Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ: Санның пайызын және пайызы бойынша санды табу

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге үлгі ретінде қолдану үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар тарауы: 5.4А Пайыз

Мектеп: М.Мақатаев атындағы №47 жалпы орта мектебі мемлекеттік мекемесі

Күні:


Мұғалімнің аты-жөні: Саржанова Ф


Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы


Санның пайызын және пайызы бойынша санды табу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты:

(оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.2.34

Берілген санның пайызын табу;

5.1.2.36

Берілген пайызы бойынша санды табу;


Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: Пайыз ұғымын меңгереді, берілген санның пайызын және пайызы бойынша санды табуды біледі;

Оқушылардың басым көпшілігі: Мәтінді есептерді шығаруда пайызды қолдана алады.

Кейбір оқушылар: Тұрмыста кездесетін пайызға байланысты есептерді мысалға келтіріп дәлелдейді,талдайды.

Бағалау критерийлері

Білім алушы:

  • Берілген санның пайызын есептейді,пайызы бойынша санды анықтайды

  • Пайызға байланысты мәтінді есептерді шығара отырып талдайды, алгоритмін қолданады

  • Пайыз ұғымын өмірде қолдана алады,есептер құрастыра алады

Тілдік мақсат

Санның пайызын табу және пайызы бойынша санды табуды түсіндіре алады, пайызбен өрнектелген нәтиженің математикалық мағынасын түсіндіре алады.

Пәнге тән лексика мен терминология: пайыз, пайыздық қатынас, қарапайым пайыздық өсім, күрделі пайыздық өсім;

Диалогтар мен сөз тіркестері:

-Санның пайызын қалай табуға болады?

-Пайызы бойынша санды қалай табуға болады?

-Санның пайызын табудың маңызы қандай?

Құндылықтарға баулу

Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу

Еңбек және шығармашылық, өмір бойы білім алу.

(Сергіту сәтінде орындалады)

Пәнаралық байланыстар

Жаратылыстану. (Ширату жаттығуында орындалады)

Алдыңғы білім

Пайыз, ондық бөлшек,жай бөлшек

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5минут

Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

Оқушылар шеңбер жасап тұрады, «Менен саған бір тілек» тренингі арқылы бір-біріне сәттілік тілейді.

Үстел үстінде жатқан төрт түрлі төсбелгінің арасынан өзіне ұнағанын таңдап алады, төсбелгі түріне қарай топқа бірігеді. Топтың алтын ережесін құруды талап етемін.






Түрлі-түсті төсбелгілер

Ширату тапсырмалары: Жаңа сабақты бастамас бұрын жалпы сыныппен жұмыс.

1 тапсырма: Жер бетiнiң 29,2%­ын құрлық, қалған пайызын су алып жатыр. Жер бетiнiң қанша пайызын су алып жатыр?

Жауабы: 70,8 %


Глобус, АКТ

Сабақтың ортасы

30 минут

Тақырыппен, сабақ мақсатымен және күтілетін нәтижемен таныстыру.

Жаңа білімді меңгеру.

«Модельдеу» әдісі. (Моделдеу барысында оқушылар құрылымдалған ортаның аясында белгілі бір проблемаға қатысты жауап береді, мұғалімге еліктейді) Жұмыс барысы: Тақырыпты екі топ өз ішінде талқылап,топ көшбасшысы қорғайды.Қалған екі топ тақырыптар бойынша сұрақтар дайындайды.

І топқа: Берілген санның пайызын табу

ІІ топқа: Пайызы бойынша санды табу

ІІІ топқа: Берілген санның пайызын табу тақырыбы бойынша сұрақтар дайындау

ІVтопқа: Пайызы бойынша санды табу тақырыбы бойынша сұрақтар дайындау

Топтар бір-бірін «Бағдаршам, басбармақ, екі жұлдыз-бір тілек» арқылы бағалайды

Топтар бірін бірі бағалағаннан кейін мұғалім тақтаға слайд арқылы тақырыпты түйіндейді.

АShape2 Shape1 Shape3 КТ, флипчарт, маркерлер

2 тапсырма. Жұппен жұмыс.

Жаңа тақырыпты ашу және оқушыларды диалогқа түсіру мақсатында «Мен саған-сен маған» әдісін пайдаланамын. Жұмыс барысы: Әр оқушы көршісіне ойлаған санын айтады және сол санның пайызын таптырады. Екеуі бір-біріне тапсырма жасырады

Мысалы: 100 санының 25%-ы, 160 санының 40%, 20%-ы 100-ге тең болатын санды табыңыз

ҚБ: «Мадақтау»





















3 тапсырма. «Жады» ойыны

Жеке жұмыс (бекіту жаттығулары) .Жұмыс барысы: Мұғалім сыныпқа кестені АКТ-дан көрсетеді және оқушылардың алда не істейтіндерін түсіндіреді. Оқушылар суреттен көргендерін дәптерге түсіреді және толықтырады..

Сан

30



165

Пайыз

5

90

11

18

Санның пайызы


180

11



Жауабы:

Сан

30

200

100

165

Пайыз

5

90

11

18

Санның пайызы

1,5

180

11

29,7


ҚБ: «Смайликтер»

А КТ, үлестірмелі материалдар, смайликтер

Сергіту сәті. «Тиімді депозит»

Оқушылардың эмоционалдық аймағын арттыру мақсатында сергіту сәтін ұйымдастыру. «Тиімді депозит» ойынын ойнау. Интерактивті тақтада Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің депозит шарттары ұсынылады. Оқушылар өздері қалаған қаладан үй алуға жеке жұмыс орындауда алған смайликтерін ақшаға (стикер) айырбастап, депозитке салады. Мұғалім бұл ойынның келешекте шынға айналуына тілектестік білдіріп, ойынды аяқтайды


АКТ, смайликтер, суреттер





4 тапсырма. Саралау тәсілі: Тапсырма

(деңгейлік тапырмалар,оқулықпен жұмыс, құндылыққа байланысты есептер) Жұмыс барысы: әр оқушы өз деңгейінің тапсырмасын орындайды.

А деңгей

832. Егер санның 1%­ы 5­ке тең болса, 6%­ы неге тең?

Жауабы:30

В деңгей

838. 1) 40­тың 60%­ы немесе 60­тың 40%­ы үлкен болатынын анықтаңдар.

Жауабы: Екеуі тең

С деңгей

863 Ұялы телефонның бағасы 21000 тг. Бұл баға 8%­ға төмендедi. Кейiн баға тағы 15%­ға төмендедi. Екiншi рет төмендетiлгеннен соң ұялы телефонның бағасы қандай болды?

Жауабы: 16422 тг

ҚБ: «Шапалақ»


Стикерлер

Математика оқулығы

5-сынып

А.Е.Әбілқасымова т.б






Сабақтың соңы

7 минут











Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары:

Ойлау дағдыларының деңгейлері:

білу және түсіну, қолдану, талдау.

Бағалау критерийлері:

  • Берілген санның пайызын есептейді,пайызы бойынша санды анықтайды

  • Пайызға байланысты мәтінді есептерді шығара отырып талдайды,алгоритмін қолданады

  • Пайыз ұғымын өмірде қолдана алады,есептер құрастыра алады

1-тапсырма

а)Пайызын табыңыз:

30, 125, 310 сандарының 10 %-ын;

Жауабы:3; 12,5;31

б) пайызы бойынша санды табыңыз:

10 %-ы 0,4; 9,25; 28;

Жауабы:4; 92,5; 280

Дескриптор:

-өрнекті құрайды;

- берілген санның пайызын анықтайды.

-пайызы бойынша санды анықтайды.

2-тапсырма.

Санның жартысын осы санның 20%­ына көбейткенде 10 саны шығады. Берiлген санды табыңдар.

Жауабы: 10

Дескриптор:

-өрнекті құрайды;

- берілген санның пайызын анықтайды.

-пайызға байланысты мәтінді есептерді шығара отырып талдайды

3-тапсырма.

a) Заттың бағасы 760 тг:

1) егер заттың бағасы 15 %-ға қымбаттаса, оның қымбаттатылған бағасы неше теңге?

Жауабы: 874тг

2) егер заттың бағасы 30 %-ға арзандатылса, оның арзандатылған бағасы неше теңге?

Жауабы: 532 тг

Дескриптор:

-өрнекті құрайды;

- берілген санның пайызын анықтайды.

-өмірде кездесетін пайызға байланысты мәтінді есептерді шығара отырып талдайды

Стикерлер, үлестірмелі материалдар




Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы

5-сынып


3 минут


Рефлексия (кері байланыс)












Стикерлер









Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Түрлі-түсті төс белгілермен бөлу;

«Модельдеу » әдісі арқылы жаңа тақырыпты меңгерту, «Мен саған-сен маған» жұптық жұмыс, «Жады» ойыны арқылы жеке орындауға тапсырмалар беру.

Саралау тәсілінде Тапсырма тәсілі арқылы деңгейлік тапсырмаларды ұсыну.

Рефлексия (кері байланыс)

«Бес саусақ»


Бағалау – оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Белсенді оқу тәсілдеріне-«Екі жұлдыз, бір тілек», «Шапалақ», «Басбармақ», «Бағдаршам» «Смайликтер»

«Мадақтау»

секілді қалыптастырушы бағалау тәсілдерін қолдандым

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылардың партада дұрыс отыруын қадағалау;

АКТ-ны уақытылы қолдану;

Психологиялық жағымда ахуал туғызу; сергіту сәтін ұйымдастыру.

Нәтиже

Сабақтың/оқу міндеттері шынайы болды ма?

Бүгін оқушылар нені білді?

Оқу атмосферасы қандай болды?

Менің жоспарлаған сабағым дұрыс болып шықты ма?

Мен регламентті сақтадым ба? Менің жоспарымда қандай өзгерістер болды және олар қандай



Төмендегі бос орынды сіздің сабағыңызды сипаттауға пайдаланыңыз. Сол жақтағы бағанда берілген сабақтың сапасы туралы сұрақтардың ең маңыздыларына жауап беріңіз


Жалпы бағалау:

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты) ?

1.


2.


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты) ?

1.


2.


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.01.2019
1829
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12