Ашық сабақ: "Салқындату жүйесі".

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ: "Салқындату жүйесі".

Материал туралы қысқаша түсінік
Студенттерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашық сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Салқындату жүйесі

Сабақтың мақсаты:

- Білімділік: салқындату жүйесіне техникалық қызмет көрсету және оның ақаулары туралы оқушыларға түсінік беру.

-Дамытушы: өзін–өзі қадағалауға, оқуға, білуге, еңбекке деген ынта-ықыласын ояту. Өмірге деген талпынысын, болашаққа деген сенімін арттыру.
-Тәрбиелілік: Оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру, еңбекқорлық,ұйымшылдық,  ізденімпаздық қасиеттерін дамыту, өз мамандығына деген құрметті, жауапкершілікті сезінуге үйрету.
Сабақтың материалдық жабдықтау: оқулықтар, плакатар, стенттер,электронды құрал жабдықтар, тестр, атверка және құрал саймандар.

Өндірістік жұмыстарды өтетін оқу обьекті: Колледж аймағы, автомеханик және автоэлектрик гаражы.

Сабақтың барысы мен мазмұны:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, арнайы киімдерін тексеру, құрал жабдықтарын тексеру және сабақ тақырыбын мақсатын және өтетін жерін жариялау.

  2. Арнайы технологиядан сұрақтар:

а) Қозғалтқыштардың салқындату жүйелерінің қызметі және олардың түрлері?

ә) Сұйықпен салқындатылатын жүйесінің негізгі бөлшектерін ата.

б) Ауамен салқындату жүйесінің қалай жұмыс істейтіндігін айт.

с) Антифриз (тосол) не себептен салқындату жүйелерінде

пайдаланылады?

3. Кіріс нұсқауы:

Салқындату жүйесі

Жұмыс істеп тұрған двигательдің цилиндрлеріндегі газдың орташа температурасы 1000°С жуық. Жұмыс барысында газ цилиндрлер кенересін, поршень мен блок қалпақшасын қыздырады. Егер двигательді салқындатпаса, онда   үйкелетін детальдардың арасындағы май жанады, соның әсерінен детальдар тез тоза бастайды, поршеньдер қызу әсерінен ұлғайып  майысуы  және басқа  да ақаулар  пайда болуы  мүмкін.

 






 Двигательден жылу едәуір көп бөлінгенде (қатты салқындағанда), қоспа араласуы нашарлап, соның әсерінен, оның қуаты кеміп, тиімділігі төмендейді. Мұндайда май қасиеті нашарлайтындықтан үйкеліс шығыны артады. Двигательдің төменгі жылу режимі отын мен майдың ауыр фракцияларынын толык жанбауына әсер етіп, соның салдарынан жану камерасының кенересінде, поршеньде, клапандар табакшасында көптеп күйе жиналады. Поршень сақиналары поршень ойығына кептеліп қалады, клапандар да, майысуы мүмкін. Сонымен, двигательдің тым салқындауы да, тым ысып кетуі де зиянды. Двигатель бірқалыпты жұмыс істеуі үшін су температурасы 80—95°С болуы тиіс. Салқындату жүйесі қызған детальдардағы жылуды бәсеңдету және жұмыс істеп тұрған двигательді бірқалыпты жылу режимінде сақтау үшін қажет. Іштен жанатын двигательдің артық жылуын шығаруды сұйықтықтың (сұйықтықпен салқындату) немесе сыртқы ауаның (ауамен салқындату) көмегімен жасанды түрде салқындату арқылы жүзеге асырады.

Двигательді сұйықтықп е н  с а л к ы н д а т у (2, а-сурет) ең көп тараған әдіс. Салқындатқыш сұйық ретінде суды немесе төмен температурада қататын сұйықтықты — антифризді пайдаланады. Сұйықтықпен салқындату жүйесіне блок пен цилиндрлер қалпақшасын салқындататын су тысы (6), радиатор (2), су насосы (9) мен желдеткіш (3), сондай-ақ қосалқы құрылғылар: су тарататын канал (8), термостат (4), жалғастырғыш шланг, ағызу шүмегі және сұйықтық температурасын көрсеткіш (5) (термометр) жатады.










a — сұйықтық, б — ауамен; 1 — радиатор пердесі, 2 — радиатор, 3 — желдеткіш, 4 — термостат, 5 — термометр, 6 — негізгі двигательдің су тысы, 7 — іске қосқыш двигательдің ту тысы, 8 — су тарататын канал. 9 — су насосы, 10 — ағызу шүмегі, 11 — ауа тарататын құндақ, 12 — май жіберуді реттеуіш, 13 — золотник, 14 — цилиндр қалпақшасы, 15 — май түтігі, 16 — желдеткішті іске қосатын шкив, 17 — гидродинамикалық муфта, 18 — желдеткіштің бағыттауыш аппараты, 19 — желдеткіш роторы

Іске қосқыш двигатель жұмыс істеген кезде негізгі двигательдің иінді білігі айналғанға  дейін судын термосифондық алмасуы өтеді. Температура айырмашылығының әсерінен су тысындағы су іске қосатын двигатель цилиндріне, оның қалпақшасына алмасады да, сонан кейін негізгі двигательдін блок қалпақшасындағы су тысына қарай жылжиды. Цилиндрлер блогының қалпақшасын жылжытқаннан кейін cу жалғастырғыш келте түтік арқылы қайтадан іске қосатын двигательдің тысына келеді.

Негізгі двигатель жұмыс істеп тұрған кезде салқындату жүйесіндегі судың ықтиярсыз алмасуы ортадан тепкіш су насосы арқылы пайда болады. Ортадан тепкіш су насосы (9) радиатордың төменгі багындағы суды сорып, кысым күшімен двигательдің су тысына (6) айдайды да, мұнда ол цилиндрлер кенересін салқындатады. Блоктын су тысындағы су тесік пен канал арқылы цилиндрлер қалпақшасының су тысына карай жылжиды. Каналдар су ағынын ең көбірек қызатын клапанды ұяшыктың қосқыш құрылғысына және форсункалардың жез стаканшаларына бағыттайды, сөйтіп, оларды қатты қызудан, әрі олардың бүріккіштерін кокстанудан қорғайды. Салқын двигательде су термостаттан су тысына, одан радиаторға сокпай су насосына (кіші айналыммен), ал қызған двигательде — радиатордың жоғарғы багына (үлкен айналыммен) бағытталады. Радиатордың (2) жоғарғы багынан төменгі көптеген түтікшелерге келген су осында салқындатылады. Суды желдеткіштен (3) және түтікшелер аралығынан келген ауа салқындатады. Радиатордың төменгі багындағы су қайтадан насос арқылы двигательдін су тысына айдалады.

Салқындатқыш тыстан шығатын және оған енетін су температурасының айырмашылығы (бұл айырмашылық онша көп емес (4—7°С) өте тез өзгеріп тұратындықтан, мұның өзі двигательдің біркелкі салқындауына мүмкіндік береді.

Қазіргі кездегі двигательдерде жабық салқындату жүйесі қолданылады. Мұндай жүйеде радиатор нығыз жабылады да, тек қысым өте жоғары немесе өте төмен болғанда ғана сыртқы атмосферамен қатысады. Ол үшін радиаторға бу-ауа клапаны орнатылған. Салқындатудың жабық жүйесінде сұйықтықтың булануы шамалы ғана болады. Мұндай жүйеде суды жоғары температурада сақтауға да болады, ал мұның өзі двигатель жұмысына қолайлы әсер етеді.

Ауамен салқындатылатын двигательдерде (2, б-сурет) детальдардағы қызуды бәсеңдету үшін цилиндрлерге және оның қалпақшаларына ауа үрленеді. Ауаның ықтиярсыз қозғалысы роторлы желдеткішпен жүзеге асырылады. Роторлы желдеткіш ротордан (19) тұрады, оның көп санды қалақшасы мен қозғалмайтын бағыттауыш аппараты (18) бар. Аса жоғары жиілікпен айналған ротор ауа тарататын құндақтың (11) астына ауа айдайды.

Ауамен салқындатылатын двигательде желдеткіш роторының айналу жиілігін өзгерту арқылы жылу режимін автоматты реттегіш енгізілген. Осы максатта желдеткіш жетегінің шкиві (16) мен ротор аралығына кезекпен май толтырып тұратын гидродинамикалық муфта (17), ал цилиндр қалпақшасына май жіберуді реттеуіш (12) орнатылған. Гидромуфтаның (17) қалақшалы екі дөңгелегі бар: жетекшісі — насостық (алдыңғысы двигатель жүрісі бағытында) және жетектегі — турбиналык. Соңғысы ротормен (19) берік байланысқан және де насостық дөңгелекпен ешқандай механикалық байланысы болмайды.

Автоматты құрылғы былайша әрекет етеді. Двигатель қызбағанда және цилиндрлер қалпақшасының температурасы жеткіліксіз болғанда золотник (13) майлау жүйесіндегі майды гидромуфтаға жібермейді, соның нәтижесінде турбиналы дөңгелек желдеткішпен қоса айналмайды. Двигатель тез қызады. Қыздыру температурасы қажетті деңгейге жеткенде реттеуіштің (12) сезімтал датчигі золотникті(ІЗ) ығыстырып, майдың гидромуфтаға өтуіне жол ашады. Муфта ішіне түскен майды  жетекші дөңгелектің қалақшасы іліп алып, жетектегі дөңгелектің қалақшасына бүркеді. Мұның өзі жетектегі дөңгелектің желдеткіш роторымен бірге айналуына мәжбүр етеді.

Гидромуфта құндағында тесік (диаметрі 1,5 мм) болады, сол арқылы май двигатель картеріне ұдайы құйылып тұрады. Двигатель температурасы неғүрлым жоғары болса, гидормуфтаға май соғұрлым көп құйылады, әрі желдеткіш роторы да аса тез жиілікпен айналады. Температура белгілі бір мәнге дейін төмендегенде золотник майдың муфтаға келуін шектейді де, желдеткіш айналысын баяулатады.

Бекемдеу үшін сұрақтар:

  • Радиатордың қылта аузындағы қақпаққа бу ауа клапаны не үшін орнатылған?

  • Желдеткіш ременінің керілуін қалай тексереді және оны қалай ретке келтіреді?

  • Кермек суды жұмсарту әдісін айт?

  • Оталдыру алдындағы жылытқыштың түрлері?

4. Практикалық және өзіндік жұмыстарды тапсыру: Оқушыларды звеноға бөліп оларға тапсырма беру және жұмыстарын қадағалау. Оқушыларды жұмыс орнына қою

5. Ағымдағы нұсқау

  • 1 ші айналым: Оқушыларды құрал жабдықтардан пайдалануды қадағалау.

  • 2 ші айналым: Оқушыларға техника қауіпсіздік ережелерін сақтауын қадағалау.

  • 3 ші айналым: Оқушылардың атқарған жұмыстарын дұрыстығын тексеру

  • 4 ші айналым: Сабақ бойынша оқушыларды сабақ барысында жіберген қәтеліктерін көрсету.

6. Жұмыстарды қабылдау және бағалау: Оқұшыларды істеген

жұмысына және сапасына қарай бағалау

7. Жұмыс орнын тазалау: Оқушылардың ішінен кезекшіні сайлап,

жұмыс орнын әр түрлі қоқыстардан тазарту жұмыстарын жүргізу.

8. Қорытынды нұсқау: Оқушылардың ішінен жақсы жұмыс істеген

балдарға жақсы деген бағаны қойып, басқа оқушылырдың істеген

жұмысына қарай қортынды шығару, оқушылардаң сұрақтарына жауап

беру және сабақ қортындысын шығару.

9. Үйге тапсырма: Майлау жүйесінің жалпы құрылысы мен әрекет ету

принципін үйреніп келу

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
11.01.2019
1837
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі