400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Шоқан Уалиханов "Ыстықкөл күнделігі" 9- сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғаліміне сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

САБАҚ ЖОСПАРЫ

Мұғалімнің аты-жөні:

Калиева Г.Е

Пән/Сынып:

Қазақ әдебиеті, 9-сынып

Тоқсан

ІІ тоқсан

Тарау немесе бөлім атауы:

2-бөлім. Тарихи шындық пен көркемдік шешім

Сабақтың тақырыбы:

Шоқан Уәлиханов «Ыстықкөл күнделігі»

Оқу мақсаттары:

9.Т/Ж1.әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау.

9. А/И1. эпикалық, поэтикалық, драмалық мәтіндердегі композициялық амалдарды талдау.

Сабақ мақсаты:

Әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасайды.

Шығарма үзіндісінен композициялық амалдарды анықтайды.

Бағалау критериі:

  • әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасайды;

  • шығарма үзіндісінен композициялық амалдарды анықтайды;

  • шығармадан дәлел келтіре отырып талдайды.

Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс

Жаңа тақырыптың түсіндірілуі

Бірлескен жұмыс

Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

Уақыты

Кезеңдері

Сабақтың мазмұны


Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?

Ресурстар

1 минут


Ұйымдастыру

Сәлеметсіздер ме, оқушылар!

Сабағымыздың тақырыбы: Шоқан Уәлиханов «Ыстықкөл күнделігі»

Бүгінгі сабақта:

Сенің білетінің:

Шоқан Уәлиханов шығармашылығы

Сенің меңгеретінің:

  • әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау;

  • шығарма үзіндісінен композициялық амалдарды анықтау;

  • шығармадан дәлел келтіре отырып талдау.


Презентация

5 минут

Жаңа сабақ

Оқушыларға Шоқан Уәлихановтың суреті көрсетіледі. Олар Ш. Уәлиханов туралы білетіндерін айтады.






10 минут




Тапсырмалар

1-тапсырма

Мәтінді оқып, негізгі ойын анықта.

Оқушылар Ш. Уәлиханов және «Ыстықкөл сапарының күнделігі» туралы берілген мәтінді оқып, не туралы жазылғанын ойланып, жазады.

Мәтін

XIX ғасырда Ресей империясы Орта Азия, Шығыс Түркістан өлкелеріндегі мемлекеттермен сауда және саяси қатынастарды орнату мақсатында зерттеу экспедицияларын ұйымдастырып отырды. Орыс Географиялық Қоғамының зерттеушілері аталған өлкелерге жасаған саяхаттары туралы құнды еңбектер қалдырған.

Ресей империясының офицері, қазақ халқының ғалым ұлы Шоқан Уәлиханов жазған «Ыстықкөл күнделігі» сол кездегі ең бағалы ғылыми еңбек болып табылады. Ғалым осы еңбегінде Тарбағатай, Жетісу, Жоңғар Алатауы, Қырғызстан жерлеріне жасаған сапарлары жайында, сол жерлердің климаты, халқының тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі, көптеген тарихи ескерткіштері туралы толық мәлімет береді.

Кейбір көңіл аударарлық тарихи ескерткіштердің суреттерін өз қолымен салады.


Дескриптор:

  • мәтінді түсініп оқиды;

  • көтерілген мәселені анықтайды;

  • ойын дәлелдейді.


Өзіңді тексер!

Шоқан Уәлиханов 1856 жылы Ыстықкөл аймағына сапарға шығып, жол бойы көрген-білгенін қағазға түсіріп, күнделік ретінде жазып отырған. 18 сәуір мен 23 маусым аралығында жазылған. Бұл сол заманға ерекше жаңалық болып енді. Сол заман демей-ақ қазірдің өзінде осындай әрі күнделік, әрі әдебиет, әрі тың зерттеу еңбегі ретінде жарық көрген осындай құнды туынды жоқ десе де болады. Зерттеуші осы еңбегінде Тарбағатай, Жетісу, Жоңғар Алатауы, Қырғызстан жерлеріне жасаған сапарлары жайында, сол жерлердің климаты, халқының тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі, көптеген тарихи ескерткіштері туралы толық мәлімет береді.






10 минут




Тәжірибе










2-тапсырма

Шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жаса.

Оқушылар Ш. Уәлихановтың «Ыстықкөл сапарының күнделігінің» 30 мамыр күнгі үзіндісінің мазмұнын оқиды.

30 мамыр.

Біз Түптың сағасына барып, ау тастадық. Қазақтар қарабалық деп атайтын маринканың бірнешеуін, қаңылтыр деп атайтын яздарды, шабақтарды (Ертісте кездесетін кішкентай балық) ауладық.

  Көлде балықтың көп болғаны соншалықты, қырғыздар қамыс арасында оларды қылышпен ұрып аулады, біздің көз алдымызда қарашайлық қырғыздар осындай әдіспен бірнеше балық ұстады. Сол күні қазақтар жаңа үлкен ау жасады. Түп жағалауы мен көлдің өзінде ұсақ шырғанақтар өте көп болды. Қазақтардың айтуынша, бірнеше жыл бұрын бұл орманнан өту мүмкін болмаған екен. Көлде құстардан қаз, үйрек, қара суқұзғындар мен кішкентай қара патша балықтар бар. Суқұзғындарын қазақтар қарақаз деп атайды, ал патшабалықты қарабай дейді. Маған тігілген киіз үйде үш жылан өлтірдік. Олар да өте көп.


Шығарманың сюжеттік-композициялық құрылымы:

1.Оқиғаның басталуы

2.Оқиғаның дамуы

3.Оқиғаның шиеленісуі

4.Оқиғаның шарықтау шегі

5.Оқиғаның шешімі


Дескриптор:

  • сюжеттік-композициялық талдау жасайды;

  • ойларын дәлелдейді


Өзіңді тексер!


Оқиғаның басталуы

3 мамыр күні Түптың сағасына келуі, балық аулауы

2.Оқиғаның дамуы

Қырғыздардың балық аулау әдісі

3.Оқиғаның шиеленісуі

Қазақтардың айтуы бойынша орманнан өте алмауы

4. Оқиғаның шарықтау шегі

Суқұзғындарын қазақтар қарақаз деп атайды, ал патшабалықты қарабай дейді.

5. Оқиғаның шешімі

Шоқанға арнап тігілген киіз үй.


3-тапсырма.

«Дәйексөз» тәсілі

Шығармадан бірнеше үзінді берілді. Үзінді бойынша талдау жасау.

A. Сюжет: Әңгімелеуші кім? Осы сәтте не болып жатыр?

B. Интерпретация: Үзіндінің маңызы неде? Кейіпкер туралы не айтылады? Тақырыбы қандай?

C. Анализ: Автор қандай композициялық амал (пейзаж, портрет, мінездеу (тура, жанама), суреттеу, диалог) қолданған?



Кешке біз Аягөзді артқа тастадық, сосын Аягөз өзенінің Тумырза деп аталатын саласынан өтіп, өзеннің оң жақ таулы-тасты жағалауымен өрлей отырып, түнге жақын Қапал жолының бірінші бекеті - Ескі Аягөзге келіп жеттік.

Аягөз өзенінің бойынан біз анағұрлым жанданған табиғатты көрдік. Дала тұтасымен жасыл желектің ашық түсті кілеміне ораныпты. Қараған, тобылғы, тал терек жапырақтар жайып, күннің көзі де біршама жылынып, оңтүстікке тән алаумен қыздырып тұр. Жабайы аскөк тау бөктерін жауып тұр, бойы ұзарып өскен. Қалың өскен ырғай, тал, мойылмен көмкерілген, арасынан теректер сорайып көрінген өзен жағалауы шидің ақ басы және сирек қара топырақты шұраттарда қараған мен тобылғыдан басқа ештеңе жоқ сортаң жермен жүрген үш күндік сапардан кейін өте жағымды әсер қалдырды. Жағалауға жақын жерлер жайылымдық және шабындық шөпке бай, ал жағадағы орман қысқы боран мен дауылға жақсы қалқан. Қазақ аңыздарында Аягөздің жайлы ағысы мадақталатыны бекер болмаса керек.

Өзін қоршаған иен дала мен сусыз шөл далаға қарағанда, Аягөз расымен-ақ жұмақ болып көрінеді. Оның көк шөп пен шалғынға толған солтүстік жағалауы орыстар мен олардың бекеттері болмаған кезде, қазақтардың үнемі көшіп-қонып жүретін қонысы болғаны анық. Қазақтар казактармен көрші болудан қорқады. Бұл әлденеге негізделген бе, жоқ па белгісіз, бірақ сақтық мақтауға тұрарлық қасиет. Мен Аягөзді өте жақсы көремін және сүйсінемін, Баян Сұлудың алтын айдарлы Қозы Көрпешке деген махаббаты туралы аңыздың оқиғасы осы жерде өткені де бұған аз себеп болмаса керек.

Дескриптор:

  • шығарма үзіндісіне талдау жасайды;

  • композициялық амалдарды ажыратады;

  • шығармадан дәлел келтіреді.



Өзіңді тексер!

1.Әңгімелеуші Шоқан Уәлиханов. Аягөздің Тумырза саласынан өтіп, ескі Аягөзге жетіп, сол жердің табиғатын теңеулер қолдана отырып, керемет суреттеуде.

2.Менің ойымша, бұл үзіндінің маңызы Қазақстанның табиғатын ерекше әсерлеп суреттеуінде. Аягөзге деген сүйіспеншілігі, Қозы мен Баянның махаббаты осы жерде өткені туралы айтылады.

3.Автор Шоқан Уәлиханов портрет, пейзажды, суреттеуді шебер қолданған. Оған дәлел ретінде үзіндідегі табиғатты суреттеуін алуға болады.

(Мыс: Дала тұтасымен жасыл желектің ашық түсті кілеміне ораныпты. Жабайы аскөк тау бөктерін жауып тұр, бойы ұзарып өскен. Қалың өскен ырғай, тал, мойылмен көмкерілген, арасынан теректер сорайып көрінген өзен жағалауы шидің ақ басы және сирек қара топырақты шұраттарда қараған мен тобылғыдан басқа ештеңе жоқ сортаң жермен жүрген үш күндік сапардан кейін өте жағымды әсер қалдырды.)


































2 минут

Бекіту

Қорытынды:

- әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасауды;

- шығарма үзіндісінен композициялық амалдарды анықтауды;

- шығармадан дәлел келтіре отырып талдауды үйрендіңіздер.



1 мин


Қосымша тапсырма:

Шығарама бөліктерін толық оқу.



























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
21 ұстаз жүктеп алған
17 желтоқсан
6907
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі