Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Шеңбер және оның элементтрі"

Материал туралы қысқаша түсінік
материал математика пәнінің мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді

ДОІЖО____________М.З.Дүйсебекова

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 7.4А

Мектеп: №16 жалпы орта мектеп

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Кайкибаева Майра Базарбаевна

Сынып: 7

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Шеңбер, дөңгелек және олардың элементтері мен бөліктері

Осы сабақта қол

жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.1.1.31

нүктелердің геометриялық орнының анықтамасын білу;

7.1.1.28

шеңбер мен дөңгелектің және олардың элементтерінің (центр, радиус, диаметр, хорда) анықтамаларын білу;

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

  • Шеңбер мен дөңгелектің анықтамасын біледі.

  • Шеңбер мен дөңгелектің сызбасын циркульмен сыза алады.

  • Шеңбер мен дөңгелектің элементтерін біледі, сыза алады..

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Шеңбер мен дөңгелектің айырмашылығын біледі.

  • Шеңбер мен дөңгелектің элементтерінің анықтамаларына сүйене отырып, есептер шығарды.

Кейбір оқушылар:

  • Дәлелдеу есептерін өз бетінше шығарады.

  • Шеңбер мен дөңгелектің табиғатта, тұрмыста кездесетінін зерттеп, есеп құрастырады.

Бағалау критерийі

  • Шеңбер мен дөңгелекті анықтамасын біледі.

  • Шеңбер мен оның элементтерін сыза алады.

  • Шеңбер мен дөңгелектің айырмашылығын түсінеді.

  • Шеңбер мен дөңгелектің белгісіз элементтерін таба алады.

  • Дәлелдеу есептерін өз бетінше зерттеп, шығара алады.

Тілдік мақсаттар

Шеңбер мен дөңгелектің анықтамасын айтады, ажырата алады, элементтерін біледі.

Пәндік лексика және терминология:

  • Шеңбер, дөңгелек;

  • Центр, радиус, диаметр, хорда;

Диалогқа / жазылымға қажетті тіркестер:

  • Жазықтықтың берілген нүктесінен бірдей қашықтықта орналасқан нүктелер жиынын...........деп атайды.

  • Жазықтықтың шеңбермен шектелген бөлігін ...... деп атайды.

  • Берілген нүктені шеңбердің....... деп атайды.

  • Шеңбердің кез келген нүктесінен оның центріне дейінгі қашықтықты.... деп атайды.

  • Шеңбердің екі нүктесін қосатын кесінді.... деп аталады.

  • Центрі арқылы өтетеін хорданы..... деп атайды.

Құндылықтарға баулу

Қоғамымыздағы Ұлттық Бірлік, Бейбітшілік пен келісім

Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, ашықтық ұстанымын қалыптастыру.

Пəнаралық байланыс

Көркемөнер, сызу

Алдыңғы білім

Шеңбер және дөңгелек, циркульдің көмегімен шеңберді салу; Кесінді, нүкте, түзу, бұрыш ұғымдарын білу

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

.


Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут














2 минут





3 минут

1.Ұйымдастыру:

-оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру;

- сабақ мақсатымен таныстыру.

Жағымды атмосфера қалыптастыру: оқушылардың қолдарына түрлі- түсті ленталар беріп, шеңберге шақырып, сәлемдесіп болған соң, жанында тұрған көршісіне "Мен бақыттымын...."сөзін жалғастырады.

Мысалы: Мен бақыттымын!, себебі Қазақстанда тұрамын,...

Топқа бөлу

Оқушылар қолдарындағы ленталардың түстеріне қарай, топтарға бөлініп отырады.

1-топ "Шеңбер"

2-топ "Дөңгелек"

3-топ "Диаметр"

2.Үй тапсырмасын тексеру:

Үй жұмысын дәптерді алмасу арқылы интерактивті тақтадағы дұрыс жауабымен жанындағы оқушы тексереді.

(Бағалау парағына белгілейді)

3. «Cұрақтар банкасы» әдісі (әр топ жауап берген сұрағын өз тобының банкасына салады)

  1. Кесінді дегеніміз не ?

  2. Центр дегеніміз не?

  3. Бұрыш дегеніміз не?

4. Нүктені қалай белгілейді?

5. Кесіндіні қалай белгілейді?

Бағалау критерийі

Дескриптор


1.Нүкте мен кесіндіні белгілеуді біледі.

2.Кесіндінің анықтамасын айтады.

3.Бұрыштың анықтамасын айтады.

1.Нүкте мен кесіндіні салады, әріптермен белгілейді.

2.Шеңбердң салып центрін белгілейді.

3.Бұрыш сызады,

Қалыптастырушы бағалау:

Сұрақтарға дұрыс әрі жылдам жауап берген оқушыларға смайликтер беріп, марапаттап отырамын.

Слайд -1




Ленталар








Слайд-







Банкалар



















Смайлик

Сабақтың ортасы

2 минут







4 минут







































4 минут







































3 минут

























5 минут





























5 минут



















































4 минут

















4.Тақырыпты ашу

«Құпия зат» әдісі:

Оқушыларға қағазға оралған затты (циркуль мен шаңырақты)көрсетемін.Олардан оның не екенін жəне сабақпен қалай байланысқанын анықтауды сұраймын. Бұл әдіс арқылы оқушылардың сабақ тақырыбы туралы ойларын бір жерге жұмылдыруға, сын тұрғысынан ойлануына қол жеткіземін.

Тақырыптың мазмұнын ашу мақсатында Bilimland.kz ресурсындағы шеңбер және дөңгелек, олардың элементтері жайлы бейне баяндағы түсіндірілімді қолдананмын.

А нықтама. Берілген нүктеден бірдей қашықтықта жатқан нүктелерден тұратын геометриялық фигура шеңбер деп аталады. Берілген нүктені шеңбердің центрі деп атайды. Шеңбердің кез келген нүктесін оның центрімен қосатын кесінді радиус деп аталады.

О нүктесі – шеңбердің центрі, АО – радиусы.

Белгіленуі: R немесе r.

(O, R) – центрі О нүктесі болатын, радиусы R-ге тең шеңбер.

Шеңбердің екі нүктесін қосатын кесінді хорда деп аталады. Шеңбердің центрі арқылы өтетін хорданы диаметр деп атайды. Диаметр – ең үлкен хорда. Шеңбердің центрі диаметрдің ортасында жатады.

CShape1 D, AB, EF – хордалар,

AShape3 Shape2 B – диаметр, AB=2R.

Дөңгелек –жазықтықтың

шеңбермен шектелген бөлігі.

Geogebra бағдардамасының

көмегімен шеңбер сызуды көрсетемін.

5.Сергіту сәті:

«Білім шеңбері»

Оқушылар шаттық шеңберін жасап тұрады. Қолдарына түрлі-түсті ленталар берілген.

-Балалар, біз қандай геометриялық фигураға ұқсап тұрмыз?

- Шеңбер.

Мұғалім центрде тұрып оң жағындағы және сол жағындағы екі оқушының лентасын ұстап тұрады.

- Оқушылар бізде не пайда болды?

-Диаметр.

-Мұғалім бір оқушының лентасын ұстап тұрады.

- Енді радиус пайда болды.

Центрдегі мұғалім барлық оқушының қолдарындағы ленталарды ұстап шаңырақ құрады. «Көп ұлтты Қазақстан халқы бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүріп келеді» деген ұстанымды жүзеге асырамыз.

Центрде тұрып, ленталардың көмегімен шеңбердің элементтері туралы жалпы мағлұмат беремін.

Ой түрткі сұрақтары қойылады.

Бұл жаттығуды жүргізу арқылы халқымыздың тарихи, мәдени құндылықтарын сабақ мақсатымен байланыстырамын.

Бұл әдіс арқылы оқушылардың тыңдалым, айтылым және көрсетілім дағдылары қалыптасады.Үлгерімі төмен оқушыларға да түсініктірек болады.

"Маған айтып берсең- ұмытып қаламын,

Көрсетсең- есімде сақтаймын,

Жасатсаң -үйренемін!" (Конфуций)

6.«Ойлан- Жұптас- Бөліс» әдісі

  1. Ойлан. Жеке практикалық жұмыс.

А) Радиусы 2см, 4 см және 3,5см болатын шеңберлер сызыңдар.

2. Жұптас. Жұптасып, бір-біріне түсіндіреді.

Ә) Сызған шеңберлерінің радиусы бойынша диаметрін табыңдар: R=2cм, R=4cм, R= 3.5cм

3. Бөліс. Есептің жауабы тексеріледі.

Бағалау критерийі

Дескриптор


1.Радиустары бойынша шеңберлер сызады ;

2.Радиусы бойынша диаметрін табады

1.Шеңбердің центрін белгілейді;

2.Циркуль мен сызғыштың көмегімен радиусты өлшейді;

3.Шеңбер сызады,

4.Диаметр табу формуласын біледі;

5.Формуланы қолданып, берілген радиус бойынша диаметр табады.

Қалыптастырушы бағалау: Тапсырмаларды дұрыс әрі жылдам орындаған оқушыға смайлик беріп, марапаттап отырамын.

7.Оқулықпен жұмыс (Деңгейлік тапсырмалар )

15 Радиусы 3 см болатын шеңбердің диаметрін табыңдар.

16 Шеңбердің радиусы диаметрден 15мм кіші, диаметрін тап.

4,1 Шеңбердің радиусы 2,5см-ге тең. Шеңбердің хордасы 6см –ге тең болуы мүмкін бе?

Бағалау критерийі

Дескриптор


1.Шеңбердің диаметрін радиус бойынша табады.

2.Салыстыру жұмыстарын жүргізе алады.

3.Сыни тұрғыдан ойланып, сұраққа дәлелмен жауап береді.

1.Диаметр формуласын біледі;

2.Радиус бойынша диаметр табады;

3.Хорданың анықтамасын біледі;

4.Радиус пен хорданы салыстыра алады.

Қалыптастырушы бағалау:

Деңгейлік тапсырмаларды орындау барысына қарай өзін – өзі бағалау және мұғалімнің бағалауы. (Жарайсың, өте жақсы, кереметсің!)

8.Саралау тапсырмалар. Bilimland.kz ресурсындағы 3- жаттығуды беремін.

Әрбір дөңгелектің диаметрі мен радиусын табыңыз. Өлшем бірліктеріне назар аударуды ұмытпаңыз!

Shape4

Shape5

3-жаттығу

Shape6

ДShape11 Shape8 Shape7 Shape10 Shape9 өңгелек 1: диаметр:   см радиусы:   см

Дөңгелек 2: диаметр: 
 мм радиусы:    мм

Дөңгелек 3: диаметр: 
 см радиусы:   см


Shape13 Shape12 Дөңгелек 4: диаметр:  
см радиусы:   см


Бағалау критерийі

Дескриптор


1.1-ші Дөңгелектің диаметрін, радиус табады.

2.2-ші Дөңгелектің диаметрін, радиус табады

3.3-ші Дөңгелектің диаметрін, радиус табады

4.4-ші Дөңгелектің диаметрін, радиус табады

1.Диаметр формуласын біледі;

2.Радиус бойынша диаметрді табады;

3.Диаметрі бойынша радиусты табады;

Қалыптастырушы бағалау:

Тапсырмаларды дұрыс әрі жылдам орындаған оқушыға смайлик беріп, марапаттап отырамын.

9.Топтық жұмыс.

Әр топқа жеке жұмыс беріледі.

1-топ: «Айырмашылығы неде?» әдісі

2- топ: «Шеңберге қатысты 10 сөзді ата» әдісі

3-топ: «Артығын алып таста» әдісі

Бағалау критерийі

Дескриптор


1.Тақырыпқа қатысты терминдерді біледі, сауатты оқиды, жазады;

2.Сыни тұрғыда ойланып, салыстырады және айырмашылығын біледі.

1.Шеңбер мен дөңгелектің анықтамаларын біледі;

2.Радиус, диаметр, хорда анықтамаларын біледі;

3.Анықтамаларды есептер шығаруда пайдаланады.

Қалыптастырушы бағалау

Топтар бірін-бірі «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.

Слайд - 3,5









https://bilimland.kz/kk/courses/math-kz/geometriya/planimetriya/shengber/lesson/shengber-zhane-onyng-ehlementteri












Циркуль, сызғыш



































Шеңбер, дөңгелек сызбалары





















Оқулық



Смайлик

























https://bilimland.kz/kk/courses/math-kz/geometriya/planimetriya/shengber/lesson/shengber-zhane-onyng-ehlementteri































Смайлик











Сабақтың соңы


3 минут






















































2 минут

10.Бекіту. Ауызша тест. «Иә» және «Жоқ».10 сұрақ.

«Иә»-жасыл белгі, оң қол. «Жоқ» - қызыл белгі, сол қолды көтеру

сұрақ

дұрыс жауап

1

Жазықтықтың берілген нүктесінен бірдей қашықтықта орналасқан нүктелер жиынын шеңбер болады

иә

2

Жазықтықтың шеңбермен шектелген бөлігін дөңгелек болады

иә

3

Шеңбердің ішкі бұрышы 1800 -қа тең

жоқ

4

Шеңбердің кез келген нүктесінен оның центріне дейінгі қашықтық радиус болады

иә

5

Шеңбердің ішіндегі кез-келген нүкте шеңбердің центрі болады

жоқ

6

Радиус екі еселенген диаметрге тең

жоқ

7

Шеңбердің екі нүктесін қосатын кесінді хорда болады

иә

8

Қазақтың ұлттық тиыны шеңбер болады

жоқ

9

Диаметр екі еселенген радиусқа тең

иә

10

Центрі арқылы өтетеін хорданы диаметр деп атайды

иә


Бағалау критерийі

Дескриптор


1.Шеңбер мен дөңгелектің, олардың элементтерінің анықтамаларын біледі

1.Ережелерді қайта еске түсіріп, ажырата алады.

2.Сыни тұрғыдан ойлана отырып, анықтамаларды дқрыс анықтайды

Қалыптастырушы бағалау

Бірін-бірі бағалау арқылы «Бүгінгі сабақтың жұлдызын» анықтау. «Отшашу» арқылы қошемет көрсету

11.Бағалау парағын толтыру. Рефексия

Үйге тапсырма беру:

«Шеңбер мен дөңгелек тұрмыста және техникада» тақырыбына ізденіп келу.

Интерактивті тақта.



Жасыл, қызыл белгілер таяқшасы



Смайликтер











































Саралау – Сіз қандай тəсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз

оқушылардың

материалды игеру

деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық жəне қауіпсіздік техникасын

сақтау

Оқушыларға жаңа тақырыпты терең түсіну мақсатында "Білім шеңбері", "Ойлан-Жұптас-Бөліс", "Айырмашылығы неде?" әдістері арқылы жеке, жұптық, шағын топпен берілген материалды бірнеше қайтара талқылау жұмыстарын ұйымдастырамын.

Ерекше көңіл бөлуді қажет ететін оқушыларды үнемі өз пікірін білдіру үшін сұрақ – жауапқа қатыстырып отырамын.

Оқулықпен жұмыс орындау кезінде қабілеті жоғары оқушыларды ерекше көңіл бөлуді қажет ететін оқушыларға жетекші етіп бекітемін.

Дескрипторлар бойынша бағалау жұмыстарын жүргіземін.

-Сабақта оқушылардың көңіл-күйі көтеріңкі болуы үшін «бас бармақ» әдісін және смайликтер беріп қолдап отырамын.

Сабақ соңында «От шашу» әдісін қолданамын. ....

  • Сабақтың басында оқушылардың зейінін сабаққа аудару, көңіл күйін, өзіне деген сенімділігін көтеру үшін топқа бөлу барысында оқушыларға психологиялық сипаттама беріп өтемін.

  • GeoGebra бағдарламасының көмегімен шеңбер салуда қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертемін.

  • "Білім шеңбері", "Ойлан-Жұптас-Бөліс" әдістерімен топтық жұмыстар жасаған кезде құндылықтарды дәріптеп отырамын.

Қосымша ақпарат

Қорытындылау

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз.Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Сабақ барысында өзгертулер енгіздіңіз бе?

2.Жүргізген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?



Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?

1.

2.

























«Шеңбер, дөңгелек және олардың элементтері» сабағына арналған бағалау парағы.

7-сынып оқушысы ......................................................................

(фамилиясы, аты)

Рефлексия: Берірген суреттердің ішінен сабақтың басындағы өз көңіл-күйіңді көрсететін суретті белгіле.

Shape14 Shape17 Shape16 Shape15

Менің көңіл-күйім жақсы, сабаққа дайынмын.

Менің көңіл-күйім

онша емес.

Мен қобалжып отырмын.




Сабақтың тапсырмалары: Жауап берген сұраққа белгіше қою

1. Үй тапсырмасы.............


2. Өткенді қайталау. "Сұрақтар банкасы"

1) 2) 3) 4) 5)


3."Ойлан-Жұптас-Бөліс" әдісі практикалық жұмыс.

Есеп шығардың ба? ........ Неше есеп? .......


4. Оқулықпен жұмыс

Есеп шығардың ба? ........ Неше есеп? .......


5. Саралау тапсырмалары Bilimland.kz есептері

Есеп шығардың ба? ........ Неше есеп? .......


6. Топтық жұмыс

Топпен белсене жұмыс жасадың ба? ..................................................

Ия

Жоқ

7. Ауызша тест

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10











Shape18

Ауызша сұрақтарға Жауап бердің бе? ........ Неше рет? .......

8.Үйге тапсырма: «Шеңбер мен дөңгелек тұрмыста және техникада» тақырыбына ізденіп келу.

Рефлексия: Берірген суреттердің ішінен сабақтың соңындағы өз көңіл-күйіңді көрсететін суретті белгіле.

Shape21 Shape20 Shape22

Менің көңіл-күйім

онша емес.

Мен кейбір тапсырмаларды түсінбедім.


Менің көңіл-күйім жақсы, бәрін түсіндім.





Сабаққа өзіңе қандай баға қояр едің? .........


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.11.2018
889
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12