жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "Ш.Мұртаза Бала Тұрар" 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ш.Мұртаза. Бала Тұрар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың Т.Рысқұлов туралы білетіндерін жаңа
мағлұматтар мен кеңейте отырып, тарихи әңгімені түсініп
дағдыландыру. Мәтіндегі негізгі ойды анықтау. Автор туралы мәлімет беру.
Дамытушылық: Оқушылард мазмұнын айтуға, ойын еркін жеткізе білуге
төсілдіру. Сөздік қорларын молайту, танымдық ойлау
қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды өз Отанын сүйетін патриот, батыл, өз ісіне
тыңғылықты болуға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Топта жұмыс жасауға, сөздік қорын байытуға үйренеді. Берілген тапсырмаларды нақты орындайды.
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: Топтастыру, джиксо, венн диаграммасы, формативті бағалау, ой-қозғау әдісі, кубизм әдісі
Түйінді идея: Болар бала алысқа қарайды
Сабақтың жұмыс түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың барысы:
Уақыты |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
3-мин
6-мин
2-мин
1-мин
8-мин
10-мин
5-мин
5-мин
2-мин
|
1.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Шаттық шеңбері. Сағат бойынша достар. 1. Қолын қысыңыз 2. Арқасынан қағыңыз 3. Күлімсіреңіз 4. Қол бұлғаңыз 5. Басыңды түйістір 6. Қол ұстасып 3 рет секіріңіз 7. Құшақтаңыз Топқа бөлу.Көктем мезгіліне байланысты. 2.Үй тапсырмасын тексеру Әр топқа кубизм әдісін пайдалану арқылы әр топқа тапсырма берілген. 1.«Кімнің сөзі?» тапсырмасы .“Анау қалың ерінді, торсық шеке кімнің ұлы екен?Өзі де өзгеше,маңғаз екен.Ойынға да араласпайды.Алысқа көз тігеді.Көкірегінде үміт сәулесі бар мына баланы, кім де болса,шақыршы”,-деді 2.-Жанарында ой нұры тұнып тұр екен.Еліңнің үмітін ақтармысың!Шіркін, оқудың соңына түсермісің.Бақытың ашылсын, балам,-деді 3.Еңбек етсең ерінбей, Тояды қарның тіленбей,-деді. 2. Осы мәтіндегі оқиға желісіне байланысты қандай мақал- мәтелдер айтуға болады? Жауқазын тобыАта-балаға сыншы Наурызкөк тобы:Болар бала алысқа қарайды Қызғалдақ тобы:Білімдіге дүние -жарық, Білімсіздің күні-кәріп 3.Үй жұмысын бекіту Мені түсін: Мәтіннің негізгі ойын қандай сөздермен сипаттауға болады? Еңбекқорлық, білім , ғылым 4.Жаңа сабақ Болжам кестесі Аспара, Қызыл жебе,көке -Бұл сөздерді жаңа мәтінді оқу арқылы түсінетін боламыз. Алдымен «Бала Тұрар» мәтінін жазған жазушымен танысайық. Оқулықпен жұмыс Шерхан Мұртазаның өмірбаянын бейнефильмнен көреді, қысқаша айтып кету. Джиксо әдісін қолдану. -Мұғалімнің тақырыпты оқуы Мәтінді үш бөлікке аралап оқушыларға таратылады.
5.Оқулықпен жұмыс Сергіту сәті: Постер қорғау 1.Саған кім көбірек ұнады? 2.Сен мәтіннен қандай ой түйдің? 3.Тұрар мен Атамырзаны салыстыру картасына түсіру 6.Жаңа сабақты бекіту. Ой қозғау Тұрар болашақта қандай тұлға болып қалыптасты деп ойлайсың?
Тұрар жай ғана бала емес, ол Тұрар Рысқұлов. Т.Рысқұлов туралы бейнефильмнен үзінді көру. Кері байланыс: -Бүгін саған қандай тапсырма жеңіл не қиындық келтірді? -Сен үшін не жаңалық болды? -Өзіңді қандай бағамен бағалар едің? Бағалау
Әр оқушыға стикер таратады. |
Оқушылар өз сыныптастарымен осы әрекеттерді орындайды.
Оқушылар таратпа арқылы «Наурызкөк» «Жауқазын», «Қызғалдақ» топтарына бөлінеді.
Әр топтың оқушылары үйге берген тапсырманы тақтаға шығып қорғайды.
Оқушылар сұрақ-жауапқа белсене қатысып жауап береді.
Топтар сұраққа жауап жазады. Мұғалім нұсқауымен парақ алмасып, тақтадағы нұсқамен салыстырады.
Оқушылар тақтадағы сөздерге е қарап қойылған сұраққа жауап береді. Жаңа сабақтың тақырыбын ашады «Бала Тұрар»
Ш.Мұртаза халық жазушысымен бейнефильм арқылы көріп танысады.
Мәтінді іштей оқып мазмұнын еске сақтайды, сұраққа жауап береді.
Әңгімеде Тұрар туралы айтылған сабырлы, ақылды, білімді сұрақтарға нақты жауап береді.
Оқушылар бейнефильмді мұқият қарап танысады. Азия, Евразия, Африка, Америка, Австралия, Антарктида, Россия, Санк-Петербург, Сахалин аралы.
Топтың мүшелері ауызша жауап береді.
Әр оқушы стикер таңдау арқылы өздерін бағалайды. Жасыл түс- өте жақсы Қызыл түс- жақсы Сары түс- нашар |
Б.Сүлейменов атындағы орта мектеп
Ашық сабақ
Сабақ тақырыбы: Ш.Мұртаза.Бала Тұрар
(Шамшырақ желілік қауымдастық жұмысы бойынша өткізілеген жұмыс жоспары)
Класы: 2
Пәні: Әдебиеттік оқу
Өткізген: Р.Е.Уразаева
2014-2015 оқу жылы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген