жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» дастаны 8-сынып
Тексерілді: ДОІЖО –А.Көлбай
|
Бөлім: Көркем әдебиет және эпикалық сарын Мектеп: №67 ном Күні: 20.12.2021 Мұғалімнің аты-жөні: А.Үсен Сынып: 8 Қатысқандар саны: Қатыспағандар: |
|||||||||||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» дастаны |
||||||||||||
|
Оқу мақсаты |
А/И4. Шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жазу. |
||||||||||||
|
Сабақ мақсаты |
Оқушылар: Шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жазады.
|
||||||||||||
|
Бағалау критерийі |
Шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жаза алады. |
||||||||||||
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар қолдана алады: Мақсатқа сай шығармадан үзіндіні таңдай біледі; Шығармадан алған үзінділерді қайта өңдей алады; Өз көзқарастарын жазылым жұмысында креативті жеткізеді. Пәндік лексика мен терминология: креативті жазу, барымта алмай, жанын аяп,талап қылма, талап пен іс, теріс бата,таспен бастыр, әрекетсіз отырмақ , жұмбақтамай, жанын салып, батыл, әдепті. Диалог пен жазылымға арналған тілдік қолданыстар: Менің ойымша... Менің байқауымша... Шығармада көтерілген мәселе жайында былай ойлаймын... Шығарманың басқа шығармалармен үндестігін салыстыра қарайтын болсақ: Шығарманың құндылығы мынада деп білемін: |
||||||||||||
|
Құндылықтарды дарыту |
Адамгершілік, жастардың бас бостандығы, махаббат |
||||||||||||
|
Пәнаралық байланыс |
Шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп жазу кезеңінде бейнелеу өнерімен, қазақ тілі пәнімен байланыс болады. Қазақ тілі :«Шығармашылыққа бағытталған жазылым түрлері» |
||||||||||||
|
Бастапқы білім |
Алдыңғы сабақта оқушылар Шәкәрімнің «Еңлік- Кебек» дастанындағы автор бейнесі мен тілдік қолданысын талдау барысында сыни ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамытатын тапсырмалар орындады. Бұл сабақта оқушыларға түрлі тәсілдер арқылы алдыңғы сабақта қалыптасқан дағды мен білімдерін жетілдіруге жағдай туғызылады. |
||||||||||||
|
Сабақ барысы |
|||||||||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер |
Дереккөздер |
|||||||||||
|
Сабақтың басы 7 минут |
1.Миға шабуыл Жаңа сабақтың мазмұнын ашу "Әдеби шеңбер" әдісі бойынша 5 сұрақ
"Еңлік-Кебек" Д
аяқталады?
кім кінәлі? Авторға қандай сұрақ қояр едің? Шәкәрім поэма арқылы не айтпақ болды? Кеңгірбайдың орнында қандай шешім қабылдар едің? Ал енді шығарманың идеясы неде деп ойлайсыңдар? Заман бейнесі ,жастар махаббаты, қоғамдық әлеуметтік жағдаймен байланыста бейнеленеді.
|
«Еңлік- Кебек» дастаны , шығарма үзіндісі жазылған үлестірме қағаздар. |
|||||||||||
|
Сабақтың ортасы 30 минут
|
2.Қызығушылығын ояту 1-тапсырма БҚО» (Білу, қолдану, орындау) кестесі Бұл тапсырманы оқушылар жеке орындайды. Оқушыларға тапсырма алдын ала таратылады. «БҚО» (Білу, қолдану, орындау) кестесіндегі «Адамдар», «Салт- дәстүр», «Қатыгездік», «Пікір» бағандарын шығарма эпизодтарынан дәлел келтіре отырып салыстырып талдайды, өз көзқарасын білдіріп, қорытынды пікір жазады.
2-тапсырма «Жобалау техникасы» әдісі Бұл тапсырма «Жобалау техникасы» әдісі бойынша орындалады. Оқушыларға алдымен М.Әуезовтың «Еңлік- Кебек» пьесасынан (Youtube 03.09.14 Отрывок из "Еңлік-Кебек", https://www.youtube.com/watch?v=VJaBAaRgIZQ) үзінді көрсетіледі. Оқушылар пьеса оқиғасының шығарма үзіндісімен сәйкес келетін кезеңдерін салыстырып, белгілеп отырады. Оқушылар екі-екіден отырғызылады. Әрқайсысына шығарманың Еңлік пен Кебектің кездескен бөлігі жазылған үлестірме қағаздар таратылады. Үзіндінің соңында : «Мен мынаны қосар едім...», « Мен былай болғанын қалар едім...», « Егер мен жазушы болсам ..... аяқтар едім» деген толықтыруды қажет ететін сөйлемдер жазылады. Оқушылар үзіндіні оқып болғаннан кейін шығарма бөлігін өз қалауымен өзгертеді. Жазып болғаннан кейін жұмыстарын жұппен ауыстырып оқиды. «Еңлік пен Кебектің кездесуін сен қалай өзгертіп жазар едің?» тапсырмасы бойынша екі жұмысты қосып, шығарманың «Мен қалаған кездесу» бөлігін жазып шығады. Қабілеті жоғары оқушылар қабілеті орта оқушылардың жауаптарына толықтыру енгізіп ойларын байланыстырады, кері байланыс беріп қорытынды жасайды. 6.Бағалау 3- тапсырма «Жауабыңды маған көрсет» тәсілі Бұл тапсырманы орындау кезінде «Жауабыңды маған көрсет» тәсілі қолданылады. Оқушылар алдыңғы тапсырма бойынша бөлінген шағын топтан бес кісілік топқа бірігеді. Топ мүшелері дастан бөліктерін бір-бірден бөліп алады. Оқушылар үзінділеріндегі «жоғалған сөздерді» тауып жазады.
1. Еңлік айтты: «Таң
қалдым бұл сөзіңе,
2. Барымта алмай
бітімге көнсе елің,
3. Кебекпен мені
азғана араздастыр,
Қабекең сөз айтпайды .....................?:
4. Он бесінде Кебектің
аты шықты, Тауып жазған сөздерін өздеріне қарсы отырған жұптардың тапсырмаларымен салыстырып, «дұрыс» деп тапқан нұсқасын келесі топ мүшелеріне көрсетеді. Көп нүктелі жолдарды толықтырғаннан кейін үзінділерді өңдеп, бөліктерді өз сөздерімен қайта жазып шығады. «Шарлау» тәсілі арқылы бір топ екінші топтың жұмысын оқып, топтық бағалау жүзеге асады. 3-тапсырма. «Соңғы сөзді мен айтайын» (Еңліктің 3 тілегі – театр қойылымынан үзінді) |
Youtube 24.02.14 Еңлік-Кебектен үзінді «Еңлік» монологы https://www.youtube.com/watch?v=Zk-db3V3Ekk
«Еңлік –Кебек» пьесасы Youtube 03.09.14 Отрывок из "Еңлік-Кебек" 2-курс Жүргенов атындағы КАЗНАИ https://www.youtube.com/watch?v=VJaBAaRgIZQ |
|||||||||||
|
Сабақтың соңы 3 минут |
Кері байланыс: «Менің миымның суреті» Оқушылар «Менің миымның суреті» тәсілі арқылы өз миларының екі түрлі суретін салады. Бірінші сабақтың басындағы миының суреті, екінші сабақтың соңындағы миының суреті болуы керек. Суреттің астына бүгінгі сабақ бойынша меңгерген дағдылары мен алған білімдері туралы екі сөйлем жазып, тақтаға апарып іледі. Жұмыстарын мұғалім жинап алып кері байланыс береді.
|
Кері байланыс парағы |
|||||||||||
|
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? |
Бағалау – сіз оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық пен техника қауіпсіздігін
сақтау |
|||||||||||
|
Сабақ барысында қабілеті жоғары оқушылардың топ спикері ретінде бағалау арқылы сыни ойлау , топ мүшелерінің ойын қорытындылау арқылы шығармашылық қабілетін арттыру көзделеді. Сабақтың барысындағы «Жобалау техникасы», «Домино», «Сен ақынсың» әдісінде қабілеті жоғары оқушының көшбасшылық, шешендік қабілетін дамыту көзделеді. Қабілеті орташа оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін арттыруға «Жауабыңды маған көрсет», «Домино», «Пайдалы кеңестер» әдісі кезінде жағдай жасалады. |
Сабақ барысында сынып оқушыларының материалды меңгеру деңгейі әр тапсырма барысында бағалау критерийі бойынша топтық, өздік бағалау ретінде жүзеге асырылады. |
Сынып бөлмесіндегі үстелдер мен орындықтар оқушылардың шығармашылық жұмыстарды орындау барысында еркін қозғалып, бір-біріне бөгет жасамайтындай етіп қойылады. |
|||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген