Ашық сабақ Себеп бағыныңқылы құрмалас сөйлем 8-сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Себеп бағыныңқылы құрмалас сөйлем 8-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ жоспары 8-сыныпта сабақ беретін қазақ тілі мұғалімдеріне тәжірибе алмасу жобасы ретінде әдістемелік көмек.
Материалдың қысқаша нұсқасы

8-сынып АШЫҚ САБАҚ ЖОСПАРЫ

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы

Себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлем (1 сағат)

Сілтеме

Қосымша материалдар: интербелсенді тақта /флипчарт тапсырмалар/ үлестірме сигналдық карточкалар,

А 3 үлгідегі қағаздар, стикерлер, постерлер, маркерлер. Оқулық материалы.

Мақсаты

а) Оқыту оқу іскерлігіне бағытталады. Тұрақты дамуды қамтамасыз етеді. Себеп бағыныңқылы сабақтастың жасалу жолдарын меңгеріп, басқа сабақтастың мағыналық түрлерінен ажырата біледі. Себеп–салдар салаласпен салыстырып, өзіндік белгілерін анықтайды, теориялық білімдерін тәжірибеде қолданып сауатты ажырата алуға, мысалдар арқылы өз ойын дәлелдей білуге дағдыланады.

ә) Мәтіннен жұмыс істей білу дағдысы жетіледі, ұжымдық шығармашылық жұмыс жүргізе білу дағдылары дамиды;
б)
«Мен» жеке құзыреттілігін дамыту арқылы әдепті, сыпайы сөйлеуге баулу, тіл мәдениетін қалыптастырады .

Оқыту нәтижесі

Өздігінен оқу дағдыларын қалыптастырады. Жаңа тақырыптың мазмұнын өз бетімен аша алады, салыстыра біледі, талдай алады, ой қорытуды үйренеді.Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту.

Сабақ түрі

Жаңа білім беру сабағы.

Ой қозғау

Жеке тұлғаға бағытталған тапсырмалар ұсынылады.

Бірлесіп іздеуге, керегінде олардың пікіралмасуға, диалогтік әңгімеге араласады

Түйінді идеялар

1) Өздігінен іздене отырып меңгеру өзіндік түсініктеме беру қабілетіне ықпалын тигізеді.

2) Сыни тұрғыдан ойлау балалардың өз идеясын сенімді түрде білдіруіне, түрлі көзқарастарға көңіл бөлуге және оларды бағалауға мүмкіндік береді.

3) Оқу сауаттылығының нәтижесінде түсініп оқығандықтарын тест жауабын орындау арқылы көрсетеді.

4) Алған білімдерін кеңейтіп, жаңа дағдысын қалыптастыру, өз бетінше жаңа ақпаратты қорыта білуге үйренеді.

Блум

таксаномиясы

7 модуль

Ресурс

тар


Сабақтың мазмұны

Мұғалімнің іс-әрекеті

Нақты мақсатқа бағыттайды. Оқушыларды дербес таным іс-әрекетіне негіздеп, оған түрткі болады.

Оқушының іс – әрекеті

Мақсатқа дербес өзінің белсенді іс-әрекетімен жетуге тырысады.



Жас ерекшеліктеріне қарай білім беру

Топтас

тыру

Қызығушылығын ояту.

Ұйымдастыру. (Психологиялық жағымды ахуал, жағдай туғызады. Жасырылған сөздер арқылы топқа бөледі)

Ой шақыру. Тақырыпқа шығу.


Жасырылған сөздерді алу арқылы 2 топқа бөлінеді әрі өздері тақырыпты анықтайды.



Диалог



Ынтымақтастық атмосферасын құрады.

Бір-бірімен диалог арқылы пікіралмасады.

Үй жұмысын сұрау. (постер жасап келеді)

Топтық жұмыс (үй тапсырмасы постерлеріне екі жұлдыз, бір тілек жазу арқылы рефлексия жасайды)

Екі топ үйден жасап әкелген постерлерін алмасады да, бір-бірінің жұмысын оқып танысады, жаңа материалды игереді. Тақырыпты оқып игереді, талдап талқылайды.

Білу

Сыни ойлау

Ой шақыру стратегиясы

Теориясы «Білу»

(Кім? Не? Қашан? Қайда? Не істеді? Себеп бағыныңқы сабақтас дегеніміз не?

Жасалу жолдары қандай? Себеп-салдар салаластан қалай ажыратамыз?

Флипчарт №1 Ішіне-сыртына стратегиясы. Берілген кестедегі мәліметтерді дұрыс орналастырулары керек. / АКТ арқылы интербелсенді тақтада орындайды/. Ортақ белгілері ішінде қалады, ал әрбіреуіне пән белгілері сыртқы бағанға шығарылады. Себеп-салдар салалас пен себеп бағыныңқы сабақтастың ерекшелігі мен ұқсастығын көрсетіңдер.

Себеп-салдар салалас

Ортақ белгісі

Себеп бағыныңқы сабақтас

1.Салалас құрмалас сөйлемнің түрі.

2.Баяндауыштары тиянақты.

З.Жалғаулық шылаулар арқылы

байланысады.


І.Екеуі де құрмалас сейлем.

2.Құрамында екі немесе бірнеше жай сөйлем болады.

З.Екеуі де күрделі ойды білдіреді.

1. Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрі.

2.Есімше, косемше, септеулік, комекші етістік арқылы жасалады.

З.Бағыныңқы, басыңқы

сыңарлары болады.

Оқулықпен жұмыс 134-136-жаттығу.

Өз білетіндерін айтады. Жұбына, кейін топта талқылайды. Ақылдасып постерлеріне пікір жазады. Әр топтың спикерлері жазылған пікірлерді оқиды.

Жеке, жұптық, топтық жұмыс түрлерін орындайды. Өз өнімін ортаға салып, ұжыммен қарым-қатынасқа түседі. (жоба, модель дайындаушы)

Түсіну

Сыни ойлау

Категорияға бөлу стратегиясы

Флипчарт №2,3,4,5

Теориясы «Түсіну» (Неге, неліктен, не үшін)

Себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлемнің жасалу жолын кесте арқылы түсіндір.

Баяндауыш формаларының жасалуы

Сұрақтары

Мысалдар

-қан+дықтан (айтқандықтан)

-қан соң (айтқан соң)

-қан+ы үшін (айтқаны үшін)

-па+й (айтпай)

-ып+ты деп (айтыпты деп)

Неліктен? Не үшін? Не себепті?

Айтқандарым жаққан соң, алыс-жақын тыңдайды





Флипчарт тапсырмалары

Себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлемнің жасалу жолдарына мысалдар ойлап жазыңдар.

І.Есімшенің өткен шақ формасына -дықтан, -діктен

деген қосымшалар қосылуы арқылы жасалады.

2.Есімшенің өткен шақ формасына соң шылауы тіркесуі арқылы жасалады.

З.Ашық райлы етістікке деп көмекші етістігінің тіркелуі арқылы жасалады.

4.Болымсыз етістікке көсемше

-й жұрнағы жалғануы арқылы


Қонақтар көптен бері Абаймен көріспегендіктен

ғана, бүгін қонақта отыр.


...


Қорқынышты бастан кешірсін деп, сонда әдейі ертіп
апартқан едім.

....


Жаңа білімдерін талқылап, дамытып, жетілдіреді. Өз еңбектерін өздері саралайды, қорытындылайды.

Қолдану

Сыни ойлау.

Оқыту нұсқау стратегиясы

Үлестірме және сигналдық карточкаларын қолдану.

Практикасы «Қолдану»

(Оқулықта берілген жаттығу бойынша жұмыс жасау) Себеп-салдар салаласты сабақтасқа, сабақтасты салаласқа айналдырыңдар.

Себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлемнің жасалу жолдарына мысалдар ойлап жазыңдар.

І.Есімшенің өткен шақ формасына -дықтан, -діктен

деген қосымшалар қосылуы арқылы жасалады.

2.Есімшенің өткен шақ формасына -үшін шылауы тіркесуі арқылы жасалады.

З.Ашық райлы етістікке деп көмекші етістігінің тіркелуі арқылы жасалады.



Қонақтар көптен бері Абаймен көріспегендіктен

ғана, бүгін қонақта отыр.


Шебер қимылдағаны үшін, бул дивизия атқыштар дивизиясы болып атанды.



Қорқынышты бастан кешірсін деп, сонда әдейі ертіп
апартқан едім.


Өзара тексеру арқылы бағалайды.





Талдау

Сыни ойлау

Оқулық, сұрақ-жауап

(ашық сұрақтар)

ТАПСЫРМАЛАР

Сөйлемге синтаксистік сатылай кешенді талдау жасайды.

Теориясы «Талдау» (салыстыр, айырмашылығы неде?)




Себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлемге синтаксистік сатылай кешенді талдау жасалады.

Жинақтау

Дарынды және талантты


Теориясы «Жинақтау»

(Алынған ақпарат негізінде қорытынды жасау, жүйелеу)

1. Берілген создерді бағыныңқы сойлемнің баяндауышы етіп, себеп-салдар сабақтас сойлем құрастырып жаз.

2.Берілген сойлемдердің басыңқы сыңарларын ойлап жазып, себеп бағыныңқы сабақтас құрандар.

Келген соң, айтқандықтан, барғандықтан, көргендіктен, нелгендіктен, сенбей, жауып, ашып, өткенде, бар еді деп, келмей.

Иығындағы ауыр жугі жеңілдегендей болып, ... . Төбеңде төңиерілген аспанның көктігі шымқай нөн барқыттай қулпырып, ... . Ол өзінің тәуір

жүгіретіндігін мақтаныш ететіндей,....

«Қалыпқа келтіру стратегиясы» пайымдау.

Себеп бағыныңқылы сабақтастың екінші сыңарын өздері ойдан құрастырып сөйлемді жалғастырып жазады.


Жаңа білімдерді қолданады. Шығармашылық жұмыс арқылы білімдерін жинақтап, ортаға салады.

Баға

лау

Сыни ойлау

тест

Бекіту тапсырмасы

Оқу сауаттылығы. /Мәтін таратылады, соңында тест тапсырмалары беріледі/

Рефлексия. Сабақты қорытындылау. Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазу, суреттерге жапсыру.

Бүгінгі сабақтан не алдым, не білдім, немен таныстым.

Бағалау парақтарын жинап алады. (Топ басшысы бағалайды, өзін бағалайды, мұғалімнің қорытынды бағасы қойылады.)

Ұпай көрсеткіштеріне сай бағалау парақтарына қорытынды бағаларын қояды.


Интернет, қосымша оқулық


Үй тапсырмасы: Көркем әдебиеттен 2 себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлем жазып келу, біреуіне сатылай кешенді талдау жасау. Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас сөйлемге постер жасап келу.


Күнделікке үй жұмысын жазады.

Пән мұғалімі: Мұхаметжанова Р.Ж.

Тексерілді:








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.12.2017
2011
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі