Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Саятшы Ораз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бір әннің тарихын сұрау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары:1сабақ

Мерзімі:31.01.2017

Уақыты:16:55

Сыныбы:6“а”

Пән атауы:қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: «Саятшы Ораз» әңгімелері

Сабақтың мақсаты: Сәбит Мұқановтың шығармашылығы туралы жан-жақты білім беру, тақырыпты меңгерту.

Міндеттері: Ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту, шапшаңдыққа баулу.



Қолданылатын модульдер:Сыни тұрғыдан оқыту,жас ерекшеліктеріне қарай оқыту,диалогтық оқыту,оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

Стратегиялық іс-әрекет: “Психологиялық ахуал тудыру”,”Қызығушылықты ояту”,”Қиялға ерік беру”,”Топтық бағалау”



Уақыты:

Жұмыс мазмұны

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

3-минут

Психологиялық ахуал тудыру”,”Қызығушылықты ояту”,”Қиялға ерік беру”,”Топтық бағалау”

Жылы жүзбен амандасу,оқушыларды түгендеу,Тренингті түсіндіру

Сәлемдеседі,жылы қабақты сезеді,

Өз қиялдарына ерік береді

презентация

5-минут

Ой шақыру

Пазлдар арқылы сыныпта психологиялық ахуалды қалыптастыру

Ортаға шығып «Қара жорға» биін билеу арқылы көңіл күйлерін көтеру

Интерактивті тақта

5-минут

Сынып оқушыларын жыл мезгілдері арқылы топтарға бөлу

Түстер арқылы оқушыларды топқа бөлемін


5-минут

Үй тапсырмасын тексеру

Бір әннің тарихын сұрау

Оқушылар түсіндіреді

Оқулық,дәптер

3-минут

Сауалдар беру

  • Сәбит Мұқанов кім? Ол туралы біздер не білеміз?

  • «Есіл бойында» әңгімесінің тақырыбы не?

  • Әңгіменің кейіпкерлері кімдер?

«Есіл тасып барады» әнінің тарихын білеміз бе?

Оқушылар жауап береді.

Интерактивті тақта

10-минут

Жаңа тақырып

Жазушының есінде қалған жалғыз адам – саятшы Ораз.

Ораздың Мұқанның үй – ішіне көмек көрсетуі

Ораздың аңшылығы адамгершілігі

Шығармадағы көркемдегіш құралдар.

Сөздік жұмыс

Саятшы – құсбегі, құс баптаушы.

Сауға беру – ақысыз беру, садақа беру .

Поселке – шағын ауыл.

Шілік – төрт түлік мал  сүйсініп жайылатын жайылым өсімдігі.

Ителгі – Қазақстанның барлық өңірінде кездесетін биік ағаштар мен құздарда өмір сүретін бүркіттің бір түрі.

Қаршыға – өте алғыр құс, қарғадан көлемдірек. Қазақстанда Алтай, Алатау  тауларының бөктерлерінде мекен етеді

 Тұйғын – қанаты қысқа,құйрығы ұзынырақ қаршығаның бір түрі. Ұсақ  аңдар мен құс аулауға өте ыңғайлы.

Мәтінмен жұмыс

Қане, балалар, енді мәтіннен көркемдегіш құралдарды табайық.

1)  Портрет – шығарма кейіпкерлерінің сыртқы түр-тұлғасын суреттеу.

Орта бойлы, кең жауырынды, төстік кеуделі, мұрнының екі жақ сайынан басқа бетін түгел жапқан, ұзындығы кіндігіне түсетін қалың ақ сақалды, кішірек келген дөңестеу мұрынды, ойнақылау келген дөңгелек қара көзді, желкілдеген ұзын ақ қасты, кең маңдайлы, әжімсіз қызыл-күрең кескінді, ықшам сыртқы киімдерін шалбарланып алатын, кең шалбарының балағынішіне сала қонышын тізеден ысыра етік киетін, беліне қазақша кісе буынатын, кісесінің төңірегінде: мылтықтың оғын, дәрісін, тазалайтын саймандарын салатын салпыншақтары көп, кішігірім тебінгідей оқшантайлы, сол жақ бүйірінде қынды ұзын кездігі салбырап жүретін, арқасынан асынған шиті мылтығы түспейтін адам...

2)    Пейзаж – жазушы шығармада табиғатты барынша көркем суреттеу.

Біз көшіп барған ауыл қыстауының ұзын тұрқы батыстан шығысқа қарай созылған биік дөңнің қырқа жотасында. Жотаның ұзындығы төрт-бес шақырымдай, қапталының кеңдігі екі-үш шақырымдай. Осы жотаның батыс пен шығыс жағын және екі жақ қапталдығын жаба өскен қалың ну ағаш. Ағаштары түп-түгел қайың мен терек. Ауыл қалың ағашты қырқа жонның  арасында тұрады. Төбеден жауған қар болмаса, қысты күні қалың ағаштан бұл ауылға боран беттей алмайды. Қырқа жонның нақ биігінде сай бар, көктем кезінде бұл сайда аттың бауырлығынан келерлік су жатады, да, төңіректей қалың ағаш  өскен ауыл осы сайда дөңгелене орналасқан.

3)    Кейіпкерлерге мінездеме

Сүлеймен – орта дәулетті, сараң адам.

Ораз – жалғыз оқты шитімен атқан мерген, қыс бүркіт, жаз қаршыға мен тұйғын салумен айналысқан құсбегі, өзінің олжасын елмен бөлісе білетін қайырымды жан.

Балалар, саятшылық деген не?

Саятшылық – қазақтың ежелден келе жатқан ұлттық өнерінің бірі. Құсбегілікпен, яғни қыран бүркіт асыраумен, баптаумен айналысу өнері.

Аңшылық туралы қандай шығармаларды білеміз?

Абайдың «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңін кім жатқа айтып береді.


Оқушылар тыңдайды,ой қорытады

Интерактивті тақта


Шығармашылық жұмыс

Оқушыларға тест таратылады

1.“Саятшы Ораз” әңгімесіндегі басты кейіпкер  немен шұғылданады? a)     Балық аулаумен b)    Тері илеумен c)     Құсбегілікпен

2. Ораз құс салумен қай жыл мезгілінде  айналысады? a)     Жазы-қысы b)    Тек  жазда c)     Тек  қыста

3. Ораз өзі аулаған аң терілерін не қылады? a)     Сатып пайда қылады b)    Сауғаға береді c)     Тұрмысқа пайдаланады.

4.  Сәбит Мұқановтың  көлемді еңбегін белгіле. a)     “Өмір мектебі” b)    “Көксерек” c)     “Саятшы Ораз”


Әркім өзі жауап береді

Тақта,дәптер,оқулық

3 минут

Қорытынды

Сонымен «Ең ауыр ақы-көрші ақысы»дегенді қалай түсінесің?


«Қанжығасын қанды етіп қайтады»дегенді қалай

түсінесіңдер?


Ораздың жасы 60-тың тең ортасынан асса да денсаулығының мықты

болуы неге байланысты деп ойлайсыңдар?

Ораз бейнесіне лайық мақал айту.

Жігітке жеті өнер де аз,

Адам өнерімен әсем,

Аң жүнімен әсем.

Үлгісі көптің өрнегі көп,

Өнері көптің ермегі көп.

Өнерлінің өрісі кең,

Өнерлі өрге жүзеді.

Ақылды жігіт атқа да мінер,

Таққа да мінер

Оқушылар топпен қатысады

Интерактивті тақта

2-минут

Бағалау

Формативті бағалау

Топ басшылары қарсылас топтарға баға береді

Бағалау парақшасы таратылады

2-минут

Үйге тапсырма

Ораз сөзімен бесжолды өлең құрау

Күнделіктеріне жазып алады

күнделік

3-минут

Рефлексия

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру

Оқушылар сабақтан алған әсерлері туралы,нені білді,не білгісі келетіндерін жазады

Жазғандарын “жеміс ағашына “келіп,іледі



























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.12.2017
1500
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі