жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ; Сауат ашу "Буын"
|
Cабақ: Сауат ашу |
Мектеп: №3 мектеп-лицей |
|||
|
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні Кадирбекова Альфия Болысбековна |
|||
|
Сынып: 1 |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||
|
Бөлім |
Тағам және сусын |
|||
|
Сабақтың тақырыбы |
Біздің кафеде. Буын |
|||
|
Сабақтың мақсаты: |
1.1.7.1 тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіру (ұнайды/ ұнамайды) 1.1.1.1. Тыңдау барысында тілдік бірліктерді (сөйлеу, сөз,сөйлем,мәтін) ажырату.Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну. 1.1.9.3. сөздің буыннан тұратынын түсіну және сөздегі буын санын анықтау 1.1.4.1 Мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе иллюстрациясы бойынша болжау 1.3.7.1 Мұғалімнің көмегімен сөз, сөйлем. Мәтінді тексеру және қателерін түзету 1.3.5.1 Тақырыпқа байланысты керекті сөлдер, сызбалар, суреттер белгілерін қолдана отырып жәй сөйлемдер мәтін құрастыру және жазу. |
|||
|
Оқу бағдарламасына сілтеме |
2.2 Оқылған мәтіннің мазмұнын түсіну. 1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту. 1.5 Түрлі жағдаяттарда тілдік ормаларды дұрыс қолдану. 1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту. 3.5 Мәтінді түрлі формада құрастыру. 1.7 тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту. 1.1.Тыңалған материалдың мазмұнын түсіну 1.4 Оқиғаны болжау |
|||
|
Ойлау деңгейлері: |
Білу, түсіну, қолдану, талдау, құрастыру, бағалау |
|||
|
Құндылықтарды дарыту |
Адамгершілік ,ізеттілік,достық |
|||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Интернет желісі,АКТ,стикер,А-3 формат,электронды оқулық |
|||
|
Тілдік мақсат: |
Оқушылар буынның жасалу жолын талқылайды. |
|||
|
Талқылауға берілген сұрақтар |
Әріптер мен дыбыстардың айырмашылығы қандай? Буынды қандай дыбыстар құрайды? Буынның қандай түрлері болады? |
|||
|
Бұған дейін меңгерілген білім |
1.1.9.1 Сөздегі дыбыс түрлерін ажырату және дұрыс дыбыстау |
|||
|
Жоспар |
||||
|
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған тапсырмалар |
Дереккөздер/ ресурстар |
||
|
Сабақтың басы
|
Шаттық шебері Үлкенге де сіз Кішіге де сіз Барша жұртты құрметтеп Бас иеміз біз. -Балалар, өткен сабақты пысықтап жіберейік «Алтын сақа» ойыны Өткенді пысықтауға арналған сұрақтар:
1) Дыбыс дегеніміз не? Әріп
дегеніміз не? 4) Дауыссыз дыбыстардың қандай түрлері бар? |
Топқа бөлу. әріптермен топқа бөлу дыбыс түрлерін сатылай талдату |
||
|
Сабақтың ортасы
|
«Талдау» әдісі -Балалар, мына суреттерге мұқият қарап, суреттердің бірінші әріптерінен сөз құраңдар. Оқулықпен жұмыс -Бүгінгі сабағымыз буын туралы болмақ. Әли мен Мерейдің диалогін рөлге бөліп оқып көрелік. BILIM Land IMektep буын туралы видеоролик көрсетіледі. 1-жаттығу. Суретке қарап сыныпта «Біздің кафе» бұрышын жасауды ойластырайық. -Кафеге келген қонақтарды қалай қарсы аласыңдар? -Өтінемін, -Мүмкін болса, -Ғафу етіңіз, -Кешіріңіз сөздерін қандай жағдайда қолданамыз? - Кафеміз қандай болуы керек? - Даяшы қандай болу керек? - Қонақтар қандай болу керек? – Ал балалар, біздің кафеміз әдемі болғанын қалайсыңдар ма? Тамақтану әдебі туралы айтып өтемін. Дескриптор: Білім алушы - сурет бойынша әңгімелейді; - сұрақ-жауапқа қатысады. 2-жаттығу. Әңгімені тыңда. Не дәмді? мәтінін мәнерлеп оқытып,талдатамын.Сұрақ-жауап аламын. Дескриптор: Білім алушы - мәтінді оқып,оқығаны бойынша өз ойларын ашық айтады; - мәтін мазмұнына қарама-қарсы пікір айтып,дәлелдеулер жасайды. Дәптермен жұмыс та-уық, та-ры, мы-сық, сү-йек сөздерін буынға бөліп жазады. берілген сөздерден буын санын анықтайды. |
БУЫН сөзіне дыбыстық талдау оқулық BILIM Land http://bilimland. kz/kk/content/lesson/ IMektep тасымал және буын туралы Көркем жазу үлгі дәптер |
||
|
Сергіту сәті: |
Біз нешеуміз? Бір үйде біз нешеуміз? Бір үйде біз бесеуміз - Бас бармағым - атам, Балаң үйрек - апам Ортан терек - ағам Шылдыр шүмек - мен Кішкентай бек- сен. |
Қимылды жаттығу |
||
|
|
Ойлан, бірік, бөліс Шығармашылық тапсырма: 1-топ: “Пирамида” әдісі Дескриптор: Білім алушы - бір буынды сөздерді атайды; - екі буынды сөздерді атайды; - үш буынды сөздерді атайды. -төрт буын сөздерді атап, құрастырып жазады
2-топ: «Рөлдік ойын» әдісі сахналау
-Мәтінді түсініп оқиды; -әр кейіпкерді сахналап шығады.
3-топ: “Бірге ойлаймыз” әдісі Дескриптор: Білім алушы - адам ағзасына пайдалы, зиянды тағам түрлерін анықтайды; - өз бетінше талдап, қорытынды жасайды.
4-топ: “Зерттеу”әдісі Дескриптор: Білім алушы -суреттердің атын табады, буын санын айтады; -сөздегі буын санын цифрмен көрсетеді.
3-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Сөйлемдегі сөздердің буын санын анықта. Тары адам ағзасына пайдалы. Тарыдан түрлі тағамдар жасалады. Дескриптор: Білім алушы - тары дәнінің пайдасы жайлы әңгімелейді; - сөйлемдегі сөздердің буын санын анықтайды. 4-жаттығу. Жұппен жұмыс: Дескриптор: Білім алушы - буындардан сөз құрап айтады; - мақалдың мағынасын бір-біріне түсіндіріп айтып береді. |
Топтық жұмыс
Жұппен жұмыс: |
||
|
Қорытынды бөлім |
“Балалар философиясы” әдісі (Жеке жұмыс) Дескриптор: Білім алушы - сөздің бірінші буыны беріледі, келесі буынды қосып сөз жасайды; -сөзге дыбыстық талдау жасайды.
Балалар, биыл еліміздің бас қаласы - Астана қаласының құрылғанына 20 жыл толып отыр екен. Сендер Астана қаласына саяхаттап барғыларың келеді ме? |
карточка |
||
|
Сабақтың соңы
|
-Ендеше балалар, бүгінгі сабақтан не білдік?- Не үйрендік? - Не ұнады? Кері байланыс. «Паровозбен саяхат» стратегиясы арқылы сабақты қорыту. |
«паровоз» суреті, стикерлер |
||
|
Бағалау Қызыл жұлдыз - 5 – Бәрекелді! Көк жұлдыз - 4 – Жарайсың! Сары жұлдыз - 3 – Ойланып көр! |
||||
|
Қорытынды бағамдау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: Ойын арқылы өткенді пысықтау 2: Видео көрсетілім,тыңдалым Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: Топпен жұмыстануға қызығушылық болғаны 2: Түрлі әдістің бір сабақта қамтылуы Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? Баланың жұппен жұмыс жасау арқылы жақын арада дамуы. |
|
|||
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген