400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. «Ш.Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» дастаны» 10-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жалпы білім беретін ұлттық мектептердің 10-шы қазақ сыныбына арналған ашық сабақ жоспары.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ тақырыбы: Ш.Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» дастаны

Мектеп: №68


Күні: 10.03.18ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Жанысбекова А.


Сынып: 10 «а»

Қатысқандар саны: 25

Қатыспағандар:


Сабаққа негізделген оқу мақсаты:

Шәкәрімнің «Еңлік-Кебек» дастанының мазмұнын біліп, дастанда көтерілген негізгі ойды айта алу. Оқушыларға трагедияның мазмұнын меңгерту,тақырыбын,идеясын ашу,диалог,монолог,драмалық жанрдың ерекшелігі туралы әдеби теориялық білімдерін тереңдету;


Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: Шәкәрімнің «Еңлік-Кебек» дастанының мазмұнын біледі, мазмұндай алады.



Оқушылардың басым бөлігі: Шәкәрімнің «Еңлік-Кебек» дастанының негізгі ойын айтып, кейіпкерлеріне мінездеме бере алады.



Кейбір оқушылар: . Шәкәрімнің «Еңлік-Кебек» дастанында көтерілген ойды айтып, басқа шығармалардан ерекшелігін атай алады, талдау жасай алады.


Тілдік мақсат:

Оқушылар: көнерген сөздерді жатқа айта алады.


Негізгі сөздер мен тіркестер:


Сыныптағы диалог/жазылым үшін тілдік бірліктер:


Талқылауға арналған тақырыптар:


Шәкәрім шығармаларының ерекшеліктері туралы не айтуға болады?


Сіз неліктен... екенін айта аласыз ба?


Поэманың кіріспесінде берілген тарихи оқиға туралы айта аласың ба?


Жазылым бойынша ұсыныстар:


Абақ, лажы, ындын, балаған.


Алдыңғы оқу

Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылығын біледі.


Жоспар


Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

(төменде жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелері жазыңыз)

Ресурстар


Басталуы (Кіріспе)

(10 минут)

Ұйымдастыру кезеңі

А)Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу

Ә) Үй тапсырмасын сұрау. Дастанды оқу

Топқа бөлу: тақырыпқа қатысты үш топқа бөлемін 1-топ. Зерттеушілер 2-топ.Тарихшылар 3-топ. Әдебиеттанушылар

Ой шақыру «Еңлік -Кебек» әнін тыңдату -Балалар, бұл ән кім туралы? -Иә, поэмадағы Кебектің бейнесін ашатын шумағы әнге арқау болған. Олай болса, бүгін Ш Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» дастанына талдау жасаймыз.

І топ Шәкәрім кім? Ол туралы не білесіңдер? Шәкәрім қандай өлең, дастандар жазған?

ІІ топ «Еңлік-Кебек» поэмасы кімнің ақыл- кеңесімен жазылған?Абайдың Шәкәрім шығармашылығына тигізген әсері жайлы баянда. 
ІІІ топ «Еңлік - Кебек» поэмасының оқиға желісі қандай? Бұл поэманы қандай жанрға
 жатқызуға болады?




Интербелсенді тақта








видеоролик



Ортасы

(тұсаукесер)

(10 минут)

Негізгі бөлім



































(15 минут)





Дастанды  сатылай  кешенді  талдау

1.Авторы.Ш.Құдайдердіұлы  ШҚО,  Абай  ауданы, Шыңғыстауының  етегінде  1858  жылы  11  шілдеде  дүниеге келген.  Оның  «Жастарға», «Насихат», «Қулар», «Ғылымсыз адам хайуан», «Шын  сырым»  атты  шығармалары  бар. Ақын 1931жылы  2  қазанда  73  жасында  қастандық  құрбаны  болды.

2.Тақырыбы─ екі  жас  арасындағы  махаббат,  әйел   теңсіздігі.

3.Жанр  түрі  поэзия (дастан).  Дастан ─ (парсы  сөзі  тарихи әңгіме,  ертегі, батырлар  жыры)  Таяу  және  орта  Шығыстың, Азияның  әдебиеті  мен  фольклорындағы  эпикалық  жанр,  өлең түріндегі  оқиғалы  шығарма.

4. Идеясы.  Бұл  дастанның  идеясы  ─ ескіліктің  бұлжымас заңын,  көрінісін  және  ру  арасындағы  кикілжіңін  суреттеп көрсете  білуі.

5.Шумақ.3  шумақты.  (  Жалпы  131  шумақты)

6.Тармақ ─ өлеңнің  әр  жолы.  4  тармақты, барлығы

7.Бунақ ─ белгілі  бір  дауыс  ырғағымен  бөлінуі.3  бунақты.

8.Буын  саны ─ сөздің  құрамындағы  дауысты  дыбыстардың санына  байланысты.  11-12  буынды.

9.Ұйқас  түрі.   (-а- а- ә- а)  қара  өлең  ұйқасы.

10.Әдеби  теориялық  ұғымдар.

Эпитет ─ қос  басшысы,  жас  басы,   жасы  бала,  жаны  отты, сабаз  жолдас.

Теңеу─ атты  жаяу  бәріне  бірдей  мықты.

Портрет ─Көзі  өткір,  қараторы  жігіт  екен,

Орта  бойлы;  тапалдау,  кең  иықты.

Ауыспалы  мағына -  жаны  отты  (жігерлі,  қайратты).

Түсіндірме  сөздік.

Жамағайын ─ аздаған  жақындық,  алыс  туыстық.

Жасы ─  көңілі  босау,  мұңаю,  қамығу,  беті  қайту.

Сабаз  ─  біреудің  іс-қылығына,  мінез-құлқына, кеңпейілділігіне риза  болғанда  айтылатын  көтерме  сөз.

Тапалдау  ─  аласалау,  кішілеу,  тәпелтектеу.

12. Тәрбиелік  мәні.Адал  махаббатқа, сүйіспеншілікке  тәрбиелейді.

«Кубизм» стартегиясы

1.Суретте.Оқиға  болған  жерді  суреттеп  бер.

2.Зертте. Ру  адамдары  неліктен  екі  жасты  өлімге  бұйыратынын  дәлелде.

3.Салыстыр.Сол ескі  заман  мен  қазіргі  заманды  салыстыр.

4.Қолдан.Шығармадағы  сөз  кестелерінен  ой  айшықтарын  тап.

5.Ізден.  Шығармадағы  салт-дәстүрді  тап.

Мені  де  кедей  емес,  байға  берген,

Күйеуім  өткен  жазда  ұрын  келген.

6.Анықта.  Еңлік  пен  Кебек бейнесі қандай  образға  жатады?

Топтық тапсырма. 
Әртоп оқушыларына кейіпкерлерге мінездеме бергізу.
 
І-топ Еңлік-сұлу, намысшыл, қайсар, өз теңін іздеуші, антына адал, ақылды
. 
ІІ-топ Кебек-батыр, сөзге берік, ержүрек т.б.
 
ІІІ-топ Кеңгірбай-мінезі қатты кісі, қатыгез, ескі салтты қорғаушы

Пікірталас ұйымдастыру 
«Еңлік пен Кебектің өліміне кім кінәлі?»деген тақырыпта
пікірталас жүргізу 
І-топ. Ру басылары кінәлі.
 
ІІ-топ. Екі жастың өздері кінәлі (Әр топ өз пікірлерін қорғап шығады).
 
ІІІ-топ. Сарапшы – қазылар ( қай топ ұтымды пікір айтады, соларға баға береді, қорытынды
 шығарады).


















Аяқталуы

Қорытынды

(10 минут)

Бекіту Шәкәрімнің «Еңлік-Кебек » поэмасында қандай мәселе көтерілген? Автор шешімімен келісесің бе? Егер сен автор орнында болсаң шығарманы қалай аяқтаған болар едің? 
Шәкәрімнің осы поэма арқылы айтпақ ойы не ? Дастанды оқи отырып қандай ой түйдің
? 
Үйге: « Ғашықтың тілі- тілсіз тіл» тақырыбында шығарма жазып келу.

Бағалау.

тест


Қосымша ақпарат


Саралау

Талантты және дарынды балаларды анықтау үшін «топтық жұмыс»берілді.

Бағалау

- топтық бағалау;

- өзін-өзі бағалау

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы, қазақ тілі.


Рефлексия

Сабақ/ оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жосапрыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз?


Қорытынды бағамдауҚорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:



2:


Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:



2:


Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
25 мамыр
2073
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі