Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Шөл дала мен сулы жер Ө дыбысы мен әрпі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материалдың тәрбиешілерге көмегі тиері анық. Өз қолыммен жасалған дүниелермен әріптерді үйрету тәсілдерін қолданғанмын. Топқа бөлу. Өткен әріптеді қайталау әдісі. Видеороликті тиімді пайдаландым. Балаларға сабақ түсінікті өтті. Кері байланыс жасадым гулдің суретін бояу арқылы. Қызыл түспен бояса сабақ ұнағаны, егер ұнамаса сары түспен бояды. Сабақ өз мақсатына жетті.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Білім беру саласы: «Коммуникация»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сауат ашу негіздері

Пәні: Сауат ашу

Ұзақ мерімді жоспар бөлімі:

ТАҚЫРЫБЫ: Шөл дала мен сулы жер. Ө дыбысы мен əрпі

Күні: 31.01.2019ж

Мұғалімнің есімі: А.Молдашова

ҰОҚ-ның мақсаты

0.1.1.1 Тілдің дыбыстарын естіп қабылдау, оларды сөздер ішінен бөлу жəне сөзсіз жеке айту.

0.1.1.2 Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, дұрыс дыбыстау.

0.1.4.1 Сөйлеу барысында дауыс ырғағын сақтап, вербалды емес қарым-қатынас құралдарын (ым-ишара, қимыл), сөздерді (кешіріңіз, тыңдаңызшы! жəне т.б.) қолдану.

0.3.2.1. Сөйлем сызбасының соңына тиісті тыныс белгілерін қою: нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі.

0.3.3.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу.

Күтілетін нәтиже

Барлық тəрбиеленушілер:

Тыңдалған материал негізінде қарапайым сұрақтарға жауап қайтарады.

Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратады.

Ө дыбысы – дауысты дыбыс, жіңішке дауысты. Ө дыбысының айтылуын дұрыс дыбыстайды.

Суреттегі заттардың аттарын атай алады, сөздегі ө дыбысының орнын ажыратады.

Ө əрпінің баспа түрін жазу жолына жазады.

Көпшілік тəрбиеленушілер:

Тыңдалған мəлімет/хабарламаны тірек сызба, иллюстрация көмегімен мазмұндайды.

Берілген суретке қарап сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратады. Сөздегі дыбыс санын, ондағы ө дыбысының орнын ажыратады. Ө дыбысына сөз ойлайды.

Ө дыбысына (дауысты, жіңішке дауысты) сөз құрайды.

Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, ө əрпінің элементтерін жазады.

Кейбір тəрбиеленушілер:

Суретті кітаптардан қажетті ақпаратты табады.

Өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысады.

Сөз/сөйлем сызбасын оқиды.

Ө дыбысын қатыстырып, сөз, сөйлем құрастырады

Ө əрпін бейнелейді.

Тəрбиеленушілер:

Суреттер бойынша сөйлем құрастырады. Сөйлемдегі сөздер санын ажыратып, буынға бөледі.

Тілдік мақсат

Негізгі терминдермен сөз тіркестері: Шөл дала

ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл:

Пікір алмасу сұрақтары.

Суреттен Ө дыбысы естілетін сөздерді атайды.Сөздерге дыбыстық талдау жасайды.

Түйе жүрген жер қалай аталады?

Өгіз ненің үстінен өтті?

Өткен ҰОҚ алған білім

Дыбыстарды ажыратады. Сөйлем құрайды. Əріптердің элементтерін жаза алады

Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

І. Дұрыс әсерлі көңіл

күй орнату

0-2 минут






ІІ . Өмірлік тәжірибені

маңыздандыру.

Мақсатты болжам

3-5 минут











ҰОҚ ортасы

III. Тақырып

бойынша жұмыс

6-27 минут






Педагог балаларды орнынан тұрғызып шаттық шеңберін айтқызады

Шырылдайды қоңырау

Біз сабақты бастаймыз

Партамызға отырып

Жаңа білім алуға

Алға қадам бастаймыз

Өткен әріптерді қайталаймыз ортаға әріптерді таратып барлық әріптерді атап беремін, оқушылар әріптерді атап айтып береді.

Ө әріпі туралы видеоролик көрсету

(Ұ,Ө) Педагог түйе туралы əңгімелейді. Түйе үй жануары, еті, сүті пайдалы. Шөл далада көп шыдайды. Үй жануары.

Балалар түйе туралы өз ойларын айтады.


(Ұ,Ө) Əліппе-дəптермен жұмыс

1-тапсырма. Суреттен Ө дыбысы естілетін сөздерді ата. Сөздерге дыбыстық талдау жаса. Балалар берілген суреттерді атайды. Педагог Ө дыбысын қайталайды. Астыңғы тістер мен жоғарғы тістер арасындағы арақашықтықтан бір шама үлкендеу болады, тілдің ұшы төмен түседі де, сəл артқа қарай тартылады. Ортасының көлбеулігі бір деңгейде сақталады, ауа қуысымен еркін шығады, жұмсақ таңдай көтеріледі

де, мұрын ауа жолы жабылады жəне дауыс шымылдығы жабық болады.

Балалар суреттен Ө дыбыс естілетін сөздерді тауып, буынға бөледі.

Өркеш, шөл, өзен, өгіз.

Педагог балаларға сұрақ қояды.

1. Түйе жүрген жер қалай аталады?

2. Өгіз ненің үстінен өтті?

Сөздерді буынға бөледі.

Ө жіңішке дауысты дыбыс екенін біледі. Ө дыбысын балалар қайталап дұрыс айтуға жаттығады.

2-тапсырма

Суреттегі заттарды атайды.

Ө дыбысы бер сөздерге дыбыстық талдау жасайды.

Өшіргіш, көйлек, бөрік, көз.

Сөздерге сөйлем құрайды. Сызбасын жасайды.

(Ұ) Сергіту сəті.

Балалар орындарынан тұрып сергіту сәтін жасайды

3-тапсырма

Педагог Ж.Əбдірашовтың өлеңін оқиды.

«О» – кəдімгі дөңгелек,

Ал «Ө» одан сəл бөлек.

Мұны да сал, ерінбе,

Белбеуі бар белінде.

Суреттегі О əрпі мен Ө əрпінің пішіндерін салыстырады. Айырмашылығын табады.

Балалар Ө əрпінің баспа түрін алдарына берілген тақтайға жасап шығады.

Балалардың алдына төртбұрышты тақтай беріледі.

Балалар Ө əрпінің бейнесін сала отырып, Ө əрпінен басталатын сөздерді айтады. Сөздерге сөйлем құрайды.

4-тапсырма

Ө əрпінің пішінін жіптен құрастырады.Педагог балаларға көмектеседі.. Ө əрпінің элементін жазу жолына жазады.

Суреттер.






Суреттер.


Видеоролик

Əліппе-дəптер.










Суреттер, сөйлем

Сызбалары жазылған

плакат.







.



Суреттер.



видеоролик




Əліппе-дəптер.

IV. ҰОҚ

қорытындысы.

Рефлексия

28-30 минут

Кері байланыс: параққа гулдің суретін бояу арқылы сабаққа кері байланыс жасайды:

Қызыл түс- сабақ ұнады

Сары түс-сабақты түсінбедим

Педагог қорытынды жасайды, балаларды мадақтайды.

Гүлдің суреті салынған парақ

қаламдар







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.01.2019
1146
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12