Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ: Сиқырлы асық

Материал туралы қысқаша түсінік
балалардың ой өрісін дамытуға,шапашаңдылыққа,тәрбиелейді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Сиқырлы асық»

Білім беру саласы: Таным, Коммуникация, Әлеуметтік орта, Шығармашылық.

Бөлімі:Математика негіздері, Сөйлеуді дамыту, Әлеуметтік орта, Құрастыру.

Тақырыбы: Сиқырлы асық.

Мақсаты:балаларға асықты таныстыра отырып жыл бойы алған білімдерін түрлі тапсырмалар орындау барысында еске түсіру арқылы сандардың қатарын,кеңістікте қоршаған ортаны бағдарлай білу қабілеттерін бекіту, санамақ айтқызу, жабайы және үй жануарлары туралы түсініктерін кеңейту, шығармашылық қабілеттерін ұжыммен жұмыс жасау арқылы дамыту, балаларды өз ойларын еркін жеткізе білуге, ұқыптылыққа, достыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекіліктер: түрлі түсті суреттер, асық.

Әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ-жауап, көрсету,ойын.

Мотиватциялық -қозғаушылық: -Балалар бүгін бізде ерекше күн бізге қонақтар келді, алдымен қонақтармен амандасып алайық.

Сәлеметсіздер ме!

Жылулық шеңбері:

Амандасу үлкенге

Тәрбиенің басы ғой.

Ал кәнекей, бәріміз

«Сәлем» дейік үлкенге.

Сәлеметсіздер ме қонақтар!

Сәлеметсіздер ме балалар!

Ұйымдастырушылық-ізденістік: -Балаларды отырғызып бүгінгі ашық оқу қызыметін бастайық.

-Қазір жылдың қай мезгілі? ( Көктем)

-Көктем мезгілінде неше ай бар?(Үш ай бар: наурыз, сәуір, мамыр)

-Дұрыс айтасыңдар балалар, көктемде күн жылынады табиғат анамыз жанданады, жылы жаққа ұшып кеткен құстар келеді, ағаштар бүршік атады.

-Балалар бүгінгі оқу қызыметінде жыл бойы алған білімімізді көрсетеміз.

Ғажайып сәт: Қоржын.

-Балалар мынау не ? (Сиқырлы қоржын)

-Дұрыс айтасыңдар балалар бұл қоржын.Қоржынның ішінде сиқырлы асықтар бар.Балалар сендер асықтың не екенін білесіңдер ме? Асық – төрт түлік мал мен қоңыр аңдар тілерсегінде болатын, қызметі аса күрделі, буынға біткен шымыр сүйек. Қойешкісиыртүйе асығы үлкен-кішілігіне қарамастан бір пішіндес, мүсіндес келеді. Ал жылқы асығы басқа пішінді болады. неше түрлі асық ойындары ойналады. Ойында асықтың сыртқы пішіндері үлкен рөл атқарады. Қазір бір бала келеді де осы қоржынның ішінен асықты алу керек. Асықта сан белгіленген.Әр асықтың санына қарай тапсырмалары бар.

Бірінші тапсырма: Сақа асық

-Балаларға жұмбақ жасыру.

Жұмбақ

Кезікті бір жануар

Арқасында тауы бар

Мойыны ұзын, көзі үлкен

Бұл не, өзің тауып ал. (Түйе)


Кішкене ғана бойы бар

Айналдырып киген тоны бар. (Қой)

-Түйе, қой қандай жануарлар? Тағы қандай үй жануарлары бар?(Сиыр, жылқы, ешкі).

-Үй жануарлары қайда тіршілік етеді?

-Үй жануарларының адамдарға қандай пайдасы бар?

-Тағы қандай жануарларды білесіңдер? (Жабайы жануарлар)

«Төлін тап» ойыны.

Шарты: үй және жабайы жануарлардың төлін (баласын) табу керек.

Екінші тапсырма: Кеңістікте бағдарла. Алшы асық

-Балалар , мына суретте не көріп тұрсыңдар?(Орман)

- Орманда қандай жануарлар тіршілік етеді?

-Сурет бойынша кеңістікте бағдарлау.

-Қандай ағаштар өсіп тұр?

-Ағаштардың табиғатқа қандай пайдасы бар?

-Ағаштардан не жасайды?

-Жақсы балалар енді кішкене сергіп алайық.

Сергіту сәті:

Жайқалады ағаштар

Алдымнан жел соғады

Кіп-кішкентай ағаштар

Биік болып өседі.

Үшінші тапсырма: Сан және санның қатары. Тәйкі асық

-Балалар, біз нешеге дейін санау білеміз? ( 1- ден 5-ке дейін)

-Жануарларды санаймыз, қатарын табамыз.

-Балалар санамақ білеміз бе?

Төртінші тапсырма:Табиғат туралы не білесің? Бүк асық

-Балалар табиғат деген не?(бізді қоршаған орта)

-Табиғат нешеге бөлінеді? (Жанды және жансыз табиғат)

-Жанда және жансыз табиғатты ажыратамыз.

Бесінші тапсырма:Ұжымдық жұмыс.Шік асық

-Балалар қазір екі топқа бөлінеміз.

Бірінші топ: Жанды табиғатты тауып жапсырадық

Екінші топ: Жансыз табиғатты тауып жапсырып береді.

Рефлексиялық -түзетушілік:

-Балалар бүгін оқу қызыметінде немен таныстық?

-Қандай тапсырмалар орындадық?

-Оқу қызыметі сендерге ұнады ма?

-Жақсы балалар оқу қызыметі аяқталды.

-Оқу қызыметіне жақсы қатысқандықтан біздің қоржынымызда сендерге арналған сыйлық бар.

-Ал енді қонақтармен қоштасайық.
















































Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің

9 «Нұршашу» балабақшасы МКҚК


Келісілді Бекітемін

9 «Нұршашу» №9 «Нұршашу»

балабақша әдіскері балабақша меңгерушісі

_______А.Г.Махметова _______Т.Қ. Гусманова








4 «Ақбота» ересек тобы Ұйымдастырылған қорытынды ашық оқу қызыметі

Тақырыбы: «Сиқырлы асық»






Тәрбиеші:Атабекова І.Д









Нұр-Сұлтан 2021







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.06.2021
2382
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12