Ашық сабақ. Сұраулы сөйлем 2-сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ. Сұраулы сөйлем 2-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні:Қазақ тілі Сыныбы:2сынып

Сабақтың тақырыбы:Сұраулы сөйлем

Сабақтың мақсаты:1.Сөйлем туралы түсініктерін нығайту.

Сұраулы сөйлем туралы ұғым қалыптастыруға мүмкіндік

жасау.

2.Сөйлемді жүйелі құруға,өздігінен қорытынды шығара

білуге үйрету.Көркем жазуға дағдыландыра отырып,

сөздік қорын дамыту.

3.Туған еліміздің тарихын білуге,Отанын сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:бекіту,саяхат сабақ.

Сабақтың әдісі:ой қозғау,сұрақ-жауап,әңгімелеу,

Көрнекілігі:Интерактивті тақта(слайдтар),қалташалар.

Сабақтың барысы: І .Ұйымдастыру

Психологиялық дайындық

Қазақ тілі өз тілім,ана тілім

Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені

Болашағым,бақытым,дара тілім.

-Біз тілімізді құрметтеп дұрыс сөйлеп сауатты жаза білуіміз керек.Осының бәрін үйрететін қай тіл екен ,балалар?

-Қазақ тілі.-Ал оқушылар бәріміз түзу отырамыз,мен енді сабақты бастайын.

ІІ.Үйге тапсырманы тексеру234-жаттығу,ережелерді пысықтау.

-Сөйлем дегеніміз не?

-Хабарлы сөйлем дегеніміз не?

-Лепті сөйлем дегеніміз не?

-Сұраулы сөйлем деп қандай сөйлемді айтамыз?

ІІІ.Жаңа сабақ.

-Балалар,біз өткен сабағымызда сұраулы сөйлеммен таныстық.Ал бүгін сол алған білімімізді тиянақтау мақсатында жұмыс жасаймыз.

-Биыл Тәуелсіз-Қазақстанымызға-20 жыл толып отыр.Бүгінгі сабақта біз осы Тәуелсіздік шежіресімен танысып отырып,тарихқа көз жүгіртеміз.

1.1991 жылы 16 желтоқсан күні 18 сағат 14 минутта біздің еліміздің тәуелсіздігі жарияланды.Біз жаңа өмірдің есігін аштық.Қазақ хандығы ХV ғасырда ,яғни 1465 жылы құрылса, арада 545 жыл өткеннен кейін Қазақстанның нағыз тәуелсіз мемлекет екендігі қайта жарияланды.Елбасымыз болып Н.Ә Назарбаев сайланды.

Оқулықпен жұмыс.245-жаттығу.Өлеңді тиісті дауыс ырғағымен оқу.Сұраулық мағына беріп тұрған сөздерді табу.

2.1992 жылы 4 маусымда Президент ҚР-ның мемлекеттік жалауы, елтаңбасы, желтоқсанда әнұраны туралы ҚР заңдарына қол қойды.1992 жыл қазан айында ғарышкер Т. Әубәкіров ғарышқа самғады.

236-жаттығу.Өзіндік жұмыс.

Хабарлы сөйлемдерді сұраулы сөйлемдерге айналдырып жаз.

-Толқын кітап алды ма?

-Ол көп оқиды ма?

-Әжем ауылдан келді ме?

3. 1995 жыл 30 тамызда Тәуелсіз ҚР-ның тұңғыш “Ата Заңы” қабылданды. 1996 жылы 17 желтоқсанда ҚР тәуелсіздігінің 5 жылдық мерекесі атап өтілді. Бұл күні Алматының Орталық алаңында “Тәуелсіздік” ескерткіші ашылды. Еркіндік пен азаттыққа қол жеткізген Тәуелсіз елдің ұлы істерінің бірі-Евразияның жүрегінде еліміздіңі байрағы Астанамыз салынып,Ақордамыздың тігілуі.Астананың рәмізіне айналған ,,Бәйтеректен ,,бастап айтатын болсақ,мұндағы көк тіреген ғимараттар қаншама.


237-жаттығу.Ребусты шешу.

Шешуіндегі сөзді қатыстырып әңгіме құрау. Кітапхана.

Сергіту сәті.

4.2003 жылы қазанда Астанада әлемдік діндер өкілдері бас қосты.

Еліміздің ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі,тарихи оқиға.2010 жылдың желтоқсанында Қазақстан құрамына 56 мемлекет кіретін Европаның қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының саммитіне төрағалық етті.



238 жаттығу.Сөйлемдерді көшіріп жазып,қарамен жазылған сөздерді

салыстыру.Осы жаттығудан өзің қорытынды жаса.

Сұраулы сөйлем жасайтын ма,ме,ба,бе,па,пе бөлек жазылады.

«Тез ойла,сөз ойла» ойынын ойнау.

5.2011 жылдың 30 қаңтары мен 6 ақпаны аралығында Астана мен Алматы қалаларында ҮІІ Азия ойындары өтті. Осы жылы басты мерейтойымыз-Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы,ұранымыз – «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылы »

Қисынды ойлауды дамыту.

Әр сөзден бір әріпті сыз. Қандай жаңа сөз пайда болды? Оны жаз.

Бөрік қоян

Шана торғай

Арша жазық

Қасық қарбыз

6.Егеменді еліміздің тәуелсіздік алғанына 20жыл.Ал желтоқсан көтерілісіне 25 жыл болды.Желтоқсан құрбандарының ерліктері біздің жадымызда сақталмақ.1минут үнсіздік.

Сауалнама

Р\с

Сұрақтары


Жауаптары

1

Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?

А) 2

Ә) 3

Б) 4

2

Нүкте қай сөйлемнің тыныс белгісі?

А) лепті

Ә) хабарлы

Б) сұраулы

3

Сұраулық мағына беретін сөзді белгіле.

А) көтерді

Ә) неге

Б) айтпа

4

Сұраулық мағына беретін сөз сөйлем ішінде қалай оқылады?

А) бірқалыпты

Ә) бәсең дауыспен

Б) көтеріңкі дауыспен

5

Сұраққа жауап болып келетін сөйлемнің түрін тап

А) сұраулы

Ә) хабарлы

Б) лепті

6


Сұраулық мағынада тұрған сөзді белгіле

А) барма

Ә) сүртпе

Б) бар ма

Қорытынды;

-Сөйлем деген не?

-Сөйлем түрлерін ата?

Хабарлы сөйлем деген не?

-Сұраулы сөйлемнің ережесін айт?

-Сұраулы сөйлемнің жасалу жолын айт.

7.Тарихқа көз жүгіртсек қазақ-нағыз батыр халық екендігін мойындаймыз.Ата-бабаларымыз үш нәрсені сақтап қадірлеген.Олар –ел,жер,ана тілі.Мен де сендердің болашақта елін,жерін сүйетін азамат болатындарыңа сенемін.

Үйге тапсырма:239-жаттығу беріледі.






















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
774
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі