400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Шерхан Мұртазаның өмірі мен шығармашылығы" 8 орыс сыныбы

Материал туралы қысқаша түсінік
8 орыс сыныптарынды беретін қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған сабақ жоспары.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Шығыс Қазақстан облысы

Семей қаласының білім бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің

«№12 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі





Ашық сабақ.

Тақырыбы: Шерхан Мұртазаның өмірі мен шығармашылығы













2017 оқу жылы


29.04.2017

Сынып: 7 «В»

Сабақтың тақырыбы: Шерхан Мұртазаның өмірі мен шығармашылығы.


Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ақынның өмірі мен шығармашылығын таныстыру.

білімділігі - Ш. Мұртазаның өмірі, шығармашылығы туралы тереңірек түсінік беру.
дамытушылығы – қазақ халқының ашаршылық жылдарындағы қайғылы кезеңдері мен тарихи бастан кешкен қасіретін таныту, оқушылардың өз бетімен ізденіп оқу, шығармашылық дағдыларын қалыптастыру.
тәрбиелік– ел тарихымен таныстыра отырып, оқушыларды елін, жерін, халқын сүюге тәрбиелеу. Отаншылдық, ұлтжандылық қасиеттерін қалыптастыру.
Пәнаралық байланыс: тарих.
Көрнекілігі: Слайд, кеспе қағаздар, жетондар, steeple кестесі ,кітапшалар, интернет желілерінен алынған қосымша мағлұматтар.

Сабақтың жүрісі:

І. Ұйымдастыру.
а). Оқушыларды түгендеу, зейіндерін сабаққа аудару.
Сыныптағы оқушыларды үш топқа бөлу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Біз өткен сабағымызда әр топқа жеке жеке тапсырма берген болатынбыз соны тыңдаймыз әр топ шығып өз үй тапсырмаларын орындайды

Ал енді сабағымызды бастамас бұрын кішкене бейнесюжет

көріп алайық

«Бейнесюжет көру»


І «Ой қозғау»
Видео бойынша өз ойларын әңгімелеп береді.

ІІ. Жаңа сабақ.
Оқушылар, енді барлығымыз тақтаға қарайық.

Шерхан Мұртазаның суреті
Оқушылар, біздің халық жазушымыз, драматург, журналист, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Шерхан Мұртаза.
Дәптерлеріне күннің жады мен тақырып атын жаздыру. Жаңа сабақты түсіндіру. Шерхан Мұртазаның өмірін, шығармашылығын (Хронологиялық кесте арқылы) әңгімелеу.

ІІІ.Сөздікпен жұмыс.

ІV. Сергіту сәті.
V.«Steeple кестесіне салып талдау»

Әр топ Шерхан Мұртазаның өмірі мен шығармашылығы түралы жазылған мәтінді оқып, кестеге салып талдайды.

ІV. Үй тапсырмасы.
а). Шерхан Мұртазаның өмірі туралы оқу.
ә). Ш. Мұртаза туралы деректер, мағлұматтар іздеп келу.

VІ. Қорытынды. Шерхан Мұртазаның шығармашылығының тақырыптары қандай?
Сендер осы тақырыптан қандай мағлұмат алдыңдар?
VIІ. Оқушыларды бағалау.




























Шерхан Мұртаза (1932жылЖылдар ---- Мазмұны
1932 ж Дүниеге келді.
1937 ж Әкесі Мұртаза сталиндік репрессияның құрбаны болды.
1941 ж Талапты мектебінің табалдырығын аттады.
1950 ж Жамбылда интернат үйінде жүріп, Жамбыл атындағы қазақ орта мектебін бітіреді.
1955 ж Мәскеудің мемлекеттік Ломоносов атындағы университетінде журналистика факультетін бітіреді.
1955 - 1956 жж Қазақ мемлекет көркем әдебиет баспасында.
1956 - 1960 жж “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас алаш”)
1960 - 1963 жж “Социалистік Қазақстан” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) газеттерінде тілші, әдеби қызметкер, редактор.
1970 - 1972 жж “Жазушы” баспасы жанындағы Балалар мен жастар әдебиеті бас редакциясының және “Жалын” альманахының бас редакторы.
1972 - 1975 жж “Жұлдыз” журналының бас редакторы.
1975 - 1980 жж Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 2 - хатшысы.
1980 - 1989 жж “Қазақ әдебиеті” газетінің бас редакторы.
1989 - 1992 жж “Егемен Қазақстан” газетінің бас редакторы.
1992 - 1994 жж “Қазақстан” мемлекет телерадио компаниясының төрағасы қызметтерін атқарды.
1999 ж “Құрмет белгісі”, “Отан” ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталған.

Шығармашылығы
Шерхан Мұртаза шығармашылық жолын студент кезінде Л. Лагиннің “Хоттабыч қарт”, М. Кәрімнің “Біздің үйдің қуанышы” шығармаларын қазақ тіліне аударумен бастады. Ал тұңғыш кітабы — “Құрылысшы Дәку” очерктер жинағы 1958 жылы жарық көрді. Қазіргі замандас бейнесі, соғыс жылдарындағы тылдағы адамдардың қажырлы еңбегін баяндаған “Табылған теңіз” (1963), “Бұлтсыз күнгі найзағай” (1965), “Белгісіз солдаттың баласы” (1967), “Мылтықсыз майдан” (1969), “41 - жылғы келіншек” (1972), “Ахметжанның анты” (1973), т. б. повестер мен “Интернат наны” (1974) атты әңгімелер жинақтары жарияланды. Өндірістің дамуы жөнінде, адам мен қоршаған ортаға қамқорлық туралы маңызды мәселелер көтерген, ғылыми - техникалық төңкеріс жайын сипаттаған “Қара маржан” (1976; ҚР Мемлекет сыйлығы, 1978) романы, мемлекет қайраткері Т. Рысқұловтың өміріне арналған (“Қызыл жебе”, 1, 2 - кіт. 1980; “Жұлдыз көпір”, 3 кіт., 1984) роман - трилогиясы басылды.
Драматургия саласында жазушының “Қызыл жебе” (1987, Қ.Ысқақовпен бірге), “Сталинге хат” (1988), сондай-ақ “Бесеудің хаты” (1989) атты пьесалары қойылды. Ол Г.Х. Андерсеннің әңгімелерін, венгр халық ертегілерін, Ш.Айтматовтың “Ботагөз”, “Қош бол, Гүлсары”, “Теңіз жағалап жүгірген тарғыл төбет” повестерін, “Боранды бекет”, “Жанпида” романдарын қазақ тіліне аударды. Шерхан Мұртаза шығармашылық жұмыстармен қатар Қазақстан Республикасы тәуелсіздігі мен мемлекеттігін нығайту ісіне де белсене араласты. Қазіргі заманның, қоғамдық өмірдің маңызды мәселелерін, ел, жер, тіл мәселелерін көтеретін көптеген мақала-эсселер жазды



.





















Шерхан Мұртаза 1932 жылы 28 қыркүйекте Жамбыл облысы Жуалы ауданы Мыңбұлақ елдімекенінде туған.

1955 жылы М.В.Ломоно­сов атындағы Мәскеу мемлекетпк университетінің жур­налистика факультетін бітірді. Жастық шағында «Лениншіл жас» газетінің тілшісі, «Социалистік Қазақстан» газетінің тілшісі, әдеби қызметкері болып қызмет етті.

1963-1970 жылдар аралығында «Лениншіл жас» газетінің редакторы қызметіне тағайындалды. Одан кейінгі жылдары «Жазушы» баспасының, «Жалын» альманахының, «Жұлдыз» журналының Бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының екінші хатшысы, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы әрі Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы қызметтерін абыроймен атқарды.

1989-1992 жылдар аралығында «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы, 1992-1994 жылдары Қазақстан Республикасы мемлекеттік телерадио компаниясының төрағасы болып қызмет етті.

Қазақстан Pеспубликасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланды.

Жазушының әр жылдары «Табылған теңіз» (1963 жыл), «Белгісіз солдаттың баласы» (1969 жыл), «Ахметжанның анты» (1973 жыл), «Мылтықсыз майдан» (1977 жыл) повестері, «41-жылғы келіншек» (1972 жыл), «Интернат наны» (1974 жыл) әңгімелері, «Қара маржан» (1977 жыл), «Жүрекке әжім түспейді» (1987 жыл), «Не жетпейді?» (1990 жыл), бес кітаптан тұратын «Қызыл жебе», «Ай мен Айша» (1999 жыл) романдары, таңдамалы шығармаларының төрт томдығы (1990-2000 жылдар), алты томдық шығармалар жинағы (2002 жыл), «Соғыстың соңғы жесірі» (2003 жыл), жеті томдық шығармалар жинағы (2005 жыл), «Бойтұмар» (2006 жыл), «Мыңбұлақ» (2007 жыл), «Бір кем дүние» (2008 жыл) кітаптары басылып шығып, оқырмандарға жол тартты.

Жазушының шығармалары КСРО халықтары мен көптеген шетел тілдеріне аударылған.

Шерхан Мұртаза – әлем әдебиетінің классик жазушыларының шығармаларын аударған аудармашы. Г.Х.Андерсеннің әңгімелерін, венгр халық ертегілерін, Ш.Айтматовтың «Ботагөз», «Қош бол, Гулсары», «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет», «Боранды бекет» туындыларын; Мұстай Кәрімнің «Біздің үйдің қуанышы» повесін; Э.Эрскиннің «Марыкчан балалары» романын; Л.Лагиннің «Хоттабыч қарт» повесін қазақ тіліне тәржімалады.

«Қара маржан» романы үшін 1978 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығын иеленді. Ол – Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстанның  Халық  жазушысы.














Сәлеметсіздер ме ? Отырыңдар.

Балалар ең алдымен сабағымызды бастамас бұрын мынадай әуен мұқият тыңдап алайық.

Музыка «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» .

1.Бұл кімнің өлеңі ?

Иә Бұл Жұбан Молдағалиевтың өлеңі.

2. Тағы да қандай өлеңдерін білеміз.Өткен сабағымызда тыңдаған.

Дұрыс.

Енді балалар әр топқа тапсырма берілген болатын.

1 топ Жұбан Молдағалиев кім?

2 топ Мен қазақпын поэмасы

3 топ Мен қазақпын өлеңінен үзінді оқу


Бейнесюжет

«Ой қозғау».

1.Бейнесюжеттен не көрдік?

2.Бұл қай кез?

3.Біздің бүгінгі сабағымызға не қатысы бар?

Иә балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Шерхан Мұртаза оның өмірі мен шығармашылығы. Ал ол кісінің өмірі мен шығармашылығы осы бейнесөжетттегі кезеңмен тұспа тұс келеді.

Сабағымызды бастамас бұрын дәптерлерімізді ашып бүгінгі күнді жазып, тақырыпты жазып кояйық.

Енді қаламдарымызды қойып тыңдаймыз:

Шерхан Мұртаза 1932 жылы 28 қыркүйекте Жамбыл облысы Жуалы ауданы Мыңбұлақ елдімекенінде туған. Төрт жасынан әкесіз қалып өседі.

1937 ж Әкесі Мұртаза сталиндік репрессияның құрбаны болды.
1941 ж Талапты мектебінің табалдырығын аттады.
1950 ж Жамбылда интернат үйінде жүріп, Жамбыл атындағы қазақ орта мектебін бітіреді..


1955 жылы М.В.Ломоно­сов атындағы Мәскеу мемлекетпк университетінің жур­налистика факультетін бітірді. Жастық шағында «Лениншіл жас» газетінің тілшісі, «Социалистік Қазақстан» газетінің тілшісі, әдеби қызметкері болып қызмет етті.

1963-1970 жылдар аралығында «Лениншіл жас» газетінің редакторы қызметіне тағайындалды. Одан кейінгі жылдары «Жазушы» баспасының, «Жалын» альманахының, «Жұлдыз» журналының Бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының екінші хатшысы, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы әрі Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы қызметтерін абыроймен атқарды.

1989-1992 жылдар аралығында «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы, 1992-1994 жылдары Қазақстан Республикасы мемлекеттік телерадио компаниясының төрағасы болып қызмет етті. 1999 ж “Құрмет белгісі”, “Отан” ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталған.

Қазақстан Pеспубликасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланды.


Жазушының әр жылдары «Табылған теңіз» (1963 жыл), «Белгісіз солдаттың баласы» (1969 жыл), «Ахметжанның анты» (1973 жыл), «Мылтықсыз майдан» (1977 жыл) повестері, «41-жылғы келіншек» (1972 жыл), «Интернат наны» (1974 жыл) әңгімелері, «Қара маржан» (1977 жыл), «Жүрекке әжім түспейді» (1987 жыл), «Не жетпейді?» (1990 жыл), бес кітаптан тұратын «Қызыл жебе», «Ай мен Айша» (1999 жыл) романдары, таңдамалы шығармаларының төрт томдығы (1990-2000 жылдар), алты томдық шығармалар жинағы (2002 жыл), «Соғыстың соңғы жесірі» (2003 жыл), жеті томдық шығармалар жинағы (2005 жыл), «Бойтұмар» (2006 жыл), «Мыңбұлақ» (2007 жыл), «Бір кем дүние» (2008 жыл) кітаптары басылып шығып, оқырмандарға жол тартты.

Жазушының шығармалары КСРО халықтары мен көптеген шетел тілдеріне аударылған.

Шерхан Мұртаза – әлем әдебиетінің классик жазушыларының шығармаларын аударған аудармашы. Г.Х.Андерсеннің әңгімелерін, венгр халық ертегілерін, Ш.Айтматовтың «Ботагөз», «Қош бол, Гулсары», «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет», «Боранды бекет» туындыларын; Мұстай Кәрімнің «Біздің үйдің қуанышы» повесін; Э.Эрскиннің «Марыкчан балалары» романын; Л.Лагиннің «Хоттабыч қарт» повесін қазақ тіліне тәржімалады.

Сергіту сәті

Сөздікпен жұмыс

Ш.Мұртазаның өмірі мен шығармашылығына берілген мәтінді Степл кестесіне салып талдау.Оны әр топтан бір немесе екі адам шығып қорғайды.



Шерхан мұртазаның шығармашылығының тақырыптары қандай?

Сендер тақырыптан қандай мағлұмат алдыңдар?

Үй тапсырмасы.

Ш.Мұртаза өмірі мен шығармашылығын оқу.

Қосымша мағлұмат теру

Белсенді оқушыларды бағалау.

ОЛ үй тапсырмасын дайындап келген оқушыларды.

Сабаққа белсенді қатысқандарды.


















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
22 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
10768
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі