400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 22 материал табылды

Ашық сабақ. Шерхан Мұртаза. "Бесеудің хаты" 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал колледж оқытушыларына арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы





«МАҢҒЫСТАУ ТУРИЗМ КОЛЛЕДЖІ» мкқк












«БЕКІТЕМІН»
Басшының оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары

____________А.Ж.Бекбаева

«___» ___________2023ж.




Сабақ жоспары


Тақырыбы: Ш. Мұртаза. «Бесеудің хаты» драмасы

Өткізген: Қаңлыбаева С.Е.
















Ақтау – 2023





Маңғыстау туризм колледжі МКҚКК

(Әлеуметтік-экономикалық бағыт)

ОҚУ САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ

Сабақтың тақырыбы

Ш. Мұртаза. «Бесеудің хаты» драмасы

Модуль/пән атауы

IV тарау Тарих тағылымы. Қазақ әдебиеті

Педагог

Қаңлыбаева Салтанат Ерғалиқызы

Күні

24.11.2023 ж.

Жалпы мәліметтер

І курс; АСР-23-1 тобы (Аспаз ісі) Жаратылыстану-математика бағыты

Сабақтың түрі

аралас

Қажетті ресурстар

Қазақ әдебиеті 10-сынып оқулығы/ Р.Зайкенова, Л.Н. Нұрланова/ -Нұр-Сұлтан: «Арман-ПВ» баспасы, 2019. – 128 бет.

Мозайка, плакат, флипчарт, стикерлер, слайд, үлестірме қағаздары

Оқыту нәтижелері

1.Әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы идеялық мазмұнын түсіндіру;

2. Әдеби шығарманың жанрлық табиғатын ажырату;

3. Көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау;

Бағалау критерийі

1.Әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы идеялық мазмұнын түсіндіреді;

2. Әдеби шығарманың жанрлық табиғатын ажыртады;

3. Көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралайды;

ЕББҚ оқушы (3-топ )

Құрдастарымен және мұғалімдерімен қарым-қатынастың қиындықтарына әкелетін (агрессивті) білім алушы.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгейлер (талдау, жинақтау, бағалау)

Сабақ барысы



Сабақтың басы

10 -20 минут

Студенттерді түгендеп, назарын сабаққа аудару.

«Мозайка» әдісі арқылы студенттерді 3 топқа бөлу

1-топ : «Сталин»

2-топ: «Тұрар Рысқұлов»

3-топ: « Ғабит Мүсірепов»

Жағымды психологиялық ахуал орнату.

Бір-бірімізді тыңдаймыз десек,

1 рет қол шапалақтаймыз!

Ұйымшыл боламыз десек,

2 рет шапалақтаймыз!

Белсенділік танытамыз десек,

3 рет шапалақтаймыз!

Сабақтың ортасы




40-50 минут











«Wordwall» платформасы арқылы үй тапсырмасын пысықтаймын. Сандарды таңдау арқылы ұяшықтағы сұрақтарға жауап беріледі.

Ұяшықтағы сұрақтар:

1. Қазақстанда ұжымдастыру саясаты қалай жүзеге асты?

2. Қазақ халқы ашаршылыққа қалай ұшырады?

3. Голощекин кім? Ол туралы не білесің?

4. Ш.Мұртазаның «Қызыл Жебе» романы кім туралы?

5. Ш.Мұртаза қайда дүниеге келген?

6. Драманың маңыздылығы неде деп ойлайсың?

7. Драма дегеніміз не?

8. «Бесеудің хаты» неге Сталинге жетпеді?

9. Шығарма неліктен «Бесеудің хаты» деп аталған?

10. Голощекин қазақтарды қалай сипаттайды?

11. Голощекинге ұнайтын қазақтарды атаңыз?

Ой қозғау.

«Ұлт», «Адалдық», «Намыс» тірек сөздерін шығарма идеяларымен байланыстырып ойларын айтады.


Жаңа сабақ.

Тақырыпқа байланысты бейнематериал көрсетіледі. (https://youtu.be/MO2Z_NNOuIg?si=LaPlpdPSovg_NzP8)

Студенттердің пікірлері сұралады.

Топтық жұмыс. 1- тапсырма. (тапсырманы үлестірме қағазына орындайды)

1-топ: «Сталин» тобы. Шығармаға сатылай кешенді талдау жасаңыз.

Авторы:

Тақырыбы:

Әдеби жанр:

Эпикалық жанр түрі:

Негізгі идеясы:


2-топ: «Тұрар Рысқұлов» тобы

Шығарманың композициялық құрылысын талдаңыз.

1.Шығарманың басталуы:

2.Шығарманың дамуы:

3.Шығарманың байланысуы: 

4. Шығарманың шиеленісуі:.

5.Шарықтау шегі:

6.Шығарманың шешімі:


3-топ: « Ғабит Мүсірепов» тобы

Шығармадағы әдеби теориялық ұғымдар мен қолданылған көркемдеуіш құралдарды табыңыз.

Ирония:

Теңеу:

Құбылту:

Дисфемизм:

Метафора:

ЕББҚ білім алушы топпен жұмыс жасайды.


Жұптық жұмыс. 2-тапсырма. Оқулықпен жұмыс. Дәптерге орындаңыз.

Шығармадағы өзіңізге ұнаған кейіпкерлерге талдау жасаңыз, іс-әркетіне баға беріңіз.


Кейіпкер

Қызметі

Шығармадағы әрекеті




Қорытынды


ЕББҚ білім алушы жұппен жұмыс жасайды.


Жеке жұмыс. 3-тапсырма

«Құнды пікір» әдісі арқылы шығарманың тарихи шындығы туралы өз ойларын айтады.

Сабақтың соңы



20-30 минут


4-тапсырма (Сабақты бекіту)

«ПОПС формуласы» әдісі арқылы аргументативті эссе жазу (100 сөз)

Тақырыбы: «Шығарма эпилогінің «ана» дүниедегі» Рысқұлов пен Мүсіреповтің диалогімен басталуында қандай мән бар?

Үйге тапсырма: Өзіңізге ұнаған драма кейіпкеріне хат жазыңыз.

Кері байланыс.

«Аяқталмаған сөйлем» тәсілі арқылы «Оқытушыға жеделхат» тақтасына білім алушылар стикер жапсыру арқылы орындалады.

Білім алушылар өздеріне жақын сөйлемді таңдап, айтылған ойды жалғастырады:

  • Бүгінгі сабақта мен... түсіндім, ...білдім, ...көзімді жеткіздім.

  • Бүгінгі сабақта қуантқаны...

  • Мен өзімді... үшін мақтар едім.

  • Маған ерекше ұнағаны...

  • Сабақтан соң маған... келді.

  • Бүгін маған.... сәті түсті.

  • Қызықты болғаны ....

  • ...... қиындық тудырды.

  • Менің түсінгенім....

  • Енді мен.... аламын.

Бағалау

(100 баллдық жүйе бойынша)







Қосымша ресурс:

1-тапсырма. «Бесеудің хаты» драмасына арналған 5 жолды өлең құрастырыңыз.

1. Кім? Зат есім 1 сөз.

2. Қандай? Сын есім 2 сөз.

3. Не істеді? Етістік 3 сөз.

4. Сөйлем 4 сөз.

5. Синоним 1-2 сөз. 



2-тапсырма. Ф. Оңғарсынова Ш. Мұртазаны неліктен Қызыл жебеге теңейді?

Өз ойыңызды дәлелдеп шағын мақала жазыңыз

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
22 ұстаз жүктеп алған
16.05.2024
598
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі