жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ С.Сарайи "Түрікше Гүлістан
Қысқа мерзімді жоспар
Сыныбы -8 Пәні - қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: Сәйф Сараи «Түркіше Гүлстан»
Сабақтың мақсаты: Білімділік: шығарманы өмірмен байланыстыра
отырып, мазмұнын ашу; адамның адам болып қалыптасуына басты рөл
атқаратын адамгершілік құндылықтар туралы әңгімелесу; Сәйф Сараи
еңбегінің рухани нәрін оқушы бойына
сіңіру.
Дамытушылық: әңгімелерді оқи отырып,
баяндауда сөйлеу дағдыларын арттыру, байланыстыру, ойлау жүйесін
жетілдіру.
Тәрбиелік: адамгершілік, ізгілікке
тәрбиелеу.
Табыстылық критерийлері: оқушылар тақырыптың мазмұынын түсініп, салыстырмалы талдау жасайды, көркемдік ерекшелігін анықтайды, өзіндік пікірін ортаға салады, сөздік қоры, сөздерді талдай білу дағдысы дамиды.
Сабақтың әдісі: диалогтік оқыту, оқулықпен жұмыс, жұптық жұмыс, сөздікпен жұмыс, тест-интервью, бестік диктант, кері байланыс
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту
Ресурстар: қима қағаздар, «Ежелгі дәуір әдебиеті» Н.Келімбетов
Сабақтың барысы:
|
№ |
Сабақтың кезеңдері |
уақыты |
Мұғалімнің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
|
І |
Ұйымдастыру кезеңі |
6 мин. |
Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу |
Мұғалімнің сұрақтарына жауап береді |
|
ІІ |
Үй тапсырмасын сұрау |
5 мин. |
Үй тапсырмасын тексеру |
Оқушылар
өз топтарында әңгімені талдап, бір оқушы түйінді ойды
айтады. |
|
ІІІ |
Қызғушылықты ояту |
6 мин. |
Ата-ана Дәріс Мәдениет Күтім |
4 оқушы тақтаға шығып, берілген тақырып бойынша және өз бастарынан өткен даналық әңгімелер туралы айтуы тиіс. |
|
|
Жаңа сабақ |
6 мин. |
- Бүгінгі
тақырыбымыз Алтын Орда әдебиетінің негізін салушы Сәйф Сараи туралы
болмақ. Сәйф Сараи Алтын Орданың Сарай қаласында туып, Египетті
қыпшақ нәсілді Бейбарыс сұлтан билеп тұрған кезде, білім іздеп,
сонда барады. Өзі: «Қамысты»деген жұрт менің туған елім еді, -
дейді. Қамысты аталатын мекендер қазақ жерінде өте көп, сон- дықтан
дәл қайда туғаны әзір анықталған
жоқ. |
Өздеріне берілген тақырып туралы түсінік қалыптасады. |
|
ІҮ |
Жаңа сабақты меңгерту |
6 мин. |
Жұптық жұмыс 1-қатар «Бірінші, екінші, үшінші әңгіме» 2-қатар «Төртінші, бесінші, алтыншы әңгіме» 3-қатар «Жетінші, сегізінші әңгіме» |
Әңгімелерді жұпта талқылайды. Кейін басқалармен ой бөліседі. |
|
Ү |
Жинақтау |
3 мин. |
Сөздікпен жұмыс Әңгімелер бойынша
сұрақтар |
Тақырыптағы түсініксіз сөздерді сөздіктен табады. Дәптерге жазады. Әңгіме бойынша берілген сұрақтарға жауап береді. |
|
ҮІ |
Сабақты бекіту |
5 мин. |
Әңгімені толық талдап болған соң, жаңа тақырыпты бекіту мақсатында «тест-интервью» жүргізіледі. Бестік диктант «Түркіше Гүлстан» тақырыбына жазып жіберейікші,балалар. Мысалы: Сөз – Ақылды Сөйлем – Ақылды адам өмірде өз орнын таба біледі. Сұрақ – Ақылды адам, сенің ойыңша, қандай адам? Жауап – Ақылды адам саналы, тәрбиелі, ақылына көркі сай адам. Мәтін – Ақылды адам өмірде өз орнын таба біледі. Ақылды адам саналы, тәрбиелі, ақылына көркі сай адам. 2. Пәнаралық байланыс қазақ тілі болғандықтан, диктантта жазған сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдау жасайды.( Ақылды адам өмірде өз орнын таба біледі.) |
Сәйф
Сараидің «Түркіше Гүлстан»шығармасынан қандай қасиеттерді бойыңа
сіңірдің? Жауабы ( Бір-екі оқушыға оқытып, талдау жасаймыз. Бұл Қ.О. Бітібаеваның әдісі оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін арттырады ) |
|
ҮІІ |
Үйге тапсырма: |
2 мин. |
Тақырыпқа байланысты шағын әңгіме жазу. |
Оқушылар тапсырманы түсініп, белгілеп алады. |
|
ҮІІІ |
Кері байланыс "Екі жұлдыз, бір тілек" |
3 мин. |
Оқушыларға сабақтағы әрекеттерге баға беруді сұрайды. |
Сабақтағы оқушылардың әрекетіне талдау жасайды. |
«Тексерілді»......................................

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген