«Көктем» қазақ орта мектебі
Ашық сабақ
Пән мұғалімі: Ғарифуллина А.
Пәні: қазақ әдебиеті Сынып: 5- сынып
Сабақтың тақырыбы: Сұлтанмахмұт Торайғыров «Шілде» өлеңі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ақын өмірі, шығармашылығы туралы мәліметтер бере отырып жаңа сабақты меңгерту.
Дамытушылық: Шығармаларына зерттеу жобасын жасау арқылы оқушылардың оқыған шығармаларынан негізгі ойды ажырата білу,саралау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды жаз мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыра отырып, әсемдікке, сұлулыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, сұрақ-жауап, әңгімелесу, ревин әдістемесі, рефлексия, талдау, шығармашылық, ойын
Сабақтың көрнекілігі: кітаптар, газет-журналдар, портрет, тірек сызба, суреттер,
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру
Оқушылармен амандасу, түгендеу.
«Өзіңе сен де, қадам жаса!» видеоролик жүреді
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
«Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы ерінбе.
Адамдықты көздесең,
Жаттап, тоқы көңілге!
Абай туралыпостер қорғау.
І топ. Абай әндері
ІІ топ. Абай өлеңдері
ІІІ топ. Абайдың қара сөздері
«Қарлы кесек» ойыны
Шарты: Оқушыларға қар түріндегі әртүрлі қағаз қималарында түрлі сұрақтар беріледі. Берілген сұрақтарға аз уақыт ішінде оқушылар тез жауап таба білулері керек.
Сұрақтар:
1. Абай Құнанбаев қай жылы, қай жерде дүниеге келді?
2. Абайдың білімге, ғылымға шақырған қандай өлеңдері бар?
3. Абай туралы қандай ақын-жазушылар шығармалар жазды?
4. Ұлжан Абайға кім болып келеді?
5. Абай қай рудан шықты?
6. Абайдың сүйген жары Әйгерімнің азан шақырып қойған есімі кім?
ІІІ. Жаңа сабақ
Қараңғы қазақ көгіне,
Өрмелеп шығып, Күн болам!
Қараңғылықтың көгіне,
Күн болмағанда кім болам!
деген өлең жолжарының авторы кім, балалар?
Олай болса, біздің бүгінгі тақырыбымыз осы Сұлтанмахмұт торайғыров жайында болмақ.
Видеоролик көрсетіледі.
Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 жылы 28 қазанда Омбы уезінің Шарағай болысына қарасты Қарауыл Шабар ауылында (қазіргі Ақмола облысы Қызылту ауданы) туған. Оның әкесі Шоқпыт (шын аты Әубәкір) атанған кедей, момын шаруа адамы болған. Шоқпыт кедейліктің тақсіретін көп тартып, Қарауыл еліндегі бай жездесін паналап, малын баққан. Сонда үйленген. Байқоңыр, Сұлтанмахмұт деген балалары болған. Сұлтанмахмұттың екі жасында шешесі өліп, жетімдікті көріп өседі. Әкесі Шоқпыт әйелі өлген соң балаларын алып, өзінің туған жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына көшеді. Алғашқысында Сұлтанмахмұт әкесінен арабша хат таныған. Тортай, Мұқан деген ауыл молдарынан оқиды.
1908 жылы Баянауылдағы Әбдірахман деген молданың медресесіне түсіп, одан 2-3 жыл сабақ алады. Молданың ұрып соғуына шыдай алмай, оқуды тастап кетеді.
1911 жылы бір қыс бойы Н.Бекбауов деген мұғалімнен оқиды. Нұрғали жаңаша оқыған көзі ашық сауатты мұғалім болған.
1913 жылы Троицк қаласына қайта келіп, «Айқап» журналы редакциясында қызмет етеді. 1920 жылы 21 мамырда ауыр науқастың салдарынан 27 жасында қайтыс болады.
Шығармашылығы:
Өлеңдері: «Шәкірттерге», «Жарлау», «Ақ сәуле», «Шілде», т.б.
Поэмалары: «Адасқан өмір», «Кедей», «Қамар сұлу» т.б.
Мақалалары: «Ауырмай есімнен жаңылғаным», «Қазақ ішінде оқу, оқыту жолы қандай?»
Тәтті сұрақтар.
2 Өлеңмен жұмыс
Балалар, бізге оқулықта С.Торайғыровтың «Шілде» атты өлеңі берілген екен.
Шілде қай жыл мезгіліне тән ай?
Шілдеде қандай мереке тойлаймыз?
Жаз мезгілінде күн қандай болады?Олай болса, қолдарымыздағы гүл арқылы бір бірімізге әдемі тілек тілейік.
А) Әр топ өз бетінше оқып, танысып алайық.
Ә) Не жайлы айтылғаны оқушылармен бірге талқылау
1 Бұл өлеңде ақынның айтпақ ойы қандай?
«Елші» әдісі
Ғ) Әдеби теориялық ұғыммен таныстыру
Кейіптеу – ақын кейде жансыз табиғат құбылысын кәдімгі тірі адамға, жан иесіне ұқсатып, жандандырады, құлпырта суреттеуді айтады, яғни табиғат құбылыстарын жандандырып, кісі кейіпінде суреттеу тәсілі.
Мысалы: Сұлтанмахмұттың «Шілде» өлеңінде
Күлімдеп көктің жүзі, көңілі шат,
Жауһардай күн шығар деп бізге балқып...
... Күй билеп суда тұрған барлық қамыс,
Ән салды домбырамен құстың шуы.
Бастапқы жолдағы жүзі күлімдеп, көңілі шат деген сөздер әдетте адам туралы айтылады, ал ақын таңмен бірге нұрланған көк әлемін күлімдеген кісі жүзіне ұқсатып суреттейді.
IV. Жаңа сабақты бекіту
«Мюнстенберг» әдісі
Вавапрапшоқанжпролқазақтыңраплорпұлывенгғалымыукенгпрағартушыывапшығыстанушыкегштарихшыукенгшдогеографапрофольклортанушыаполсуретшісапролсаяхатшыпроталанттывапролзерекываподарындыввапоо
3. «Симпозиум» әдісі
1-топ. Автор
2-топ. Редактор
3-топ. Сұрақ қоюшы
4-топ. Сыншы
5-топ. Академик
6-топ. Пікір беруші
Сабақтың қорытындысы:
Шығармашылық жұмыс
Әуенді эссе
Үй тапсырмасы:
Өлең бойынша сурет салу
Бағалау
Рефлексия (Кері
байланыс)
Көңіл-күй рефлексиясы
«Күншуақ»
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ С.Торайғыров 5 сынып

шағым қалдыра аласыз