400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ, Сандарды дөңгелектеу, 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Санның жуық мәнін меңгереді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:5.3В Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану(35 сағ)

Мектеп: №14 жом

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Текенова Қаракөз

Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:-

Сабақ тақырыбы

Сандарды дөңгелектеу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

5.1.2.19 Санның жуық мәні ұғымын меңгеру;

5.1.2.20 Ондық бөлшектерді разрядқа дейін дөңгелектеу;

Сабақтың мақсаттары

-Санның жуық мәнін меңгереді;

-Сандарды түрлі разряд бірліктерге дейін дөңгелектей алады;

- Сандардың жуықтау ережелерін пайдаланып, есептер шығаруда қолданады;

Бағалау

критерийлері

1.Санның жуық мәні ұғымын анықтай алады;

2.Сандарды түрлі разрядтық бірліктерге дейін дөңгелектей алады;

3. Сандардың жуықтау ережелерін біледі, есептер шығаруда қолдана алады;

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Ондық бөлшек, разряд, ондық, жүздік, мыңдық, үлес, жуық

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

-егер санды қандай да бір разрядқа дейін дөңгелектейтін болса,......

-егер ең бірінші алынып тасталған сан цифр бестен үлкен немесе кіші болса, ........

-егер ең бірінші алынып тасталған цифр...................немесе ..............болса,онда оның алдында тұрған цифр бірге артады.

Құндылықтарға баулу

Жақсы қарым-қатынас орнату, айналадағыларға қамқорлық көрсету, ынтымақтастық дағдысын қалыптастыру,

Пән аралық байланыстар

Дене шынықтыру

Тақырып бойынша алдыңғы білім


Ондық бөлшектерді қосу және азайту

Ондық бөлшектерді көбейту және бөлу

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


2 минут


























3 минут




Ұйымдастыру кезеңі


Сәлемдесу.Оқушылардың жақсы көңіл –күйілерін және

сыныптың ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

Топқа бірігу “Шаттық шеңбері”




Шаттық шеңберін жасай отырып, бір-біріне сәттілік тілейді. Оқушылар санау арқылы топқа бөлінеді.Топ басшыларына калыптастырушы бағалау парағы беріледі.


«Жұптас,тексер!» әдісі арқылы үйге берілген тапсырманы тексеру.

№755,№756

№755.Теңдеуді шешіңдер

№756.Өрнектің мәнін табыңдар

№

Дескрипторлар

Балл

1

Есепте берілген белгісіз мүшенің мәнін таба алады.

Есепті кері шығара алады


1




1

2

Әріптердің орнына сандарды қойып,есептің жауабын шығара алады.

1








Слайд №1


Сабақтың ортасы


2 минут























10 минут































5 минут

















6 минут



































2 минут

















7 минут


1.«Ой қозғау» әдісі арқылы өтілген тақырыптарды еске түсіру үшін қайталау сұрақтары қойылады.


  1. Ондық бөлшектерді қалай қосамыз?

  2. Ондық бөлшектерді қалай азайтамыз?

  3. Ондық бөлшектерді қалай көбейтеміз?

  4. Ондық бөлшектерді қалай бөлеміз?



Жаңа тақырыпты ашу



«Екi оқушы спорт алаңының ұзындығын өлшеп, оның 58,7 м екенiн анықтады. Денешынықтыру пәнiнiң мұғалiмi алаңның ұзындығы туралы сұрағанда Болат: “58 м”, Ерлан: “59 м”, — дедi. Ерланның жауабы дұрыс болды. Ол алаңның дәл ұзындығын емес, шамамен алынған мәндi дөңгелектеп айтты» жаңа тақырыптың мазмұнын ашуда топтар арасында талқыланады. Оқушылар, демек, бүгінгі сабағымыздың мақсатын анықтайықшы: оқушылар өз тарапынан сабақ мақсаттарын анықтайды.

Демек, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Сандарды дөңгелектеу ».

Дөңгелектеу, жуық мән дегеніміз не? Жуық мәнді қалай белгілейміз?


Оны түсіну үшін мына ережелерді білуіміз керек.

Жуықтауды кез келген разрядқа дейiн орындауға болады.Ол үшiн сандарды жуықтаудың мынадай ережелерiн қолданады:

  • санды қандайда бір разрядқа дейін дөңгелектегенде одан кейінгі барлық цифрлар нөлдермен алмастырылады:

  • Егер осы разрядтан кейінгі бірінші цифр 0,1,2,3,4 болса, онда қалған цифрлар өзгермейді.

  • 9,3≈ 9 12,4≈ 12

  • Егер осы разрядтан кейінгі бірінші цифр 5,6,7,8,9 болса, онда оның алдында тұрған цифрға 1- ді қосамыз.

5,6≈ 6 9,8≈10


«Бірге ойлаймыз» әдісі оқушыларға бірдей тапсырма беріледі, олар бірігіп орындайды.

758. Жуықтау теңдiктерiн оқыңдар. Берiлген сандар қандай разрядқа дейiн дөңгелектелген:

1) 356 082 ≈ 356 080; 2) 75,0395 ≈ 80;

356 082 ≈ 356 100; 75,0395 ≈ 75;

356 082 ≈ 356 000; 75,0395 ≈ 75,0;

356 082 ≈ 360 000;75,0395 ≈ 75,04;

356 082 ≈ 400 000; 75,0395 ≈ 75,040?


Дескриптор:

- Жуықтау теңдiктерiн оқи алады;

- Берiлген сандарды қандай разрядқа дейiн дөңгелектелгенін анықтайды;

"Кім жылдам?" әдісі арқылы саралау тапсырмаларын орындайды және талқылап тақтаға шығарады,бағалау парағы арқылы өз-өздерін бағалау.


А

1) 75; 34; 816; 42; 1 859; 6 394 сандарын ондыққа;

2)657,239; 0,512; 57,429; 99,98 сандарынондықүлеске;

3)0,07612; 8,571; 13,042; 1,9507 сандарын жүздiк үлеске;

В

1) 612; 871; 1 304; 1 950 сандарын жүздiкке;

2) 5 402; 2 783 430 456; 84 609 сандарын мыңдыққа;

3) 6 009 842; 15 624 035; 946 207; 34 567 жүздiкке;


С

1) 77,57; 124,1; 16,027; 421,87; 3,9 сандарын мыңдыққа;

2) 657,239; 0,512; 57,429; 99,98 сандарын он мыңдыққа;

3) 0,07612; 8,571; 13,042; 1,9507 сандарын мыңдыққа;


Дескриптор:

- Берiлген сандарды ондық үлестерге дейін дөңгелектей алады;

- Берiлген сандарды жүздік үлестерге дейін дөңгелектей алады;

- Берiлген сандарды мыңдық үлестерге және бірліктерге дейін дөңгелектей алады;





«Сергіту сәті»




Сергіту сәті Сергіту 

Қане, сапты түзейік,
Тіземізді бүгейік.
Ыршып алға түсейік,
Ыршып артқа түсейік.
Көбелекше ұшамыз,
Отырамыз, тұрамыз.
Сергітуге мың алғыс!

Балалар қимыл көрсетеді.

«Ойлан,жұптас,бөліс» әдісі бойынша әр топқа тапсырмалар беру


760. Ас қасыққа 25 г ұн, ал стақанға 130 г ұнсыяды. Стақанғашама­менқаншаасқасықұнсыяды?


761. Ас қасыққа 30 г тұз, ал стақанға 220 г тұзсыяды. Стақандағытұздышамаменқанша ас қасықпенөлшеугеболады?


762. Ас қасыққа 50г шекер, ал стаканға 110 г шекер сыяды.Стаканға шекерді шамамен қанша ас қасықпен өлшеуге болады?


Дескриптор:

-есептің шартын құрастырудың түрлі нұсқаларын қарастырады;

- амалдарды орындайды;

- жауабын анықтайды







Слайд №2













Слайд №3











































Слайд №3





















Слайд № 4




























Слайд №5






















Флипчард

маркерлер


Сабақтың соңы



3 минут


«Бағалау ағашы» арқылы оқушылардың сабақтағы белсенділіктерін бағалау.Оның нәтижесінде оқушылар каншалықты түсінгендіктерін және өздерінің қай деңгейде екенін байқайды.





Оқушылар себеттегі алма, гүл және жапырақ түріндегі жапсырма қағаздарды қабырғаға ілінген алма ағашына жапсыру арқылы сабақ бойынша ойларын қорытады, мұндағы:


  • Алма – бүгінгі сабақтан түйгенім өте көп, маңызды болды.

  • Гүл – бүгін көп нәрсені түсіндім, маған пайдалы болды.

  • Жапырақ – бүгін сабақта түсінбеген сұрақтарым бар, оқуым керек.






Білім ағашы

стикер

Саралау.

Барлық оқушыға топтық және деңгейлік тапсырмалардың жолын өзі табуға мүмкіндік беру

Мадақтау арқылы жетістікке жетемін. Оқушылардың деңгейлеріне қарай саралау тәсілдерін қолданып оқытамын.Деңгейлік тапсырмалар беру арқылы оқушылардың білім деңгейін көтеремін яғни белсенді әдіс -тәсілдерді пайдаланып төмен деңгейдегі оқушыны орта деңгейге , сосын мұғалімнің көмегін қажет етпейтіндей дәрежеге жеткіземін деген ойдамын. Тапсырмаларды оқушыларымның логикасы, ойлау жүйесі, ауызша, ойша тұжырымдамалары, ауызша сөйлеу дағдыларының қалыптастыруына бағыттадым

Бағалау.

«Жұптас,тексер!»,«Ой қозғау»,«Бірге ойлаймыз»,«Ойлан,

жұптас,бөліс»,"Кім жылдам?" әдістері арқылы оқушылардың топтық және жеке жұмыстарға қатысуын бақылау, дұрыс бағыт беру үшін кері байланыс жасау және қалыптастырушы бағалауды жүзеге асырамын. Ол үшін берілген әрбір тапсырмаға бағалау критерийі мен дескрипторлар құрастырып, жинаған балдарын санаймын,оқушыларға смайликтер беріп отырамын.

1-4 - Ізденуің керек 5-7 - Толықтыр. 8-10 - Жарайсың !

Денсаулық жəне қауіпсіздік техникасын сақтау. Оқушылардың денсаулығы мен өмірлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Психологиялық жағымды ахуал туғызу, сергіту сәтін ұйымдастыру.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы бағалау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
2 наурыз
1177
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі