жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ "Санды өрнектерді салыстыру" 1 сынып
Математика пәнінен ашық сабақ.
|
Сабақ тақырыбы: |
Санды өрнектерді салыстыру |
Мектеп: «Нұр Әлім» бастауыш мектеп-гимназиясы |
|||
|
Күні : |
|
Мұғалімнің есімі: Иманбердиева Ж.М |
|||
|
СЫНЫП: 1-сынып |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|||
|
Оқу мақсаты: |
теңдік пен теңсіздікті, тура және тура емес теңдіктер мен теңсіздіктерді ажыратады; “+”, “-”, “≠”, “=”, “>”, “<” таңбаларын, цифрларды, (□) белгісіз сан символын қолданады. |
||||
|
Барлық оқушылар: Оқушылардың басым бөлігі: Кейбіроқушылар: |
|||||
|
Ресурстар: |
Жұп оқушыға арналған: нүктелі ойын текшелері; санды өрнектер жазылған парақшалар; өрнектердің жауабы жазылған парақшалар (саны сыныптағы оқушылардың санына байланысты). |
||||
|
Тірек сөздер |
өрнектің мәні. |
||||
|
Сабақтың мақсаты: |
Қосумен берілген өрнек мәндерін салыстыру мен өрнекті құрастыруды үйрету; сандар, шамалар және санды өрнектер арасындағы қатынасты анықтау дағдысын дамыту; салыстыру нәтижесін салыстыру белгілерінің көмегімен жазу, есептеу дағдыларын дамыту, сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту. |
||||
|
Сабаққабайланыстыдеректіматериалдар |
Сабаққақатыстыескертпелер |
||||
|
Ұйымдастыру кезеңі: Арайланып таң атты, Алтын шапақ таратты. Қайырлы таң, ұстаздар! Аман Отан панамыз, Аман ата-анамыз, Қайырлы таң, балалар! Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз. Баршаңызды құрметтеп, Бас иеміз біз! Санды өрнектерді салыстырғанда, олардың сан мәндерін өзара салыстыру негізгі тәсіл болып табылады. Кез келген екі санды өрнектің мәндері бірдей болса, олар өзара тең болады. Ал өрнек мәндері тең болмаса, мәндерінің не артық, не кем екенін анықтауға болады. Кіріспе тапсырма. Оқушылармен жұптық жұмыс ұйымдастырыңыз. Оларға бір-бірімен ойын ойнауды ұсыныңыз. Ойын шартымен таныстырыңыз. Әр ойыншы текшені екі рет лақтырып, оның жоғары жағындағы нүкте санын қосып, өрнек түрінде жазып көрсетуі керек. Соңынан оқушылар жұбы бір-бірінің жұмысын салыстырып, кімде нүкте саны көп шыққанын салыстырады. Мысалы:бірінші ойыншы: 2 + 5; екінші ойыншы: 6 + 4; 2 + 5 ? 6 + 4. Оқушылардан құрастырылған санды өрнектерді қалай салыстыруға болатынын сұраңыз. Осы сұрақты жұппен талқылауды ұсыныңыз. Оқушылардың жауап нұсқаларын тыңдаңыз. Санды өрнектерді салыстыру — өрнек мәндерін салыстыру болып табылады деген қорытындыға келтіріңіз. Мысалы: 2 + 5 ? 6 + 4; 7 < 10; 2 + 5 < 6 + 4. Осы тұжырымды бекіту мақсатында ойынды тағы да екі-үш жұпты тақтаға шығарып ойынды қайталаймыз. Сергіту сәті: Қол алысып қане біз Достасайық бәріміз. Айтарым бар сендерге Тез тұрыңдар шеңберге. Қандай жақсы бір тұру Достарменен бір жүру Қандай жақсы дос болу. |
Оқушылардың барлығы бірге айтып, қимылмен көрсетеді. Хайуанаттар дүкенінде. Тапсырманы орындамас бұрын оқушылармен әңгіме жүргізіңіз. Хайуанат дүкені туралы не білетінін сұраңыз. Хайуанат дүкенінде жануарларға арналған қорек түрлері, торлар, аквариумдар, түрлі аксессуар сатылады. Оқулықтағы суреттердің әрқайсысы бойынша санды өрнек құрастыруды ұсыныңыз. Құрастырған санды өрнектерді салыстыртыңыз. Тапсырманы орындауды топтық жұмыс ретінде ұйымдастырыңыз. Жауабы: 3 + 4 = 2 + 5; 6 + 6 > 8 + 3; 4 + 4 < 2 + 8. Шығарып көр. Оқушылар санды өрнектерді салыстырады. Тапсырманы оқушылар өз беттерімен дәптерге орындайды. Тапсырманың орындалу жылдамдығы мен қатесіз орындалуын мұғалім бағалайды. Жұптық жұмыс.(балалар бір-бірін смайлик арқылы бағалайды) Жауабы: 18 + 1 < 13+7; 5 + 3 = 4 + 4; І-топ 2 + 0 < 0 + 5. 7 + 10 > 10 + 2; 16 + 2 < 14 + 5; ІІ-топ 18 + 1 = 0 + 19. 50 + 40 = 40 + 50; 30 + 60 > 70 + 10; 20 + 80 = 90 + 10. Оқушылар бірге айтып, қимылмен көрсетеді. Орындап көр. Тапсырманы жұппен орындатыңыз. Оқушылармен құпия шифрлар туралы әңгімелесіңіз. Суреттердің көмегімен санды ақпараттың қалай шифрленетінін айтыңыз. Бірдей суреттерде бірдей сандар шифрленгенін ескертіңіз. Оқушыларға құпия шифрді шешіп, санды өрнектерді салыстыруды ұсыныңыз. Жауабы: а) 2 + 2 < 3 + 3; ә) 3 + 5 > 2 + 5; б) 5 + 4 > 3 + 4; в) 4 + 5 + 2 > 4 + 3 + 2. |
||||
|
Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру Оқушылармен “Өрнектердің мәнін тап” ойынын өткізіңіз. Санды өрнектер және олардың жауабы жазылған парақшалар дайындап қойыңыз. Сынып оқушыларын екі топқа бөліңіз. Бірінші топқа мысалдар жазылған парақшаларды таратып беріңіз. Ал екінші топқа жауаптары жазылған парақшаларды таратыңыз. Өрнектердің жауаптары жазылған парақшалар ұстаған оқушылар тобына бір сызықтың бойына тұруды ұсыныңыз. Жүргізушінің нұсқауы бойынша олар жауап парақтарын екінші топтағы оқушыларға көрсетулері керек. Мысалдар жазылған парақшаларды алған оқушылардың міндеті берілген өрнектің мәнін тауып, өз жұбының (жауабы жазыл ған парақшалар ұстаған оқушының) қасына барып тұру. |
Қосымша тапсырмалар Санды өрнектер: 1-топ 15+3= 4+3= 50+20= 13+7= 70+10= 14+2= 8+0= 30+30= 12+3= Жауаптары: 2-топ 18 7 70 20 80 16 8 60 15 |
||||
|
Сабақтың соңы |
Рефлексия
|
Кеменің суреттері |
|
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? |
Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік
техникасының сақталуы |
|
Қолдау көрсету. Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. |
Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы) |
Өнер, ана тілі сабағы Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
шағым қалдыра аласыз




Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген