400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Ш.Құдайбердіұлы "Жастарға" өлеңі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал ұстаздарға жаңартылған білім мазмұны бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспарын дайындау үшін әдістемелік көмек ретінде пайдасы бар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Күні : 14.12.18ж

Мұғалім: Әлішбаева Г.Д.

Сынып 8

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Ш.Құдайбердіұлы «Жастарға» өлеңі

Сабақ мақсаты

18.А/И1. Әдеби шығарманың композициясы. Композицияны тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдау.

Оқу мақсаты

Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді:

Өлеңнің мазмұны мен идеясын біледі, көтерілген мәселені анықтайды.

Оқушылардың көпшілігі:

Өлеңді құрылысына талдайды, салыстырады

Кейбір оқушылар:

Көркемдегіш құралдарды табады,өмірмен байланыстырып өз көзқарасын білдіре алады


Құндылықтарды игерту:

Ұлттық бірлік, қоғамымыздағы бейбітшілік пен келісім

Зайырлы қоғам және жоғары рухтандырушылық

Бағалау критерийлері:

Өлеңнің мазмұны мен идеясын біледі, көтерілген мәселені анықтайды; Өлеңді құрылысына талдайды, салыстырады; Көркемдегіш құралдарды табады,өмірмен байланыстырып өз көзқарасын білдіре алады

Тілдік мақсаттар:

Сөздік қор мен терминдер:көркемдегіш құралдар,теңеу, эпитет,поэма, өлең, тармақ, бунақ, шумақ,ұйқас т.б.

Талқылауға арналған сұрақтар: 

1.Өлең не үшін жастарға деп аталған?

2..Шәкәрімнің Абайды үлгі алуға шақыруының мәні не деп ойлайсыңдар? (өлең жолы арқылы мысал келтір)

3. Ақын қандай жаман әдеттерден аулақ болуды үндейді?(өлең жолы арқылы мысал келтір)

4.Ақын өлеңінде кімге сенім артады? Бүгінгі жастарға көзқарасың қандай?.

Пән аралық байланыс

Музыка, өзін-өзі тану

Осыған дейін меңгерілген білім

«Ш.Құдайбердіұлы-сегіз қырлы»

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 мин



Психологиялық ахуал орнату

Теңге арқылы 4 топқа бөлу

1-топ 10 теңге

2-топ 20 теңге

3-топ 50 теңге

4- топ 100 теңге

Білу. «Шапалақ» әдісі.

1.Шәкәрімнің шын аты –Шахкәрім

2.Шәкәрім шығармалары: "Еңлік-Кебек", "Батыр Баян", "Адамдық борышың", "Қалқаман-Мамыр". 

3.Шәкәрім өлеңдері: "Жастарға", "Әсемпаз болма әрнеге", "Насихат", "Арман". 

4.Шәкәрім бұл қалада болды: Мекке, Париж, Стамбул. 

5.Шәкәрім жетік білді: орыс тілін, түрік тілін, араб тілін, ағылшын тілін. 

6. Шәкәрім әндері: "Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек", "Көзімнің қарасы", "Анадан алғаш туғанымда", "Жастық туралы". 

7.Ақынның баласы Ахат Ол 1961 жылы әкесінің сүйегін құр құдықтан қазып алды.

8. Ақын 1988 жылы толық ақталды, қай жылы қайтыс болды?

9. «Жастарға» туралы өлеңі қай жылы шыққан?

ҚБ мадақтау

Теңгенің суреттері

Сабақтың ортасы

5 минут











7минут











































7+10 минут

Түсіну. Проблемалық сұрақ. «Еркін микрофон»әдісі

Қазақ жастары өз замандастары туралы не айтады?» бейнеролик

«Жастар- біздің болашағымыз» дегенді қалай түсінесіңіздер?

ҚБ мадақтау

Талқылауға арналған сұрақтар

1-топ.Өлең не үшін жастарға деп аталған?

2- топ.Шәкәрімнің Абайды үлгі алуға шақыруының мәні не деп ойлайсыңдар?(өлең жолы арқылы мысал келтір)

3-топ. Ақын қандай жаман әдеттерден аулақ болуды үндейді?(өлең жолы арқылы мысал келтір)

4-топ. Ақын өлеңінде кімге сенім артады? Бүгінгі жастарға көзқарасың қандай?.

ҚБ мадақтау,

Қолдану,талдау.Өлең құрылысына талдау жасайды.

1.Авторы: Ш. Құдайбердіұлы
2. Тақырыбы: «Жастарға» өлеңі - Шәкәрімнің ағартушылық. нысанасын жария еткен өлеңі
3. Жанр түрі: поэзия (өлең)
4. Идеясы: Абай көрсеткен адам болу, азамат болу. Ол өз ортасынан білімді әрі ойшыл ақын, парасатты әділ жан деп Абайды ғана таниды. Содан үйренді, өзіне үлгі етті. Жастарды адалдықты сүюге, арамдық қулықтан қашуға, үлкеннің ақылын тыңдауға шақырды.
5. Өлең ---- шумақтан тұрады.
6. Өлең --- тармақтан тұрады.
7. ---- бунақтан тұрады.
8. ---- буыннан тұрады

9. ұйқас түрі-

Көркемдегіш құралдар
9. Теңеу - затты басқамен салыстырып айту.
Күнде күйлей бермелік ( уақытты босқа өткізбеу)
Эпитет - құбылысты, затты бейнелеп айту үшін қолданылатын сөздер. ( арам айла, өшпес өмір)
10. Өлеңнің негізгі түйіні, тәрбиелік мәні. Зұлымдықтан, жамандықтан, әділетсіздік пен қиянат жасаудан аулақ болуға шақырады, халықтың мүддесін қорғай білуі болашақ ұрпағына деген көрсетер үлкен тәрбие екенін аңғарамыз.

Дескрипторлар

1.Өлеңнің тақырыбын, идеясын, жанрын, шумақ, тармақ, бунақ, буын,ұйқас түрлерін табады;

2.Тәрбиелік мәнін біледі, көркемдегіш құралдардың қолданысын түсінеді.

ҚБ

1-топ

« Венн диаграммасы».

Дескрипторлар

1.Екі ақынның ерекшелігін,ұқсастықтарын салыстырады. 

2.Мысалдармен дәлелдей біледі

ҚБ


2-топ «Қабырғадағы рөл» әдісі

Дескрипторлар

1.Суреттің ішіне өлеңдегі кездескен қасиеттерді,сыртына

бүгінгі жастар бейнесін жазады.

2.Қорытынды түйін айтып, постерді қорғайды

ҚБ


3-топ

«Суретпен жұмыс» Бүгінгі жастар бейнесі

Дескрипторлар

1.тақырыпты түсініп, көтерілген мәселені анықтайды

2.Өз көзқарасын білдіреді

ҚБ

4- топ «Веер» әдісі»

Дескрипторлар

1. қашан,қалай, қандай ,неге, не үшін.неліктенжоғары деңгейде сұрақты пайдаланып сұрақ қоя алады

2.Көтерілген мәселені байланыстырады

ҚБ

Интертақта

микрофон

















































Қима қағаздар

Плепчарт

Түрлі-түсті карандаштар















Суреттер





Веер суреті

Сабақтың соңы



3 минут

3 минут

Қазақтың өлеңінің пірі болған,
Халқының сөзін айтар ұлы болған.
Абайдың аманат қып беріп кеткен.
Шәкәрім түсірмеген туын қолдан
(С. Мәуленов)

«Ауцион» әдісі

Кері байланыс «Аукцион» әдісі

Бес саусақ» әдісі.Парақшадағы сұрақтарға жауап жазыңыз.

Бас бармақ- басты мәселе.Бүгінгі сабақта ең құнды нәрсе не болды?Балаң үйрек- бірлесу. Мен топта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмек бердім?

Ортан терек – ойлану. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?

Шылдыр шүмек- шынайылық. Сабақ маған ұнады ма?Неліктен?Кішкентай бөбек- көңіл күй ахуалы. Мен өзімді сабақта қалай сезіндім?

Үйге тапсырма. Бұл өлеңдегі көтерілген мәселелер бүгінде өзекті  ме?» эссе жазу









Бес саусақ

сурет







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
20 ұстаз жүктеп алған
20 қаңтар
3302
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі