Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Ш.Құдайбердіұлы «Қалқаман-Мамыр» поэмасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Ш.Құдайбердіұлы «Қалқаман-Мамыр» поэмасы

Сабақтың мақсаты:

Поэманың мазмұны негізінде Қалқаман-Мамыр бейнесін ашу. Қалқаман, Көкенай әрекетіне екі түрлі баға беру

Оқушыларды  поэмадағы  кейіпкердің жақсы мінез-құлық, орынды іс-әрекеттерін талдау арқылы адамгершілікке, мейірімділікке, қамқорлық жасауға баулу.

Оқушының ой еркіндігін, эстетикалық сезімін ояту, қысқаша мазмұндату арқылы тіл дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, ойын арқылы қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: Мәтінмен жұмыс, сұрақ-жауап, пікір айту, топтық, жұптық жұмыс түрлері,  т.б.

Сабақтың көрнекілігі: электрондық  оқулық,  слайд                                                 

Бағалау  парағы   арқылы  оқушылар  өз білімдерін  өздері  бағалайды.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.                                                                                                   

Үй тапсырмасын  «Шар  үрлеу» әдісі  арқылы  сұрау.

 (Оқушылар шеңбер құрып тұрады да шарды бір-біріне үрлеу арқылы үй тапсырмасын айтып шығады) 

Оқушылар  өздері  таңдаған  шардың түстері арқылы 2 топқа  бөлініп отырады. (сары,  қызыл, 

көк)
ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру

Мағынаны  тану. 

Белгілі ғалым Қайым Мұхамедхановтың сөзімен айтсақ: Ұлы ақын дүниеден қайтқан соң халық Шәкәрімді екінші Абайымыз деп танып, ерекше құрметтеген. Бұл пікір ғұлама ақынға берілген әділ баға. Шәкәрім атамыз Абай ағасының ақындық дәстүрін жалғастырып, сол заман шындығын тап басып суреттей білген. Сол шығармаларының бірі «Қалқаман Мамыр» дастаны.
Поэма 1882жылы жазылған. 1912 жылы Семейдегі Жәрдем баспасында жарық көрген. Оқиға болған жер – Сыр өңірі. 1722 жылы қазақтың Ақтабан шұбырынды қарсаңындағы қилы кезең суреттеледі. Поэма жанры – эпикалық-ғашықтық дастан.

 Электрондық  оқулықтан  шығарманың  мазмұнын  қысқаша  тыңдату.  (Слайдтар  арқылы  кейіпкерлердің  суреттерін  көрсету) Түртіп  алу. 

(Поэма тарихи шығарма. Ақтабан шұбырынды оқиғасының алдында 1722 ж. болған.)
Оқиға кейіпкерлері кімдер? (Әнет баба, Мәмбетей, Қалқаман, Мамыр, Көкенай)
Осы аталған кейіпкерлердің арасында туыстық байланыс қандай? (Кішік, Мәмбетей ағайынды бір туғандар. Кішіктен: Әнет, Әйтеке. Әйтекеден: Олжай, Байбөрі, Қалқаман. Мәмбетейден Мамыр.
Қалқаман мен Мамыр немере ағайынды.)                                                             

Түсіндірме.
Кейіпкер-  көркем шығармада суреттелетін оқиғаға қатысушы  адам, әдеби образ.                                                                                                 

Үкім-  кінәліге жазалау  шарасын  белгілеу.                                     

Тобықты-  Орта  жүз Арғын тайпасының  руы.                                

Еркекшора-   ер балаша  киінген  қыз.                                                 

Бастан-   әке-шешесі үйде  жоқта  қыз-бозбала  жиналып, ұйымдастыратын  кеш.

Топтық   тапсырмалар:                                                                                    

I топ      Шығарманың композициялық  құрылымына  талдау  жаса.                     

II топ     Шығарманың мазмұндау  жоспарын  құрып, қысқаша баянда.                   

III топ      Өлең құрылысына талдау жаса                                                                         

Кері   байланыс. (Оқиғаның басталуы:Қалқаман мен Мамырдың алғашқы кездесуі
Оқиғаның байланысы: Қалқаман мен Мамырдың бірін-бірі ұнатуы, бастаңғы жасауы, сөз байласуы
Оқиғаның дамуы: Мамырдың айттырылуы
Оқиғаның шарықтау шегі: Екі жастың серттесіп қашуы, Мәмбетейлер мен Тобықты руының жанжалдасуы
Оқиғаның шешімі: Мамырдың аянышты өлімі, Қалқаманның елден кетуі)

 (Өлең құрылысына талдау жаса.
Тақырыбы: «Қалқаман Мамыр»
Идеясы:
Шумақ: 62
Ұйқас: қара өлең ұйқасы
Тармақ: 278
Бунақ: үш бунақ
Буын саны: 11)
  Шығарма  кейіпкерлеріне  мінездеме  бер.                                                      

    I.       Әнет  бабаға                                                                                                                          

  II.       Көкенайға                                                                                                                

III.      Қалқаман  мен  Мамырға                                                                                               

Кері  байланыс                                                                                                         

Ұшқыр  ой
1. Поэмадағы салт- дәстүрлерді  тап, бүгінгі өмірмен байланыстыр. (қыз айттыру, бастаңғы, құда түсу, қалың мал, жақыннан қыз алмау, бата беру, уәдеге беріктік)
II.    Екі жас неге қосыла алмады,оған не себеп, оларды жазалаудың  астарында  не жатыр?
III.   Қалқаман- Мамыр тағдырына  ұқсас қандай кейіпкерлерді  білесіңдер?                                                                                                                   

 Кері  байланыс.                                                                                                                 

Екі жақты күнделік
 

Ой толғаныс 
1.   Қалқаман мен Мамырдың қосылғаны дұрыс па?
2.   Қалқаманның ел ортасынан кетуіне сенің көзқарасың?
I.     Жақтаушы топ
II.          Даттаушы топ                                                                                 
Жақтаушы топ жауабы: Иә, мен Қалқаман мен Мамырдың қосылғаны дұрыс деймін. Олар – адал махаббат иелері. Бірін - бірі қатты сүйеді. Мамыр өлер алдында да өзінің Қалқаманға деген махаббатын дәлелдеп кетті. Өзі өлсе де Қалқаманның тірі қалуын армандады, бақыт тіледі. Сондықтан мен екеуінің қосылғанын дұрыс деп ойлаймын.
Даттаушы топ: Жоқ, бұл пікірге қосыла алмаймын. Олар бірін –бірі ұнатса да, сезімді ақылға жеңдіру керек еді. Өйткені, олар біріншіден, ата салтын бұзды. Ол кезде ата салтын орындамай, бата бұзған адамды жазалаған. Екіншіден, олар өзара ағайынды, туыс адамның балалары. Сондықтан олар қазақта жеті атаға қыз алмау деген қағиданы, заңды бұзды. Сондықтан ата - дәстүрін бұзып отырған екеуін айыптаймын.
III. Бейтарап топ                                                                                     

Кері  байланыс.                                                                                   

Қорытындылау.   (Мұғалім сөзі)   Иә, балалар, әрқайсысың өз пікірлеріңді дәлелдеп айтып шықтыңдар. Қалқаман мен Мамырдың қосылуы дұрыс, теріс деп кесіп айту қиын. Ол зама әйел затын қор еткен, бұғауда ұстап, малға сатқан. Заман сондықтан еркіндікке ұмтылған Қалқаман мен Мамыр жүрек қалауын мақсат ете білген, адал махаббатқа жүгіндіре білген. Шәкәрімнің де мақсаты сол. Ол да заманның қатаң қағидасына қарсы, наразы.
 

Үйге тапсырма беру.

 


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.05.2020
857
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12