Ашық сабақ. Сауда мен сауда түсімі.

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. Сауда мен сауда түсімі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ. Қазақ тілі екінші тіл ретінде оқытылатын мектептерге арналған. әр түрлі әдіс-тәсілге құрылған сабақ, қажеттеріңізге жарайды деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

САБАҚ: қазақ тілі мен әдебиеті

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Атагелдиева Б.

Сынып: 10 Т2

Қатысқан оқушылар саны: 12

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Сауда мен сауда түсімі: екі жақты келісімді сауда

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

О6 Мәтіндерге салыстырмалы анализ жасау

А6 Сөйлеу мәнерін бағалау


Сабақтың мақсаттары

Мәтіндердің өзектілігін бүгінгі өмірмен салыстырады.

Әр түрлі тақырыптар бойынша өз пікірін өзгелердің пікірімен салыстыра отырып бағалайды.


Кәсіби мақсаты

Оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың сабақты меңгеруіне ықпал ету

Жетістік критерийлері

Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді

Берілген тақырып бойынша өз ой-пікірін білдіре алады;

Өзінің және өзгелердің пікірін байланыстыра отырып, баға бере алады.

Тілдік дағдылар

Кәсіп, өтімді, үрдіс, тұтынушы, шегерім,

Пәнаралық байланыс:

Экономика

АКТ-ны қолдану дағдылары:

Презентация

Құндылықтар

«Мәңгілік ел» жалпықоғамдық құндылығы:

Мәдениет, тіл мен тарих бірлігі

НЗМ құндылығы:

Құрмет;

Еңбек және сүйіспеншілік;

Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың топтаса және жеке отырып жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу,өзіндік көзқарасын дәлелдей алу дағдылары негізінде жүзеге асады.

Осыған дейін меңгерілген білім


Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 минут

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру;

Қызығушылықты ояту: Сабақтың тақырыбын болжау. Топқа бөлу:

Түрткі сұрақтар:

1. Балалар бұл суреттерде не бейнеленулі?

2. Бұлар нені білдіреді деп ойлайсыңдар?

3. Суреттер арасында өзара ұқсастық бар ма?

4.Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?

Бағалау: сұрақтарға жауап беру барысында ерекше ой-пікір айтқан оқушыларға мұғалім тарапынан мақтау, қолдау сөздері айтылады

Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерімен таныстыру;



Суреттер










Слайд 1
















Слайд 2

Сабақтың ортасы

3 минут















15 минут























































































15 минут
















Оқылым алды сұрақтар:

1.Тауарды ғаламтор арқылы сатып аласыз ба? Неліктен?

2.Қандай тауарлар сатып алдыңыз?

3.Ғаламтор арқылы сауда жасаудың қандай артықшылықтары бар?

4. Онлайн-дүкендердің қандай кемшіліктері бар?

Бағалау: сұрақтарға жауап беру барысында ерекше ой-пікір айтқан оқушыларға мұғалім тарапынан мақтау, қолдау сөздері айтылады.

Жаңа сөздер:

Кәсіп, өтімді, үрдіс, тұтынушы, шегерім


Оқылым тапсырмасы№1

Тауарды интернеттен сатып аласыз ба?

«Джигсо» әдісі

Мәтінді 4-ке бөліп оқуды тапсырамын. Оқып болғаннан кейін мәтіннің бірінші бөлігін оқыған оқушылар бір жерге, 2-бөлігін оқыған оқушылар бір жерге, сол сияқты топтасып бір-біріне түсіндіреді. Қайтадан өз тобына келіп, енді топ ішінде оқыған дүниелерін ортаға салады. Топтан бір оқушы шығып, мәтіннің мазмұнын айтып шығады. Әрбір топ өздеріне берілген тақырып бойынша мәтіндердің өзектілігін бүгінгі өмірмен байланыстыра отырып сұрақтар дайындайды. Ол сұрақтар бір-бірімен алмастырылады. Топпен бірге жауап береді.

Дескриптор:

Мәтін мазмұнын түсінеді

Өз пікірін дәлелдей алады

Өзгелердің пікіріне баға бере алады

Әр топ бір-бірін «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалайды.


1-мәтін

Қазақстандық интернет қолданушыларына онлайн-сауда әлі де кеңінен таныс емес. Десек те, бұл кәсіп түрін негізгі пайда көзіне айналдырып отырған кәсіпкерлер баршылық.

Қазақстандық жастар онлайн-дүкендердің тұрақты тұтынушысы болып алды. Мәселен, lamoda.kz, quelle.kz, klassmag.com, bonprix.kz, «Arbuz.kz», Planeta.kz, Technodom.kz секілді іздей берсек шыға беретін сервистік сайттар өте көп. Көптеген сайттар «Пони Экспресс», «DPD» немесе «Қазпошта» курьерлік қызметтері арқылы тауар тасымалдайды. ACNielsen компаниясының есептеуінше, 2006 жылғы санақ бойынша, жер бетіндегі он адамның бірі интернет арқылы тауар сатып алады екен. Бұл дегеніңіз 627 миллион адам. Мұның ішінде интернет арқылы сауда-саттықта тасымалданатын ең өтімді тауар – кітап екені қуантады (кітап сатып алушылар саны – 2012 миллион адам). Келесіде өтімділігі бойынша, DVD мен видеоойындар (135 миллион адам). Ендігілері көбіне әуебилеттерін интернет арқылы төлеуді ұйғарады екен. Ал төртінші орындағы ең өтімді тауар киім-кешек, 128 миллион адам шетелдердегі және өз еліндегі онлайн-дүкендерден киінеді.


2-мәтін

Дәстүрлі сауда-саттықты қолдайтындар да өз кезегінде бұл үрдіске қарсы екендіктерінің бірқатар себептерін айтады.

Онлайн-дүкендердің кемшіліктері:

- Ең бірінші кезекте тауарды интернеттен алу сенімсіздік тудырады;

- Интернет арқылы желідегі жеке есепке ақша салып, оны керекті адресатқа жіберу қиын;

- Тұтынушы тауарды интернет-дүкенде нақты көріп, бағалай алмайды, осы себепті де кейбір категорияларға сұраныс азаяды. Мәселен, парфюмерия, аяқ киім, киім және т.б.;

- Тауарды тасымалдайтын компаниялар әртүрлі қызмет жасайды. Оларды дұрыс таңдау үшін уақыт пен жігер кетеді;

- Абайсызда жеке есеп номерлерін, кредиттік карта мен электронды әмиянның кілтін беріп қою қаупі;


3-мәтін

Онлайн-дүкендердің артықшылықтары:

- Бірінші кезекте үйден шықпай-ақ ұнаған тауарды сатып алу мүмкіндігі;

- Сатып алынған тауар көлемі дұрыс болмаса немесе көңіліңізден шықпаса қайтарып беру мүмкіндігі бар;

- Тұтынушы интернет-дүкеннен тауар сатып алу арқылы уақытын үнемдейді, мәселен ол жұмыс уақытында да сауда-саттық жасай алады;

- Алыс-жақын шетелдерден тауар алдыру мүмкіндігі;

- Шегерімдер болған сәтте тауарды бірден интернет бетінен көріп біліп, тапсырыс жасай алу қолжетімділігі;

- Бәсекелес онлайн-дүкендермен салыстырып, тауардың ең арзанын біліп, сатып алуға мүмкіндік бар;

- Интернет-тұтынушыларының саны артып, сапасы да жыл сайын жақсарып келеді;

- Онлайн-дүкенде тауардың қай жақта, қашан, қай өндіріс орнынан кімдерге, қандай көлемде шығарылғаны жайлы толық ақпарат береді.


4-мәтін

Онлайн-шопинг ережесі...

  • Тауар сатып алудан бұрын оның көлемін, шығарылған жылын, нақты қандай түсті екенін, қайда жасалғанын анықтап алыңыз.

  • Сіз байланысқан онлайн-дүкеннің шынымен де жұмыс істейтінін анықтау керек, ол үшін сайтта көрсетілген телефон номерін теріңіз.

  • Дүкен туралы адамдардың пікірін біліңіз, сайттағы түсіндірмелердің мазмұны қандай екенін оқып алыңыз.

  • Электроника немесе тұрмыстық зат сатып алу барысында тасымалдаушы адамдардың көзінше оны іске қосып, көріп алғаныңыз жөн.

  • Тауар үшін төлемақы жасау барысында өз компьютеріңіздің вирусқа деген төтеп бере алу деңгейін біліңіз, себебі ғаламтор алаяқтары қазіргі таңда өте қатты дамыған. Егер кейбір сауалнамаларға жеке ақпараттарыңызды сұраса, бірден жеке телефоныңыз, үй мекен-жайын, тіпті де карта номеріңізді беруден аулақ болыңыз.

  • Онлайн-дүкенде тауар ұнамаған жағдайда қайтарылатынын біліп алуыңыз шарт.

  • Қандай да бір онлайн-дүкен бөтен тұлғаға сіз туралы ақпарат беруге құқылы емес екенін біліңіз.


Тапсырма №2 Топтық жұмыс.

Кестені толтыру.

«Төрт сөйлем» тәсілі

1. Пікір. Тыңдаған мәтін бойынша өзіндік пікірлеріңізді бір сөйлеммен жазыңыздар.

2. Дәлел. Өз пікірлеріңізді бір сөйлеммен дәлелдеңіздер.

3. Мысал. Пікірлеріңізді өмірмен байланыстырып, мысал келтіріңіздер.

4. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарыңыздар.


Дескриптор:

Берілген тақырып бойынша өз ой-пікірін білдіре алады;

Өзіндік қорытындысы бар.

Оқушылар «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы басқа топтарға баға береді.


http://massaget.kz/layfstayl/bilim/zharatylystanu/12244/


Слайд 3
















Слайд 4


















































































Слайд 5

















Слайд 6


Сабақтың соңы

2 минут

«Таңдау» әдісі. Рефлексия
1. Мен сабақ

қызықты ___________ қызықсыз болды деп ойлаймын.
2. Мен сабақта: үйрендім
көп нәрсені _____________ үйренгенім аз болды.
3. Мен басқаларды
мұқият ______________ зейінсіз
тыңдадым.
4. Мен пікірсайыстарға
жиі ______________ сирек
қатыстым
5. Мен сабақтағы өз жетістіктеріме
ризамын ____________ риза емеспін.


Үйге тапсырма:

Ақшаға қатысты ырымдар, наным-сенімдер, тыйым сөздер тауып, таныстырылым дайындап келу




Слайд 7



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.02.2025
170
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі