Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 17 материал табылды

Ашық сабақ Сен күртеше киесің бе? 2 класс

Материал туралы қысқаша түсінік
Әріптестеріме керегі болар . Бір қажетіне жаратар деген оймен жариялап отырмын. Жаңартылған білім беру көп ізденісті қажет етеді. Сондықтан, бәріңізге сәттілік!
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары


Бекітемін: Нугуманов Е.


Сабақ: қазақ тілі

Мектеп: Ақтөбе қаласы № 56 ЖОББМ

Тақырыбы:

Сен күртеше киесің бе?

Күні: 23.01.2019 жыл

Мұғалімі: Колганатова Рзагул Достановна

СЫНЫП: 2 «Г»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабаққа негізделген оқу мақсаттары:

2.5.1.5 мұғалімнің қолдауымен үлгі бойынша жай сөйлемдегі сөз тіркестерінің байланысын түсіну және сақтау

2.5.1.2 мұғалімнің қолдауымен шағын мәтіндегі көптік/ тәуелдік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: Суреттегі киім кешектердің атын атай алады. Көптік жалғауын жалғап айтады,

Оқушылардың басым бөлігі: Үлгі бойынша тақырыпқа қатысты сөздер арқылы сөз тіркестерін құрастырып, байланысын сақтайды.Сөз және шағын сөйлемде көптік, жіктік, тәуелдік жалғауын қолдана алады.

Кейбір оқушылар: Жай сөйлемдегі сөз тіркестерінің байланысын түсініп, сақтайды. Мұғалімнің қолдауымен шағын мәтіндегі көптік/ тәуелдік /жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдана алады.

Бағалау критерийлері:

Сөз тіркестері мен жай сөйлемдегі байланысты сақтап айтады. Мжәтіндегі аңа киім-кешек атауларын сипаттайды.Оларға көптік , жіктік, тәуелдік жалғауларын дұрыс жалғап айтады.

Тілдік мақсаттар:





Тілдік дағдылар: Сөз тіркестер құрастырады, өз ойларын айтады, жазады, бір-біріне сұрақ қояды, суретті қарап, үлгі бойынша сөйлем құрап жазады; «иә», «жоқ» сөздерін қолданып, диалог құрастырады

Арнайы пәндік лексика мен терминология: мәтін,көптік/ тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздер

Диалог құруға арналған пайдалы тіркестер мен фразалар:

Күн суық па? ауа райы , құлақшын, баскиім, күртеше, жемпір, етік, киемін, пәлте, белдемше.

Талқылауға арналған сұрақтар: «Денсаулық зор байлық» дегенді қалай түсінесің ?

Құндылықтарды дарыту:

Тазалыққа үйрету, дос болуға шақыру, ауызбіршілікке үйрету.

Пәнаралық байланыс

Сурет, орыс тілі, ағылшын тілі,музыка

АКТ қолдану дағдылары

Ноутбук, интерактивті тақта

Алдыңғы оқу/

Бастапқы білім

Қазақша ер баланың және қыз баланың киім атауларын атап, сурет бойынша сәйкестендіреді.Сөздерге көптік, жіктік, тәуелдік жалғауын жалғап айтады. Ішінен ерекше белгіленген сөзді атап, бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбын шығарады.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған уақыт

Ресурстар



Сабақтың

басы:

5 минут






















3 минут


Ұйымдастыру кезеңі ( амандасу, түгелдеу, психологиялық ахуал туғызу)

Шеңбер болып тұрайық,

Алақанды ашайық.

Күннің нұрын алайық,

Таза ауаны жұтайық.

Жүрекке жылу салайық,

Мейірімділік шоғын алайық.

Жиналған жылы шуақты,

Қонақтарға шашайық.

(Қолдарындағы мейірімділік шоқтарының түсі арқылы топқа бөлінеді және топ ережесін балалар өздері айтады)

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс.

Қыстың ерекшелігін айтып беріңдерші? Балалар ,кім қыс туралы тақпақ біледі?

Қандай суық қыс деген,

Қалтырайды құс деген.

Құлақшынды кимесең,

Құлағыңды тістеген.

Қандай қызық қыс деген,

Бәрін шебер істеген.

Бақша бауды, тауды да,

Бояған ақ түспенен.

Қыста жылы жүру үшін тағы қандай киімдер киеміз?

Балалар интерактивті тақтадан көрсетілген киімдерді атау арқылы жауап береді. Сөздердің қазақша , орысша, ағылшынша аудармасын айтады.Осы сөздер ішінде көк түспен жазылған сөз қайсы?

Күртеше деп жауап береді. Бүгінгі сабақ тақырыбы: Сен күртеше киес,ің бе?

Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерін талқылау.

Бүгінгі сабақтан не үйренеміз?

Үйренгендеріңнің дәлелі қандай болады?

- Біз бүгін тақырыпқа қатысты мәтін оқимыз, жаңа сөздермен , киім атауларымен танысамыз, сөз тіркесін құрып, сөздерді байланыстырып сөйлеуге үйренеміз. Шағын мәтіндегі көптік/ тәуелдік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдануды үйренеміз.

Дерек көзі: https://erketai.org/ustazdar-enbegi/




Гүл шоқтары














Интерактивті тақта






Сабақтың ортасы


10 минут
















7 минут







5 минут








5 минут






1-тапсырма:

Тыңдалым. Мәтінді тыңда, оқы. Аудио таспадан мәтінді тыңдайды. «Қалам ортада» әдісі арқылы әр топтан оқушылар оқып шығады.

Мақсаты:

А)мағынаны тану, жаңа сөздерді қайталату

( интерактивті тақтадан жаңа сөздерді оқып қайталату, сөздерді дұрыс айтуға үйрету)

Дискриптор:

  1. Сөздерді қайталайды.

  2. Сөздерді дұрыс айтады.

Карточкамен жұмыс.

1- топ “Күртеше” және «ки» сөзіне жіктік жалғауын жалғап 3 жақта айтады.

2-топ «күртеше» сөзіне тәуелдік жалғау жалғап айтады.

3- топ Баскиім, етік, жемпір, белдемше, күртеше сөздеріне көптік жалғауларын жалғап айтады.

Тапсырма:Мәтінді оқу, сөздерге жіктік , тәуелдік, көптік жалғауларын жалғап айту.

Дискриптор:

1.Сөзерге көптік, тәуелдік, жіктік жалғауларын жалғап айтады.

Жұмыстың түрі: жеке,топтық

Кері байланыс: «Бір сөзбен бағалау»

Оқылым. 2 тапсырма.

«Попкорн» әдісі арқылы оқулықтағы 2 жаттығу

ды орындау.

Мақсаты: Сұрақтарға таратылған суреттер арқылы жауап беру

Әдісі: жинастыру

Жұмыстың түрі: жеке

Дискритор: Сұрақтарға суреттерге жіктік жалғауын жалғау арқылы жауап береді.

«Басбармақ» әдісі арқылы бағалау

Жазылым. 3 –тапсырма.

Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды қойып жаз.

Мақсаты: тақтада оқушы сауатты жазып, алған білімін пайдалана білуге үйрету. Кей сөздердің соңғы дыбысы қосышма жалғанғанда өзгеріске ұшырайтынын айту.

Жұмыстың түрі: жеке

Дискриптор: Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды қойып, жазаалады.

Кері байланыс: «Екі жұлдыз, бір тілек»

4 - тапсырма «Досыма хат» әдісі

Сен күртеше/ жемпір/ етік киесің бе?

Мен күртеше киемін.

Сен белдемше киесің бе?

Мен белдемше киемін.

Ол етік кие ме?

Ол етік киеді.

Сен жемпір киесің бе?

Мен жемпір киемін.

Мақсаты: Сұраққа жауап беру. Диалог құру.

Жұмыс түрі: жұппен

Дискриптор: Досы қойған сұраққа жауап жаза алады.Диалог құра алады.

Кері байланыс: Бірін бірі бағалау

Аудио таспаны қосу, оқулық,

қалам





кеспе қағаздар









А4 парақтары





Суреттер

А4 қағазда


















Бағдаршам 3-түсті


Сабақтың соңы

5 минут

«Кір жаятын жіп» стратегиясы арқылы сабақты қорыту.

Оқушылар берілген киім пішініндегі қағаздарға «Кір жаятын жіп» стратегиясы бойынша, бүгінгі сабақты қорытындылап, өз ойларын жазады

Киімнің суреттері, кір қыстырғыш, жіп.



Үйге тапсырма:

6 -тапсырма диалог құру.




Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы байланыс

Төмен деңгей оқушыларына:

1-т. Интерактивті тақтадан жаңа сөздерді оқып қайталату, сөздерді дұрыс айтуға үйрету Мәтіннен жаңа сөздерді тауып, қайталату.

2-т. Оқулықтағы 2 - тапсырманы ұсыну

Орта деңгей оқушыларына:

1-т. Мәтін бойынша топтық тапсырмалар , көптік, жіктік, тәуелдік жалғауларды жекеше түрде қолдану.

2-т. Тақырып бойынша қосымша ақпарат беру.

Жоғары деңгей оқушыларына:

1-т. Мәтіннен тәуелдік жалғаулы, жіктік жалғаулы сөздерді көшпе түрде талдау.

Керібайланыс: Мәтінді оқып. Мәтін бойынша топтық тапсырманы орындаған оқушылар «Бір сөзбен бағалау» әдісі бойнша бағалаймын.

Керібайланыс:«Попкорн» әдісі бойынша жұмыс орындаған оқушыларды «Бас бармақ» арқылы бағалаймын.

Жауап дұрыс болса бас бармақты жоғары көтереді, қате болса төмен көрсетеді.

Рефлексия: сұрақтарға жауап беріп, өзіне жаңалық ашады.

Бейнелеу өнері -

Түстерді ажыратады, суреттер салады.

Орыс тілі, ағылшын тілі. Сөздердің орысша, қазақша , ағылшынша аудармасын айтады.


Рефлексия Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Оқу мақсаттары шынайы өз дәрежесінде орындалды.

Жаңа тақырып бойынша сөздерді көптік, жіктік, тәуелдік жалғау арқылы байланыстырып айта білді.


Сынып ахуалы мен күткеннен де жоғары болды. Өзім жоспарлаған уақыт ішінде барлық тапсырма орындалды. Тапсырмалар сыныптың ерекшелігіне сай берілді.


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды(оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:Топтастыру страгегиясы бойынша топ басшыларының топқа ықпалы табысты болды.

2:Оқушылар менің таңдаған әдістеріме өте қызығушылықпен қатысып, тапсыманы орндауы сәтті болды.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды(оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:Калыптастырушы бағалау түрлері оқуды жақсартуға ықпалын тигізді.

2:Тыңдалым, оқылым, айтылым дағдыларын сабақта пайдалану оқытуды жақсартты.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?



















«Бекітемін»

56 ЖОББМ – нің мектеп

директорының ғылыми-әдістемелік

ісі жөніндегі орынбасары:

_______ Е.С.Нугуманов










Тақырыбы:

«Сен күртеше киесің бе?»





Класы: 2 «Г»

Пән мұғалімі:Колганатова Р. Д.
















2018-2019 оқу жылы






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.02.2019
924
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12