400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Шұғаның белгісі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Б. Майлин «Шұғаның белгісі» повесі 9.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бейімбет Майлин «Шұғаның белгісі» повесі

31 қазан 2013, Бейсенбі

Категориясы: Қазақ тілі және әдебиеті

bibka

Таңдамалыға

Сабақтың тақырыбы: Бейімбет Майлин «Шұғаның белгісі» повесі.

Сабақтың мақсаты:
Сабақтың білімділік мақсаты: Оқушылардың танымдық қабілеттерін жетілдіре отырып, шығарма мазмұнын, идеясын толық білуіне жағдай туғызу. Жазушының жеткен биігін, шеберлігін тану.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Топтық, жекелеген жұмыстар жүргізу арқылы оқушылардың ой - өрісін, таным, шығармашылық қабілеттерін дамыту; өз ой - пікірлерін көркем жеткізе білуге үйрету; шығарманың көркемдік ерекшеліктеріне талдау жасау арқылы жазушы шеберлігіне көз жеткізу.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Повестің тәрбиелік жақтарын табу, адалдыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ - жауап, пікіралмасу, іздендіру, кейіпкерге талдау жасау.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, бейнелеу өнері, шешендік өнер.
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, жазушы кітаптары, суреттер, жазушы жайлы пікірлер.
Сабақ барысы: І Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, зейіндерін сабаққа аудару.

Сабақ жоспары:
1. «Мен өлмеймін, менікі де өлмейді...» (үй тапсырмасы)
2. «Білген сайын келеді, біле бергім...» (жаңа сабақ)
3. «Даналық сөзден дән ізде» (мәтінмен жұмыс)
4. Нені үйрендім, нені білдім? (сабақты бекіту)

ІІ Үй тапсырмасын тексеру:
Шолу сұрақтары арқылы тексеру, еске түсіру.
- Б. Майлин поэзиясының қадір - қасиеті неде?
- Майлин жырлаған қазақ ауылы қандай?
- Бейімбеттің әйел теңдігін жырлаған шығармаларын ата.
- Замандастары мен қаламдастары Майлин туралы не айтқан?

ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру
1. Тақырыпты хабарлау, мақсат қою.
2. Б. Майлин «Шұғаның белгісі» повесі
2. Сабақтың эпиграфы «Кім білмейді»
«Майдан», «Жалбыр», «Шұғаны?»
Бейімбетті айтқызбай жұрт ұғады.
Қаламынан өріп жатқан шығарма
Біреуінен бірі артық боп шығады.

3. Кіріспе әңгіме (шығарманың жазылу тарихына тоқталу)
«Шұғаның белгісі» хикаятының жазылуы жайлы мәлімет беруші Бейімбеттің бірге оқыған досы, башқұрт халқының көрнекті ақыны Сәйфи Құдаш 1916 жылдың ақпан айының аяқ кезінде Уфадағы медресе Ғалиядағы тіл мен әдебиет мұғалімі Ғалымжан Ибрагимов шәкірттеріне қалаған тақырыптарына шығарма жазып келуді тапсырғанын, сонда Бейімбет «Шұғаның белгісін» ұсынғанын» айтады. «Бимағамбет Майлиннің хикаясы, менің пікірімше, дейді ол,- сол уақытта жазылған шығармалар арасындағы ең көлемді және жақсысы еді. Ол қазақ тілінде Бимағамбеттің өз редакторлығымен шығып тұрған қолжазба «Садақ» журналында жарияланды.»

5. Оқушыларға хикаятпен танысып келу тапсырылған, оқушылар хикаяттың әр бөліміне ат қойып, шығарма сюжеті негізінде қысқаша мазмұнын айтады.
1. Қос жолаушы
2. Бай қызы Шұға
3. Алғашқы кездесу
4. Учитель Әбдірахман
5. Ұйғарым
6. Қызықты күндер
7. Айнабайдың бүлігі
8. Ғашық жүрек (хат)
9. Тосқауыл
10. Жабылған жала
11. Қоштасу
12. Шұғаның айықпас дерті
13. Үзілген үміт. Соңғы хат. «Шұғаның белгісі»

6. Топтық жұмыстар (кесте)

ІҮ Жаңа сабақты бекіту
1) Жұптық жымыстар орындату;
* шығармадағы тұрақты тіркестерді табу;
*туыстық атаулар мен жер - су атаулары;
*шығармадағы салт - дәстүр;
*тарихи - көнерген сөздерді табу;
*теңеулерді табу;
*шағын көрініс «Алғашқы кездесу»
2) Кейіпкерге септеу (Шұға, Әбдірахман, т. б.)
А. с. Шұға - Есімбек байдың сұлу қызы
І. с. «Шұғаның белгісі»- махаббаттың белгісі
Б. с. Шұғаға жігіт біткеннің бәрі ынтық
Т. с. Шұғаны Әбдірахман шын сүйді.
Ж. с. Шұғада қазақ қыздарына тән асыл қасиеттер көп
Ш. с. Шұғадан біз үлгі аламыз
К. с. Шұғамен қазақ қыздары мақтана алады.
3) Ауызша сұхбат (шағын пікірталас)
* Жазушының ойымен келісесіз бе?
... Бұл күнде ондай қыз қайда? Ажары тәуірлеу біреу болса, соны көтере алмайды ма, білмейсің, ешкіге ұқсап шошаңдап жүргені. Заман бұзылған ғой... Иә...
* Қыз бен жігіт арасындағы шынайы махаббаттың өміршеңдігіне мысал келтіре аласыздар ма?

V Үйге тапсырма: Шұғаның қазіргі замандас қыздарға хаты (болашаққа хаты)
VI Бағалау

VII Қорытындылау Сабағымызды ұлы сөз зергеріміз Ғ. Мүсіреповтің: «Жазушы үшін кейіпкердің үлкен - кішісі болмайды. Мәселе оны қалай суреттеп шығуында. Бейімбеттің бұл жөнінен төрт құбыласы сай. Кейбір әдебиетшілер осы мәселенің байыбына бара алмай жүр. Бейімбетті тани алмау – ештемені тани алмау...» деген сөзімен қорытындыласақ дегім келеді.

Оқушыларға сабақтың мақсаты мен жоспарын таныстыру (слайдтан көрсетіледі).

Жоспар

І.Тақырыпты аша білу (мазмұндау,идеясын ашу)

ІІ.Оқушының сөйлеу тілі (тапсырмалар арқылы сөйлеу)

ІІІ.Әдебиет теориясы (көркемдегіш сөздерге талдау)

IV.!зденіс (проблемалық сұрақтар,қосымша іздену).

Б.Майлин туралы білетіндерін сұрай отырып жаңа сабақты бастау.

                     Білемін

                      Білдім

              Білгім келеді

Оқушылар Бейімбет Майлин

Туралы өз білетіндерін жазды.

 Шығарманы талдап болғаннан кейін оқиғаның сюжетін,кейіпкерлерден білгенін жазады.

  Б.Майлин туралы қосымша мәліметтер оқып,екінші сабаққа шығармалары туралы ізденіп келу тапсырылады.

 

Мұғалім сөзі. Б.Майлиннің өмірі мен шығармашылық жолдары,әлеуметтік көзқарасы туралы баяндалады.Қостанай уезі, Дамбар болысы,Таран ауданы,Әйет өзенінің бойындағы Ақтөбе деген жерде дүниеге келгенін,Троицкіде «Уазифа» мектебінде,Уфа қаласында оқығаны, «Шұғаның белгісі» әңгімесінің алғаш «Садақ» атты журналда жарық көргені айтылады. «Шұғаның белгісі» шығармасы проза жанрындағы тұңғыш көлемді туындысы екені түсіндіріледі.

Хрестоматиядан алғашқы абзац оқытылады.

Сұрақ.

1.Проза дегеніміз не?  2.Хикаят дегеніміз не?       3.Шығарма кімнің атынан баяндалған?   4.Оқиға немен басталды?

Оқушыларға шығарманы талдау барысында үш түрлі сауал тасталады.

1.Оқиғадағы кейіпкерлер кімдер?   2.Оқиғаның сюжеті қалай өрбиді?   3.Оқиға шешімін қалай тапты?

I.Тақырыпты аша білу

 «Шұғаның белгісі» хикаятының әр бөліміне ат қою,негізгі оқиғаларға түсінік беру

1.Қос жолаушы

2.Сұлу қыз – Шұға

3.Кездесу

4.Учитель Әбдірахман

5.Ғашық жүректер

6.Хат.

7.Жабылған жала

8.Қоштасу

9.Айықпас дерт

10.Соңғы хат

11.Белгі.

Шығарма мазмұнын білгеннен кейін сюжетті-композициялық жоспар құрылды.

1.Оқиғаның басталуы (экспозиция).

Әдемі табиғат,әсем пейзаж.Алыстан көрінген обашық.

2.Оқиғаның дамуы. «тарғыл өгіз сойған» оқиғасы.  «шұғаның белгісі» қалай аталады?

3.Оқиғаның шиеленісуі. Сықырлауықтан сығалаған сұлу сезім.

4.Оқиғаның шарықтау шегі.(кульминация).Шұғаның Әбдірахманыд тұңғыш көруі.

5.Оқиғаның шешімі.Үзілген үміт.Соңғы хат.

ІІ.Оқушының сөйлеу тілі

Жазушының тіл шеберлігін байқау,мәтінмен жұмыс жүргізе отырып оқиғадағы негізгі ой,шарықтау шегі Шұғаның Әбдірахманмен таныс болып,араларындағы қатынастың өрбуін суреттеуімен құрылғанын түсіндіру.

Үлестірмелі тапсырма

  Берілген үзіндіден оқиғаның тірек болған сөзді тауып түсіндір.

 

  • Мынау аттан түсіп жатқан кім? – деді Шұға.

  • Әбдірахман ғой.

  • Әбдірахманың кім?

  • Қазақбайдың баласы.

  • Ия,әлгі учитель баласы ма?

  • Ия.

  • Жап-жас жігіт екен ғой, — деп бірер қарайды да,Шұға отауға кіріп кетеді.

  • Жазушы алғаш Әбдірахманды көрген Шұғаның « …жап-жас жігіт екен ғой» деп үйіне кіріп кетуін оқиғаның өрбуіне тірек етіп алған деп ойлаймын.Себебі сұлу қыздың ішкі сезімі бір көргеннен-ақ жігітті ұнатты және оның оқыған учитель екендігіне ерекше назар аударды.Сол кезден бастап екеуінің арасындағы сүйіспеншілік,үздіксіз хаттар жалғасын тапты деп түйіндеймін.

Оқулықпен жұмыс

1.Ғашық жүректердің арасындағы жазылған сырлы да мұңды хаттарға назар аударту (Оқушыларға мәнерлетіп оқыту).

2.Хаттың жазылу стиліне көңіл бөлу.

Обашық – тастан,топырақтан үйіп жасалынған белгі Ақсүйек – қазақтың ұлттық ойыны.Құндақ –зат сынбау,бүлінбеу үшін жасалған қажетті қорап,сауыт.Басқұр – керегелердің бастарын тартып,үйді айналдыра байлайтын өрнектелген жалпақ бау.Бешпет – жеңі бар,қысқалау келген сырттан киетін жеңіл киім.Жосыған – қан,су сияқты сұйық заттардың көп мөлшерде тез ағуы,сорғалай жөнелуі.


3.Сөздік жұмыс (дәптерлеріне слайдта жазылған сөздерді оқи отырып жазу,мағынасына назар аудару)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ. Әдебиет теориясы

Шығарма мәтінінен троптың түрлерін,тұрақты тіркестерід,мақал-мәтелдерді,көнерген сөздерді тауып дәптерлеріне жазу.

Көнерген сөздер

Дуан,болыс,көшір,песір,тілмаш,нәшәндік,стражник т.б.


                                                  Кім жылдам?

Жүрегім тас төбеме шықты                              қорқу

Төбесі көкке тигендей                                       қуану

Суық суды төбемнен құйып жібергендей       тітіркену

Көпке топырақ шашу                                        жала жабу

Тілім байланды                                                  сөйлей алмай қалу

Олжамнан қақты                                                пайдаланып кету

Шаңымды аспанға шығарды                            ұрысты


Шығармада кездескен тұрақты тіркестердің мағынасын түсіндіру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақтамен жұмыс

1.Портрет жасау                                                     2.Мінездеме беру

Шұға                              Қандай? Кім?                    Күлзипа

Әбдірахман                                                               Зәйкүл

Базарбай                                                                    Айнабай

IV.Ізденіс

Проблемалық сұрақтар

1.Шұғаның өліміне кім кінәлі?

1-оқушы: Менің ойымша Шұғаның өліміне сол кездегі қоғам кінәлі.

2.Жазушының шешімімен келісесің бе?

2-оқушы: Мен жазушының шешімімен келіспеймін.Соншалықты әдемі,сымбатты,сұлу Шұғаны азапты жолмен өлтіргеніне қарсымын.Шұға — өз сүйгеніне қосылып,бақытты болатын кейіпкер.

3.Бұл күнде Шұға сияқты қыздар бар ма?

3-оқушы: Бұл күнде Шұға сияқты қыздар бар деп айта алмаймын.Сыртқы сұлулықтары ұқсайтын шығар,бірақ ішкі жан дүниесі тура Шұғадай махаббатына берік қыздар бар деп айта алмаймын.Әлде қазір заман басқа болған соң ба?Мен өз ата-анама қарап,олардың бір-біріне деген сүйіспеншілігін,сыйластығын көріп олар да осы заманда өмір сүріп жатыр ғой деп те ойланамын. «Бес саусақ бірдей емес қой»,сондықтан көпке топырақ шашудан аулақпын.

4.Жазушы  шығармасын « … Шұға десе,Шұға еді-ау!» деген өкінішпен аяқтайды,сен болсаң қалай жазар едің?

4-оқушы: Мен де Шұғаның әдемілігіне,абройына,беделіне орай «Шұға десе,Шұға еді» деп аяқтайтын едім,бірақ өкінішпен емес,мақтанышпен.Қазақта осындай,жігіттердің бәрі ғашық болған,сұлулығына ақылы сай қыздардың бақытты болуын қалаймын.Сондықтан сүйгені Әбдірахманға қосып,балалы-шағалы бақытты жанұя қылып басқа жастарға үлгі етер едім.

5.Міржақып Дулатұлының «Бақытсыз Жамал» романындағы Жамал тағдырымен ұқсастығын салыстыру

Сабақты бекіту: Сабақты мақалмен,қанатты сөздермен тұжырымдау

Үйге тапсырма: «Арман болып өткен махаббат» атты «Шұғаның белгісі» хикаятының мазмұнынан сценари құру (9-10 минуттық)

Бағалау. 17-20 ұпай жинаған оқушыға «5» (көк түсті)

14-16 ұпай жинаған оқушыға «4» (қызыл түсті)

9-13 ұпай жинаған оқушыға «3» (сары түсті).

Рефлексия.

Сабақтың жеке өзіңе берері болды ма?

Оқушы жауабы:

Авторы: Бейімбет Майлин (1894-1938) 1894 жылы Қостанай уезінің Дамбар болысында (қазіргі Қостанай обл, Таран ауд, Б.Майлин аулында)  дүниеге келген. Жасқа толмай әкесі Жармағанбет қайтыс болып, анасы Күлғизар екеуі енесімен бірге тұрады. Енесі Байтас Күлғизарды Мұқалжар байға жалшылыққа беріп, Бейімбет байдың делбешесі болады. Ыбырай Есжанов молдасынан оқып, хат таниды.  Тройцкіден келіп, Мұқалжардың үйінде тұратын татар жігіті Әбдрахман Сатыпалдыұлынан сабақ алады. Кейін Ә. Арғынбаев медресесінен білім алады. Қабілеттілігімен өлең, әңгіме, мақала жазып, «Айқап» журналына жіберіп отырады. Орысша сауатын ашып, Тройцк қаласындағы «Уазифа» мектебінде, Уфа қаласындағы «Ғалияда» оқиды. Уазифа – орта мектеп, Ғалия – 6 жылдық жоғары білім беретін мектеп. Екеуіде төте оқуға негізделген. Ғалияда оқып жүргенде қолжазба «Садақ» журналында «Шұғаның белгісі» повесін жариялайды. «Штат» өлеңі «Қазақ» газетінде 1914 жылы басылады. 1916-1922 жылдары ауылда мұғалім болып қызмет істейді. 1922-1937 жылдары газет-журналдарда қызмет атқарып, шығармашылықпен айналысады. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісті көрген Бейімбет «Қатты тұман», «Қара күн» өлеңдерін жазған. 1919-1920 жылдары Жангелдин отрядында болады. 1923 жылы Сәкен шақыртып, «Еңбекші қазақ» газетіне әдебиетші етеді. 1937 жылы ұсталып, 1938 жылы 25 ақпанда атылады. Поэмалары: 14 поэмасы бар. 5-уі әйел тақырыбына арналған. «Байдың қызы» – 1917 ж, «Рәзия қыз» - 1919 ж, «Қашқын келіншек» - 1921 ж, «Зайгүл» - 1921 ж, «Маржан» - 1923 ж. Әңгімелері: Әңгіме жанрын дамытушылардың бірі – Бейімбет Майлин. М. Әуезов: «Бейімбеттің шығармашылығы – социалистік ұлы дәуіріміздің күнделік жазбалары секілді» - десе, С. Мұқанов: «Бейімбеттің бір жылғы әңгімелерінің басын қосып жинасақ, олар үлкен кезеңнің сырын да, сынын да сипаттайтын роман болып шығар еді» - деп суреттейді. Жазушы әңгімелерін тақырып жағынан былай бөлуге болады: кедейлер өмірі, мемлекет жұмысы, әйелдер өмірі, отбасы, махаббат, алашорда және оның әрекеттері, әдет-ғұрып, халық, мәдениет т.б.        
II Шығарманың тақырыбы: Әйел теңсіздігі.
III Әдеби жанр түрі: Орта көлемді шығарма. Себебі өмір шындығын мейлінше мол қамтып, кең суреттеп, адам мінездерін мүмкіндігінше терең ашып, жан-жақты суреттеп тұр.
IV Эпикалық жанр түрі: Повесть
V Шығарманың идеясы: Гуманизм, адамгершілік, махаббат мәселесі.
VI Шығарманың композициялық құрылысы.
VI.1. Шығарманың басталуы. Бейімбет пен жолдасы – Қасымжан ауылдан шығып, келесі бір ауылды бетке алады. Кең даланың табиғатын суреттейді. Қасындағы жолдасының аты малшылардың малға мінетін аты болған соң кейін қалып қоя береді. Жол қысқарсын деген мақсатпен жолдасы Шұғаның белгісі туралы сөз қозғайды.
VI.2. Шығарманың дамуы. Есімбек деген байдың ортан қолдай 4 ұлы, арасында бұраңдап өскен жалғыз қызы – Шұға болады. Шұғаның келбетін  суреттейді.
VI.3. Шығарманың байланысы. Есімбектің ауылына Әбдрахман деген Қазақбайдың баласы келеді. Шұға Әбдрахманды көріп ғашық болып қалады. Әбдрахманда Шұғаны сүйеді. Ауылда алтыбақан болып кездеседі.
VI.4. Шығарманың шиеленісі. Айнабай деген ауыл адамы қызы Күлзипаны Әбдрахманға қоспақ ниетте болады.  Әбдрахманның әкесі үйінде шөп болмай Айнабайдың үйіне барғанда Айнабай қос қазыны бұзбай асып, бір арба шөпті тегін беріп жібереді.
VI.5. Шығарманың шарықтау шегі. Әбдрахман Күлзипаға қарамай қойған соң, әрі Шұға мен Әбдрахманның махабаты елге мәлім болып, Айнабай  «Түріктерге жасырын ақша жинап беріп жүр» деген сылтаумен Әбдрахманды жер аудартып жібереді.
VI.6. Шығарманың  шешімі. Содан Шұға құсалықпен ауырады. Шұғаның ауруы жанына батқан әкесі Әбдрахманды алдыртады. Бірақ Әбдрахман жеткенше Шұға қаза болып кетеді. «Шұғаның белгісі» деп отырғаны Шұғаның басына орнатылған тас.
VII Кейіпкерлер келбеті.
VII.1. Басты кейіпкер Шұға – аққұба, талдырмаш, қара көзді қыз. Үріп ауызға салғандай еді деп суреттеледі.  Ажары қандай болса, ақылы да сондай. Жеңілтек дегеннің не екенін білген бала емес. Сөйлеген сөзі, жүрген жүрісі қандай, бір түрлі паң еді – деп Қасымжанның айтуы бойынша суреттеледі.
VII.2. Әбдрахман – Қазақбайдың баласы, еңбекқор, біраз оқыған, сауаты бар мұғалім.
VII.3. Айнабай 

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
15 желтоқсан
2447
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі