400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Шәкәрім Құдайбердіұлы 8-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мұғалімдерге сабақ жоспарын құруға септігі тиіп қалар деген ойдамын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Көркем әдебиет және эпикалық сарын

Мектеп:Өскемен қаласы әкімдігінің «№18 орта мектебі» КММ

Күні: 12.11.2017ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Токтасынова Камшат Жаныбековна

Сынып: 8 Пәні: әдебиет

Қатысқандар: 11

Қатыспағандар:0

Сабақтың тақырыбы:

Ш.Құдайбердіұлы «Жастарға»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.Б/С Заманауилығы мен жаңашылдығы.Шығарманы заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру.

Сабақ мақсаттары



Барлық оқушылар орындай алады: өлеңнің жалпы мазмұнын түсінеді, пікірлерін ортаға салады;

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: оқушылар өлеңдегі нақты мәселені табады;

Кейбір оқушылар орындай алады: Өлең мазмұнына сай ақпаратты пайдаланып, өз көзқарасын білдіреді, талқылайды.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну, талдау, қолдану, жинақтау, бағалау

Бағалау критерийі

1.Мәтіннің жалпы мазмұнын түсінеді

  • өлеңді толық түсінсе;

  • өлең мазмұнына сай ой қорытады;

2.Мәтіндегі нақты ақпаратты анықтайды

  • өлеңдегі негізгі мәселені табады;

  • нақты ақпаратты тиімді пайдаланады;

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады: өлеңнің жалпы мазмұнын түсінеді, өлеңді талдайды; өлең мазмұнына сай ақпаратты пайдаланып, өз көзқарасын білдіреді;

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Жастар, ақыл-білім, мінез, адалдық, қулық, еңбек, ғылым

Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Жастар қандай?

  2. «Жастарға» өлеңіндегі өзекті мәселе?


Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының «Ұлттық қауіпсіздік және еліміздің бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы» атты тармағындағы негізгі идеялар сабақты оқыту барысында ішінара іске асырылады.

Пәнаралық байланыс

Информатика

Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың

басы

5 мин








Қызығушылықты ояту

Амандасу. «Ыстық алақан» әдісі арқылы шаттық шеңберіне тұрып, жақсы көңіл-күй сыйлау. Ынтымақтастық орта құру. «Кеше», «Бүгін», «Ертең» делініп үш топқа бөлінеді.

Мұғалімнің сөзі: Жапон ғалымы зерттеу барысында өзі үшін қызықты жаңалық ашқан екен. 1миллионнан астам қар қиыршықтарын салыстыра келе,олардың бір-біріне ұқсамайтынын байқаған. Аз болса да, бір-бірінен ерекшеленіп тұрады екен. Сол сияқты өздеріңіздің де бүгінгі сабағымызда бір- біріңізге ұқсамайтын даралықтарыңыз бен ерекшеліктеріңізді көрсетеді деп сенемін.

С. Өткен білімді тексеру.

bilimland.kz сайтындағы сұрақтарға жауап береді.

Сайттағы Ш.Құдайбердіұлының «Жастарға» өлеңін тыңдайды? «Көршіме айтамын» әдісі. Сұрақтарға жауап береді.

  • Кешегі жастар қандай?

  • Бүгінгі жастар қандай?

  • Ертеңгі жастар қандай?

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Ш. Құдайбердіұлының «Жастарға» өлеңі.

-Ендеше, сабаққа қандай мақсат қоясыңдар?




Қима қағаздар

bilimland.kz сайты











Сабақтың ортасы

30 мин















  1. Тапсырма.

Т. Әр топқа өлең жолдары беріледі. Сол өлең жолдарына «Төрт сөйлем әдісі» арқылы ойын, пікірін жазады.

І топ.

Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық,

Арам, айла, зорлықсыз мал табалық.

Өшпес өмір, таусылмас мал берерлік

Бір білімді данышпан жан табалық.


ІІ топ.

«Көп қуға көзіңізді сүзбе» делік!

«Ұқпас деп бізден үміт үзбе» делік!

«Залымдар заң үйретіп адастырды,

Бізді сал жөнделерлік ізге» делік!


ІІІ топ.

Осыған қазақ бар ма жанасарлық,

Ғылым, өнер, ақылмен санасарлық?

Жұрт алмаса, ақылын біз алалық,

Өзгедей надан емес адасарлық.

«Төрт сөйлем» тәсілі

  1. Пікір. Үзінді бойынша бір сөйлеммен пікір

  2. Дәлел. Өз пікірін бір сөйлеммен дәлелде.

  3. Мысал. Пікірді өмірмен байланыстыр.

  4. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығар.

ҚБ «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды


  1. Тапсырма. «Бірге ойлаймыз» әдісі

«Кеше» тобы Ақынның Абай жырларына назар аудартатын тұстарын анықта. Шәкәрімнің Абайдан үлгі алуға шақыруының мәні неде? Абай бейнесін қалай көрсеткен?

Дескриптор:

  • Өлеңді оқиды.

  • Өлеңнен Абайды үлгі ететін жерлерін табады.

  • Абайды үлгі етуінің мәнін анықтайды.


«Бүгін» тобы Өлеңді оқып шығып, жастардың бойында болу керек ізгі қасиеттерді өсу ретімен, арылу керек жаман әдеттерді кему ретімен жазыңдар, талдаңдар.

Дескриптор:

  • Өлеңді оқиды.

  • Ізгі қасиеттерді анықтайды.

  • Арылу керек жаман әдеттерді анықтайды.

  • Пікірлерін ортаға салады.


«Ертең» тобы өлеңді оқи отырып, жастарға қандай ақыл-кеңес берер едіңдер? Болашақ жастарды көшбасшылыққа шақыратын үндеу жазыңдар.

Дескриптор:

  • Өлеңді оқып шығады.

  • Ақпараттарды талдайды.

  • Үндеу жазады.

Қ.Б «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалайды.


3- Тапсырма.

Ж.ж. «5 минуттық жазылым» әдісі арқылы

«Жастар – еліміздің болашағы» тақырыбында пікірлерін жазады.

Дескриптор:

  • Ақын өлеңіндегі жастарға артқан үмітті анықтайды.

  • Бүгінгі жастарға беретін бағасы.

  • Оқушының ел игілігіне қосатын үлесі.

«Автор орындығында» оқиды.

«Шапалақ» әдісі арқылы бағалайды.

А4,маркер


















дұрыс

бұрыс






А3, маркер



























Дәптермен жұмыс




Сабақтың

соңы

5 мин






Рефлексия

«3-2-1» әдісі

3- маңызды ақпарат

2-ой туғызған мәселе

1- көңіл-күйіңізді танытатын сөз

Үйге тапсырмасы: «Жастарға» өлеңінен үзіндіні алып, креативті жазып келу





Күнделікпен жұмыс









































ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ «№18 ОРТА МЕКТЕБІ» КММ













АШЫҚ САБАҚ

Шәкәрім Құдайбердіұлы

«Жастарға»







ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ: ТОКТАСЫНОВА К.Ж.









ӨСКЕМЕН, 2018



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
11 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
1338
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі