400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Санның бөлігін табу

Материал туралы қысқаша түсінік
Математикадан ашық сабақ Санның пайызын табу 5-сынып. Санның пайызын табуда әртүрлі әдіс -тәсілдерді қолданып есептер шығару
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5.4.A бөлім: Пайыз

Мектеп: Абай атындағы орта мектеп

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Төрахмет Л.А

Сынып: 5 «А»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Берілген санның пайызын табу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.2.34 берілген санның пайызын табу;


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Пайыз ұғымын меңгереді, санның пайызын таба біледі.

Оқушылардың басым бөлігі: Мәтінді есептерді шығаруда пайызды қолдана алады. Формулаларды мәтіндік есептер шығаруға қолдана алады.

Кейбір оқушылар: Күнделікті тұрмыста кезесетін пайызға байланысты есептерді шығарады, талдайды. Пайызды табу алгоритмін түрлендіріп қолданады.

Бағалау критерийлері

Оқушы оқу мақсатына жетті, егер:

  • Берілген санның пайызын есептейді.

  • Пайызға байланысты мәтінді есептерді шығара отырып талдайды,алгоритмін қолданады

  • Пайыз ұғымын өмірде қолдана алады, есептер құрастыра алады.

Тілдік мақсаттар

Пайыз, пайыздық өсім


Құндылықтарды дарыту



Оқушыларды жағдайды талдау, жаңа жағдайларға икемделу, мәселелерді қою және шешім қабылдау, жеке, жұпта және топта жұмыс істеу, өз жұмысының сапасына жауап беру, өз уақытын ұйымдастыра білу. Өз жұмысын дұрыс жауапен тексеруде азаматтық жауапкершілікке, қаржылық сауаттылыққа тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Осы бөлімнен алған білімдері мен біліктері оқушыларға практикалық сипаттағы, сонымен қатар, экономика элементтерімен байланысты есептерді шешуге мүмкіндік береді. Жоғары сыныптарда оқушылар алған білімдерін химияда заттардың концентрациясына берілген есептер шешуде, физикада пайдалы әсер коэффициентін табуға және басқа да көптеген салаларда қолданады.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақтаны презентация таныстыру үшін қолдану, таратпа материалдар

Бастапқы білім


Оқушылар келесі ұғымдарды біледі: пайыз, пайызды санға өрнектеу, санды пайызбен өрнектеу, санның пайызын табу

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

7 минут

Сәлемдесу. Оқушыларды оқу мақсаты, тілдік мақсаты, сабақ мақсатымен таныстыру.

Үй тапсырмасын тексеру. Өткен тақырыпты қайталау мақсатында оқушыларға төмендегі сұрақтарды қою.

Миға шабуыл:

  1. Пайыз дегеніміз не?

  2. Пайызды санға, санды пайызға қалай өрнектеуге болады?

  3. Берілген санның пайызын қалай табамыз?

  4. Ауызша жаттығу (слайд 4)

Топқа бөлу «Пазл» әдісі арқылы (екі топқа банк пен ақшаның қиындыларынан сурет құрастыру)











Қосымша 1










Сабақтың ортасы

8 минут















































10 минут























































Жұптық жұмыс

I топ

1.Тұздалған қиярдың 8%-ы тұз. 30 кг тұздалған қиярда қанша тұз бар? 2,4 кг

2. Шиеден қайнатылған тосаптың 40 %-ы шие, қалғаны қант. 8 кг шие тосабының неше килограмы қант? 4,8 кг

3. Бұйымның бағасы 10 %-ға қымбаттады. Егер осы бұйымның алғашқы бағасы 8000 тг болса, бұйымның қымбаттаған бағасы неше теңге? 8800 тг

4. Картоптың 80 % -ы су. 25 кг картопта неше килограмм су бар? 20 кг

II топ

1. Сыныптағы 35 оқушының 60% -і математикалық үйірмеге қатысады. Неше оқушы математикалық үйірмеге қатыспайды? 21 оқушы

2. Сүтті өңдеу кезіне 5% ірімшік алынды. 20 кг сүттен қанша ірімшік алуға болады? 1 кг

3. Теңіз суының 95 %-ы ғана таза су, қалғаны тұз. 6 т теңіз суында қанша тұз бар? 0,3 т

4. Бұйымның бағасы 15 %-ға қымбаттады. Егер осы бұйымның алғашқы бағасы 2000 тг болса, бұйымның қымбаттаған бағасы неше теңге? 2300 тг

III топ

1. Бұйымның бағасы 5 %-ға қымбаттады. Егер осы бұйымның алғашқы бағасы 5000тг болса, бұйымның қымбаттаған бағасы неше теңге? 5250 тг

2. 45 кг бидайдың 20%-ы. 9 кг

3. Сыныпта 30 оқушы бар. Математикадан бақылау жұмысын сынып оқушыларының 20 %-ы «5»-ке жазды, 50 %-ы «4»-ке жазды. Сыныптың неше оқушысы бақылау жұмысын «5» пен «4» -ке жазды? 6+15=21 оқушы

4. Құлпынайдың 6% -ы қант. 35 кг құлпынайда неше килограмм қант бар? 2,1

Жұптық жұмыста оқушылар бірін-бірі бағалау критерийлері:

  • Берілген пайыздар бойынша сандарды таба алады;


Топтық жұмыс

Берілген тапсырмаларды орындауда Рафт стратегиясын қолдану. Тақырыпты топ ішінде өзара талқылап,топ көшбасшысы қорғайды

I топ

Жай пайыздық өсім формуласы:

Жай пайыздық өсім формуласын пайдаланып есептеңдер.

Мұндағы:

1) P=5; S=200000 тг; n=4.

2) P=5; S=300000 тг; n=6.

3) P=5; S=480000 тг; n=5

4) P=5; S=500000 тг; n=12

II топ

1.Жинақ кассасына 5 %-дық күрделі өсіммен 1000 000 теңге ақша салынды. Жинақ кассасындағы осы ақша бір жылдан соң неше теңге болады?

2. Банкке 5% –дық жылдық өсіммен 200000 тг салынды. Банкке салынған ақша 4 айдан соң неше теңге болады?

3. Банкке 5% –дық жылдық өсіммен 300000 тг салынды. Банкке салынған ақша 6 жылдан соң неше теңге болады?

4. Жинақ кассасына 6 %-дық күрделі өсіммен 2000 000 теңге ақша салынды. Жинақ кассасындағы осы ақша екі жылдан соң неше теңге болады?

III топ

1.Мұздатқыштың бағасы 15% - ке арзандатылды. Егер мұздатқыштың алғашқы бағасы 85000 теңге болса, оның арзандаған бағасы неше теңге?

2.Жаңа планшет 120000 тг сатылған. Егер компьютердің бағасы 10% - ке арзандатылды. Егер тұтынушы компьютер сатып алса, қанша теңгесі үнемделеді?

3. Дүкенде телефонның бағасы 100000 теңге. Егер 5%-пен несиеге алатын болса, телефонды қанша теңгеге алады?

4. Теледидардың бағасы 150000 теңге. Егер теледидар 12%-ке арзандатылып сатылса, оның арзандағаннан кейінгі бағасы қанша болады?

Бағалау критерийі:

Білім алушы

-берілген санның пайызын формуламен есептейді

- пайызы бойынша санды анықтайды

Топтар бірін-бірі бағалайды. Басбармақ, от шашу, шапалақ әдістерімен бағалайды.


Есептер шығару

Топтық жұмыс

Жағдайаттарды талдау

I топ

Райымбек ауданының Текес ауылында картоп өнімі чипс шығаратын фабрика ашылды. Фабрикаға жылына 40000 тонна картоп керек. Фабрика картопты осы ауданның ауылдарынан алатын болды. Фабрика басшылығы Сүмбе ауылынан барлық картоптың 35%-тін алатын болса, қанша картопты басқа ауылдардан алады?

II топ

Біздің сыныпта 24 оқушы бар. Математикадан тоқсандық жиынтық бағалаудан сынып оқушыларының 25%-і «5»-ке жазды, 50%-і «4»-ке жазды. Сыныптың неше оқушы жиынтық бағалауды «5» пен «4»-ке орындады?

III топ

Сауыншы күніне жылқыдан 20 л сүт сауады. Оның 20%-і саумал күйінде, ал қалғанынан қымыз жасайды. Сауыншы қанша литр саумал және қанша литр қымыз дайындайды?

Бағалау критерийі:

Білім алушы

-берілген санның пайызын формуламен есептейді

- пайызы бойынша санды анықтайды

Топтар бірін-бірі бағалайды. Басбармақ, от шашу, шапалақ әдістерімен бағалайды.



Қосымша 2















































Қосымша 3




























































Қосымша 4












Сабақтың соңы

2 минут

Сабақты бекіту.

  • Пайыз деп нені айтады?

  • Пайызды бөлшекпен, бөлшекті пайызбен қалай өрнектейді?

  • Берілген санның пайызы қалай табылады?

  • Тұрмыста пайызды не үшін қолданамыз


Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:


Үй тапсырмасы. № 1135, 1136


(1.Алдамұратова Т.А., Байшоланова Қ.С, Байшоланов Е.С. Математика: Жалпы білім беретін мект. 5-сыныбына арн. - Алматы: Атамұра, 2017)

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар ұсынылады. Тапсырмалардан үш деңгейдің бірін таңдап алады. Егер оқушы орташа деңгейде болып, бірақ жоғары деңгейлі тапсырманы таңдаса, бұндай оқушыларға мұғалім тарапынан қолдау көрсетілуі тиіс. Оқушылардың қандай деңгейді таңдағаның «бағдаршам» әдісі арқылы қадағалауға болады.

Бірін-бірі бағалау, өзін-өзі бағалау


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 желтоқсан
454
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі