400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ: Спорттық ойындар

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды дене шынықтыруға деген қызығушылығын арттыру. Жүру, жүгіру, лақтыру, қағып алу жаттығулары арқылы қозғалыстың негізгі түрлерін орындаудың қарапайым дағдыларын қалыптастыру; балаларды қимылды ойындармен таныстыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: дене шынықтыру

Мектеп:

Күні:


Сынып: 4

Қатысқандар саны:33

Қатыспағандар саны: 0

Сабақ тақырыбы

Спорттық ойындар

Оқу мақсаттары

4.1.2.1 дене дамуына ықпал ететін түрлі жүйелі жаттығулар мен қозғалыстарды орындау сапасын арттыруды түсіну және көрсету. Оқушыларға дене тәрбиесімен үнемі айналысуға, шыдамдылыққа, жылдамдыққа, қоршаған ортада өзін ұстай білуге тәрбиелеу.

Сабақ мақсаттары

Барлығы: Білім алушылар дене дамуы үшін қарастырылған түрлі дене жаттығуларын орындау кезінде қозғалыстарды қалай орындау керек екендігін түсінеді.

Көбі: Білім алушылар дене дамуы үшін қарастырылған түрлі дене жаттығуларын орындау кезінде қозғалыстарды қалай орындау керек екендігін түсінеді, біледі.

Кейбірі: Білім алушылар дене дамуы үшін қарастырылған түрлі дене жаттығуларын орындау кезінде қозғалыстарды қалай орындау керек екендігін түсінеді, біледі және көрсете алады.

Жетістік критерийлері

Спорттық ойындарға белсенді қатысады, ойында әр түрлі стратегия мен тактикаларды ұстанады, дамыту жаттығуларының маңыздылығын ажыратады, кешенді орындайды, көрсетеді.

Тілдік мақсаттар


Әділ ойын, ережелер, жарыс, серіктестік, басқа адамдардың керектілігі мен қабілеттерін түсіну. Рөлдер: лидер, көмекші. Ойлау қабілетін қолдана отырып: зигзаг, сызықтар, дөңгелек, шабуылдау, қорғану қозғалыс қабілеттері.

Құндылықтарды дамыту

Білімалушылар бір - бірімен келісіп және үйлесімді жұмыс жасауға тәрбиелеу

Пәнаралық байланыстар

Өзін –өзі тану, сауат ашу, музыка

Бастапқы білім

Қозғалыс ойындарын ойнай алады. Рөлдерін біледі.

Сабақ барысы

Б-барлық сынып, Т-топтық, ЖЖ- жұпптық жұмыс, Ж- жеке,

Тәж -оқушы тәжірибесі, К- мұғалімнің көмегі, Ф-фор.бағалау.


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар





Сабақтың басы

12 мин



Ынтымақтастық атмосферасы.

Б. Оқушыларды шеңберге тұрғызып, бір-біріне бүгінгі сабаққа сәттілік тілеп, жылы лебіздерін білдіреді.

К Ж. Бой сергіту жаттығулары.

Қолға, аяққа арналған жаттығуларды білесіңдер.

- Білім алушылар өз жауаптарын айтады.

-Орындай алатын жаттығуларын көрсете алады.

- жүру жаттығулары:

-денені түзу ұстап, басты көтере белді түзу ұстап жүру;

-жүгіру жаттығулары: еркін демалып, бірқалыпты жүгіру, тек сол иықпен қарап алға жүгіру, әрбір жаттығуды талапқа сай әдемілеп орындау;

-қозғалыстағы жаттығулар: денені түзу ұстап, қолды иықтың деңгейінде ұстау;       

Кең спорт алаң




















Оқушылар топқа бөлінеді. Үш топқа тұру. Ойынның шартын түсіндіру.

I ойын: “Тепе-теңдікті сақтау»

Қалың кітапты басымызға қойып тікемізден тік жүріп, белгіленген жалаушаға дейін барып келеміз. Келесі ойыншыға қол беру арқылы ойынды жалғастырамыз. 










Кемшіліктерін айтып, әділ бағасын беру

Әділ қазылар бағасы беріледі.

II ойын: «Қағып алда, қайта лақтыр».

Сынып 3 топ, 7 оқушыдан құралатын командаларға бөлінеді.

Әр команда алаңда үш жерге сапқа тұрады.

Командалар допты қағып алып, қайта беріп дайындалады.

Допты тек төменнен лақтырып, қайта алу керек.Ойын соңынды допты кім қағып алады, кім бірінші келеді солар жеңіске жетеді.









Әділ қазылар бағасы беріледі.


III ойын: «Кім шапшаң»
Бір ойыншы жүгіріп шеңберден айналып келеді, артынан екінші адамды қосып алып қайта жүгіреді. Ойын соңына дейін барлық оқушыларды солай алып отырады. Ойын осылай жалғасады.










Әділ қазылар бағасы беріледі.


IV ойын: “Бір-бірінің үстінен секіру»

Сапта тұрған балалардың барлығы еңкейіп отырады да, соңғы бала олардың үстінен аттап-секіріп, алдына келіп отыра қалады. Қалған ойыншылар да осылай жалғастырады. Қай команда межеге бірінші жетеді, сол команда жеңеді.

Жарыстардың қортындысын жүргізу.









Ойын соңында жеңіпаз топты анықтау. Мадақтау қағазымен марапаттау.










Іс әркетке арналған кең алаң, доп, кітап, шеңбер, таяқташар




Сабақтың ортасы

25 мин

Сабақтың соңы

8 мин

Р ефлексия

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйлерін Бас бармак бойынша бағалаймын

Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру

мақсатында мақтау сөздерді көп айтамын.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлау? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлау?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабаққа белсенді қатысып тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларды мақтап, мадақдап отырдым.

Жоғары деңгейде орындаған оқушыларға арнайы жаттығуларын бердім.

Орта деңгейде орындаған оқушыларға орташа күрделенген жаттығулар бердім.

Кейбір оқушыларға жеңілдетілген түрдегі жаттығуларды бердім

«Бағдаршам» әдісі арқылы рефлексия жасалады. Кері байланыс. Әңгімелесу тәсілдерін қолдандым.

Оқушылар сабақ барысында қауіпсіздік ережесін сақтайд...Ойын ойнау кезінде бір-біріне адагершілік қабілеттерін таныта білді



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
14 ұстаз жүктеп алған
19 қараша
4001
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі