жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Ш.Мұртаза "Тұтқын бала" 6-сынып
Алматы облысы
Кербұлақ ауданы
Жоламан орта мектебі – шағын орталығы
Әдебиет пәнінен сабақ жоспары
Тақырыбы: Ш.Мұртаза «Тұтқын бала»
Бала Тұрар бейнесі
/ «Қызыл жебе» романынан үзінді /
6-сынып
Пән мұғалімі: М.О.Жулкайнарова
Пәні: әдебиет
Сыныбы: 6-сынып
Сабақ тақырыбы: Ш.Мұртаза «Тұтқын бала». Бала Тұрар бейнесі
Жалпы мақсаты: Бала Тұрар бейнесін жан – жақты ашу.
Шерхан Мұртаза «Қызыл жебе» романындағы «Тұтқын бала» тарауы
бойынша бала Тұрардың санасын оятқан түрме сабақтарын жете
түсінуі, Тұрар арманы - оның орындалған мұраты екенін дәлелдеу.
Оқыту нәтижесі: мәтіннен Тұрардың зеректігін, ойлылығын, ұстамдылығын,
сонымен бірге үнемі күдікпен жүретін сақтығын айқындайтын
үзінділерді табу, проблемалық сұрақтар арқылы жинақтауды дамыту.Сөздік
қорын молайту, көркем сөйлеуге дағдыландыру, өз бетімен іздене білу қабілетін
арттыру.
Түйінді идеялар: оқушыларды адамгершілікке, елжандылыққа, достыққа,
ұйымшылдыққа, намысшылдыққа, қайсарлыққа тәрбиелеу.
Сабақ типі: жинақтау,пысықтау сабағы
Сабақтың түрі: танымдық сабақ
Сабақ әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау, СТО технологиясының стратегиялары, АКТ, «Зерттеу конференциясы» стратегиясы
Сабақтың көрнекілігі: слаидтар, үлестірме қағаздар, тұжырым кестесі, пікір күнделігі
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі, география
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру
А) Оқушылармен амандасу
Ә) Оқушыларды топқа бөлу
Б) Зейіндерін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасы
І. «Топтастыру» стратегиясы
ІІ Не білеміз? (үй тапсырмасын сұрақ – жауап арқылы тексеру)
1. «Қызыл жебе» романының авторы кім, ол туралы не білеміз?
2. Романның «Тұтқын бала»тарауында кім, не туралы айтылған?
3. Романның басты кейіпкері кім? Ол туралы не білесіңдер?
4. Осы тараудағы басты – басты оқиғаларды атаңдар?
5. Рысқұл не сабепті Тұрарды қасына алдырды?
6. Приходько мырзаның үйінде Тұрар қандай қызметтер атқарды?
7. «Кафедральді соборды » көргенде Тұрардың ойына не түсті?
8. Тұрар оқу мен жазуды, орыс тілін кімнен үйренді?
9. Гимназияның алдында тұрып Тұрар нені армандады?
10. Надзиратель Тұрарға қандай қысым көрсетті?
11. Бронников қандай адам?
12. Әкесі Тұрармен қоштасар күннің алдында қандай күй кешті?
13. Тұрар әкесімен қалай қоштасты?
14. Тұрар мектепке қалай барды?
15.Тұрардың фамилиясын не себептен Қырғызбаев деп өзгертті?
16. Тұрардың дәптеріне алғаш жазған сөздерін ата? Оларды Тұрар қалай түсіндірді?
17. Айбаров тақтада тұрған Тұрарға неге күлді?
18. Семашко кім? Не себептен Тұрарды көмекші етіп алды?
19. Тұрар Иван Владимирович алдында қандай қылмыс жасадым деп ақталды?
20. Тұрарға Иван Владимировичтің берген жауабын айт, қандай кеңес берді?
ІІІ. Жаңа сабақ
Ш. Мұртаза «Тұтқын бала». Бала Тұрар бейнесі.
Сынып оқушыларын 3 топқа бөлемін:
1 топ: Әдебиетшілер
2 топ: Тарихшылар
3 топ: Зерттеушілер
І. Тұрарға мінездеме. Оқушыларға үзінділер беріледі, сол үзінді арқылы Тұрарға мінездеме беру.
Әттең, әкесі түрмеде жатып тәуелді болмаса, Тұрар қазір бұл есірікті не де болса қамшының астына алар еді, амал жоқ...Бір жағы қорқады. Бір жағы баламысын деген: «Әйтеуір, айтқандарын екі етпей орындай берсем, көкеме көмегі тие ме » деп ойлайды. «Көкемді түрмеден босатар» деп үміттенеді.
( әке-шешеге қамқор)
Бірақ екі жирен қарны тойса қайғырмайды. Нағыз түрме аттары. Тұрар аттарды жайғастырып болып, енді қоранын ішін тазалауға кіріседі. Приходько мырзаның әмірі бойынша, қорада бірде- бір қылпық қалмауы керек. Ақ қолғаппен сипағанда, аттардың үстінен бірде –бір қылау жұқпауы керек.
(еңбекқор)
Бала өте сезімтал –тын. Бір ауыз жылы сөзден іші- бауыры езіле елжіреп, әлде қандай аянышты көмейіне түйіліп жас тығылып қалушы еді.
(сезімтал)
Туған әкесіне опасыздық жасағандай бір беймаза сезім жауқазын жүрегін жаралап, шөңгедей қадалды да қалды. Әкеңнің атын айта алмай күмілжіген не қорлық!
(намысшылдық)
Әлгінде Иван Владимирович айтқан «тарих», «география», «арифметика» деген сөздер шәкірттердің көбінің құлағына тосын еді. Ал Тұрар бұларды түрмеден білетін. Бірінші сыныптықтар «а», «б»-ны жазып, оның мәнін түсініп болмай жатқанда Тұрар іші пысып терезеге қарап отырады.
(қабілетті, зерек, алғыр)
алғыр
Т
ұрар
төзімді
ақылды
еңбекқор
ІІ. Тұрардың прототипі-Тұрар Рысқұлов «Галереяны шарлау» стратегиясы
ІІІ.Топтық жұмыс
1 топ: Әдебиетшілер. Әңгімеге композициялық жоспар құру.
Әңгіменің басталуы Рысқұлдың Тұрарды түрмеге алдыруы
Әңгіменің дамуы Надзиратель қыспағы
Әңгіменің байланысуы Әке мен баланың айырылысуы
Әңгіменің шиеленісуі Тұрардың фамилиясын өзгертуі
Шарықтау шегі Тұрардың қылмысы
Әңгіменің шешімі Иван Владимировичтің көмегі
2 топ: Тарихшылар
Тірек сигналдары арқылы Т. Рысқұловтың өмірінің өсу жолдарын көрсету.
Алматы Мерекедегі Бішкектегі Ташкенттегі
Ұлт - азаттық
Талғар туыстарына баруы 1- дәрежелі мұғалім көтерілістің
Бесағашта Орыс –қазақ бастауыш шаруашылық институтына басталуы, оған
дүниеге келуі мектебін оқып, мектебін түсуі. қатысуы.
үздік бітіруі. тәмамдауы.
Түркістан Монғолияға Қазақ халқының жер Сталиндік
Республикасы өкіл етіп бетінен жойылып репрессияның
күрес жібереді. кетпеуі үшін бел буып құрбаны болған.
орталығының күреседі.
комиссия төрағасы
болады.
3 топ: Зерттеушілер
Тұрар мен әкесі туралы жазылған еңбектер.
1. Ш. Мұртаза «Қызыл жебе» романы
2. М. Әуезов «Қараш- Қараш оқиғасы» повесі
ІV. Тұжырым кестесі
Топтар |
Кейіпкер |
Іс-әрекеті |
Адами қасиеттері |
Әдебиетшілер |
Приходько |
|
|
Тарихшылар |
Бронников |
|
|
Зерттеушілер |
И.Владимирович |
|
|
V.Венн диаграммасы.
Қиялшыл
Қайраткер
Аңғал
З
ерек «Қызыл
жебе»
Жасқаншақ
Сенгіш
Азаттық үшін күрескер
Ұстамды
Әкесін жақсы көреді Халық қамқоршысы
Сабақты бекіту
VI. Пікір күнделігі.
1 топ: Әдебиетшілер
Мәтіннен үзінді |
Өз ойың |
Мақал- мәтел |
Мұсылман болып, Аллаға жалбарынуы да жоқ. Ал Приходько осымен бір-екі рет «шоқын» деп емеурін танытты. Рас, әзір қиналған жоқ. Қинаса қайтпек? Шоқынбасам,әкемді дарға асатын шығар. Сөйтіп дар мен ар арпалысқа түсті. |
|
|
2 топ: Тарихшылар
Мәтіннен үзінді |
Өз ойың |
Мақал- мәтел |
Бүгін түн бойы ол баласын бауырына қысып жатты. Амалы жетсе Рысқұл өзінің көкірегін жарып жіберіп, жалғыз жәдігерін қалталы қасқыр сияқты кеудесіне жасырып, алыс сапарға өзімен бірге ала кетер еді, оған айла жоқ. Түні бойы көз ілмей, қиянаттан мұздаған жүрегін жылытқысы келгендей, Тұрардың ыссы басын кеудесіне қысып жатты. |
|
|
3 топ: Зерттеушілер
Мәтіннен үзінді |
Өз ойың |
Мақал- мәтел |
Наташа үрейі ұшып, жүрегі аузына тығылып,пәуескенін жақтауынан қарыса ұстап, шыр-шыр етеді. Аттардың басымен алыса-алыса Тұрардың екі қары талып барады. «Осыдан екі асау алып қашып, пәуеске төңкеріліп қалар ма екен, яки біреуді басып кетіп, жазым болар ма екен?» деген ойдан тамырында қан қатып қалған сияқты. |
|
|
Қорыту. INSERT кестесін толтыру
-
Не білдім?
Мен үшін жаңа нәрсе
Мені таңғалдырды
VIII. Үйге тапсырма
«Жақсы бала жеткізеді мұратқа» эссе жазу.
Шығармадан сөз айшықтарын табу
IX. Бағалау (алдын ала топ басшыларына берілген бағалау парақшалары арқылы)
Алматы облысы
Кербұлақ ауданы
Жоламан орта мектебі – шағын орталығы
Әдебиет пәнінен сабақ жоспары
Тақырыбы: Н.Орманбетұлының өмірі, шығармалары
10-сынып /Жаратылыстану-математикалық бағыт/
Пән мұғалімі: М.О.Жулкайнарова
Пәні:
әдебиет
Сыныбы: 10-сынып
(жаратылыстану-математика бағыты)
Сабақтың
тақырыбы: Нарманбет
Орманбетұлының өмірі, шығармалары
Сабақтың
жалпы мақсаты:
Нарманбет
Орманбетұлының өмір жолы туралы түсінік
бере отырып шығармашылығын меңгерту,
ақындық жолындағы жаңалығын және
өлеңдерінің қоғаммен байланыстылығын
баяндау;
Оқыту
нәтижесі: өз
ойын жүйелі, дәлелді жеткізе білуге,
өлеңін мазмұнына, құрылысына талдай
білуге, сын тұрғысынан ойландыру арқылы
түйіндік ойларын айтуға, өзіндік пікір
қалыптастыруға дағдыландыру; оқушының
даралық мүмкіндіктерін шығармашылық
тапсырмалар арқылы көрсету, сөйлеу
мәдениетін жетілдіру, шешендікке баулу.
Түйінді идеялар: ақын шығармасы негізінде оқушылардың дүнитанымы, адамгершілік қасиеттерінің көзін аша отырып, рухани имандылыққа, ізденіске, іскерлікке, таным белсенділігін арттыруға, отансүйгіштікке, өз ұлтын сүюге тәрбиелейді.
Сабақ түрі: шығармашылық- ізденіс сабағы.
Сабақ типі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақ әдісі: іздендіру, диалог-журнал, АКТ, СТО технологиялары
Сабақ көрнекілігі: оқулық, ақын портреті, интерактивтік тақта, слайдтар, жауап парақшасы т.б.
Пәнаралық байланыс:география, тарих, қазақ тілі, бейнелеу өнері
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
А) Оқушылармен сәлемдесу;
Ә) Оқушыларды түгелдеу;
Б) Оқушыларды топқа бөлу;
В) Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Қызығушылықты ояту.
«Ассоциация» әдісі
Тарихта
болған Қоғам мүшесі
Е
сімі
халыққа танымал
Ел үшін
еңбек еткен
Тарихи әлеуеттік істерге үлес қосқан
ІІ. Жаңа сабақ.
Кіріспе.
Құрметті оқушылар, бүгінгі сабағымыз талантты ақын Нарманбет Орманбетұлының өмірі мен шығармашылығына арналып отыр. Нарманбет 1859 жылы қазіргі Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында дүниеге келген. Абаймен аталас туыстығы бар. Ақынның әкесі Орманбет пен шешесі Балбырауын да тілге тілге шебер, өнерлі жандар болған. Нарманбет Орманбетұлының «Замана», «Сарыарқамен қоштасу», «Сахараға қарасақ», «Ұран», «Өмір», «Болмайды қарға лашын қазды қуып» өлеңдерінде саяси тамыры тереңде жатқан отарлау саясатының салдарынан сүреңсіз күн кешкен кең даланың бейнесі берілген. Махаббат тақырыбына «Ғашықтық туралы», «Жар туралы» шығармалары арналған. «25 маусым», «Соңғы сәлем» деген толғауларында заман қайшылықтарын жырлап, әлеуметтік мәселелерді көтереді. Өнерге, оқу-білімге үндейтін туындыларында Абайдан үлгі алғандығы, оны өзіне өнеге, ұстаз тұтынатындығы сезіледі. Әкесі би, шешен болған соң, кішкене күнінен қасына ере жүріп, көп нәрсе үйренген. Өзі де шешендік өнерімен көзге түсіп, болыс болған кісі. Ел арасына «Тобықтының шегір көз, сары шешені» деген даңқы жайылған. Әрине, оқушылар, біздің Нарманбет Орманбетұлы туралы білетініміз бұнымен шектелмейтіндігі анық. Олай болса, біз өз білгенімізді ортаға салып, өз білімділігімізді сынайтын шаққа келдік. Ең бірінші ақынның өмір жолына көз салайық.
ІІІ. Негізгі бөлім. Интерактивтік тақтамен жұмыс.
А) Өмір жолы.
Міне, өздерің көріп отырғандарыңдай тақтада график сызба берілген. Бұл даталы жылдардың астарында біз білетін деректер жатыр. Біз оның кілтін білеміз. Ол үшін карточкаларды таратып берейін, сол бойынша өз білгендерімізді ортаға саламыз.
1859 жылы қазіргі Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында дүниеге келген.
1872 жылы алғашқы өлеңін апасы Қалиманға арнап жазады.
1873 жылы әкесі Нарманбетті Қарқаралыдағы орыс мектебіне оқуға береді.
1874 жылы Орманбет баласын ел ісіне баулимын деп оқудан шығарып алады.
1876 жылы тілмаштық қызмет атқарады.
1888 -1894 жылдар аралығында алты жыл болыстық қызмет атқарады.
1894 жылы дін тәртібін берік ұстану мақсатында Төлеубай деген қажыға қол тапсырып, ел ішінде бірәдар атанады.
1906 жылы Семей қаласында өткен Мемлекеттік І Думадағы жиынға қатысады.
1917 жылы ақпан революциясынан кейін Қарқаралыда құрылған уездік комитеттің төралқасына және төрағасының орынбасарлығына сайланады.
1918 жылы Совдеп құлағаннан кейін еліне қайтады.
1918 жылы 16 тамызда кенеттен қайтыс болады.
Ә) Шығармашылығы хақында.(Кесте арқылы түсіндір)
Ш
ығармашылық
тақырыптары.
Өнер-білімге шақыру. Әлеуметтік теңсіздік. Абайға еліктеу.
Өнер-білімге шақыру.
Ақын өлеңдерімен халыққа дұрыс жол сілтеуге тырысты. Мұны өзінің азаматтық , ақындық борышым деп ұғынды. Сол замандағы қазақ қоғамының басты мәселелері ағартушылық жолмен шешіледі деген зор сенімде болды. Кертартпа, келеңсіз қылықтардан қазақты оқу-білім құтқарады деген тоқтамға келді.
Оқудың нұр сәулесі түспегенсоң,
Көңілінде біздің жұрттың қара жатыр,- дейді. Қазақ тұрмысындағы барлық кеселдің көзі надандықта жатыр дейді. «Ғылым туралы», «Ақыл бір алтынға ұқсас доп-домалақ» т.б. өлеңдерінде оқу-білімнің, ғылымның, білімділік пен ақылдылықтың адам өміріндегі орнын жоғары қояды.
2. Әлеуметтік теңсіздік.
Нарманбет отаршылардың арам ойы қазақтарды ділінен, сенімінен айыру, христиан дініне кіргізіп, орыстандыру екенін паш етіп, жігерлі қарсылық білдіреді. Ресейден көшіп келген қоныстанушылардың қазақты ежелгі атамекенінен ығыстырып, жасыл жайлауы мен саумал бұлағынан айырылғанын күйзеле жырлайды. Отарлық езгіге қарсы, әділет жолында үн көтерген ақынның жүрегіне ел ішіндегі алауыздық, бірін-бірі көре алмаушылықтың салдарынан қалыптасқан әлеуметтік ауыртпалықтар найзадай қадалды. Әлеуметтік теңсіздікті көзбен көріп, жанымен сезініп осы тақырып аясында бірқатар шыншыл жырлар жазды. «Сахараға қарасақ», «Бұл күнде байлар ғаяр, билер мекер», «Ұран» атты өлеңдерінде қазақ өміріндегі келеңсіз құбылыстарды суреттеді.
3. Абайға еліктеу.
Нарманбеттің «Көпті көрген көнемін», «Ақыл бар алтынға ұқсас доп-домалақ», «Жасымнан көп жорттым жолбарыстай» деген сияқты өлеңдеріндегі гуманистік ой-түйіндері Абай гуманизмімен үндес. Ақынның армандағыны да –парасатты қоғамдағы парасатты адам бейнесі. Өлеңдерінде адамға қажетті моральдық, этикалық қағидалардың бәрі бар. Халық басындағы ауыртпалықты көре білді, сезіне білді, оған жүрегі ауырды. Бұдан құтылудың тура жолы – оқу-білім екеніне халықтың көзін жеткізуге ұмтылды. Отаршыл саясатқа қарсылығын ашық айтты, тәуелсіз өмірді аңсады. Жұртшылыққа адамгершілік пен имандылықты жоғары ұстауды ұсынды.
Ұлы Абайдың өнегелі өмір жолын өзіне үлгі, бағыт-бағдар етіп отырды. Сол кездегі қазақ бойындағы еріншектік, бойкүйездік, жалқаулық сынды жаман әдеттер мен тұрмысында кездесетін орын алып отырған кінараттарды түгел тізіп, Абайша қатты сынға алған. Абайдың алтыаяғы үлгісінде өлеңдерін жазған. «Қазақ ұлы біз тұрмыз», «Шал қайғысы» атты өлеңдері осы үлгіде жазылды.
ІҮ. Өлеңдерін мәнерлеп оқыту
1. «Сарыарқа»
2. «Мектеп бастығына»
3. «Қазақты жүруші еді қойдай бағып»
Ү Диалог – журнал әдісі арқылы мазмұндық талдау /Әр топ бір өлеңін талдайды/
Өлең туралы өз ойың |
Қазіргі заманмен байланысы |
|
|
Гомотетиялық әдіс: Абайдың «Болыс болдым, мінеки» өлеңі мен «Кер заман» толғауын салыстыру /Тапсырма интербелсенді тақтада орындалады, қаламды жылжыту арқылы орындайды/
Кесте толтыр
|
Тақырыбы |
Мәні |
Көркемдік ерекшелігі |
1 |
Қазақ ұлы біз тұрмыз |
|
|
2 |
Кер заман |
|
|
3 |
Замана |
|
|
4 |
Сарыарқа, сайран жерім – ай! |
|
|
5 |
Шал қайғысы |
|
|
Топтастыру
Нарманбет Орманбетұлы
Ақын ойшыл Абайдың шәкірті Реалист
ҮІ. Шығармашылық жұмыс. «Нарманбет және қазақ қоғамы» /Өлең, эссе, ойтолғау/
ҮІІІ. Қорытынды.
Не білдім? |
Не түсіндім? |
Нені білгім келеді? |
|
|
|
Нарманбет - ел ісіне араласқан, қоғам қайраткері болған ақын. Ол – өзіне дейінгі қазақ өлеңіндегі және поэзияға Абай әкелген жаңа да күрделі түрлерді еркін игеріп пайдаланумен қатар өзі де әдеби түрге жаңалықтар қосқан ірі талант.
ІХ. Үйге тапсырма.
Нарманбеттің бір өлеңін жаттау
Бағалау парағы. ( Топтарға таратылып беріледі).
Сабаққа белсене араласқан оқушыларды бағалау.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген