жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ. Спорттық және қозғалмалы ойындар.Волейбол ойыны.
Бөлім |
|
||||||||
Педагогтың аты-жөні |
Агибаев Е.Н |
||||||||
Күні |
02.02.2026 |
||||||||
Сынып 8 |
Қатысушылар саны |
Қатыспағандар саны |
|||||||
Сабақтың тақырыбы |
Спорттық және қозғалмалы ойындар.Волейбол ойыны. |
||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары |
8.2.4.1 дене жаттығулары аясындағы іс-әрекеттерді оңтайландыру және балама түрлерін құруға қажет ережелер мен құрылымдық тәсілдерді қолдану және талқылай білу |
||||||||
Сабақтың мақсаты
|
Барлығы: Жаңа білімді түсінеді. Көбі: Анық сөйлеу арқылы, тақырыпты талқылайды. Кейбірі: Анық және толық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді. |
||||||||
Бағалау критерииі |
ойындардағы айырмашылықтарды түсінеді және рөлдерді белсенді көрсетеді; мақсатқа жету үшін топта бірігіп жұмыс атқару барысында қозғалыс дағдыларын қалыптастырады. |
||||||||
Сабақтың кезеңі/ уақыты |
Мұғалімнің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|||||
Басы |
1.Ұйымдастыру кезеңі: - сапқа тұру,сәлемдесу; - сабақтың оқу мақсатын, сабақтың мақсатын және жетістік критерийін түсіндіріп мәлімдеу; 2.Арнайы жүгіру, секіру дайындық жаттығуларын орындау: а) оң ж/е сол қапталмен аяқты алшақ қойып секіре-жүгіру; ә) қолды белге қойып, тізені бүкпей аяқты алға сермей жүгіру; б) қолды желкеге қойып, тізені бүгіп өкшені артқа сермей жүгіру; в) тізені алға бүгіп жоғары көтере жүгіру; г) оң ж/е сол қапталмен аяқты қиғаш айқастыра сала жүгіру; ғ) оң ж/е сол аяқты ауыстыра отырып алға секіре жүгіру. Әрбір дайындық жаттығуы спортзалдың жарты айналымына дейін ғана орындалады.
|
Алдыңғы, кейінгі келе жатқан әпіптесіңе кедергі жасама. Қолды түзі ұста.
Денені барынша артқа бұр. Тізені бүкпеу керек. Тарсылдатпай жасау керек
|
Қол шапалақ
|
Тренинг жазылған парақшалар |
|||||
Ортасы |
Волейбол. Допты беру, соғу және алуды үйрету Тапсырма бойынша ойын
Оқушыларды екі қатарға бөліп, қарама қарсы тұрғызып, жұппен жаттығу жасау. Екі оқушыға бір доп беріледі, 3 метр арақашықтықта қарама-қарсы тұрып, жұппен жұмыс істейді: — өз үстіне екі рет көтеріп қарсы жаққа беру. — допты бір біріне үстінен соғу.
Допты екі қолмен өз үстіне соғуды тапсыру. Допты беру– техникалық тәсіл , оның көмегімен ойыншы допты ойынға енгізеді. Допты беру - бұл осы элементті орындау шеберлігі арқылы әрбір ойыншы жеке және бүкіл команда болып құрған жалпы командалық психологияның негізі. Егер ұсыну күшті, дәл және тұрақты болса, онда ойыншының техникалық дайындығы жақсы деп айтуға болады.
Допты беру- ойынның маңызды сәті болып табылады, ол қарсылас команданың ойыншыларына өздерінің әрекеттерін және алдын-ала айрықша сәттерін үйлестіруге және жүзеге асыруға, сәйкесінше, осы ойынның алдын-ала келісілген жоспарын орындауға мүмкіндік бермейді.
Жаттығу кезінде ұсынуды үнемі, жеке ойыншынының ұру техникасын, топтың қимыл-қозғалысын жаттықтырып, жетілдіріп отыру керек.
Волейболда ұсынулар келесідей:
Допты ұсынудың төрт түрінің ішінде бүгінгі күні волейболдағы жоғарыдан беру көп қолданылады.
Неліктен: - допты ұсынушы алаңқайды көріп тұрады, демек, қарсыластың күшінің орналасуын да жақсы байқайды; - ойын техникасын жақсы меңгерген жағдайда, допты ұсынушы ойыншы өзі белгілеген ойыншыға допты береді, мұнымен қарсыластың ойын жоспарын бұзады; - жоғарғы тікелей ұсыну тегеурінді болатындықтан, қарсыластың допты тосып алуын қиындатады. Волейболда тегеурінді тікелей ұсынуға ештеңе тең келмейді. Онымен, мысалы тегеурінді жаннан ұсыну бәсекелесе алады. Бірақ, бұл бола бермейді, себебі, жаннан ұсыну аяқтарды жылжытуда және допты соғуда қиындық тудырады. Жоғарғы тікелей ұсыну волейболда төрт тәсілмен орындалады:
1) қолды бүге отырып допты жоғары лақтырумен; 2) иық пен қолды жанға бұрумен; 3) допты бастан асыра дақтырумен; 4) қолды тік ұстап ұсыну. Ұсынудың сапасы мен тегеуріні допты қолмен соққанға дейін қай жерде тұрғанына байланысты болады. Сондықтан допты ұсынудың техникасына ерекше мән беру керек. Ойыншының тұрысы, допты соғуы сияқты барлық негізгі сәттерге назар аудару қажет. Техникалық тікелей ұсыну волейболда келесі әдіспен жүзеге асырылады:
|
Допты берудегі әдіс-тәсілдерді дұрыс орындауларын ескереді
|
Смаликтер арқылы ҚБ өзін өзі бағалау
|
Үлкен бос кеңістік. Волейбол доптары.
|
|||||
Сабақтыңсоңы
|
Рефлексия 1.Сәтті шыққаны .... 2.Келесі қадамда нені ескеру керек? Оқушылар сабақ бойынша пікір айтып, жетістіктер мен жіберілген кемшіліктерді сараптап, келесі қадамды айқындап, сабақты қорытындылайды.
|
Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды. |
|
Рефлексия парағы |
|||||
«Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«Титов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ
«Спорттық және қозғалмалы ойындар. Волейбол ойыны»
Дене шынықтыру пәні
8 «А» сынып
Пән мұғалімі Агибаев Е.Н
2025-2026 оқу жылы
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген