400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Шәкірім Құдайбердіұлы 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материалда Шәкірім Құдайбердіұлы туралы сабақ жоспары берілген.
Материалдың қысқаша нұсқасы





Күні: 01.02.2019

Сыныбы:10 а

Раева А.Д

Тақырыбы:

Ш.Құдайбердіұлы өмірі мен шығармашылығы

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың Шәкәрім Құдайбердіұлы өмірі мен шығармашылығы, ақын өміріне шолу жасау, ақын шығармаларындағы рухани-адамгершілік қағидаларымен танысу;

Шәкәрімнің өлеңдері арқылы оқушылардың рухани байлығын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, жаман мінезден аулақ болу, адами сезімді қастерлеу, сүйіспеншілік, ішкі рухани тазалыққа үйрету

Сабақтың әдіс-тәсілдері:

түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау, тақтамен жұмыс, дәптермен жұмыс

Көрнекіліктер:

ақын суреті, шығармалар жинағы, храналогиялық кесте, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы

.Ұйымдастыру кезеңі :

а) Оқушылармен сәлемдесу;

ә) Оқушылардың сабаққа қатысуларын тексеріп, сынып тазалығына назар аудару;

б) Оқушылар назарын сабаққа аудару.

В) Оқушыларды жұпқа бөлу

Г) Бағалау жүйесімен таныстыру

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

.1. (Миға шабуыл) «5 минут»

Абай өзінің қай өлеңдерінде өткір, сыншы-сатирик ақын есебінде бой көрсетіп, кезіндегі ел билеушілерге қарсы шығып, патшаның болыстық, билік тәртібін сынға алады. (“Болыс болдым, мінекей”, “Мәз болады болысың”, “Бойы бұлғаң”, “Сабырсыз, арсыз, еріншек”, “Адасқанның алды жөн, арты соқпақ”, т.б)

«Абай – қазақтың классик әдебиетінің атасы, қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі» деп баға берген ақын (М.Әуезов)

Абайдың табиғатты суреттеп жазған бір топ өлеңдерін ата “Желсіз түнде жарық ай”, “Қыс”, “Жаз”, т.б

Абай мұрасын 3 топқа бөліп қарастыруға болады қандай? 1. өз жанынан шығарған төл өлеңдері, 2. қара сөздері, 3 өзге тілдерден әсіресе орысшадан аударған шығармалары.


Абайға «Шын хакім сөзің асыл баға жетпес, бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес» деп баға берген. (Мағжан Жұмабаев)

Абайдың аяқталмаған поэмасы. («Әзім әңгімесі».)

Абай Лермонтовтан қанша шығарма аударған? (Жиырма жеті шығарма аударған).

Әйгерім кім? Әйгерімнің шын атын ата. (Абайдың екінші әйелі, шын аты Шүкман.)

Шәкәрімнің Абайға қандай туыстық жақындындығы болды? (Абайдың ағасының баласы.)

. Зымыран сұрақтар «иә немесе жоқ» бұл тапсырманы дәптерімізге реттік номерін жазып, иа немесе жоқ деп қана жауап береміз.

ІҮ. Жаңа сабақ.

(15 минут)Балалар, біз бүгін Шәкәрім Құдайбердіұлы өмірі мен шығармашылығы бойынша оқып,осыған дейін ақын жайлы не білетінімізді ортаға салып жаңа сабағымызды әрі қарай жалғастырамыз.Жарты ғасырдан астам еріксіз үзілістен соң халық алдына қайта шыққан тұлғаларымыздың бірі- Шәкәрімнің қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихында алатын орны ерекше. Шәкәрім-қазақ әдебиетін жаңа белеске көтерген , қазақ халқының көркемдік ойының үздік үлгілерін туғызған, қазақ өлеңін түрлендіре түскен кемеңгер ақын еді. (Бейнебаян көрсету)


Оқулықпен жұмыс

Құрметті оқушылар қазір сіздер оқулықтағы мәтінмен және мына бейнебаянға сүйене отырып бүгінгі тақырыбымызға байланысты ойларыңды жинақтап айтатын боласыздар. Олай болса (5 минут уақыт)


Өмір жолына шолу.

Шәкәрім өмірде кім болған? Оқушылар жауабы. (Ауызша)Бағалау: сөздік қорымен өз ойын жеткізе алуын мұғалім бағалайды.

«Шәкәрім –Абай хронологиялық кесте» жылдар сөйлейді (5 минут) «Жұппен жұмыс»



Шәкәрімнің қандай шығармалары бар? (Кесте бойынша түсіреміз) дәптермен жұмыс (3 минут)

Поэзия Проза

Өлеңдері: «Бостандық туы жарқырап», «Қорқыттың сарыны», «Жастық туралы», «Шын сырым», «Серігімм жалғыз Әупіш қасымдағы», «Жастарға» Поэмалары: «Еңілік-Кебек», «Қалқаман-Мамыр», «Айсұлу-Нартай», «Ләйлі-Мәжнүн» «Әділ — Мария», «Бәйшешек бақшасы», «Мәнді сөздер», «Шын бақыттың айнасы», «Мен жетпіс екі жасқа келгенше», т.б.



Шәкәрімнің «Жастарға» өлеңін сатылай кешенді талдау. Жеке жұмыс (7 минут)

.

Авторы: Ш. Құдайбердіұлы

2. Тақырыбы: «Жастарға» өлеңі - Шәкәрімнің ағартушылық. нысанасын жария еткен өлеңі

3. Жанр түрі: поэзия (өлең)

4. Идеясы: Абай көрсеткен адам болу, азамат болу. Ол өз ортасынан білімді әрі ойшыл ақын, парасатты әділ жан деп Абайды ғана таниды. Содан үйренді, өзіне үлгі етті. Жастарды адалдықты сүюге, арамдық қулықтан қашуға, үлкеннің ақылын тыңдауға шақырды.

5. Өлең 14 шумақтан тұрады.

6. Өлең 56 тармақтан тұрады.7. 3 бунақтан тұрады.8. 11 - 12 буыннан тұрады9. Теңеу - затты басқамен салыстырып айту.Күнде күйлей бермелік ( уақытты босқа өткізбеу)Эпитет - құбылысты, затты бейнелеп айту үшін қолданылатын сөздер. ( арам айла, өшпес өмір)10. Өлеңнің негізгі түйіні, тәрбиелік мәні. Зұлымдықтан, жамандықтан, әділетсіздік пен қиянат жасаудан аулақ болуға шақырады, халықтың мүддесін қорғай білуі болашақ ұрпағына деген көрсетер үлкен тәрбие екенін аңғарамыз.

Өзімізді бағалаймыз:


ІҮ. Қорытынды. Инсерт стратегиясы (1 минут)

Үй тапсырмасы

Бір өлеңін жаттау.























































































































№ Білемін Білдім Білгім келеді

1



































Ү. Үйге тапсырма: (1 минут)Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы төңірегінде қосымша зерттеулер жасау және қорытынды бойынша «Білгім келеді» жүйесі бойынша сұраққа жауап беру. ҮІ. БағалауБалалар осымен біздің бүгінгі сабағымыз аяқталды. Сау болыңыздар!











































>

Сізге пайдалы материалдар





















«Шәкәрім шыңы». Сұрақтарға жауап беру арқылы сабақты қорытындылап,бекіту.

А) Шәкәрім-лирик. (өлеңдерінің тақырыбы)

Ә) Шәкәрім-аудармашы (кімнің қандай шығармаларын аударған?)

Б) Шәкәрім-эпик (поэмалары)

В) Шәкәрім –сазгер (әндері)

Г) Шәкәрім –жазушы (әңгімелері.романы)

Д) Шәкәрім-тарихшы,ойшыл (зерттеулері,философиялық

Жазбалары).

Үйге тапсырма: Шәкәрім дастандарының тақырыбы мен идеясын зерттеу. «Дана сөздің дарасы» ой толғау .

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
12 наурыз
677
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі