, жазылым мен айтылым бүкіл сабақ бойындағы жасалған жұмыстың нәтижесінің көрсеткіші болды.

2.Жеке жұмыстағы «Ойлаудың алты қалпағы» әдіс оқушылардың қызығушылықтарын арттырды.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін қандай ақпарат білдім?

1.Тапсырма өмірмен байланысты болса,балалардың қызығушылығы арта түсетініне көз жеткіздім.






































«Жыланды орта мектеп-лицейі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2018-2019 оқу жылы











Ашық сабақ тақырыбы:

С.Мұратбеков «Жусан иісі»























Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жанахметова Г.Ж.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
8 ұстаз жүктеп алған
23 ақпан
4027
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі