400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ С.Торайғыров «Таныстыру» поэмасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылар С.Торайғыровтың “Таныстыру” поэмасының мазмұнымен танысады, тақырыбы мен идеясын ашады, топтық, жеке жұмыстар арқылы Алашорда үкіметінің құрылудағы мақсатын біледі
Материалдың қысқаша нұсқасы

9-сынып

Қазақ әдебиеті

188 мектеп-гимназия

Наметова Айнур Муратбековна

Сабақтың тақырыбы

С.Торайғыров «Таныстыру» поэмасы

Сабақтың мақсаты

С.Торайғыровтың “Таныстыру” поэмасының мазмұнымен таныса отырып, тақырыбы мен идеясын ашу, топтық, жеке жұмыстар арқылы Алашорда үкіметінің құрылудағы мақсатын білу, оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар тақырыпты біледі, түсінеді, және шығармашылық қабілеттерін арттыру арқылы сөздік қорларын дамытуға пайдаланады

7 модульдің қолданылуы

«АКТ», «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқытуды басқару және көшбасшылық».

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

«Сыныптағы заттар» ойыны, «Веер» әдісі, «Суреттер» әдісі, «Стикердегі тапсырма» әдісі, «Bilim Land» бейнесюжет, «Суретті сөйлет» әдісі, «Семантикалық карта» әдісі, «Шежіре ағашы» әдісі, «Әдеби диктант» әдісі, «Ойларды салыстыру» әдісі, «Блум түймедағы» әдісі, «Бағалау терезесі» әдісі, «Қазақ елі» әдісі, «Түйінді сөз » стратегиясы

Қолданылатын ресурстар

Флипчарт, маркерлер, жылжымалы тақта, смайлик, ноутбук

Пән аралық байланыс

Қазақстан тарихы, қазақ тілі

Ұйымдастыру кезеңі


2 мин



















Тренинг

3мин











Үй тапсырмасын сұрау. «Веер» әдісі.


5 мин










Болжау

«Суреттер сөйлейді» әдісі


2 мин













Білім



  1. Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа дайындықтарын тексеру;

2.Күн, жұлдыз, шолпан, ай суреттері арқылы топқа бөлу

Picture 4


І топ «Күн- С.Торайғыров»

ІІ топ «Жұлдыз- М.Дулатұлы»

ІІІ топ «Шолпан - А.Байтұрсынұлы»

ІV топ «Ай – Ә.Бөкейханов»

«Сыныптағы заттар» ойыны арқылы жағымды психологиялық ахуал орнату.

Сыныптағы заттардың бірін өзіне ұқсату. Неліктен екенін түсіндіру. Мысалы: мен сыныптағы шамға ұқсаймын.

ҚБ. Жарайсыздар! Себебі менің де көңілім жарқырап тұр, сіздерге де күні бойы жақсы көңіл күйде болып, бар ынтаңызбен жұмыс жасауларыңызды тілеймін.

  1. Алтын ережемен таныстыру.

  2. Әр топқа бағалау парағын таратып беру.

Үй тапсырмасын сұрау. «Веер» әдісі.

Веерлерге сұрақтар жазылып, әр топқа беріледі, оқушылар ойланбастан жауап беруі тиіс.

1.C.Торайғыров кім, қандай еңбектері бар?

2. Ол кімдерден дәріс алады, қандай еңбектері бар? (1908 жылы Баянауылдағы Әбдірахман молданың медресесінде екі үш жылдай оқиды. Нұрғали Бекбауов деген мұғалімнен сабақ алады.)

3.Торайғыровтың Алаш ісіне деген адалдығын танытқан қай өлеңі?

4. Алаш автономиясы қай жылы құрылды?

5.Алаш автономиясының орталығы қай қала болды?

6.Алашорда үкіметінің төрағасы болып кім сайланды?

7.Алашордашылардың көтерген мәселелері?

8. «Таныстыру» поэмасы қандай сұрақтарға жауап береді?

  1. 9.Адам болу деген не?

  2. 10.Адам өмірге не үшін келеді?

  3. 11.Біздің өмірдегі мақсатымыз не?


Тақтадан Алаш қайраткерлерінің суреттері шығады. Бұл тұлғалар сендерге таныс па? Олар кімдер?

-Дұрыс айтасыңдар. Біз бұл тұлғалармен таныспыз. Олай болатын болса С.Торайғыров қалай таныстырды екен? Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы: С.Торайғыров «Таныстыру» поэмасы. Бейнежазбаға көңіл аударайық.

Бүгін сабақта қазақ әдебиетінің көгінде жарық жұлдыздай ағып өте шыққан С.Торайғыровтың шығармаларымен танысуды жалғастырамыз. Нақты айтқанда «Таныстыру» поэмасы туралы сөз қозғаймыз, оның тақырыбы мен идеясын анықтап, ой-пікір бөлісеміз. Ал, сендерді сабақта белсенді болуға шақырамын. «Таныстыру» поэмасының идеясы – Халыққа жаны ашитын, жол сілтейтін қазақ зиялыларының жарқын бейнесін қазаққа таныстыру, реалистік тұрғыда жазылған, көркем тілмен суреттеу. Тақырыбы –қазақ халқының зиялы, тура жолға бастайтын азаматтарға құрмет көрсету.


Оқушылар топқа бөлініп, өз топбасшыларын сайлайды.





Топ ішінде тәртіп ережелері талданып , сол арқылы сыныптың алтын ережесін құрады.









Бағалау парағы арқылы топбасшылар өз топ мүшелерін бағалап отырады.











Оқушылар сұрақтарға жауап береді





Жарайсыңдар! Керемет! Тамаша!












Слайдтан көрсетілген суреттерден көріп тұрғандарын айту


















Сабақ кезеңдері

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Түсіну






























Қызығушылықты ояту:
«Bilim Land» шағын бейнесюжет көрсетіледі.

«Алаш» партиясы (1917—1920) — 1917 ж. Ақпан төңкерісінен соң Ресей конституциялы демократиялық партиясының қазақ мүше тобынан құрылған. Төрағасы — Әлихан Бөкейханов.

1917 жылдың 21 қараша күні «Қазақ» газетінде Алаш партиясы бағдарламасының жобасы және съез материалдары жарияланды. «Алаш» партиясы бағдарламасының жобасындағы тоғызыншы тарауда «Ғылым-білім үйрету» жөнінде

- оқу ордаларының есігі кімге де болса ашық, ақысыз болуы;

- жұртқа жалпы оқу жайлы; бастауыш мектептер ана тілінде оқылады;

- қазақ өз тілінде орта мектеп, университет ашуға;

- оқу жолы өз алдына автономия түрінде болуы;

- үкімет оқу ісіне кіріспеуі;

- мұғалімдер-профессорлар өзара сайлаумен қойылуы;

- ел ішінде кітапханалар ашылу туралы айтылады.

- газет шығаруға, кітап бастыруға еркіншілік - деп көрсетілген 

жаны ашитын, жол сілтейтін қазақ зиялыларының жарқын бейнесін ерекше мақтаныш сезіммен жырлай білді.































Қолдану

Талдау

10 мин


















































Саралау тапсырмалары


10 мин

Мәтінмен жұмыс.

«Стикердегі тапсырма» әдісі































Топтық жұмыс








































Постер қорғау

І топ ««Күн - С.Торайғыров»»

«Суретті сөйлет» әдісі. Сурет бойынша өз ойларын жазады

ІІ топ «Жұлдыз- М.Дулатұлы»

ІІІ топ «Шолпан - А.Байтұрсынұлы»

«Таныстыру» поэмасының негізгі ойын «Шежіре ағашына» түсіріңдер.

Тәртібі:

-«Тамырларына» алынған мәселенің негізгі себептері жазылады.

-«Діңгегіне»-проблема (өзекті мәселе);

-«Бұтақтарына» салдарлар жазылады.

ІV топ «Ай – Ә.Бөкейханов»

«Ойларды салыстыру» әдісі

. 3-минут

Автор ойы

Сенің ойың

Өлеңдегі Алаш, Алаш балалары, Алаш туы сөздерінің   мәнін қалай түсінесіңдер?

 

Өз елінің  келешегіне

деген ақын сенімі мен

үмітінің

өміршеңдігін дәлелдеп 

көріңдер.

 


«Әдеби диктант» әдісі. Бос орынға тиісті сөздерді жаз.

1. Поэмадағы кейіпкерлер: ..., ....., ......, .... жетістігі арқылы ақын ащы шындықты жеріне жеткізе суреттеген.

  1. 2.С.Торайғыров.(1919)....... жылы ақтардың қолынан қаза тапқан..(Нұрғали Құлжанов)....... арнап «(Нұрекеңе)........» деген қайғылы өлең жазады.

3.Ақын Р.Мәрсеков туралы

Айтпақшы Марсекеңнің баласы бар, 
Адвокат, қырма сақал Райымжан шал.
 
Ұмытқан оқуларын былай қойсақ, 
Саяз жүрек, ұсақ ой, тынысы тар.
  Осы пікірмен келісесіңдер ме?

Келісемін, өйткені ______
Келіспеймін, себебі,_____  

4. Қазаққа кеше заман қандай еді,
Ашылмас сорға толған маңдай еді.
Керек күні сойып жеп, сату үшін,
Шөп беріп асыраған малдай еді.

Бұл ақын айтқандай өткен заман суреті. Ал, сендер қазіргі заман туралы не айтар едің?

5.Әр іске ыңғайы бар жанасымды.
Теңдік туын көтеріп әйелдер де,
Тұр, әне, желкілдетіп биік жерде - деген Сұлтанмахмұттың бұл сөздері кім жайында? Қазақтың даңқты қыздарынан кімдерді білесіңдер?



ҚБ. «Смайликтер» әдісі

Оқушылардың мақсаты мұғалімді мұқият тыңдау, сұраққа жауап беру











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
05.04.2019
1138
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі