жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Семей, Өскемен қалалары 8 сынып
Жаркимбаева Алия Далельевна №9жалпы орта білім беретін мектеп КММ, қазқ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. ШҚО Семей қаласы.
Сабақтың тақырыбы: Семей, Өскемен қалалары. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Семей мен Өскемен қалалары туралы мәлімет беру, лексикалык тақырып бойынша алған білімдерін жан-жақты жетілдіру, грамматикалық материалдарды бекіту;
Дамытушылық: тапсырмалар, сұрақтар, ойын арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін,жазба, ауызша тіл байлықтарын және шығармашылық қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: оқушыларды білімге, ізденімпаздыққа баулу.Туған жерін сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топтық жұмыс, мәнерлеп оқыту, баяндау, Венн диаграмасы, интерактивті тақта. Көрнекілігі: суреттер, слайдтар.
I. Ұйымдастыру кезеңі. 1. Оқушылардың назарын сабаққа бейімдеу 2. Кезекшінің есеп беруі 3. Үй жұмысын тексеру (сұрақ-жауап әдіс, ауызша)
IІ.Жаңа сабақ. 1. Сөздік жұмысы айлақ – порт аң терісі- мех зверей тері өңдейтін – обрабатывающий мех мұражай мақтанышы – гордость музея түсті – цветной мәселе – проблема теңістіру – сравнить қалдықтар – выбросы зиянды – вредные шара – мера өнеркәсіп - промышленность
ІІІ. Мәтінмен жұмыс. (мәнерлеп оқып аудару, әр топ кластер құрастырып, түсінгенін, өз ойларын жеткізеді) Семей – Ертіс жағалауында XIX ғасырда дамыған қала. Онда сумен шағын кеме жүргізетін айлақ болды. Су бойымен қарағай, аң терісі тасымалданды. Бірте-бірте қалада тері өңдейтін және ірі ет комбинаттары сияқты өндіріс орындары бой көтерді. Семейде дәрігерлер, мұғалімдер даярлайтын атақты институттар жұмыс істейді. Қаланың орталығында ұлы Абай мұражайы орналасқан. Мұражайда ұлы адамдар туралы экспонаттар мол. Әсіресе Абайдың шығармалары, М.Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясы – мұражай мақтанышы. Қазіргі кезде Семей қаласы ядролық қарусыздану бойынша әлем назарын аударып отырған қала болып саналады. Семейде Ертіс өзеніне салынған аспалы көпір ерекше құрылыс болып табылады. Семей – Шығыс Қазақстан облысындағы ең ірі қала.
Өскемен қаласы 1720 жылы қамал-бекініс ретінде салынған. 1868 жылы Өскеменге қала статусы берілді.Қалада сауда, ауылшаруашылық өнімдерін өңдейтін өндіріс орындары дами бастады, айлақ құрылысы басталды. Ұлы Отан соғысы жылдары (1941-1945) ауыр өнеркәсіп дамыды. Өскемен Қазақстанның батыс-шығыс бөлігінде, Ертіс пен Үлбі өзендерінің сағасында орналасқан. Қазіргі Өскемен Қазақстандағы түсті металдар орталығының бірі болып саналады. Аймақтың жетекші салалары- түсті металдар өндіру, машина жасау. Шығыс Қазақстан облысындағы байланыс автокөлік, темір жол,өзен және әуе жолдары арқылы жүзеге асырылады.Өскемен өңірі су қорына өте бай. Алғашқы электростансасы 1953 жылы іске қосылды. Ал Алтай жері орманға бай. Оны нағыз тайганың өзімен ғана теңестіруге болады. Қазіргі кезде Өскемен – Шығыс Қазақстан облысының орталығы. Оның құрамына бұрынғы Семей облысы және Шығыс Қазақстан облысы аумақтары кіреді.
ІҮ «Бой сергіту» сәті 1. Зат есімді сын есімге айналдыру қала – қалалық адам – адамдық атақ – атақты зиян – зиянды көлік – көлікті ядро – ядролық
2. Сөздердің синонимдерін табу. Қала – шаһар орман – тоғай ескі – көне Отан –туған жер жұмыс істеу – еңбек ету көп – мол ірі – үлкен шағын – кішкентай
3. Ұлы Абайдың «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңін толықтыру. Әсемпаз болма ... , Ақырын жүріп,... ...
Өнерпаз болсаң ... . Еңбегің кетпес ... . Сенде бір ... ... , Ұстаздық қылған ...
Кетігін тап та, ... , ...! Үйретуден ... . Керекті сөздер: арқалан, әрнеге, бар, қалан, кірпіш дүниеге, далаға, жалықпас, анық бас, балаға.
V. Мұғалім сөзі. Осымен «Бой сергіту» сәті аяқталды. Енді әр топқа тапсырмалар беріледі.
1. Сөйлем құрастыру (сөз- сөз тіркесі - сөйлем). Айлақ. Металл. Мақтаныш. Көпір. Орман. Өнеркәсіп. Мысалы: Қала.Менің калам. Менің туған қалам – Семей. Мұражай. Абай мұражайы. Қаланың орталығында Абай мұражайы бар.
2. Сөздерден сөз құрастыру. I топ. Аумақтары (ауа, аумақ, ақ, тары, қатар, қару, ата) II топ. Тасымалдау (тас, талдау, ас, асыл, ата, тау, мысал)
3. Түбірлес сөздерді теріп жазу. Сөз құрамына талдау. I топ. Өндіріс, өнім,тең, комбинат, өндіру, теңестіру ,мәселен, теңдік. II топ. Жол, жолдау, қалада, дәрігер, қалашық, дәрілік, жолаушы, дәрумен.
4. Мақал-мәтелдерді аяқтау. Әр топқа мақал-мәтелдер жазылған кеспе қағаздары таратылады. Оқушылар оқып аяқтайды, орысшаға аударады.
VI. Венн диаграммасы.
1.Бекініс ретінде
салынған.2.ШҚО.
1.Ұлы Абайдың туған
жері 2.Ертіс өзені. 3.Аспалы көпір.
1.Ауыр өнеркәсіп.
2.Су электростанция. 3.Түсті
металлдар.
ҮІІ. «Ой шақыру» стратегиясы арқылы қалалар туралы білімдерін қорыту, сабақтан алған әсерлері туралы бөлісу, қорытындылау.
Не білемін |
Не білдім |
Нені білгім келеді |
V |
+ |
? |
ҮІІІ. Бекіту. Бағалау. ІХ. Үй тапсырмасы: Семей және Өскемен қалалары туралы реферат дайындау.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген