Материалдар / Ашық сабақ Спрайтты пернетақтада басқару 2 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Спрайтты пернетақтада басқару 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
2 сынып оқушыларына арналған Спрайтты пернетақтада басқару тақырыбына ашықсабақ және презентация
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Ақпан 2023
1164
10 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

  1. сабақ. Спрайтты пернетақтамен басқару


Бөлімі

III бөлім. «Сөзбе - сөз (ортақ тақырыптар: «Менің мектебім»,

«Менің туған жерім»)

Педагогтің аты-жөні

Ибатова Айнагүл Нұрғалиқызы

Күні


Сыныбы

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Спрайтты пернетақтамен басқару.

Оқу бағдарламасына сəйкес оқу мақсаты

2.4.2.2 пернетақтадан спрайтты басқару;

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушы үшін:

Компьютердегі ойындарды басқаруға арналған құрылғылар туралы əңгімелейді.

Оқушылардың көбі үшін:

Тек пернетақтамен басқаратын ойындарға мысалдар келтіреді.

Кейбір оқушылар үшін:

Пернетақтадан спрайтты басқаруды ұйымдастырады.

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің іс- əрекеті

Оқушының іс-əрекеті

Бағалау

Ресурстар

(Ұ)

Ұйымдастыру кезеңі

(1-7 мин.)

Сəлемдесу, оқушыларды түгендеу.

І. Қызығушылықты ояту. «Арқаға массаж жасау» ойыны

Оқушылар шеңбер құрып тұрады да, мұғалімнің айтуы бойынша оңға бұрылып, ілгері қарай жүреді. Əр оқушы алдында тұрған жолдасының арқасына массаж жасауы керек. Бір минуттан кейін шеңбер теріс айналып, қайтадан алдында тұрған сыныптастарына массаж жасайды.

Бұл ойын оқушыларға психологиялық жағымды ахуал орнатады.

Топтастыру

«Атомдар мен молекулалар» əдісі

Молекулалар атомдардың жиынтығы екендігі баршаға мəлім. Оқушылар сыныптың бос жеріне жиналады. Ойынды жүргізуші «Атомдар!» деп дауыстағанда, олар бір- бірімен араласып, əрлі-берлі жүруі керек, өйткені олар қазір броундық қозғалыстағы атомдар іспетті. Ал жүргізуші «Молекулалар!» деп айтып, бір санды атаса (мəселен, үш немесе төрт, бес, алты), оқушылар сол аталған сан құрамында топтарға жедел түрде бірігуі керек. Қалыс қалған оқушылар (топ құрамын аталған саннан кем құрғандар) айып ретінде бір тапсырма орындайды. Мысалы, өлең оқиды, əн айтады т.с.с.

Ойынның нəтижесінде құралған топтар сол құрамда қалады.

1- топ: 2- топ: 3- топ:

(МК, Ұ) Ой

қозғау. «Миға шабуыл» əдісі

Мұғалім төмендегі сұрақтарды оқушыларға қойып, суреттерді интерактивті тақтадан көрсетеді.

Оқушылар ұжымдық үлгіде білгендері бойынша өз ойларын айтып, жауап береді.

Компьютердегі ойындарды басқаруға арналған қандай құрылғыларды білесің? (1-сурет) Əңгімеле.

Тек пернетақтамен басқаратын ойындарға мысал келтіре аласың ба?

Scratch-те спрайтты пернемен басқаруға бола ма?

Мұғалім белсенділік танытқан оқушыларды

«Стикерлер» əдісі бойынша бағалайды.

Жасыл түс: Жарайсың! Сары түс: Жақсы!

Қызыл түс: Талпын!


Жаңа сабаққа дайындық

Жаңа сабаққа дайындық ретінде «Сұрақ-жауап» əдісін қолданып, талқылау жұмысын жүргізу. Қандай да болмасын бір ақпарат (мəлімет, проблема, сұрақ) туралы бар білгендерін жазбаша немесе ауызша түрде ортаға салады.

Ұжымдық талқылауда оқушыға сұрақ қою мен проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерінің еркін айтылуы, ешқандай сынға ұшырамауы керек, қағазға түсіруге де, ауызша талқылау жұмысын жүргізуге де болады.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім интерактивті тақтадан сабақтың тақырыбымен, мақсатымен жəне

бағалау критерийлерімен таныстырады.

Сабақтың ортасы

(31 мин.)

ІІ. Мағынаны тану (білімді өзектендіру үшін). (МК. Т)

Оқулықпен жұмыс.

«Əңгімелесетін əріптестер» əдісі Алдымен топтарға бірігіп, оқулықтағы жаңа сабақтың мəтінін оқиды. Түсінгендерін бір-біріне айтады

Дескриптор

  • Жаңа тақырыптың мəтінін оқып, танысады.

  • Топтар арасында талқылайды.

  • Бір-біріне сұрақтар қойып, түсінбеген жерлерін толықтырады.

Топтар бірін- бірі сабаққа қатысқан белсенділігіне қарай

«Стикерлер» əдісі арқылы бағалайды.

Жасыл түс: Жарайсың! Сары түс: Жақсы!

Қызыл түс: Талпын!

Интерактивті тақта


(МК. Ө)

Практикалық жұмыс

Оқулықта берілген практикалық тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен компьютерде орындауға болады.

Тапсырма: Гауһар 2-сыныпта оқиды. Ол күнде таңертең мектебіне асығады. Сабақтан

кейін үйіне қайтады. Гауһардың осы қозғалысын программалау

ортасында жобала.



Интерактивті тақта


(Ж). 1-тапсырма. 6-суреттегі жобаның скриптісін талдаңдар.

Төмендегі өзгерістерді

жобаға енгізсек,

  • Берілген жоба скриптісін талдайды.

  • Тапсырмадағы бірінші өзгерісті енгізіп, скриптінің нəтижесін шығарады.

Бірін-бірі

«Стикерлер» əдісі арқылы бағалайды.

Жасыл түс: Жарайсың!

Сары түс: Жақсы!


Интерактивті тақта



оның скриптілері қалай өзгереді?

  1. Кейіпкер мектепке барып, қайтқан соң күнді айға ауыстыру.

  2. Спрайттың спрайтқа жанасуын түстер арқылы қалай анықтауға

болады?

  • Тапсырмадағы екінші өзгерісті енгізіп, скриптінің нəтижесін шығарады.

Қызыл түс: Талпын!



(Ж) 2-тапсырма. 6-суреттегі жобадағы скриптіге 7- суреттегідей өзгеріс жасалды. Жоба орындалғанда қандай өзгеріс болады?

Дескриптор

  • Жұптасып, тапсырманы талқылайды.

  • Жоба скриптіндегі өзгерістің нəтижесін шығарады.

Жұптағы оқушылар бір- бірін тапсырма орындау деңгейіне байланысты

«Стикерлер» əдісі бойынша бағалайды.

Жасыл түс: Жарайсың! Сары түс: Жақсы!

Қызыл түс: Талпын!


Интерактивті тақта

Сабақтың соңы (7 мин.)


Сабақты бекіту. Рефлексия

(Ө). «Бес саусақ» əдісі

Басбармақ өзімді қалай сезіндім?

Балаң үйрек – басқаларға көмегім тиді ме? Ортан терек бүгінгі көңіл күйім қандай болды?

Шылдыр шүмек бүгінгі сабақ ұнады ма? Кішкентай бөбек – бүгін не үйрендім?

Мақсаты: оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Мұғалім белсенділік танытқан оқушыларды

«Стикерлер» əдісі арқылы бағалайды.

Жасыл түс: Жарайсың! Сары түс: Жақсы!

Қызыл түс: Талпын!


Саралау. Сіз қандай тəсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап

отырсыз?

Денсаулығын жəне қауіпсіздік ережесін сақтау.

«Диалог жəне қолдау көрсету»,

«Тапсырма», «Жіктеу».

Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нəтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып əзірлеуді қамтиды.

«Cтикерлер» əдісі.

Денсаулықты сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік ережелерінің тармақтары орындалады.

Жалпы бағалау

Сабақтың екі аспектісінің қайсысы жақсы өтті? Оқыту жəне сабақ беру туралы не айтасыз?






1:

2:

Сабақты жақсартуға не жəрдемдесер еді? Оқыту жəне сабақ беру туралы не айтасыз? 1:

2:

Мен сабақ кезінде сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері, қиыншылықтары туралы нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аударуым қажет?

1:

2:

Shape1
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!