жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ "Семей ядролық полигоны" 11 сынып
|
Ұзақ мерзімді жоспар тарауы: Экология: Ядролық және мұнай өндірістері. Шешендік сөздер |
Мектеп: № 189 орта мектебі
|
||||||||||||
|
Күні: 02.10.2020 ж. |
Мұғалімнің есімі: Әбдиева Ақкенже Шайхықызы |
||||||||||||
|
Пәні: |
Қазақ тілі |
||||||||||||
|
Сынып: 11 |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|||||||||||
|
Сабақтың тақырыбы: |
Семей ядролық полигоны (2-сағаты) |
||||||||||||
|
Оқу мақсаты: |
11.3.4.1 оқылым және тыңдалым материалдары бойынша түртіп жазудың (конспектілеудің) әртүрлі жолдарын меңгеру арқылы негізгі ақпаратты іріктеу; 11.4.31.Тақырып аясында тілдегі көркемдік құралдарды орынды пайдалану: көркемдеу, айшықтау, дәлелдеу, сөздерді сұрыптай білу (образды-эстетикалық); |
||||||||||||
|
Сабақтың мақсаттары: |
Барлық оқушылар орындай алады: Мәтіндегі негізгі ақпараттарды біледі, түсінеді.Тақырыптағы көркемдегіш құралдарды пайдаланып конспект жаза алады. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Оқылым материалы бойынша «Табиғатты аялайық тақырыбында әңгіме өрбітеді, сыни көзқарастарын ұсынады. Кейбір оқушылар орындай алады: Мәтіндегі метафораларды анықтайды. «Полигон» тақырыбына оқылым және тыңдалым материалдары бойынша өз ойын байланыстыра конспект жазады. |
||||||||||||
|
Бағалау критерийлері |
|
||||||||||||
|
Ойлау деңгейі |
Білу, түсіну, қолдану, талдау |
||||||||||||
|
Құндылықтарға баулу |
Экология жайында сыни ойлауы артады. Топтық ,жұптық жұмыс жасауда бір-бірін құрметтеуге қалыптасады. Адамдар арасындағы экологиялық мәдениетті түсіну дағдысы қалыптасады. |
||||||||||||
|
Тілдік мақсат |
Оқушылар орындай алады: Семей ядролық полигоны жайында көркемдегіш құралдарды пайдалана конспект жазады. Пән лексикасы және терминология: экология-экология-ecology ядролық сынақ-ядерное испытание-nuclear test атом бомбасы-атомная бомба-atom bomb жарылыс-взрыв-explosion Диалог/жазылым үшін қажетті сөз тіркестері: Ядролық сынақ, полигон, атом бомбалары, экологиялық апат, радиоактивті заттар, радиация, қорғаныш обьектілері, жарылыс салдары |
||||||||||||
|
Талқылауға арналған сұрақтар:
|
|||||||||||||
|
Пәндік байланыс |
Семей ядролық полигоны, Қазақ әдебиеті, 9 –сыныбы,Семей ядролық полигоны, Қазақстан тарихы,11-сынып |
||||||||||||
|
Алдыңғы оқу |
Экологиялық проблемалардың туындауы жайлы мәліметтерді біледі.. Мәңгілік бала бейнесін еске түсіреді. |
||||||||||||
|
Жоспар |
|||||||||||||
|
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығулар |
Ресурстар |
|||||||||||
|
Сабақ-тың басы 5 мин |
1 мин
1 мин
3 мин |
Ұйымдастыру кезеңі. Жағымды психолоиялық ахуал қалыптасады. «Шаттық шеңбері» тренингі. Шеңбер бойына тұрған оқушылар бір-біріне адам бойындағы жақсы қасиеттерді айтады. Мұғалім:
«Пазл» әдісі аркылы 3 топқа бірігеді. 1-топқа «Полигон» 2-топқа «Экология» 3-топқа «Невада-Семей» ҚБ. «Бағдаршам» Үй тапсырмасымен жұмыс. Тақырыбымыздың 1-сағаты бойынша сұрақтармен жұмыс жасаймыз. «Оқырман жауап беретін сұрақтар» әдісі
ҚБ. «Мадақтау» Үй тапсырмасын қорытындылап ,жаңа сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты және бағалау критерийлері хабарланады. |
«Қазақ тілі» оқулығы «Атамұра» баспасы,2020,Дәулетбекова Ж, Рай Қ,Юсуп П,Сарыбаева А.
қима қағаздар: Семей ядролық полигоны
|
||||||||||
|
Сабақ-тың ортасы 30 мин |
5мин
10 мин
3мин
3мин
3 мин
3мин
3мин
|
Оқулықпен жұмыс.1-тапсырма. «Экология» кітабынан алынған мәтінмен жұмыс. Қазақстанда ядролық қаруларды сынау кең көлемде жүргізіледі.Полигондардың ішінде Семей өңірі –ең көп зардап шеккен аймақ.Мұнда атом қаруын сынаудың ғылыми орталығы орналасқан..... 1.Атом қаруын сынаудың ғылыми орталығы қай қалада орналасқан? 2.Хиросомаға қай жылы атом бомбасы тасталды? 3.Ядролық жарылыстар халыққа қай жылдан бастап ескертіле бастады? ҚБ. «Бас бармақ» ТЖ. «Әңгімеге негізделген жазу» әдісі «Полигон» тобы: Мәтіндегі негізгі ақпараттарды пайдалана конспекті жазады «Экология»тобы: «Табиғатты аялайық» тақырыбында әңгіме өрбітіп, сыни көзқарастарын білдіреді.
« Невада-Семей»
тобы: «Полигон»
тақырыбына оқылым және тыңдалым
материалдары бойынша өз ойын байланыстыра
конспект жазады.
ҚБ. «Екі жұлдыз,бір ұсыныс»
Ж. Оқулықпен жұмыс. 3-тапсырма. Ашық микрофон» әдісі. «Ұстаздар мен тұстастар» туралы сыр мәтіні бойынша ауызша мазмұндау жүргізіледі. ҚБ. «Жағымды сөздер»
ЖЖ. «Ізден,тап» әдісі Мәтінде сыни пікірді білдіруші талданып отырған жұмыстың қандай артықшылықтары мен кемшіліктерін атап көрсеткен?
ҚБ. «Қол соғу»
Есте сақта!
Ж .Дәптермен жұмыс. 4-тапсырма. Ескелді би сөзіндегі метафораларды тауып жазады. ҚБ. «Басбармақ»
Керібайланыс: «Білу керек!» әдісі. Әр топ сабақ барысында меңгерілген ақпараттарды пайдалана отырып, «Білу керек» ұранымен үнпарақ жазады. ҚБ. «Мадақтама» |
Оқулық 26-27 -бет
Кесте
|
||||||||||
|
Сабақ- соңы 5 мин |
3 мин
2 мин |
Рефлексия. «Менің сөзім» әдісі Оқушылардың сабақта алған білім,білігін бағалау.Бірінші оқушының айтқанын келесі оқушы жалғастырып,сабаққа рефлексия жасайды. ҚБ. «Алғыс айту»
Үйге тапсырма «Табиғатты аялайық!» тақырыбында экологиялық проблемаларды қоса сыни тұрғыда эссе жазады. Зерттеу жұмысы: Ядролық қарудың жойылуына үлес қосқан қоғам қайраткерлерінің еңбектерін зерттейді.
|
|
||||||||||
|
Қосымша мәлімет
|
|||||||||||||
|
Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?
|
Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
– Денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. |
|||||||||||
|
Саралау- сабақ үдерісінің бір бөлігі. Сабақтың өн бойында саралап оқытуда әрбір оқушының жеке қажеттілігіне сай әдіс- тәсілдерді қолданамын. Әр оқушы өз деңгейінде жауап береді.Үй тапсырмасын пысықтау мақсатында «Оқырман жауап беретін сұрақтар» әдісі арқылы жауап беріледі. Оқушылардың оқу үдерісін ұйымдастыру мақсатында саралауға бағытталған тапсырмаларды «Әңгімеге негізделген жазу» әдісімен орындалады. Қабілеті жоғары оқушылар 4- тапсырма бойынша мәтіндегі метафораларды тауып жазады. Зерттеу дағдыларын дамыту мақсатында үй тапсырмасына қосымша ядролық қарудың жойылуына үлес қосқан қоғам қайраткерлердің еңбектерін зерттеу жұмысы беріледі. Оқушылармен белсенді оқу әрекетін жүргізу үшін сараланған тапсырмалар орындау барысында қолдау көрсетіледі. |
Оқушылардың сабақ барысында
уәждерін туындатып, қолдау көрсету мақсатында бірлескен
топтық,жұптық ,жеке жұмыстар орындау барысында қалыптастырушы
бағалау жүргізіледі.Үй тапсырмасын
сұрауда-«Мадақтау» арқылы;Топтық
жұмыста-«Екі
жұлдыз,бір ұсыныс»;Жұптық
жұмыста- «Қол
соғу»;Жеке
жұмыста-«Жағымды
сөздер»әдістері арқылы
бағаланады.Белсенді және саралап оқыту әдісі бойынша орындалатын
тапсырмалар | ||||||||||||




Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген