Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Стехиометриялық есептеулер" химия 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 8.2В Стехиометриялық есептеулер Мектеп: Қайназар ауылындағы №1 ОМ Күні: 13.11.2018ж Мұғалімнің аты-жөні: Мамыркулова Үміт Кенжехановна Сынып: 8 «Ә», 8 «А» Қатысқандар: Қатыспағандар: Сабақтың тақырыбы Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептер шығару Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 8.2.3.5 -химиялық реакция теңдеулері бойынша заттың массасын, зат мөлшерін есептеу Сабақтың мақсаты Барлық оқушылар: Химиялық реакция теңдеулерінің түрлерін біледі, зат массасын, зат мөлшерін есептейді. Оқушылардың басым бөлігі: Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептер шығарады, зат мөлшерін есептейді. Кейбір оқушылар: Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептер шығарады, реакция теңдеулеріне өздері есептер құрастырады.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 8.2В Стехиометриялық есептеулер

Мектеп: Қайназар ауылындағы №1 ОМ

Күні: 13.11.2018ж

Мұғалімнің аты-жөні: Мамыркулова Үміт Кенжехановна

Сынып: 8 «Ә», 8 «А»

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептер шығару


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.2.3.5 -химиялық реакция теңдеулері бойынша заттың массасын, зат мөлшерін есептеу

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: Химиялық реакция теңдеулерінің түрлерін біледі, зат массасын, зат мөлшерін есептейді.

Оқушылардың басым бөлігі: Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептер шығарады, зат мөлшерін есептейді.

Кейбір оқушылар: Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептер шығарады, реакция теңдеулеріне өздері есептер құрастырады.


Бағалау критерийі

-Химиялық реакция теңдеуі бойынша заттың массасын есептей алады.

- Зат мөлшерін есептей алады.

Тілдік мақсаттар


Тілдік емес пәндер үшін қалыптастырылады.

Заттардың күйі: қатты, сұйық, газ

Лексика мен сөз тіркестерінің мысалдарын қамтитын тілдік мақсаттарды анықтаңыз.

Зат мөлшері, заттың салыстырмалы молекулалық массасы, мольдік масса, зат мөлшерінің өлшем бірлігі.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер.

Зат мөлшері деп………………..

Молекулалық масса дегеніміз………………..

Зат мөлшерінің өлшем бірлігі

Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:

Салыстырмалы молекулалық масса дегеніміз …………. ...1 м.а.б-нен ……………….. көрсететін шама

Құндылықтарға баулу



Жауапкершілікке, ынтымақтастыққа тәрбиелеу, алған білімдерін өмірде қолдана алуға, өз мүмкіндігіне сенуге, жолдасын бағалай білуге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Есеп шығаруда математика пәнімен байланысады.

Алдыңғы білім


7.1.2.10 -салыстырмалы атомдық массаның анықтамасын біледі.

7.1.2.11 -элементтердің атауларын, валенттілікті және олардың қосылыстардағы атомдық қатынастарын қолдана отырып, биэлементті химиялық қосылыстардың формулаларын дұрыс құра біледі.

7.1.2.12 -химиялық қосылыстың формуласы бойынша салыстырмалы молекулалық/ формулалық массасын есептейді.





Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин



5-7 мин











2 мин

Ұйымдастыру кезеңі:

1.Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу

2. «Графикалық органайзер» әдісі білім алушылар кестедегі сандық есепті шығарады және өзін-өзі тексереді.


Қосылыстың формуласы

Зат мөлшері

Зат массасы

Бөлшектер саны

1

H2

2 моль

12,04*1023

2

NH3

3 моль

51 г

18,06*1023

3

Al2(SO4)3

0,3 моль

1026г

1,806*1023

4

CO2

1,5 моль

66г

9,03*1023

5

O2

4 моль

128 г

24,08*1023


ҚБ: өзін-өзі бағалау.


Сабақтың тақырыбын жариялау.

Мақсат пен бағалау критерийлерін оқушылармен бірге талқылау:

-Сіздер бүгінгі сабақта не үйренулеріңіз керек?

-Сіздердің үйренгендеріңіздің дәлелі қандай болады?

-Бағалау критерийлерімен келісесіздер ме?

-Сіздерге қандай талап қойылып тұр?



Интерактив тақтадан көрсету

Үлестірме қағаздары

Сабақтың ортасы

7-9 мин





































7 мин




















10 мин





















Химиялық реакция теңдеуі бойынша есеп шығару реті бойынша мұғалім оқушыларға нұсқаулық береді, жаңа тақырып бойынша есептер шығарады

1. Есептің шартымен мұқият танысу

2. Есеп шартын таңбалармен жазып жобасын құру ( есептің берілгенің жазу)

3. Реакция теңдеуін жазу

4. Реакцияны теңестіру

5. Есеп шартында айтылған заттардың астын сызу

6. Теңдеу бойынша есеп шығаруға қажет мәліметтерді анықтау ( есеп шартына байланысты молекулалық масса, зат мөлшері, атом саны)

7. Теңдеудегі формула үстіне есеп шартында берілгенін, ал астына теңдеуден табылған шамаларды жазамыз

8. Пропорция құрып теңдеуді есептейміз

Есеп. № 1.

20 г кальций ауада жанғанда түзілетін кальций оксидінің СаО массасы қанша?

Берілгені: m (Са)=20 гр

Табу керек: m (СаО)-- ?

Шешуі: 1) Кальций металының ауада жанғандағы реакция теңдеуін жазып теңестіреді?

2 Ca + О2 =2 CaО

2) реакцияға қатысатын қажетті заттардың формулалары бойынша массаларын есептейді:

Мr (Са) =40 2М (Са)= 40 г*2= 80 г

Мr (СаО) =40+16=56 2М (СаО)= 56г * 2= 112 г

3) тиісті формулалардың астына берілген және іздейтін шамалар жазылады.:

2 Ca + О2 =2 CaО

80г 112г

20г х г

4) теңдеу бойынша:

80г Са оттекпен әрекеттескенде 112г СаО түзілді,

Ал 20 г Са оттекпен әрекеттескенде х г СаО түзіледі. Бұдан мынадай пропорция құруға болады.

80г :20г =112г : х г, х=20 г* 112г / 80г = 28 г CаО түзіледі. Жауабы m (СаО)=28г


1 тапсырма «ОЙЛАН – ЖҰПТАС – БӨЛІС» әдісі

Есеп.№2. 8г мыс(ІІ) оксидін алу үшін қанша грамм мыс реакцияға түседі және оның зат мөлшері қанша?

Есеп №3.Кальций мен оттек әрекеттескенде 56 г СаО түзіледі. Реакцияға қатынасқан оттектің массасы мен зат мөлшері қанша?

Берілгені: m (СаО)=56 гр

Табу керек: m (О2)-- ?

ν (О2) ---?

Шешуі:

2 Ca + О2 =2 CaО

32г 112г немесе 1 моль ----112г

х г 56 г 2 моль ----56г

Бұдан х=32г* 56г / 112г = 16 г (О2 ) түзіледі, және ν= m / М

ν= m / М =16 г/ 32г / моль = 0,5 моль (О2) табылады:

Жауабы: m (О2)—16г

ν (О2) ---0,5 моль

Дескриптор: - есептің шартын жаза біледі.

  • Химиялық реакция теңдеулерін жазып, теңестіреді.

  • Молярлық массаны есептейді

  • Белгісіз заттың массасын есептейді.

  • Өнімнің зат мөлшерін табады.

ҚБ: өзара бағалау.

2-тапсырма.

Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы

Натрий – күмістей ақшыл түсті, жұмсақ сілтілік металл, табиғатта бос күйде кездеспейді. Ауада оңай тотығатындықтан керосин астында сақтайды. Сумен шабытты әрекеттеседі.

(а) Натрийдің сумен әрекеттесу реакция теңдеуін жазыңыз, теңестіріңіз.


(b )Массасы 34г натрий сумен әрекеттескенде түзілетін сутегінің массасын есептеңіз.


(с) Реакция нәтижесінде (b) тапсырмасындағы түзілген өнімдердің зат мөлшерін есептеңіз.

Дескриптор - реакция теңдеуін жазып, теңестіреді;

  • есептеуге қажетті қосылыстардың молярлық массасын есептейді;

  • массасы белгісіз заттың массасын анықтайды;

  • өнімдердің зат мөлшерін есептейді.








































































































Үлестірме қағаздары

Сабақтың соңы

3 мин


«Аяқталмаған сөйлем»






Бүгін мен … білдім.

Мен үшін …. қызық болды.

Мен үшін …. қиын болды.

Мен… тапсырмалар орындадым.

Мен … екенін түсіндім.

..... менің қолымнан келді.



Үйге тапсырма: §17. Зат массасын, зат мөлшерін пайдаланып, 1 есеп құрастыру. №1-4 есептер 67 бет




Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау



Саралау тапсырмасы ретінде қалыптастырушы бағалау тапсырмасын алдым. Белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірледім (Гарднер бойынша көптік зият теориясы).



оқушылардың сабақ кезінде нені үйренгендерін бағалау үшін өзін-өзі бағалау, өзара бағалау, дескриптор арқылы бағалау түрлерін қолданамын.



Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта ширату жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолдану.



Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы бағалау



Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
01.02.2019
2612
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12