жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "Санның пайызын және пайызы бойынша санды табу" 5 сынып
Мектеп: ШҚО Семей қаласы Новобаженово ауылы «А. Ибраев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 5.4А Пайыз Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Токай Зауреш Сынып: 5 Қатысқандар: Қатыспағандар: |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы |
Санның пайызын және пайызы бойынша санды табу |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары |
5.1.2.34 Берілген санның пайызын табу; 5.1.2.36 Берілген пайызы бойынша санды табу; |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсат |
Барлық оқушылар: пайызды бөлшекпен немесе натурал санмен жаза алады және керісінше натурал санды немесе бөлшекті пайызбен жаза алады; Басым бөлігі: берілген санның пайызын таба алады және пайызы бойынша санды таба алады; Кейбір оқушылар: пайызға байланысты мәтін есептерді шығара алады. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі |
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаты |
Оқушылар орындай алады: проценттің негізгі формуласын айта алады, санның процентін табу және проценті бойынша санды табу ережелерін айта алады, алгоритмін түсіндіре алады. Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: пайыз, бір процент, толық шама, берілген сан, процент саны. Диалогқа, жазылымға қажетті тіркестер: санның пайызын табу үшін: ...; пайызы бойынша санды табу үшін: ...; бірінші сан екінші санның қанша пайызын құрайтының табу үшін: ... . |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарға баулу |
«Мәңгілік ел» жалпы ұлттық идеясының «қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім» құндылығы негізінде оқушыларды бірлік пен достыққа тәрбиелеу. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пән аралық байланыс |
Жаратылыстану |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы білім |
Бір процент және толық шама дегеніміз не екенін біледі. Процентті бөлшекпен немесе натурал санмен жаза алады және керісінше бөлшекті немесе натурал санды процентпен жаза алады. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығулар түрлері |
Ресурстар |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы (10 мин)
2 мин
3 мин
5 мин |
Ұйымдастыру шаралары (сәлемдесу, оқушыларды түгендеу)
|
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Психологиялық ахуал «Ыстық алақын» атты сергіту сәтін өткізу. Сынып оқушылары ретпен көршісінің қолынан ұстап бүгінгі сабаққа, күнге деген жақсы тілектерін айтады. |
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Топқа бөлу Мультфильм кейіпкерлері арқылы топқа бөлінеді. Кейіпкерлердің суреттерін алдын-ала таратып, соған байланысты оқушылар шағын топтарға топтастырылады. |
Қағаз қиындылары
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Үй тапсырмасын тексеру:«Допты лақтыру» әдісі. Өткен тақырып бойынша сұрақты допты лақытру әдісі арқылы қояды. Мұғалім допты сұрақ қойып оқушыға лақтырады. Допты алған оқушы сұраққа жауап беріп, кейін өз сұрағын қойып келесі оқушыға лақтырады. Сұраққа жауап беруге қиналған оқушы сол сұрақты басқа оқушыға бағыттай алады. Қалыптастырушы бағалау «Үш шапалақ» әдісі арқылы.
|
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы (25 мин)
(5 мин)
(10 мин)
(10 мин)
Сергіту сәті |
Тапсырма 1. Кестені толтырыңдар АКТ арқылы тақтада кесте көрсетіледі. Әр топ алдына А3 қағазда тақтадағы тапсырма беріледі. Кестені толтырып болғаннан кейін тақтада тапсырманың жауабы көрсетіледі. Топтар жұмыстарын алмастырып бірін бірі тексереді.
Қалыптастырушы бағалау «Бас бармақ» әдісі арқылы
Тапсырма 2. «Джигсо әдісі» арқылы әр топқа үлестірме материалдар түрінде бес тапсырмадан беріледі. Тапсырмалар топ ішінде оқушылардың өзара келісуі арқылы бөлінеді.
Қалыптастырушы бағалау «Бағдаршам» әдісі арқылы.
Тапсырма 3. Кейбір оқушыларға арналған шығармашылық тапсырма: Соңғы халық санағының мәліметі бойынша қазіргі кезде Қазақстанда халық саны 17 млн 75 мыңға жетті. Сондай-ақ елімізде 140 түрлі өзге ұлт өкілдері бар. ҚР Статистика агенттігінің мәліметіне қарағанда Қазақстан халқының ішінде қазақ ұлтының үлесі 63,3 пайызды, орыстар-23,3%-ды, өзбектер- 2,9%-ды, украиндер-2%-ды, ал ұйғырлар – 239050, татарлар – 204900, немістер – 187825, басқа ұлыстар – 768375 құрайды. Тапсырма: I және III топ пайызбен берілген ұлт өкілдерінің санын табындар, II және IV топ санмен берілген ұлт өкілдерінің қанша пайызды құрайтынын табыңдар. Кейбір оқушылар тапсырмаларын орындап жатқанда сыныптың басқа бөлігі оқулықпен жұмыс жасап отырады. Оқулықпен жұмыс: №1125, №1157
Қалыптастырушы бағалау «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы
«Күн сәулесі түседі ...» |
А3 қағаз, маркер
Әдістемелік оқу құралы Мұғалімдерге арналған стандарт мазмұны «Биоақпараттану жәнеСинергетика» жалпы білім беру мектебінде сапаны басқару технологиясы. Автор п.ғ.к. Вассерман Ф.Я. «Білім беру технопаркі» Жобасы Алматы 2012
Т.А. Алдамұратова, Қ. С. Байшоланова, Е.С. Байшоланов Математика 2-бөлім
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы
(7 мин)
(3 мин)
|
Сабақ соңында оқушылардың білімін қорытындылап бекіту максатында қалыптасытрушы бағалауға арналған тапсырамалар беріледі. 1-тапсырма Пайызын табыңыз: a) 24, 96, 114 сандарының 50 %-ын; b) 36, 100, 232 сандарының 25 %-ын;
2-тапсырма Пайызы бойынша санды (100 %-ын) табыңыз: a) 10 %-ы 8,5; 12,7; 28; b) 60 %-ы 72; 102; 114.
3-тапсырма 300 тонна жанармай дайындалды. Қаңтарда оның13,5% , ақпанда 19,5%. Жұмсалды. Ақпанда жұмсалғаннан қаңтардағыдан қаншаға көп?
Қалыптастырушы бағалау «Смайликтер» әдісі арқылы. |
Т.А. Алдамұратова, Қ. С. Байшоланова, Е.С. Байшоланов Математика 2-бөлім №1114 119-бет
№1143 26-бет
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Үйге тапсырма: №1124 |
121- бет
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқушылардың рефлексиясы: «Білім теңізі» |
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау– сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапмсырмалар бересіз? |
Бағалау– сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқушыларды оқуға тартуға бағытталған және қызығушылығын арттыру үшін белсенді оқыту әдіс тәсілдерінің тиімдісін таңдаймын. Деңгейлік тапсырмалар беру. Есепті талдау барысында серіктестік оқу әдісі жүреді. Қабілетті оқушыларға шығармашылық тапсырма беріледі. |
«Үш шапалақ» «Бас бармақ» «Бағдаршам» «Екі жұлдық, бір тілек» «Смайликтер» |
Сергіту сәті «Күн сәулесі түседі...». Қауіпсіздік ережелері сақталды, парталар дұрыс қойылды.
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия
|
Сабақтың мақсаты шынайы, қолжетімді және сараланып, қалыптастырушы бағалау жүргізе отырып орындалды.
Тапсырмалар оқушылардың қажеттіліктерін ескере отырып сараланып берілді. Саралау әдістері әрбір оқушыға мақсаттарға жетуге ықпал жасады.
Саралаудың тапсырмалар, қарқын, оқушыларды қолдау және қорытынды тәсілдері оқу мақсатына жетуге, оқуға тартуға бағытталды.
Сабақтың әрбір кезеңдерінде уақыт тиімді пайдаланылды.
Сабақ жоспар бойынша өтілді.
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы бағалау:
Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты): 1. «Допты лақтыру» әдісі арқылы өткенді қайталау 2. «Джигсо» әдісі. Оқушылар есептерді талдап жақсы шығарды. Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1. Оқушылардың айтылым, тыңдалым дағдыларының жақсы қалыптасуы.
Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет? Кейбір оқушылар белсенділік танытты, болашақта сол оқушымен жеке жұмыс тапсырмасын беруде саралауға мән берер едім.
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қалыптастырушы бағалау
Қосымша 1
Бөлім тақырып |
5.4А Пайыз |
Оқу мақсаты |
5.1.2.34 берілген санның пайызын табу; 5.1.2.36 берілген пайызы бойынша санды табу. |
Ойлау дағдыларының деңгейі |
Білу және түсіну; қолдану |
Бағалау критерийлері |
Берілген санның пайызын есептейді. Пайызы бойынша санды анықтайды. |
Тапсырма |
|
1) Пайызын табыңыз: a) 24, 96, 114 сандарының 50 %-ын; b) 36, 100, 232 сандарының 25 %-ын;
2) Пайызы бойынша санды (100 %-ын) табыңыз: a) 10 %-ы 8,5; 12,7; 28; b) 60 %-ы 72; 102; 114.
3) 300 тонна жанармай дайындалды. Қаңтарда оның13,5% , ақпанда 19,5%. Жұмсалды. Ақпанда жұмсалғаннан қаңтардағыдан қаншаға көп? |
|
Бағалау критерийі |
Дескриптор |
Берілген санның пайызын есептейді. |
- өрнекті құрайды; - берілген санның пайызын анықтайды. |
Пайызы бойынша санды анықтайды. |
- өрнекті құрайды; - берілген пайызы бойынша санды табады |
Пайызға байланысты мәтін есептерді шығару |
- қысқаша берілгенін жазады; - өрнектерді жазады; - есептеулерді жүргізеді; - есептің жауабын табады |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген