400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Санның бөлігі, бөлігі бойынша санды табу 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал мұғалімдерге әдіс алмасу үшін керек
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 5.2А Жай бөлшектерге амалдар қолдану

Мектеп: №59 жом


Күні: 16.01.2020

Мұғалімнің аты-жөні: Санаева Айгерім Сапаралықызы


Сынып: 5в


Сабақтың тақырыбы

Санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табуға берілген есептер


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес)

5.1.2.24 санның бөлігін табу және бөлігі бойынша санды табу;

5.5.1.4санның немесе шаманың бөлігін табу және бөлігі бойынша

санды немесе шаманы табуға арналған есептерді құрастыру және шығару;


Сабақтың мақсаты

Оқушылардың барлығы: 

- санның бөлігін таба алады;

- бөлігі бойынша санды таба алады;

- санның бөлігі және бөлігі бойынша санды табу анықтамасын біледі.


Бағалау критерийі

Оқушылардың барлығы: 

- санның бөлігін табады;

- бөлігі бойынша санды табады;

- санның бөлігі және бөлігі бойынша санды табу анықтамасын біледі.


Тілдік мақсаттар


Бөлім бойынша лексика мен терминалогия:

– Бөлік.

– Шама.

– Баға, саны, құн.

– Ұзындық, ені, периметр, аудан.

Диалогке қажетті тіркестер:

– Санның бөлшекпен берілген бөлігін табу үшін ... керек.

– Бөлшекпен берілген бөлігі бойынша санды табу үшін ... керек.


Құндылықтарға баулу

Қазақстандық патриотизм және өзгелердің көзқарасына құрметпен қарау, жауапкершілік, ынтымақтастық қарым-қатынас жасау қабілетін дамыт, өмір бойы оқуға дайын болу.


Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі пәні мен әдебиеті (анықтамаларды дұрыс, нақты айту, бір-біріне

түсінікті жеткізе білу, Абай Құнанбаевқа 175 жыл, Бердібек Соқпақпевқа 95 жыл, Сәкен Сейфуллиннің туғанына 125 жыл екенін білуі).


Алдыңғы білім


Бөлшек, бөлшектің алымы мен бөлімі, бөлік, бөлшектерге амалдар қолдану,

натурал сандарды бөлшекке көбейту және бөлу.


Сабақ барысы

Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар


Сабақтың басы













Ұйымдастыру кезеңі:

1) оқушылармен амандасу;

2) оқушыларды түгендеу;



Топқа бөлу

Оқушылар түрлі түсті қағаздар суырады, ол қағаздарда натурал сандар, бөлшектер және аралас сандар бар. Алған қағаздары бойынша топқа бөлінеді.


І топ: «Натурал сандар»

ІІ топ: «Жай бөлшектер»

ІІІ топ: «Аралас сандар»


Үй жұмысын тексеру

Өрнектің мәнін тап:


a) : 3 : 1 = d) 3 : 1 = 2


b)1 : 1 = e) 2


c)2 = 15 f) · =


Топтық жұмыс

Белсенді оқыту: «Сұрақ қою және талқылау» әдісі

«Сұрақтар қобдишасы»

Шарты: Әр топ 1 қобдиша таңдап ішіндегі сұрақтарға жауап береді

Сұрақтар:

1-ші қобдиша

1. Натурал сан мен аралас сандар қалай қосылады?

2. Натурал саннан бөлшекті қалай азайтамыз?

3. Натурал саннан аралас санды қалай азайтамыз?

2-ші қобдиша

1. Бөлімдері бірдей бөлшектер қалай қосылады?

2. Бөлімдері әртүрлі бөлшектер қалай қосылады?

3. Бөлімдері бірдей бөлшектер қалай азайтылады?

3-ші қобдиша

1. Аралас сандар қалай қосылады?

2. Аралас саннан бөлшек қалай азайтылады?

3. Аралас сандарды қалай көбейтеміз?


ҚБ «Бағдаршам» әдісі арқылы әр топ бір-бірін бағалайды.



«Аяқталмаған сөйлем» әдісі арқылы топтар тақырыпты талдайды.

1. Санның бөлігін табу үшін ...

2. Санды берілген бөлігі бойынша табу үшін ...


Жаңа тақырып:

Санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табуға есептер шығару.

Жаңа тақырып мазмұнын түсіну үшін бейнежазба көрсетіледі.


«Аяқталмаған сөйлем» әдісі арқылы топтар тақырыпты талдайды.

1. Санның бөлігін табу үшін ...

2. Санды берілген бөлігі бойынша табу үшін ...









стикерлер



























Интерактивті тақта























Үлестірмелі қағаздар






Бейнежазба



Үлестірмелі қағаздар



Сабақтың ортасы



Топтық жұмыс































































Жұптық жұмыс







Жеке жұмыс











Әр топқа жеке саралау тапсырмалары «Қарқын» әдісімен беріледі.

І топқа:

Әкесі жуынатын бөлме мен дәліздің еденіне кафель төсеп, жөндеу жұмыстарын жүргізбекші болды. Үш күннің ішінде ол жуынатын бөлменің еденіне ғана кафель төсеп болды, бұл барлық жоспарланған ауданның бөлігі. Егер жөндеуге жоспарланған барлық аудан 300 болса, жуынатын бөлменің ауданы қанша болғаны?


Ереже: Санның бөлігін табу үшін санды сол бөлікке көбейту керек.


Барлық аудан – 300

Жөнделген – бөлігі

Жөнделген аудан – ?

Шешуі: 300 • = 125

Жауабы: 125


Дескриптор: топ оқушылары

– есептің шартын түсініп, өрнек құрастырады;

– санның бөлігін табады

– жауабын жазады.


ІІ топқа:

Балқаш көлінің ұзындығы 950 км, Зайсан көлінің ұзындығы оның

-ына тең. Зайсан көлінің ұзындығы қандай?

БShape2 алқаш – 950 км

Зайсан – бөлігі

Шешуі: 950 • = 95

Жауабы: 95 км.


Дескриптор: топ оқушылары

– есептің шартын түсініп, өрнек құрастырады;

– Санның бөлігін табады

– жауабын жазады.


ІІІ топқа:

Шетен ағашы 125 жыл өмір сүреді және қайыңның өмір сүру мерзімінің - сін құрайды. Қайың қанша жыл өмір сүреді.

Ереже: Санды оның берілген бөлігі бойынша табу үшін санның бөлігін оның бөлшегіне бөлу керек.


Шетен ағашы =125 жыл

Қайың – -сін құрайды

Қайың қанша жыл өмір сүреді = ?

Шешуі: 125: = = 175

Жауабы: 175 жыл


Дескриптор: топ оқушылары

– есептің шартын түсініп, өрнек құрастырады;

– бөлігі бойынша санды табады;

– жауабын жазады.


Осы сандарға байланысты осы жылы қандай айтулы іс-шаралар өткізіледі?

Ұлы ғұлама ақын, ағартушы Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл.

Қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, ақын, жазушы Сәкен Сейфулиннің туғанына 125 жыл.

Қазақ балалар жазушысы Бердібек Соқпақпаевтың туғанына 95 жыл.


Оқулықтан №676 тапсырма

Дескриптор: жұп оқушылары

– бөлшектің бөлігін табады

– жауабын жазады.

 

"Бас бармақ әдісі" арқылы бір-бірін бағалау








Дескриптор: жеке оқушылар

– бөлігі бойынша санды табады;

– жауабын жазады.

Қорытындылау: "Үй құрастыру" әдісі бойынша қортындылаймын: 3 топтан 3 оқушыдан кезекпен шығады, үйдің әрбір бөлігіндегі сұрақтарға жауап бере отырып үй құрастырады.

1 топ

Үйдің қабырғасы: Бөлігі бойынша санды қалай табады?

Шатыр: 6 мысықпен 3 тауықтың аяғы нешеу?

Есік: Алымы бөлімінен кіші бөлшек қалай аталады?

Терезе: 16 мен 8-дің көбейтіндісі?

Терезе: 2/5-тің өзара кері санын қандай?

Шарбақ: Столдың басында 2 әке және 2 бала отыр. Оларға 3 алманы қалай тең бөлп беруге болады?

Ағаш: Аралас сан дегеніміз не?

Мұржа: 7/2 аралас санға айналдыр


2 топ

Үйдің қабырғасы: Санның бөлігін қалай табады?

Шатыр: 70 минут көп пе, әлде 1 сағат 10 минут көп пе?

Есік: Бөлімі алымынан кіші бөлшек қалай аталады?

Терезе: 12 мен 8-дің көбейтіндісі?

Терезе: 3/10-тің өзара кері санын қандай?

Шарбақ: Дұрыс бөлшек дегеніміз не?

Ағаш: 8-дің 2 дәрежесі қанша?

Мұржа: 5 сағатта неше минут бар?


3 топ

Үйдің қабырғасы: Қайыңда 6 алма өсіп тұр еді, 2-еуі түсіп қалды. Ағашта неше алма қалды?

Шатыр: Бұрыс бөлшек дегеніміз не?

Есік: Алымы бөлімінен кіші бөлшек қалай аталады?

Терезе: 11 мен 12-нің көбейтіндісі?

Терезе: Тақ сандарды ата

Шарбақ: 75/2-ті аралас санға айналдыр

Ағаш: Бұрыс бөлшек дегеніміз не?

Мұржа: Жұп сандарды ата.




плакаттар



























































Оқулық Математика:

Жалпы білім беретін

мект. 5-сыныбына арн. /

Т. Алдамұратова, Е. Байшоланов. - Алматы: Атамұра, 2017),

жұмыс дәптері



Кеспе қағаздар












Шатыр, мұржа, терезе,

есік, ағаш, шарбақ,

скотч


Сабақтың соңы


Рефлексия

"Білім ағашы" Оқушылар алдындағы қызыл, жасыл, сары түсті стикерлерді таңдап, білім ағашына жапсыру арқылы сабақ бойынша ойларын қорытады. Мұндағы жасыл түс - бүгінгі сабақтан түйгенім өте көп, маңызды болды. Сары түс - бүгін көп нәрсені түсіндім, түйгенім көп. Қызыл түс - бүгін сабақта түсінбегенім бар, әлі оқуым керек.

Үй тапсырмасы №676(2,4,6) №677(1,3,5,7)

Білім ағашы,

стикерлер




Саралау: оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау: оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Диалог және қолдау көрсету арқылы топпен жұмыс, жұптық жұмыс, жеке жұмыс кезінде сараланған деңгейлік тапсырмалар орындатамын.

Топтық жұмыста «Қарқын» әдісімен, саралау тапсырмаларын беру арқылы оқушылардың топта бір-біріне қолдау көрсетуіне ықпал етіп, жұптық жұмыста оқушылардың басым бөлігінің тақырыпты меңгеруіне, тапсырмаларды орындауда есептерді дұрыс шығаруына көңіл бөлемін. «Үй құрастыру» әдісі арқылы сабақты қорытындылаймын.

Топтар «Сұрақтар қобдишасын» таңдай отырып сұрақтарға жауап береді, оқушылар «Бағдаршам» әдісімен бағалайды.

Жұптық жұмыста "Бас бармақ әдісі" арқылы бір - бірін бағалайды. Жеке жұмыста өз-өзін бағалайды.

Оқушылардың партада дұрыс отыруын қадағалау.

АКТ-ны уақытылы қолдану.

Психологиялық жағымды ахуал туғызу.

Мұғалімнің рұқсатымен


Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?














Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 ақпан
760
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі